Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Орындаған: Молдахан Дидар
Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы Орындаған: Молдахан Дидар
Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы
Орындаған: Молдахан Дидар
Қабылдаған: Қарабекова Азина
Мамандығы:АЖиОЗ
Жоспар
1.Өмірдің мәні,өмірлік мақсаттар және бағдарламалар.
2. Тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлік.
3. Кәсiби өсудегі кедергiлер,оларды болдырмау және жеңу жолдары.
4. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы
Өмірдің мәні,өмірлік мақсаттар және бағдарламалар
Қазіргі таңда тұлға мағынасына көп ғалымдар қызығушылық танытуда. Алайда теориялық жоспарда «мағына» мəселесі шатасқан мəселелердің бірі болып отыр. Ғалым А.Н. Леонтьев алғаш рет «мағына» түсінігін ашуға тырысты. Оның айтуы бойынша: мағына əрекет мотивінің мақсатқа қатысты көрінуі . Бұнда абстрактілі анықтама болып тұр, бұны психологиялық тілге аудару өте қиын. К. Вилюнастың тұжырымы бойынша: А.Н. Леонтьевтің «мағына» терминін мотивтің қалыптасуындағы аралық мақсат болып тұр дейді.Өмірдің мағынасы туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол – бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мағынасы оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті əрі жылы естілетіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз – өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушы- лығына сəйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. ХХ ғасырда батыстық философия мен психоаналитикалық жəне постмарксисттік дəстүрлерге ортақ мəселе – əр адамның өмір мағынасын іздеу не табудың рухани құндылыққа айналуы болды. Адамның қоршаған орта мағынасын түсініп, сол ортада өз бағытын таба білуі осы мəселенің басты мəніне айналды.
Өмір мағынасы – адамның өмірлік бағыттар, мақсаттар мен бағдарламалар жəне оларды жүзеге асыру жолдарының жиынтығы болып келеді.Барлық когнитивтік (зерттеушілік) əрекеттер адамды осы өмірде өз орнын іздеуге, өмірлік мақсаттарын айқындауға, қоғамда белгілі бір статустарға ие болуға итермелеп отырады. Индивидтің өмірлік бағыт анықтау процесі көбіне басқалармен қарым-қатынас жасау, өз мүмкіндіктерін дамыту жəне сол мүмкіндіктерді пайдалана алу сияқты əрекеттердің тізбегінен құралады.Өмір мағынасын іздеуде социум үлкен жұмыс атқарады, социумда адамның тұлға болып қалыптасу жолындағы көпжоспарлы идентификация жүзеге асырылады. Тұлға болып қалыптасқан байқуатты, танымал əрі актуалды дамуы тоқтамаған адамның жеке құпиясы оның сырт келбетінде емес, оның киіну, сөйлеу, басқалармен қарым-қатынас жасау жолдарында емес оның өз мүмкіндіктерінің шегінен таси алатындығында, өзін-өзі анализдеп, өзін-өзі сырттан бағалай білуінде, сол адамның өмір сүру əдістерінде жəне де өз өмірін өзі құра білуде деп түсіну керек.