Байланысты: Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто
27.Кіші жіліншік және үлкен жіліншік невропатиясы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, ажырату диагностикасы, емдеу принциптері. Кіші жіліншік невропатиясы немесе перонеальды невропатия – аяқтың мононевропатиясының бірі, табанның салбырау синдромымен, сыртқы бетін және бақайларды жазу мүмкіндігінің шектеулігімен, сонымен қатар жіліншіктің алдыңғы латеральды жағының , табанның сыртқы бетінің сенсорлы бұзылыстарымен сипатталады. Перонеальды нервтің миелин қабаттары көп,жуан нервті талшықтардан тұрады, осы ерекшелігінен метаболизм бұзылысына және аноксияға сезімтал болып келеді. Кіші жіліншік невропатияның 60% жағдайы пациенттердің шина және гипстік байламдармен ем кезінде орын алады, ал 30% невртің біріншілік зақымдалуы құрайды. Көбінесе операциядан кейінгі немесе иммобилизация кезеңі осындай патологияға әкеледі.
Этиопатогенезі:
Перонеалдьды невропатияға әкелетін бірнеше триггерлер:
Компрессионды невропатия (туннельді синдром) -n. Peroneus-тің кіші жіліншіктің басы деңгейінде өтуі кезінде-жоғарғы туннельді синдром дамиды. Кейде мамандықтың салдарынан болуы мүмкін(жиі корточкада отыратындар) немесе аяқты аяқ үстіне ұзақ уақыт өойып отыру қалпында. Кіші жіліншік нервісінің компрессиясы кезінде табанға өтетін жерінде төменгі туннельді синдром даимды. Ол кейде өте тар аяқ киімді ұзақ уақыт киюден туындауы мүмкін. Сонымен қаттар n. Peroneus-тің компрессия 2шілік вертеброгенді болуы мүмкін,яғни сүйек-ет аппаратының өзгерісі мен рефлекторлы бұлшықеттік-тонустық бұзылысы (остеохондрозом, сколиозом, спондилоартрозом).
Сирек жағдайда жүйелік ауырлар, дәнекер тіннің пролиферациясымен шақыралатын
(деформирующий остеоартроз, склеродермия, подагра, ревматоидный артрит, полимиозит), метаболикалық бұзылыстар(диспротеинемии, сахарный диабет), ауыр инфекция, интоксикация (соның ішінде. алкоголизм, наркомания), жергілікті ісіктік өзгерістер.
Клиника: Перонеальды невропатия кезінде табан сыртқа бұрылмайды, табан және бақайлар жазылмайды. Нәтижесінде табан салбырайды(свисает), ішке қарай аздап бұрылған, бақайлар бүгілген қалпында болады. Ұзақ уақыт осындай жағдайда тұруы контрактураға әкеледі. Аттың табаны (pes equinus)деп аталады. Соған байланысты науқастың жүрісі өзгереді, аяғын биік көтеріп жүреді,бақайлардың сыртқы бетінің жерге тиюін алдын-алу үшін.Табан ұшын сосын өкшені жерге тигізеді. Бұндай жүріс степпаж (steppage), перонеальды, аттың жүрісі, петушинная походка деп те атайды.