Ылым министрлігі



бет1/4
Дата16.09.2023
өлшемі162,25 Kb.
#108175
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі (1)



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Практикалық сабақтар


Тақырыбы: Критериалды бағалауды оқытудың қызметі мен ұстанымдары
Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Утюпова Гульнара Елетаевна

Алматы 2021

Критериалды бағалауды оқытудың қызметі мен ұстанымдары
Қазіргі бағалау жүйесінің атқаратын қызметтері:
1. Нормативті қызмет, біріншіден, оның оқу табыстылығына және оқу орнын бітіруіне сәйкес мемлекеттік өлшеммен бекітілген нақты білім алушының жетістіктерін тіркейді. Екіншіден, жеке оқушының, мектеп сыныптарының үлгерімін, олардың дайындық деңгейлері мен мұғалім жүмысының сапасын әкімшілік бақылау.
2. Ақпараттық-диагностикалық қызмет, оқыту процесіне барлық қатысушылардың арасындағы мазмұндық байланыстардың, оқушылардың мазмұндық және эмоционалдық рефлексиясын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық рефлексиясының негізгі сәттерін қамтиды. Бағалау білім беру процесіндегі нақты сыныптарда жағдайдың дұрыстығы, жеке оқушылардың амандығын ойлауға мүмкіндік береді.
3. Ынталандыру қызметі, оқушылар қызметін ынталандырумен байланысты, бұл қосымша анықтауларды қажет етпейді. Бағалау жүйесіне қойылатын талаптар. Жоғарыда аталып кеткен қызметтерге сүйене отырып, бағалау жүйесі шешімін табуға жағдай жасайтын мәселелерді анықтауға тырысайық:
– біріншіден, бағалау жүйесі оқу әдістемесінің қай түрі тиімді меңгерілгенін, қай практикалық дағды қалыптастырғанын, басқаша айтқанда, нақты талаптар минимумымен оқушының жеткен жетістігін салыстыруға мүмкіндік туғызуы керек.
– бағалау жүйесі әр оқушының жалпы дайындық деңгейінің өзгеруін, танымдық қызметтің әр саласында оның жеткен жетістіктерін тіркеп отыруы қажет (ақпаратты меңгеруі, ақпаратты өңдеу, өз ойы мен ойындағы образдарды шығармашылықпен көрсету және т.б.). Бұл білім алу жолындағы жетістіктер мен сәтсіздіктердің нақты суретін алуға мүмкіндік тудырады. Сонымен қоса, аталмыш ақпаратты тіркеу стандартқа сай, мұғалімнен көп уақытты талап етпеуі, яғни вербалды болмауы керек. Оны жүзеге асыруға жұмсалған уақыт жекелеген оқушылармен жасалатын жұмыстарға ғана арналуы мүмкін деген сипатқа ие болуы мүмкін.
– Үшіншіден, бағаларды қою механизмінің өзінде ондағы ақпаратты сәйкес талдау мүмкіндігінің болуы, бағалау жүйесі ағымдағы және қорытынды бағаларды қоюда, сонымен қатар мақсатқа жетудегі бағаларды қою нақты болуы шарт. Әйтпесе, бағалаудың ақпаратты-диагностикалау қызметінен ынталандыру қызметі басымдық алып кетеді.
–Төртіншіден, бағалау жүйесінде оқушылардың өз жетістіктерін бағалау барысында өзін-өзі көтермелеу және дамыту, сонымен қатар оқыту процесі барысында болып жатқан әрекеттерге рефлексия жасау механизмі болуы. Өзін-өзі бағалап отырған оқушы мұғалімнің бағалауымен келген нәтиже мен өзін бағалау барысында жеткен нәтижені салыстыруға мүмкіндігі болуы шарт. Әрине бағалау жүйесінің мінсіздігі өзін-өзі бағалауға итермелейтін фактор болып отырғаны анық, алайда бұл қойылып отырған міндеттердің бірі ғана.
– Бесіншіден, бағалау жүйесі әрдайым мұғалімнің, оқушының, атааналардың, сынып жетекшісінің, сонымен қатар мектептің әкімшілік және педагогикалық ұжымының арасындағы байланыстың орнауын ескеріп отыруы керек. Бұл байланыссыз оқу процесін құрудың жүйелік әдісін, оны толық қамтамасыз ету мүмкін болмайды.
– Алтыншыдан, оқушыға бірыңғай білім беру кеңістігі тақырыбын жалғасыта отырып, бағалау жүйесінің мектептегі нақты бір сынып үшін бірыңғай сәйкес болуын атап кету шарт. Басқаша айтқанда, әртүрлі сабақта әртүрлі қағидаттарға негізделеген бағалау жүйесінің тиімді болуы мүмкін емес. Бағалау жүйесіндегі қағидаттық сипаттардың түрлілігі жас ерекшеліктеріне сай оқушылар тобының арасында ғана мүмкін.
– Жетіншіден, бағалау жүйесі оқушылардың психикасына ұқыптылықпен қарауға, олады жаралайтын жағдайлардан аулақ болуды көздеуі керек.
Бұған қол жеткізудің негізгі жолы – оқу процесіне қатысушылардың барлығының санасына бағалау жүйесіне сәтті білім алудың, кері байланыс алуды жүзеге асырудың құралы ретінде қарауды сіңдіру. Аталған ережелер бағалау жүйесінің сұлбасын құрастыруға, оның қызмет етуінің жалпы аясын анықтауға, және оған қоса жетістік критерийі қызметін атқарып, әр білім беру жүйесінің нақтылы жүзеге асуына жол береді.
Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет