ІІІ тоқсандық жиынтық бағалау . 9 сынып
1.Аэробты және анаэробты жүктемелер кезіндегі бұлшықеттердің қажуын сипаттаңыз
[2]
2.Төмендегі 2.1 суретінде ДНҚ молекуласының бөлігі көрсетілген.
(а) ДНҚ молекуласының құрылымдық бөліктеріндегі бос орындарға комплементарлы азотты негіздерді толықтырыңыз.
[2]
(b) Бұл заңдылық қалай аталатынын жазыңыз.
______________________________________________________________________________ [1]
3. (a).Жасушалық циклдің интерфазасындағы ДНҚның екі еселенуі жүретін кезеңді атаңыз
(b) .Төмендегі 4.1 суретінде жасушалық циклдің сызбасы берілген
суреттегі сызбадағы интерфазаның G1және G2 кезеңдерінде жүретін үдерістерді жазыңыз.
G1____________________________________________________________________________________
G2_________________________________________________________________________________[2]
4. Интерфаза кезеңін неліктен дайындық кезеңі деп атайтындығын түсіндіріңіз.
_______________________________________________________________________________________
[1]
5.Төмендегі суретте сарымсақтың тамырының ұшында белсенді бөлініп жатқан жасушалар көрсетілген.
(а) суретте көрсетілген жасушалардың бөліну типін анықтаңыз. [1]
(b) Жасуша бөлінуі кезіндегі профазада болатын өзгерістерді сипаттаңыз. . [1]
6.Суретте жасушаның мейоздық бөлінуі берілген.
Суреттегі ақпаратты пайдаланып мейоз кезеңін анықтаңыз. [2]
Мейоз нәтижесінде 4 жасуша түзілсе, митоз нәтижесінде 2 жасуша түзіледі. Мейоз нәтижесінде түзілген жасушалардың митоздық жолмен бөлінген жасушалардан жоғарыда аталғаннан басқа 2 айырмашылығын салыстырыңыз. [2]
Моногшибридті будандастыру дегеніміз не?
____________________________________________________________________[1]
9. Бұршақ тұқымының сары түсі- А, жасыл түсі- а, әрпімен белгілейді, тұқымның доминантты гомозиготалы, рецессивті гомозиготалы, гетерозиготалы генотипін жазыңыз: [3]
Доминантты гомозиготалы__________
Рецессивті гомозиготалы___________
Гетерозиготалы____________
10. I A , I B , I 0 символдарын пайдалана отырып, генотипін анықтап кестені толтырыңыз: [4]
Қан топтары
|
Гендер
|
Генотиптер
|
1(0)
|
I0
|
|
II (А)
|
IA
|
|
III (В)
|
IB
|
|
IV (АВ)
|
IAB
|
|
Кестені пайдалана отырып шешесінің қаны I топ, әкесінің қаны IV топ болса, балаларында ата-аналарының қан топтары тұқым қуалайды ма ?
11. ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтауға болады. Бұл әдіс қазір археологиялық зерттеулерде қолданылып жүр. Соңғы кезде Шығыс Қазақстандағы Алтай тауынан табылған «Алтын адамның» кейбір ұлпалары мәңгі мұздың астында жатқандықтан сақталған. Соның құрамындағы ДНҚ-ны алып біздің (қазақтың) ДНҚ-мен салыстырғанда,олар ұқсас болып шыққан. Бұл әдіс адам генетикасын, жасушадағы зат алмасуды зерттеуде кеңінен қолданылады. Бұл генетикадағы..............әдіске жатады. [1]
А) цитогенетикалық В) популяциялық С) онтогенетикалық Д) генеаологиялық Е) биохимиялық
12. Инсулин өндірудің маңызын сипаттаңыз. [2]
13. Берілген кестеге гендік инженериядағы инсулиннің өндірілуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін жазыңыз [2]
Артықшылығы
|
Кемшілігі
|
1.
|
|
1.
|
|
2.
|
|
2.
|
|
14. Саматтың жанұясында 1 апасы, 1 қарындасы бар. Ал, әкесі көп ағайынды. Әкесінің Бауыржан және Мержан атты інілері, Сара және Қымбат атты қарындастары бар. Атасы Жұмабай кіндіктен жалғыз ұл. Осы үш ұрпақтан тұратын шежіренің сызбасын құрыңыз. [3]
Достарыңызбен бөлісу: |