Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері



бет41/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87
Ортаңғы нерв невропатиясы- n. medianus зақымы ауырсынумен, білезіктің ісінуімен алақанның және 3,5 саусақтардың сезімталдығының бұзылысымен, және сол саусақтардың бүгілмеуі, басбармақтың қарсыласуының бұзылысымен сипатталады.
Этиопатогенез:
Әртүрлі травматикалық жағдай, нерв талшықтарының кесіліп қалуы, атыстан, сүйек сыныктарымен зақымдану, иық және білектің сынуы, шынтақ, кәрі жілік буынішілік сынығы, Буындардың(артроз,артрит,бурситтері). Липома,остеома,гигрома,гемангиомдан компрессиялануы. Қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз, подагра, ревматизмнен туындауы мүмкін.
Жиі мамандыққа байланысты туындайды( флейтисттер, гитаристтер,пианисттер, ұзақ уақыт сәбидің басы анасының білегінде орналасса. Туннельды синдром.
Клиника: Басбармақттың қарсы тұруы бұзылады. Тенор атрофияланады. Қол ұшы маймылдыкыне ұқсас болады(обезьянья кисть. Қолды жұдырыққа түю кезінде 1,2 және 3 саусақ жартылай жазылған(3саусақты толық жазылмайды), егер алақан үстел үстінде болса. Каузалгия туындайды, әртүрлі күйдіргіш сезімдер, өткір ауырсынулар, себебі вегетативті талшықтар зақымдалады. Ісіктер, ыстық сезім,, қызару немесе қолдың мұздауы. Ауырсыну білектің медиальды бетін, білезік, 1-3 саусақтарды қамтиды.




Емі: Сүйекті репозициялау.
Консервативті терапия: қабынуға қарсы препараттар(ортофен, нимесулид, наклофен, диклофенак ), ауыр жағдайда(дипроспан, преднизолон) .
Интинсивті ауырсыну болса карпальды каналдың блокадасы нервтің зақымдалу аймағында(лидокаин+гидрокортизон). Ауырсынуды басу үшін фонофорез+димексид, Нейрометаболиттер (витамин В1 и В6, неостигмин, ипидакрин) және тамырлық препараттар (ксантинола никотинат, никотин қышқылы.ЛФКмассаж,электромиостимуляциябалшықпен емдеуозокерит.

29.Диабетикалық және алкогольді полиневропатия: этиологиясы, жіктелісі, патогенезі, клиникалық көрінісі, заманауи зерттеу әдістері, емдеу принциптері.
Диабеттік полинейропатия- нерв талшықтарының прогрессивті өлуімен сипатталады,сезу қабілеті төмендеп, табанның әртүрлі жараларына әкеледі.Перифериялық жасушалардың қоректенуі толықтай бұзылып, глюкозаның альтернативті утилизацияға ұшыраған өнімдерімен улану есебінен болады.
Қауіпті факторлар: ауыру кезеңінің ұзаруы, гипергликемия дәрежесі, науқастың жасы, ер адам жынысы.
Жіктелуі:1. Сенсомоторлы невропатия:
-симметриялы
-фокальды,полифокальды(краниальды,моторлы проксимальды, дене мен аяқ-қол мононевропатиясы)
2.Автономды(вегетативті):
-кардиоваскулярлы
-гастроинтестинальды
-урогенитальды
-гипогликемияны тану қабілетінен айырылу бұзылыстары
-қарашық функцияларының бұзылыстары
-тері бездері функциясының бұзылыстары.
Клиникалық сатылары

Диффузды нейропатия


Дистальды симметриялық нейропатия: жүйкенің сезуі процессінің шамадан тыс бұзылыстыры (сенсорлы формасы), жүйкенің қозғалыс процессінің шамадан тыс бұзылыстары (моторлы формасы), жүйкенің комбинирленген бұзылыстары (сенсомоторлы формасы).
Автономды нейропатия
Асқазан-ішек жолдары: асқазандағы атония, өт қабы атониясы, диабеттік энтеропатия (түнгі диарея);
Жүрек-қан-тамыр жүйесі: ауырсынусыз өтектін инфаркт миокарды, ортостатикалық гипотензия, жүрек соғысының бұзылыстары;
Қуықтың қызметінің бұзылыстары;
Жыныс мүшелері: эректильды дисфункция, ретроградты эякуляция;
Өзге мүшелер мен жүйедегі өзгерістер: қарашық рефлексінің бұзылыстары, тер бөліп шығарудың бұзылыстары, симптомсыз өтетін гипогликемиялар.
Ошақты нейропатия: бас-сүйек нервтарын, мононейропатиялар (қол немесе аяқ бөлімдері), көптеген мононейропатиялар, полирадикулопатиялар, плексопатиялар.
Патогенез:
Перифериялық жүйке қозғалыс пен сезу қызметтерін атқарады. Сезуге жауапты жүйкелер жіңішке талшықтары әртүрлы диаметрлер мен өлшемде болады (кіші диаметрдегі) және жуан талшықтар (ірі диаметрде) болып келеді. Сезу жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне яғни миға біздің тері мен ішкі ағзаларымызда келетін тітіркендіргіш сезімдерді жеткізуші қызмет атқарады. Қозғалыстарға жауапты жүйкелер ақпаратты мидан әртүрлі дене мүшелер мен ағзаларға жеткізеді. Мысалы , егер де адам үшкір шегеге жалаңаш табанымен басса, бірден сезу жүйке талшықтарынан миға ауырсыну алғанын импульсті түрде жібереді. Бас миы, өз кезегінде, қозғалыс жүйкеге жауапты ақпарат жібереді де, осының есебінен адам аяғын бірден үшкір заттан тартып алады. Қантты диабетпен ауратын науқастарда, неврологиялық жағынан дәрігер қараудан кейін негізінен көп жағдайда кездесетіні симметриялы сенсомоторлы полинейропатия диагнозы қойылады. Осы типтегі нейропатияларда бірінші орында сезу нерв талшықтары зақымдалады, сонымен қатар негізгі зақымдалатын табан мен аяқ сүйектеріне кететін ұзын талшықты жүйкелер зақымдалады. Осы себептен, полинейропатия симптомдары бірінші табанда кейін жоғары көтеріледі. Табан зақымдалуы айқын көріністер береді. Жоғарыда көрсетілген бұзылыстар салдарынан науқаста зақымдалған жерлерде «шұлық-қолғап» синдромы пайда болады. Бұзылыстар қатарына сезу жүйкесі қосылған жағдайда кіші ( жіңішке) талшықтар мен жуан (ірі) талшықтар да зақымдалуға ұшырайды.
Клиника:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет