Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


лайықты әрі жауапты мүшесі



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

лайықты әрі жауапты мүшесі 
болумен келеді. Бұл бір менің ғана бағалауым емес. Бұл пікірді БҰҰ 
мен басқа мемлекеттердің басшылары, біздің достарымыз 

 шетелдік 
саясаткерлер,  неғұрлым  әр  алуан  елдердегі  ғалымдар  мен  қоғам 
қайраткерлері де айтады.
мыңжылдықтар  тоғысы 
жаһандық  экономиканың  қалыптасу 
қарқынын тездетті. 1995 жылы дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды. 
2002 жылдан бастап бірінші жалпыеуропалық және шынтуайтында 
дүниежүзіндегі  екінші  резервтік  валюта 

 
еуро  аймағы  толық 
қуатында жұмыс істей бастады.
экономикалық  жаһандану 
әлемдік  инвестициялар  рыногының 
даму серпінін күшейтті. Бұл Қазақстанның және экономикасы өтпелі 
формадағы басқа да елдердің нарықтық реформаларды жүргізуіне, 
ғаламдық экономикалық қатынастарға дербес субъектілер ретінде 
кірігуіне аса маңызды демеу болды.
тәуелсіздіктің небәрі 20 жылында Қазақстан экономикасына 
160 
миллиардтай шетелдік инвестициялар тартылды.

16
G
 - GL
OBAL
Бізге  белгілі  әлемдік  компаниялар  келді,  жүздеген  бірлескен 
кәсіпорындар құрылды.
егер  біз  жаһандану  берген  артықшылықтарды  пайдаланбасақ, 
өзге  дүниеден  томаға-тұйық  қалсақ,  Қазақстанның  қалай  дамып, 
өзіміздің қандай нәтижелерге жетерімізді бүгінде көзге елестетудің 
өзі қиын.
Бірақ жаһанданумен байланысты 
жаңа ауқымды қоқан-лоққылар 
мен  қыр  көрсетулер  де  болды.  олардың  орталық  Азия  мен 
Қазақстан өңіріне ықпалы, қажетті қарсы әрекет шаралары, ғаламдық 
және  өңірлік  қауіпсіздікті  нығайтуға  деген  біздің  көзқарасымыз 
туралы мен өзімнің «сындарлы онжылдық» дейтін кітабымда егжей-
тегжейлі жазғанмын. 
ХХі ғасырдың алғашқы онжылдығы дүние үшін 
шынында күрделі 
болды.  ол  тегінде 
2001  жылғы  11  қыркүйекте,  нью-йорктегі 
Бүкілдүниежүзілік сауда орталығының егіз-екі ғимаратын талқандаған 
лаңкестік  шабуылдан  басталды.  Ал  оның  хронологиялық  аяқталуы 
әлемдік  қаржылық-экономикалық  жүйенің  адамзат  тарихында 
болып көрмеген құлдырауымен байланысты болды.
2007-2009 жылдардағы ғаламат дағдарыстың салдары дүниежүзінің 
барлық елдеріне дерлік тиді. дегенмен, ол әсіресе, экономикасы әлі 
бекімеген,  қажетті  реформаларын  жүзеге  асырып,  экономикалық 
өсуінің берік базасын жасап үлгермеген тәуелсіз жас мемлекеттерді 
тым қатты қаусатты.
осынша  терең  әрі  ауқымды  дағдарысты  ешкім  күтпеген  еді. 
Қазақстан  қоғамын  да  шарпыған  үрейдің  биік  деңгейін  нақ  осымен 
түсіндіруге  болады.  көптеген  сарапшылар  мен  талдағыштардың 
жаһандық дағдарыс барысын ойша қалпына келтіріп, «домино әсерін» 
бастап  берген  АҚш-тағы  ипотекалы  несиені  алғаш  төлемеушіні 
анықтап,  қолданыстағы  несиелік  тәсімдердің  жарамсыздығын 
түсіндіріп,  мемлекеттер  тарапынан  болатын  бақылаудың  әлсіздігіне 
назаланып әуре-сарсаңға түсетіні  

 бәрі-бәрі кейін болатын жағдай.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
17
оның  себептеріне  берілген  әртүрлі  бағалар  аз  болған  жоқ,  небір 
қитұрқы болжамдар да айтылып жатты. 
ғаламат экономикалық күйзелістің себептері мен бастауларын ұқсам 
деген мақсатпен өзім арнайы барған 
2009 жылғы қаңтардағы Давос 
форумында да сан  алуан пікірлерді аз естіген жоқпын. Бірақ, шынымды 
айтсам, ондағы сөздерде де нақтылы бірдеңе бола қойған жоқ.
Атап айтқанда, 
жаһандық дағдарыстың негізінде адамның соңғы 
ондаған  жылдарда  ақылға  сыймайтындай  дәрежеде  өсіп  кеткен 
ежелгі  кінәраттары 

 
дүниеқоңыздығы,  ұстанымсыздығы  мен 
жауапсыздығы жатқанын батыл мойындайтын ешкім болған емес. 
ырықтандыру идеологиясын сертке ұстап әрі оның өңін айналдырған 
дүниежүзілік қаржы элитасы іс жүзінде бақылаусыз кетті.
туынды қаржы құралдары жалдамалы халықаралық агенттіктер мен 
аудиторлық компаниялардан жоғары баға алумен болды, ал дүдәмал 
пысықайларға  керегінің  өзі  осы  еді.  несие  алудың  жеңілдігі  қаржы 
пирамидаларын жасаушылардың қолындағы шақыртқыға айналды.
Tax  Justiсe  Network  халықаралық  ұйымының  бағалауынша, 
дүниежүзінің көптеген елдеріндегі дәулетті адамдар шынтуайтында 
ел  аумағынан  тысқары  аймақтарда  21  триллион  долларды 
жасырып  отырған  болса  керек.  Бұл  алапат  цифр  АҚш  пен 
Жапонияның екеуін қосқандағы іЖө-ден артық! ол тек салық салудан 
жасырылған ақшалай активті ғана қамтиды. Ал жылжымайтын мүлік 
пен яхталарды қосқанда бұл 
32 триллион долларға жетеді.
Бүтіндей  бір  елдердің  банкроттығы,  экономикалық  құлдырау  мен 
әлеуметтік дағдарыс 

 осының бәрі 
экономикалық дамудың жалған 
тәсімдерін күштеп таңудың салдарынан болды.
Бүгінде үкіметтер ғана емес, сонымен қоса бүкіл дүние жұртшылығы 
да  қаржы  жүйесінің  бақылаусыз  ырықтандырылуы  неге  апарып 
соққанын біртіндеп түсініп келеді.
дүниежүзінің  көптеген  мемлекеттері  қаржылық  тұрақтылықты 
қамтамасыз  етуге,  отандық  өндірушілерді,  шағын  бизнесті  және 

18
G
 - GL
OBAL
жұмыстылықты демеу үшін күш-жігер мен қаржы жұмсауға мәжбүр 
болды.
мұнда да есеп мемлекеттер ең болмағанда алмағайып тепе-теңдікті 
ұстап тұруға жұмсайтын ондаған триллион доллармен өлшенеді.
Бірақ, 
өкінішке қарай, осының бәрінен сабақ алу жағы кемшін.
дүниежүзілік  дағдарыстың  себептері,  одан  шығудың  жолдары 
туралы  менің  ой  толғамдарым  сол  мазасыз  жылдарда  жазылған 
«Дағдарыстан  шығу  жолдары»  және  «Бесінші  жол»  дейтін  екі 
мақаламның негізіне алынды. 
оларда мен ғаламдық дағдарыс 

 ешқандай да табиғи апат емес 
және  жағдайлардың  кездейсоқ  тоғысуы  да  емес,  әлемдік  жүйенің 
терең  түкпірінде  жатқан  ішкі  кемістіктің  заңды  түрдегі  сыртқы 
салдары деген күмәнсіз сенімімді айтқан болатынмын.
Ал бұл кемістікті жою күллі әлемдік қауымдастықтың міндеті болуға 
тиіс-ті.  Әрі  мұнда  барлық  ескі  қасаңдықтар  мен  таптаурындарды 
қайта қарайтын жаңаша көзқарас қажет болатын.
ХХі  ғасырда  мемлекеттер  мен  өркениеттердің  дүниежүзілік 
қауымдастығы 
мейлінше  жаңа,  жүйелі  қауіп-қатермен  бетпе-бет 
келді.
осы жайларды ой елегімнен өткізе отырып, мен жаңа ғасырдың 
екінші  онжылдығы  басталар  алдында  адамзат  өз  дамуындағы 
бір  дағдарысты  емес,  бір  мезгілде  өтіп  жатқан  дағдарыстар 
жиынтығын туғызды деген қорытындыға келдім.
геосаяси, қаржылық, экономикалық, энергетикалық, экологиялық, 
азық-түліктік, әлеуметтік, дүниетанымдық осы ғаламат дағдарыстар 
өзара жаңғырысып және содан күшейе түсіп, іс жүзінде 
ортақ бір 
жүйелік жалпыөркениеттік дағдарысқа ұласады.
дүние 
алапат технологиялық өзгерістердің жаңа толқынының 
табалдырығында тұр.
үшінші  жаһандық  индустриялық-технологиялық  революцияның 
от-жалынынан сенімді түрде өткен елдер ғана бүгін ұтысқа шығады. 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
19
ол дамудың бұрын-соңды болмаған мол мүмкіндіктеріне жол ашады.
Қазір дүниеде
 қайта индустрияландыру үрдісі байқалады.
еуропа  елдері  өздерінің  индустриялық  базаларын  дамытудың 
жаңа  айналымы  қажеттігін  түсіне  бастады.  Қазақстан  да  жаңа 
индустрияландырудың нақ осы жолына түсті. 
Алдағы  онжылдықтарда  кез  келген  қоғамның  өмірлік  күшін 
инновациялық-индустриялық  дамуға  қабілеттілігі  анықтайтын 
болады.
өндірістегі, ақпараттағы, әлеуметтік ұйымдағы жаңа технологиялар 
экономика,  коммуникациялар,  халықаралық  қатынастар  туралы 
бұрынғы көзқарастарды «төңкеріп» тастайды.
Бұл  ретте  дамыған  елдер  мен  даму  деңгейі  төмен  елдердің 
арасындағы  экономикалық  және  технологиялық  алшақтықтар 
азаймайды, қайта көбейе түседі.
Адамзаттың  аса  өзекті  проблемаларының  қатарына  жаһандық 
энергетикалық дағдарыстың тереңдеуі мен планетадағы ауа райының 
қолайсыз өзгерістерінен болатын қатердің күшеюі кірді.
Жаһандық  экономиканың,  дүниедегі  халық  санының  қауырт  өсуі 
объективті  түрде  минералдық,  энергетикалық,  сондай-ақ  табиғи 
ресурстардың  сарқылуына 

  құнарлы  жерлердің  қысқаруына, 
азық-түлік пен ауыз судың тапшылығына апара жатыр. оның үстіне 
климаттың  нашарлауы  және  адамның  белсенді  өндірістік  қызметі 
адамдардың  өмір  сүруіне  қажетті  планеталық  кеңістікті  тарылтып 
барады.
Бұл  жағдайда 
өңірлік  және  жаһандық  бәсеке  күрт  артып, 
ресурстар үшін күрес соның жуан ортасында болады.
дүниежүзілік  экономика  2007-2009  жылдардағы  жаһандық 
дағдарыстан дамудың тұрақты жолына шыға алған жоқ.
көптеген  дамыған  елдерде  жұртшылықтың 
ұлттық  игіліктерді 
әділетсіз бөлуге,  ғаламдық қаржы жүйесінің кінәраттарына қарсы 
бағытталған кең құлашты наразылық қозғалысы байқалады.

20
G
 - GL
OBAL
геосаяси жағдайлар жайбарланбай, керісінше, шиеленісе түсуде. 
дүниенің және халықаралық қатынастардың күллі жүйесінің ауысуы 
қарқын алып барады.
Біз  ХХ  ғасырдың  соңына  қарай  дүние  тәртібі  жақсарады  деген 
үміттің  орнына 
ХХІ  ғасырдың  бастауы  қауіп-қатер  мен  қыр 
көрсетулерге толы болғанын көріп отырмыз.
Қиыншылықты тек жекелеген елдер ғана көріп отырған жоқ. тұтас 
адамзат өркениеті қиын-қыстауды бастан өткеруде.
«тұтыну  қоғамының»  пайымдамасы  мен  әлеуметтік  практикасы 
шынтуайтында  барлық  жетекші  елдерге  тамыр  жайып,  әлемдік 
алаңда  дамудың  талассыз,  «бірден-бір  дұрыс»  өлшеміне  айналып 
алып, 
жазылмас дерті бар екенін көрсетті.
«тұтыну»  идеясы  әлемнің  дамыған  елдерінде  жаппай  әлеуметтік 
масылдық  туғызып,  жаһандық  дағдарыстың  ең  басты  себептерінің 
біріне айналғанына бүгінде бүкіл дүниенің көзі анық жетіп отыр.
ол қоғамдық игіліктерді әділ бөлу қағидатына қайшы келіп, бүкіл дүниені 
дерлік,  соның  ішінде  неғұрлым  дамыған  елдерді  де  қамтыған 
терең 
қарсылық  толқынын  тудырды.  ол  жекелеген  қоғамдардың  ішінде  ғана 
емес, халықаралық деңгейде де масылдық пиғылының өсуіне ықпал етті. 
Әлемдік  қаржылық-экономикалық  дағдарыс  әлемдік  әлеуметтік 
дағдарысқа ұласып, көптеген дамыған мемлекеттерді де шарпыды. 
Халықаралық еңбек ұйымы 
жаһандық жұмыссыздық қаупі туралы 
қорытынды жасауда.
2012  жылы  ол  еуропаның  жетекші  елдерінде  өткен  ғасырдың 
соңындағы көрсеткішінен: испанияда 

 25,8%, ирландияда 

 15,1%, 
португалияда 

  15,7%,  италияда 

  10,8%,  Францияда 

  10,8%, 
польшада 

 10,1%, германияда 

 5,4% артық болды және т.с.с. Әрі 
мұның  жартысына  жуығы 

  жас  адамдар.  Ал  бүкіл  дүниежүзінде 
еңбек жасындағы әрбір үшінші жұмыскердің, яғни  
1 млрд. 100 млн. 
адамның  тіпті  жұмысы  жоқ  немесе  өз  отбасымен  бірге  күніне  2 
долларға күн көреді. 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
21
Жекелеген ұлттық экономикаларды құтқаруға, дүниежүзілік Банк 
пен Халықаралық валюта қорының балансын ұстауға қыруар қаржы 
бөлінеді.
өкінішке  қарай, 
G-8  және  G-20  пішімдерінде  қабылданатын  оң 
шаралар  әзірге  осымен  шектеледі.  Бірақ 
әрбір  жаңа  миллиард 
доллар  миллиардтаған  жаңа  әлеуметтік  түйткілдерді  тудыруға 
қабілетті. Астана экономикалық форумында мен бұл жағдайды өртті 
бензинмен өшіруге теңегенім бар.
Жаһандық  дағдарысқа  қарсы  шаралардың  жартыкештігі 

 
басқа бір түрдегі жүйелік дағдарыстың 

 халықаралық қатынастар 
коррозиясының көрінісі.
Жер-жердің  бәріне  ырықтандырылған  игіліктерді  тықпалау 
әрекеттері нысанаға алынған елдердегі әлеуметтік-саяси жағдаймен, 
сондай-ақ олардың әлгіндей игіліктік координаталар жүйесінде өмір 
сүруінің нақты мүмкіндіктерімен қайшылыққа келді.
оның  нақты  мысалы 

 
Таяу  Шығыс  пен  Солтүстік  Африканың 
«араб  көктемі»  дейтінді  бастарынан  өткерген 
елдеріндегі  жағдай. 
олардағы  халықтың  әлеуметтік  хал-ахуалы  күрт  төмендеп  кетті, 
ал  саяси  тұрғыда  мемлекеттіліктің  зайырлы  түрінен  теократиялық 
сипаттағы тарихи кері кетуі байқалады.
Халықтардың  «еркін  таңдауы»  туралы  ұранның  бүркенішімен 
базбір  елдерде 
іс  жүзінде  жалған  демократизмнің  қарабайыр 
формалары заңдастырылып, «көзге 

 көз» қағидатына негізделген 
кәдімгі құқықтың үстемдігі қайта орнықтырылуда.
Араб  дүниесінің  көптеген  елдеріндегі  тұрақсыздандыру 
сценарийлері  бір-біріне  айна-қатесіз  ұқсайды.  Біріншіден, 
қарсылық  қимылдары  әсіресе,  экономикадағы,  әлеуметтік 
саладағы  және  халық  тұрмысының  деңгейіндегі  даму  қарқыны 
араб дүниесінде неғұрлым жоғары елдерде күшті байқалды.
шындап келгенде, революциялар бұл елдерді көп кейін шегеріп 
тастады.

22
G
 - GL
OBAL
екіншіден, ең алдымен, батыстың демократиялық игіліктерін өз 
елдеріндегі дәстүрлі мұсылман мәдениетімен үйлестіру әрекетінде 
табысты болған режімдер құлады.
үшіншіден,  таяу  шығыс  өңірлеріндегі  жағдайдың  ойрандалуы 
жаһандық экономикалық бәсекенің салдары мен құралы ретінде 
көрінеді.
Ислам  экономикалық  үлгісінің  беделіне  нұқсан  келуде, 
бүкіл  ислам  дүниесінің  экономикалық  өсу  негізі  шайқалуда. 
Араб  дүниесімен  инвестициялық  ынтымақтастықтың  болашағы 
әлсіреуде. 
мұнай бағасының күрт ауытқуларымен бірге әлемдік энергетика 
рыногы  тұрақсыздықтың  жаңа  өрісіне  шықты.  көмірсутектері 
нарықтық құнының өсуі мұнай өндіруші елдерді мұнай долларының 
жаңа  толқынына  апарып  қосуы  мүмкін,  ал  бұл 
олардың 
технологиялық кенжелеуін одан әрі арттыра түседі.
еуропа  рыноктарымен  тығыз  байланысты  таяу  шығыстағы 
тұрақсыздық объективті түрде 
еуроның шебін әлсіретеді.
мысырдың,  ливияның,  Алжирдің,  тунистің,  сирияның  және 
басқа елдердің тәртіпсіздіктер кесірінен ондаған жылдарға кейін 
шегерілген экономикалары 
оңтүстік Еуропа елдерімен біртұтас 
проблемалық дақ болып ұласады.
осының  бәрі  еуропа  елдеріндегі  мультикультурализм  саясатының 
одан әргі дағдарысын білдіреді.
Жерорта теңізі одағы туралы көзқарастың күлі көкке ұшты.  өркениет 
альянсы жайындағы бастама да дүдәмалға айналды.
таяу шығыстағы күйзелістердің ең ықтималды геосаяси салдары 

саяси Исламның өршуі.
дүниедегі  осындай  ғаламдық  тұрақсыздық  жағдайында 
жаңа 
геосаяси ойын басталып келеді. өз бетімен-ақ ғаламдық дүние тәртібі 
қалыптасып жатқандай әсер туады, ал оны 
«бұзылған көпкіндіктілік» 
деп белгілеуге барлық негіз бар.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
23
көптеген  ұлттық  мемлекеттердің  халықаралық  аренадағы  рөлін 
көмескілендіру әрекеттері бар. оларға тек ғ
аламдық статистердің, 
шикізат  пен  зияткерлік  ресурстарды  жеткізушілердің
  міндеті 
жүктеледі.
G-20  тобының  құрылуымен  бірге  әлемдік  қауымдастықтағы 
жағдайдың өзгеруіне қатысты белгілі бір үміт пайда болды. Бұл пішім 
дүниежүзілік  экономиканы  реформалау  туралы  пікір  алмасудың 
ауқымын кеңейтті.
Бірақ  бүгін,  дағдарысқа  қарсы  «жиырмалықтың»  алғашқы 
саммитінен кейін 4 жыл өткенде, мұндай
 пішім жетімсіздеу көрінеді. 
G-20 тобының шеңберінде жаһандық экономикалық дағдарыстарды 
болдырмау  жолдарын  іздеудің  барабар  ғаламат  тетігін  құру 
әрекеттерін әзірге ойдағыдай деп айту қиын.
Ал  егер  ашығын  айтар  болсақ,  әзірге  G-20  шеңберінде 
ғаламат 
пікірталастың  ырымы  ғана  жасалады  және,  мықтағанда,  ұсыныс 
сипатындағы екіұшты шешімдер қабылданады.
Бүгінде адамзат алдында бірқатар ірі проблемалар тұр.
Біріншіден, егер дүниежүзілік қаржы құрылымында тез әрі сындарлы 
өзгеріс болмаса, онда адамзат кез келген сәтте қаржы рыноктарының 
құлдырауын күтіп, үнемі жайсыз жағдайды бастан кешірумен болады.
Екіншіден,  экономикалық  дамуға  және  оны  энергетикалық 
жағынан  қамтамасыз  етуге  деген  қазіргі  көзқарас  сақталған 
жағдайда  адамзаттың  күнкөріс  деңгейі  төмен  жартысы  еуропалық 
елдердің қазіргі дәрежесіне жетуі үшін 50 жылдан астам уақыт керек.
Үшіншіден,  дүниенің  ақпараттық  және  технологиялық  ауысуы 
адамзатты  «кіріптар  етіп»,  оны  басы  бүтін  ақпараттық  және 
коммуникациялық желілердің тәуелділігіне ұшыратуы мүмкін.
Төртіншіден, табиғат апаттарының саны артып барады. егер жуық 
арадағы  жылдарда  осы  құбылыстарды  болдырмаудың  пәрменді 
амалдары  табылмаса,  адамзат  осының  салдарынан  экономиканы 
өсіру қарқынынан айрылып қалады.

24
G
 - GL
OBAL
Бесіншіден,  дүниежүзілік  экономика  мен  энергетиканың  жұмыс 
істеп  тұрған  құрылымы  2040  жылға  қарай  жаһандық  экологиялық 
апатқа соқтыруы әбден мүмкін.
Алтыншыдан, 
жер-жердегі 
геосаяси, 
өркениеттік 
және 
энергетикалық жанжалдар жаһандық қарулы қақтығыстарға ұласып 
кетуі әбден мүмкін.
Жетіншіден, 
моральдық-адамгершілік 
құндылықтардың 
жаһандық  дағдарысы  бой  көтеріп  келеді,  көптеген  қоғамдарда 
«жалған бостандықтар» тықпалануда, ал адал еңбекке деген ниеттің 
орнын тез баюға және толассыз тұтынуға дейтін құмарлық басуда.
Бүгіннің  өзінде-ақ  көптеген  саясаткерлерде,  ғалымдар  мен 
сарапшыларда  жаһандық  жүйелік  дағдарыстың  күрделілігін 
парықтау  жаһандану  жағдайындағы  жаппай  жайлаған  осынау 
дағдарысқа қарсы тұрудың пәрменді формаларын жасау қажеттігін 
айқын түсінумен үйлеседі.
Ұлттық  та,  жаһандық  та  проблемаларды  тек  халықаралық 
ықпалдастық пен ынтымақты серіктестік қана шеше алады.
саяси  және  рухани  жетекшілердің,  ғалымдардың,  бизнес-
мендердің,  мәдениет  қайраткерлерінің  жауапкершілігі   

  барша 
ғаламдық қауымдастықтың жауапкершілігі парасаттылық негіздерге, 
ғылыми болжамдар мен жинақталған ресурстарға сүйене отырып, 
жаһандық қатынастардың сындарлы жүйесіне көшуді қамтамасыз 
етуде,  барлық  елдер  мен  халықтардың  мүдделері  үшін  пәрменді 
дүние тәртібін орнатуда екеніне мен сенімдімін.
осы  тұрғыда  мынадай  тағдыршешті  сұрақтарға  жауап  беру 
маңызды:
·   ХХІ ғасырдың жаһандық дүниесі қандай болу керек?
·  оның  негізгі  үш  үрдісі 

  жаһанданудың,  өңірленудің  және 
ұлттық жаңарудың оңтайлы үйлесімін қалай табуға болады?
· ұлттық міндеттерді, өңірлік проблемаларды және жаһандық 
талаптарды қалай тиімді үйлестіруге болады?

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
25
ЖАҺАНДЫҚ ЖАУАП ІЗДЕУ ЖОЛЫНДА
ХХі  ғасырда  халықаралық  қатынастардың  қарқыны  күрт  өсті. 
Әр  мемлекет  әлемдік  проблемаларды  шешуге  өз  үлесін  қосуға 
ұмтылады. Қазақстан да 

 сол қатарда.
өз  тәуелсіздігіміздің  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  біз  дүние-
жүзілік қауымдастықтың істеріне қатысуға дәйектілікпен, мақсатты 
түрде талпыныс жасап, сындарлы халықаралық бастамаларымызды 
ұсынумен келеміз.
Бүгінде Қазақстан дейтіннің не екенін дүниеде ешкімге түсіндіріп 
жатудың қажеті жоқ.
90-шы  жылдардың  басындағы  тұңғыш  шетелдік  кездесулерімде 
менің  Қазақстан  жайын  түсіндіріп  қана  қоймай,  оның  дүние 
картасының қай жерінде орналасқанын көрсетуіме де тура келетін.
салыстырмалы түрдегі осынау қысқа мерзімде еліміз жүріп өткен 
жолдың  ауқымын  түсіну  үшін  осыны  ескеру  қажет.  ол 

  талапайы 
шыққан  астам  державаның  еренсіздеу  бір  қиырынан  бастап 
халықаралық  істерде  елеулі  рөл  атқаратын,  бейбітшілікті  нығайту 
мен  дүние  тәртібін  дамытуда  да  нақты  идеялар  ұсынып  жүрген 
мемлекетке дейін ұласқан жол.
тәуелсіздік кезеңінде біз ұсынған бастамаларды қысқаша шолып 
шығудың  өзі  ғаламдық  мәселелерді  шешудегі  қазақстандық 
көзқарастардың қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді.
1991  жылы  мен  өз  шешіміммен 
Семей  сынақ  полигонын 
жаптым,  ал 1994 жылдың өзінде-ақ Қазақстан ядролық қарудан 
бостан  мемлекетке  айналды.  2008  жылы  БҰҰ  полигонды  жабу 
күнін 
ядролық сынауларға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп 
жариялады.  2010  жылы  мен 
ядросыз  дүниенің  жалпыға  бірдей 
декларациясын тұжырымдап, қабылдауға ұсыныс жарияладым.
1992  жылы  біз 
Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім 
шараларының  кеңесін  (АӨСШК)  шақыру  жөнінде  бастама 

26
G
 - GL
OBAL
көтердік,  сондай-ақ  әскери  бюджеттерден  түсетін  қаржының  бір 
пайызын аудару арқылы қалыптасуға тиісті 
БҰҰ бітімгерлік қоры 
туралы идеяны ұсындық.
Бүгінде Аөсшк өз дамуында толыққанды халықаралық қауіпсіздік 
құрылымына ұласудың аз-ақ алдында тұр.
1994  жылы 
Мемлекеттердің  еуразиялық  одағын  құру 
бастамасы  ұсынылды.  Бүгінде  ол  Қазақстанның,  Ресейдің  және 
Беларусьтің  кеден  одағы  мен  Біртұтас  экономикалық  кеңістігін 
құру, 2000 жылдан бері жұмыс істейтін еуразиялық экономикалық 
қауымдастықтың біртіндеп экономикалық одаққа айналуы арқылы 
дәйектілікпен жүзеге асырылып келеді.
2000  жылы  Қазақстанның  белсене  араласуымен  құрамында 
Қытай,  Ресей,  Қазақстан,  Қырғызстан,  тәжікстан  бар  және  кейін 
оларға  өзбекстан  қосылып, 
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы 
құрылды.
өңірлік 
тұрақтылықты 
нығайту, 
еуразиялық 
континент 
мемлекеттері арасындағы ауқымды ынтымақтастықты жолға салу 
тұрғысынан бұл қадамдардың маңызы зор болды. 
2001  жылы  Қазақстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет