Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
1
ХХI ғасыр әлемі
G
  GLOBAL
АСТАНА 2013

2
G
 - GL
OBAL
МАЗМҰНЫ
Алғысөз
 ...................................................................................................................4
І ТАРАУ. ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ G-GLOBAL ӘЛЕМІ
1. G-GLOBAL – бүкіл әлем үшін идея 
 ..................................................................14
Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде ...............................14
Жаһандық жауап іздеу жолында ...................................................................25
G-GLOBAL идеясының тууы ...........................................................................28
2. G-GLOBAL  принциптері: жаңа дүние пайымы
 ...............................................38
Революция емес, эволюция ............................................................................39
Әділдік, теңдік, пәтуа ......................................................................................41
Жаһандық төзімділік пен сенім ......................................................................43
Жаһандық ашықтық ........................................................................................46
сындарлы көпкіндіктілік  ................................................................................48
ІІ ТАРАУ. G-GLOBAL  ӘЛЕМІНІҢ ҚОСЫЛҒЫШТАРЫ 
1. ЖАһАндыҚ ҚАРЖылыҚ-экономикАлыҚ ЖАңА Жүйе...........................54 
дүниежүзілік дағдарыс – жаһандық қаржылық-экономикалық 
өзгерістің мүмкіншілігі ....................................................................................54
2010-шы жылдар үшін БҰҰ-ға арналған дағдарысқа 
қарсы  басымдықтар........................................................................................63
еуразиялық кеңістіктегі макроөңірлік үдерістер ..........................................72

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
3
2. ЯдРолыҚ ҚАРусыз Әлем ЖӘне БейБіт Атом: 
ҚАзАҚстАнның БоРышы...................................................................................97
        тағдыршешті таңдау – ядролық қарудан бостандық ....................................97
Жаһандық ядролық қауіпсіздік ....................................................................106
Бейбіт атом: жаһандық қағидаттар мен ұлттық міндеттер .......................115
3. ЖАһАндыҚ ҚАуіпсіздік: өңіРлеР ЖӘне Әлем........................................121
         Азияда өңірлік қауіпсіздік құрылымдарын қалыптастыру ........................123
еҚыҰ-ның еуразиялық және жаһандық өлшемі ........................................134
еуразия қауіпсіздігінің континенттік тұғырнамасы ....................................143
4. мӘдениеттеР мен діндеРдің ҰнҚАтысуы: үлттыҚ тӘЖіРиБе ЖӘне 
ЖАһАндыҚ ҚыРлАРы.........................................................................................146
         этносаралық және конфессияаралық келісім - ХХі ғасырдың талабы ...146
төзімділік пен келісімнің қазақстандық үлгісі .............................................156
ізгілік дипломатиясы: Астанадағы жаһандық дінаралық сұхбат ...............164
5. «ЖАсыл көпіР»:  ХХі ғАсыРдың энеРгиЯсы мен экологиЯсы........186
Жаһандық энергоэкологиялық стратегия  .................................................187
Болашаққа «жасыл көпір» ............................................................................199
ҚоРытынды
 ........................................................................................................209

4
G
 - GL
OBAL
Алғысөз
 
Жұмыр Жердің 4,5 миллиардтық геофизикалық жылнамасында 
«саналы  адамзаттың»  тізбесіне  тиетіні  небәрі  60-70  мың  жылдай 
ғана. Ал соның ішінде біздің заманымызға дейін жеткен көне жазба 
көздерінде тіркелген адамзат өркениетінің «мойындалған» тарихы 
мықтағанда  5,5-6  мың  жылды  қамтиды.  Бұл 

  біздің  планетамыз 
өмір сүрген күллі уақыттың 
миллионнан бір бөлігінен әзер асады 
және күллі homo sapiens дәуірінің 
оннан бір бөлігіне де жетпейтін 
мерзімді құрайды.
Әйтсе  де  осы  уақыт  ішінде  ондаған  адамзат  өркениеттері 
пайда  болып,  келмеске  кетті.  олардың  бәрі  бірдей  өздері  туралы 
материалдық зерде қалдыра алған жоқ. көпшілігі ада-күде санадан 
тыс салаға шығып, адамзат мифологиясына айналып, өзінің ашыл-
маған  жұмбақтарымен,    ескертулерімен    және  сәуегейліктерімен 
адам ақыл-ойының жаңа ұрпақтарын дүрліктірумен келеді.
осы уақыттың бәрінде дүние 
адамзат мәдениетінің жекелеген 
аймақтарынан  неғұрлым  кең  өрісті  өңірлік,  ал  содан  соң 
өңіраралық 
өркениетті конгломерацияларға қарай дәйекті түрде 
дамумен болды. дүниенің жекелеген бөліктерінің бірін бірі «ашуы» 
түпкі  дереккөздердің  көбінде  тарихтың  аса  ұлы  оқиғасы  ретінде 
бейнеленгені көңіл аударарлық.
Біз  Ұлы  географиялық  жаңалықтар  ашу  дәуірі  туралы  жақсы 
білеміз. Бірақ оларға дейін де, олардан кейін де ондай «өркениеттер 
кездесулері»  аз  болмаған.  мәселен,  бүгін 
Шығыс  пен  Батысты 
жалғаған  Ұлы  Жібек  жолы  «ашылуының»  нақты  уақытын  атап 
айту қиын.
ғалымдардың пайымдауынша, осынау тұңғыш континентаралық 
«трасса»  біздің  дәуірімізге  дейінгі  іі  мыңжылдықтан  бері  жұмыс 
істеген болса керек. Қазір де ол еуразиялық континент халықтары 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
5
арасындағы өзара ықпалдастық пен мәдени алыс-берістің символы 
болып отыр.
сондықтан 
Қазақстанның  және  орталық  еуразиядағы  осы 
заманғы  басқа  да  мемлекеттердің 
осынау  «әлем  магистралін» 
қайта  жаңғыртып,  оны  планетаның  ең  үлкен  құрлығы  елдері 
арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен сенімділікті дамытудың  
бағдар жолына айналдыруға деген 
талпынысы әбден заңды. 
ХХ  және  ХХі  ғасырлардың  тоғысында  саясат  пен  ғылымға 
«жаһандану»  ұғымы  берік  орнықты.  коммуникациялар  мен 
ақпараттық жүйелердің бұрын болып көрмеген дамуының, өндіріске 
ең  жаңа  технологияларды  енгізудің  нәтижесі  ретінде  дүниенің 
бірыңғай тұтастыққа айналуының объективтік үдерісі жүріп жатыр. 
ғаламдық экономикалық үдерістер 
біртұтас алгоритм сипатына 
ие болып үлгерді.
дүниежүзілік  рынок  өсу  мен  құлдыраудың  ортақ  толқындарын 
бастан өткеруде, олар ХіХ немесе ХХ ғасырлардағыдай бір мезгілде 
жәй  мемлекеттер  тобын  ғана  емес,  бірден  планетаның  бірнеше 
өңірлерін  қамтиды.  Жер  шарының  бір  қиырында  пайда  болған 
оқиғалар мен құбылыстар дүниенің басқа өңірлеріндегі экономиканың 
дамуына, геосаяси жағдайға елеулі түрде ықпал етеді.
Ақпараттық,  көліктік  коммуникациялар  мен  технологиялардың 
миллиондаған  тіндері  жаппай  жайлаған  дүние  біртіндеп 
әлемдік 
құрылымы біртұтас жүйеге айналып барады.
Қазақстан  жаһанданудың  бастапқы  үдерісінің  нақ  осы  қиын-
қыстау  шағында 
дүниенің  ажырағысыз  бөлігіне  айналды. 
тәуелсіздіктің  алғашқы  күндерінен-ақ  мен  біздің  көпұлтты  жаңа 
еліміздегі  тыныштық,  келісім,  қауіпсіздік 
көбінесе  өңірлік  және 
ғаламдық шешімдердің ауқымында берік кепілдік таба алатынын 
жақсы түсіндім.
сондықтан өзіміздің туған Қазақстанымызды дамытып, көркейте 
отырып, біз тек жаңа ұлттық экономиканың, жаңа қоғамның, жаңа 

6
G
 - GL
OBAL
мемлекеттің қаз басып қалыптасуының күрделі ішкі проблемаларын 
ғана шешіп қойған жоқпыз. 
Біз  өз  жоспарларымызды  жаһандық  және  өңірлік  дамудың 
трендтерімен салыстырдық, айналамызда 

 өңірде және планетада 
болып жатқан нәрсенің бәрін мұқият зерттеп-зерделедік.
Ұзақ  мерзімдік  «Қазақстан-2030»  Даму  стратегиямызды  іске 
асыруда табысқа жету үшін біз жаһандық және өңірлік факторлардың 
күллі жиынтығын егжей-тегжейлі ескердік.
Біз сыртқы саясатта бірден-ақ жақсы қадам жасадық.
Семей  сынақ  полигонын  жабу  және  ядролық  қаруға  иелік 
етуден бас тарту, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары 
жөніндегі кеңесті шақыру туралы біздің бастамамыз, шын мәнінде, 
тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 
жаңа мүшесі ретінде салған 
алғашқы «жарнасы» болды.  
Біздің бұл тұңғыш сыртқы саяси қадамдарымыз ядролық қауіпсіздікті 
нығайтуға,  Азия  мен  бүкіл  дүние  жүзі  мемлекеттерінің  арасындағы 
сенімді кеңейтуге жол ашып берді. олар жүзеге асырылды және ол 
жеке  бір  мемлекеттің  жер  жүзіндегі  бейбітшілік  пен  қауіпсіздік  үшін 
жауапкершілігінің жарқын мысалы болып қалуда.
Қазақстан  дүниеге 
Ядролық  қарусыз  әлемнің  жалпыға  бірдей 
декларациясын  әзірлеп,  қабылдауды  ұсынады.  Біздің  еліміз 

 
ядролық  қаруға  қарсы  ғаламдық  қозғалыс  жетекшілерінің  бірі, 
ядролық  қаруды  таратпау  мен  қарусыздану  үдерістерінің  белсенді 
қатысушысы.
Қазақстан жиырма жыл бойы
 ізгі ниеті мен жауапкершілігін ұдайы 
білдіріп, әлем жұртшылығының қолдауына ие болған бастамаларды 
ұсынумен келеді. Біз халықаралық қатынастардағы көптеген күрделі 
проблемалардың шешімін алға тарттық, сенімділіктің, тұрақтылық пен 
дамудың идеяларын ілгері бастырдық.
2010 жылы Қазақстан 
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық 
жөніндегі  ұйымды  басқарды,  оны  реформалаудың  жоспарын 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
7
ұсынды, Астанада еҚыҰ-ның ХХі ғасырдағы тұңғыш 
Саммитін өткізді.
2011-2012  жылдарда,  таяу  шығыс  пен  солтүстік  Африкадағы 
кең  құлашты  геосаяси  өзгерістер  кезеңінде  біздің  еліміз 
Ислам 
ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
Қазақстанның  жас  астанасы,  менің  бастамашылығым  бойынша, 
төрт  рет 
Дүниежүзілік  және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының 
съезі өткен жерге 

 осы заманғы мәдениеттер мен діндердің өрісті де 
өркенді алаңына айналды.
Қазақстан  Астанада 
ЕХРО 
– 
2017  Мамандандырылған  халы-
қаралық  көрмесін  өткізу  құқығына  қол  жеткізді.  Бұл 

  біздің  зор 
жеңісіміз,  жаһандық  ауқымдағы  оқиға.  Халықаралық  көрмелер 
бюросының  160  мүшесінің  басым  көпшілігі  біздің  еліміздің 
кандидатурасын жақтап дауыс берді.
сөйтіп, 
Қазақстанның  экономикалық  табыстарын  бүкіл  дүние 
таныды. Астана 3 ай бойы әлемдік экономикалық орталыққа айналады, 
Қазақстанға 5 миллион турист келеді, жаңа технологиялармен және 
инновациялармен  бірге  миллиардтаған  долларлық  инвестициялар 
ағылады,  құрылыс,  инфрақұрылымды  дамыту,  туризм,  мейманхана 
бизнесі, шағын және орта кәсіпкерлік саласында ондаған мың жұмыс 
орындары құрылады.
еХРо

2017 

  Қазақстан  қоғамын  одан  әрі  жұмылдырып,  бүкіл 
халықтың әл-ауқатын арттыратын 
ұлттық жоба.
осылар және Қазақстан қатысатын басқа да көптеген халықаралық 
оқиғалар  өзіміз  бір  бөлшегіне  айналған  осы  заманғы  дүниенің 
негіздерін  қоғамымыздың  дербес  түрде  танып-білуінің 
алтын 
парақтарына айналды.
дегенмен 
біз дүниені танумен ғана болған жоқпыз.
Біз дүниеге, өзіміздің кәміл сеніміміз бойынша, оны жақсырақ, 
адалырақ, әділірек ете түсе алатындай шешімдерді ұсындық.
Әділетті әлем сипатын жасаудың оңтайлы формуласын іздеу 
ойшылдар мен ғалымдарды, түрлі замандар мен халықтардың саяси 

8
G
 - GL
OBAL
көсемдерін  әрдайым  толғандырумен  келген  өзекті  мәселелердің 
бірі болған.
дүниежүзілік  экономика  мен  халықаралық  қатынастардың 
тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ету  үшін  ұжымдық  күш-жігердің 
қажеттігі анық байқалған осы заманғы жаһандану дәуірінде оның 
өтімділігі әсіресе, арта түсіп отыр.
2012 жылғы 24 мамырда мен V Астана экономикалық форумына 
келген 
әлемдік  атақ-абыройы  бар  беделді  экономист-
ғалымдардың  бір  тобымен  кездестім.  оған  қатысушылардың 
арасында  нобель  сыйлығының  лауреаттары  Роберт  манделл, 
эдвард прескотт, джон нэш, эрик маскин, Роберт Ауманн, Финн 
кидланд, кристофер  писсаридес, мюррей гелл-манн, Ада Цокат, 
Ричард джон Робертс, кэрри Бенкс муллис болды.
Әңгіме  барысында  2009  жылдан  бері 
жаһандық  дағдарыстың 
күрделі  жағдайында  келе  жатқан  дүниежүзілік  экономиканың 
хал-ахуалы жайында сөз болды.
оның қарсаңында Астана экономикалық форумының пленарлық 
мәжілісінде  сөйлеген  сөзімде  мен  жаһандық  рыноктардағы 
дағдарыс  жағдайының  жан-жақты  бағасын  беріп,  ғаламдық 
проблемаларды жаңа, әлдеқайда кең ауқымда шешу қажет дейтін 
ой дамытқан болатынмын.
менің  сұхбаттастарым  қазір  дүниеде 
әлем  сипатын  жасаудың 
дұрыс,  толерантты  байыптамасының  көпе-көрнеу  тапшылығы 
байқалатынын  баса  айтты.  планетамыз  өзінің  технологиялық 
дамуында  шарықтап  алға  кетті,  ал  дүниежүзілік  экономиканы, 
халықаралық  қатынастарды  басқарудың  көптеген  қағидаттары 
мен  әдістері 
елеулі  түрде  кенжелеп,  бұрынғы  өткеннің 
мұрасындағы  іліп  аларлығы  жоқ  қалдықтарды  малданумен 
келеді. мемлекеттер арасындағы сенімнің жетіспеушілігі жаһандық 
экономикалық  дағдарысты  еңсерудің  сайма-сай  шешімдерін 
қабылдауға кедергі болуда.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
9
ғалымдар  ХХі  ғасырда  әлем  сипатын  жасау  жөніндегі  менің 
идеямды қабылдады, 
мен оны G-GLOBAL деп атауды ұсындым. 
Бұл  бастаманы  дүниежүзіндегі  әртүрлі  елдердің  V  Астана  эконо-
микалық  форумына  жиналған  ғылыми  және  саяси  элитасы 
мақұлдады.
Ал бір аптадан соң G-GLOBAL-дың рухани-адамгершілік қырларын 
2012  жылғы  мамырдың  соңғы  күндерінде  Астанада  өткен  басқа 
бір беделді халықаралық форумға 

 
Дүниежүзілік және дәстүрлі 
діндер көшбасшыларының ІV съезіне қатысушылар талқылады.
діни көшбасшыларға 

 мәскеудің және бүкіл Русьтің патриархы 
кириллге,  Бүкілдүниежүзілік  ислам  лигасының  Бас  хатшысы 
Абдалла  бен  мухсин  ат-түркиге,  католик  кардиналы  джованни 
лайолоға,  израилдің  бас  ашкеназ  раввині  иона  мецгерге  және 
съездің басқа да көптеген қатысушыларына өз идеяларыма ықылас 
беріп, қолдағандары үшін мен 
ризашылығымды білдірдім.
кейінірек  мен  өзімнің  G-GLOBAL  бастамашылығым  үшін  түрлі 
елдердің  ғалымдары  мен  саясаткерлерінен 
толып  жатқан 
ұнамды  лебіздер  алдым.  көптеген  хаттарда  мәселенің  дер 
кезінде қойылғандығы атап көрсетіледі. G-GLOBAL тақырыбын 
нақтылы  қарастырған  бірсыпыра  халықаралық  конференциялар 
мен дөңгелек үстелдер өткізілді. сарапшылар 
дүниені болашақта 
ойдағыдай  дамытудың  кілті  жаһандық  қатынастардың  жаңа 
жүйесін олардың экономикалық, саяси және мәдени-өркениеттік 
қырынан 
түзуде дейтін менің тезисімді мақұлдады.
Бүгінде 
G-GLOBAL  идеясы  біздің  жаһандық  дүниеміздегі 
жолын бастап кетті деуге толық негіз бар.
Жер-жердің  бәрінде  болған  осынау  қолдау  мені  G-GLOBAL 
идеясын, ХХі ғасырдағы әлем сипатына деген, ғаламдық саясаттың 
жиырма  жылдан  асатын  тәжірибесіне  негізделген  көзқарасымды 
неғұрлым  жан-жақты  ашып  көрсететін 
осы  кітапты  жазуға 
шабыттандырды.

10
G
 - GL
OBAL
мемлекетті  басқару  барлық  іске 
толайым  беріліп,  күн  сайын 
сарыла  жұмыс  істеуді  қажет  етеді.  Қазақстан  Республикасы 
президентінің  міндетін  күн  сайын,  сағат  сайын  атқару  еркін 
шығармашылыққа соншалықты көп уақыт қалдыра қоймайды.
сонымен  бірге 
әлемді әділетті жайластырудың маңыздылығы 
айдан  анық.  Басқа  мемлекеттердің  басшыларымен,  шетелдік 
саясаткерлермен  кездесулерімнің  барысында  мен  екіжақты 
қатынастардың ғана емес, тұтастай дүниені дамытудың да көкейкесті 
мәселелерін сөзсіз түрде қозғаймын.
Басқаша  болуы  мүмкін  де  емес,  өйткені 
Тәуелсіздіктің  20 
жылында Қазақстан ғаламдық жүйенің бір бөлшегіне айналды. 
Біздің  дамуымыздың,  тегінде  ұлттық  дамудың,  серпіні  мен 
нәтижелі болуы соның өзіндік хал-ахуалына байланысты. Бір ұлт 
өзге дүниемен жәй таныс-білістікте, тұйық кеңістікте өмір сүретін 
заман келмеске кеткен.
иә, 
томаға-тұйық қоғамдардың мысалдары қазір де бар. Бірақ 
олардың бірде-біреуін ойдағыдай деп атауға болмайды. керісінше, 
тек  ұлттық  мүдделерін  дүниенің  ілгері  жолымен  үйлестіретін 
даму  формуласын  таба  білген,  өз  экономикаларын  жаһандық 
шаруашылық байланыстарына қосудың қисынды тетіктерін тапқан 
елдер ғана табысты болмақшы.
сондықтан мен Қазақстанды ойдағыдай дамытудың аса маңызды 
жолдарының бірі күллі планетада неғұрлым қауіпсіз жағдай жасауды 
қамтамасыз  ететін 
өңірлік  және  жаһандық  қатынастардың 
пәрменді жүйесін құру деп білемін.
Бұл 

 бір ғана саммитте, әлдебір әмбебап халықаралық құжатты 
қабылдаумен  шешіле  қоймайтын  кешенді  міндет.  ол  көп  жылдық 
қажырлы  еңбекті,  сенімді  арттыруды,  әлемдік  қауымдастықтың 
табанды күш-жігерін қажет етеді.
дегенмен 
бұл міндеттің орындалатынына мен сенімдімін.
өзімнің жаңа кітабымды мен тек саясаткерлерге ғана емес, біздің 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
11
дүниенің  тағдырына  енжар  қарай  алмайтын  күллі  оқырмандарға, 
Жер шарын мекендеген барша адамдарға арнап жаздым.
мен 
мұны  өзімнің  жас  өркен  отандастарым  қызыға  оқитын 
болар деп үміттенемін.
мен  өскелең  қазақстандықтарға: 
біздің  Қазақстанымыздың 
тағдыры өңірдің және дүниенің тағдырынан ажырағысыз дейтін 
басты ойды жеткізсем деймін.
күллі  G-GLOBAL  әлемінің  маңызды  бөлігі  ретіндегі  отанымыз-
дың игілігіне  деген  қамқорлық 

  
қазақстандықтардың    дүние-
танымының бір негізі, біздің көпэтностық және көпконфессиялық 
толерантты қоғамымыздың табыстылығының қайнар көзі.

12
G
 - GL
OBAL

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
13
ЖАһАндыҚ дАғдАРыс
I ТАРАУ
ЖӘне  Әлемі
G
  GLOBAL

14
G
 - GL
OBAL
1. 
G
-GLOBAL
  
– 
Бүкіл Әлем үшін идеЯ
Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде
Адамзат ХХі ғасырды 
орасан зор үміттермен масаттана қарсы алды.
өткен  ғасырдың  соңына  қарай 
халықаралық  қатынастардың 
одақтық  жүйесі  мәңгі  келмеске  кеткендей  еді.  ол  белгілі  бір 
түрлерде  қайталанып,  дүние  тарихына  бір  жарым  ғасырдай  уақыт 
бойы селбесумен келді де еуропаны және әлемнің басқа да бөліктерін 
екі рет дүниежүзілік қанды соғыстарға киліктірді.
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысы  көбінесе  АҚш  пен  ксРо  сияқты 
астам  державалардың  айналасына  топтасқан  кереғар  екі  жақтың 
арасындағы «қырғиқабақ соғыс» белгісімен өтті. дес бергенде, бұл 
текетірес  Жер бетіндегі тіршілік атаулыға ядролық қатер төндірген 
ғаламат шиеленіске соқтырған жоқ.
ксРо-ның  ыдырауы,  еуропа  мен  Азияда  жаңа  тәуелсіз 
мемлекеттердің  пайда  болуы  бүкіл  дүниенің 
геосаяси  бедерін 
өзгертті. Бұрынғы таптаурын қалыптардан ада жаңа халықаралық 
жүйенің қалыптасу үдерісі басталды.
Бұл  өзгерістердің  сөзсіз  жүруі  тиіс  болғанын  қазір  толық 
сеніммен айтуға болады.
мен кеңестік астам державаны күйреуге соқтырған «жауыз ниетті 
тарихи  жазмышты»  ертелі-кеш  жазғырушылар  сойынан  емеспін. 
ол оқиғалардан, ең алдымен,
 адамзат өркениетінің материалдық 
негіздері дамуының қисынды салдарын көре білу керек.
Жаңа ғасыр мен жаңа үшінші мыңжылдық дүниеге мемлекеттердің 
және  халықтардың  ынтымақтастығы  мен  өзара  ықпалдастығының 
жаңа мүмкіндіктеріне өріс аша келді.
Қазақстан қиын-қыстау кезде тәуелсіз мемлекетке айналды. Бұдан 
жиырма жыл ілгеріде, 1992 жылдың наурызында 
біздің еліміз Біріккен 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
15
Ұлттар  Ұйымының  мүшелігіне 
бірауыздан  қабылданды.  БҰҰ-ның 
нью-йорктегі  штаб-пәтерінің  алдында  дүниежүзінің  мемлекеттік 
жалауларының  қатарында  біздің  отанымыздың  да  күн  дидарлы 
көгілдір туы желбіреді.
1992  жылғы  5  қазанда  мен  жаңа  елдің  басшысы  ретінде 
БҰҰ 
Бас  Ассамблеясының  алдында  тұңғыш  рет  сөз  сөйледім. 
Ұлттар  қауымдастығы  алдындағы  сөзіме  қандай  толқу  үстінде 
дайындалғаным әлі есімде. Біз өзіміз үшін дүние дидарын ашып, ал 
дүние біздің Қазақстанымызды ашып жатты.
БҰҰ Бас Ассамблеясының мәжіліс залында дүниежүзінің барлық 
мемлекеттерінің  өкілдері  қатысуы  арқылы  білінген  планетамыздың 
бірлігі мен әралуандығының керемет сезімі әлі күнге дейін есімнен 
кетпейді.
Қазақстан  ұлттардың  әлемдік  отбасына  салтанатпен  кірді  және 
20 жылдан астам уақыт бойы оның 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет