Садвакасова Ж.А. Барлық мамандықтардың 1,2
курс студенттеріне
«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы: «Жаңа гуманитарлық білім.
Қазақ
тіліндегі
100
жаңа
оқулық»
жобасы
негізінде
әзірленген
Д.Бринкерхофтың, Р.Уейтс, С. Ортеганың
«Әлеуметтану негіздері»
оқулығын пайдалануға арналған әдістемелік нұсқау. Өскемен: ШҚМТУ,
2019. – 19 бет.
Әдістемелік нұсқауда Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс,
Сюзан
Ортеганың «Әлеуметтану негіздері» оқулығын пайдалануға арналған
нұсқаулықтар берілген. Әрбір тарауға қысқаша түсіндірмелер беріліп,
оқулықтың оқу үрдісіндегі орны, мақсаттары мен міндеттері айқындалған,
студенттердің өзіндік жұмыстары үшін тапсырмалар берілген.
Әдістемелік нұсқау гуманитарлық білім беру факультетінің әдістемелік
семинарында қаралып, мақұлданды
05.04.2019 ж. №8 хаттама
©
Д.Серікбаев
атындағы
Шығыс
Қазақстан
Мемлекеттік
Техникалық
Университеті, 2019
КІРІСПЕ
Қазақстан
Республикасының
тұңғыш
Президенті
Нұрсұлтан
Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша
инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең
түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандарының қажеттілігі артуда, заман
талабына
сай сананың ашықтығы, прагматизм сынды қасиеттерді арту
мәселесі өзекті болып тұр.
Жаһандану сындарына төзімді, жан жақты дамыған ұлт тағдырына
жауапты жастарды жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін
тарих пен
саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика,
мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге әлемнің
озық оқулықтарын қазақ тілінде ұсынған .
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы
осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде.
«Әлеуметтану негіздері» оқулығы 15 тараудан тұрады. Онда қоғам және
оның құрылымы, қоғамдағы түрлі
әрекеттер, адамның рухани және
материалдық мәдениеті, құндылықтар,
девиация, әлеуметтену және тағы
басқа көптеген тақырыптар қаралады. Кітапта әлеуметтанудың негізгі
ұғымдары қандай, теориялық негізі және зерттеу әдістері қандай,
әлеуметтанушы деген кім, олар қандай салаларда жұмыс істейді деген сияқты
сұрақтарға жауап берілген. Сонымен бірге әлеуметтанушы мамандардың оқу
орнындағы, үкіметтегі,
бизнестегі, үкіметтік емес ұйымдардағы және
қоғамдағы рөлі көрсетілген. Оқулық сыни ойлауға, интеллектуалдық
пікірталасқа жетелейтін түрлі материалдармен жабдықталған.
Визуалдық
материалдар кең қолданылған – көрнекі суреттер, карталар және сызбалар.
Жаңа зерттеулерден көптеген мысалдар келтірілген. Әрине, мысалдар
негізінен АҚШ-қа қатысты. Сонымен қатар әрбір дәріс бойынша конспекті
дайындалды. Бұл сіздерге Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортеганың
кітабындағы негізгі ойлар
мен ұстанымдарды нақтылауға, сараптауға бағдар
көрсетеді. Бұған қоса, дәрістерде ойды тұжырымдау, талдау, тиянақтау
мақсатын нақтылайтын сұрақтар қарастырылған. Бұл
кітап студенттерге,
магистранттарға және жалпы әлеуметтану негіздері бойынша мағлұмат
іздегендерге өте пайдалы құрал.