Үлестер бас миының негізгі жүлгелерімен ажыратылып тұрады: Орталық (Роландов) – маңдай және төбе үлестерін бөлетін жүлге.
Латеральды(Сильвиев) – самай жәнетөбе үлестерін бөлетін жүлге.
Төбе-шүйделік – атына сәйкес төбе мен шүйденің аралығын бөлетін жүлге.
Ми қыртысының қабаттары: 1.Сыртқы молекулярлық қабат;
2.Сыртқы түйіршікті қабат;
3.Шағын және орташа пирамидалық клеткалардан
тұратын қабат;
4.Ішкі түйіршікті қабат;
5.Бец үлкен пирамидалық клеткалардан тұратын
қабат;(ганглиозды)
6.Әртүрлі клеткалардан тұратын қабат;(полиморфты)
Мидың жоғарғы қызметтері
Ми қырытысы көңіл-күй, таным, мақсатты қимыл-әрекеттері, сөйлеу, жазу, оқу, санау және ойлау қабілеттерінің негізі болып саналады. Ми қыртысы өзінің атқаратын қызметіне байланысты проекциялық және ассоциативті алаңдарға бөлінеді. Ми қыртысының алаңдары Біріншілікті - проекциялық алаңдар (сезімталдық және қозғалтқыш), қоршаған ортамен өткізгіш
жолдар арқылы байланысады. Олар – түрлі анализаторлардың қыртыстық ұшы болып
есептеледі.
Екіншілікті - проекциялық-ассоциативтік алаңдар, гнозис және праксисқа жауап береді, яғни қарапайым әрекеттерді ойластырылған күрделі әрекеттерге айналдыруды жүзеге асырады және олардың әсерін сақтайды.
Үшіншілікті – интегративті қызмет атқаратын, әртүрлі анализаторлардың қыртысты бөліктерін
бүркемелейді.
Нерв жүйесінің интегративті деңгейі Бірінші сигналды жүйе –праксис пен гнозистың алғашқы этапына жауап береді.
Екінші сигналды жүйе –адамның қимылы мен сөзінің жүйелілігіне жауап береді.
Үшінші сигналды жүйе –түрлі акттердің, алғашқы маңызды міндеттер мен перспиктиваларды
қалыптастыруға жауап береді.
Ми қыртысының қызметі: -Ағзаның тіршілігін реттеп отыру;
-Мінез – құлықтың күрделі формаларын қалыптастыру;
-Нерв – психикалық қызметтердің қайта қалыптастыру;
Барлық проприоцептивті, интероцептивті, экстероцептивті, вестибулярлы, есту, көру және басқа да импульстердің анализі мен синтезі.