Ылым министрлігі



бет4/4
Дата16.09.2023
өлшемі162,25 Kb.
#108175
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (1)

Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдар:
1. Баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады.
2. Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады.
3. Нақты тапсырмалардың түрлілігі және жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы.
4. Оқушыларға өлшемдер алдын ала айтылады.
5. Оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады.
6. Өзін-өзі бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру.
7. Нені оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері – оқу мақсатының нақты көрінісі.
8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңызы төмендегі артықшылықтармен белгіленеді:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын-ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
-бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып-зерделенген материал бойынша ғана қойылады;
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімі белгілі;
- оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет