Ылым министрлігі



бет26/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85
Қорытынды:
Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, жоғарыда көрсетілген нақты және қатысты шамалардың қайсы түрін қолдану керек екендігін нақты анықтау үшін олардың мәні мен ерекшеліктерін талдай білу қажет. Олардың статистикалық есеп жүргізу барысында маңыздылығын анықтап, қажет кезінде керектісін таңдау керек. Нақты және қатысты шамалар статистикалық есептің қорытынды және маңызды бір бөлігі болып табылады.
Дәріске әдістемелік нұсқау:
Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде қолданылатын нақты және қорытынды шамалардың маңыздылығын ашу қажет. Олардың түрлерінің әрқайсысын нақты білу үшін және ерекшеліктерін талдау үшін әдебиеттердегі осы тақырыптарды тереңдетіп оқу қажет.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Нақты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері, өлшем бірліктеріне түсініктеме беріңдер.

  2. Қатысты шама, оның мәні мен маңызы, түрлері, өлшем бірліктерін түсіндір.

  3. Жоспардың орындалуының қатысты шамалары не?

  4. Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары не?

  5. Өсіңкілік қатысты шамалар дегеніміз не?

  6. Құрылымның қатысты шамалары дегеніміз не?

  7. Үйлестік қатысты шамалар дегеніміз не?

  1. Үдемелілік (пәрменділік) қатысты шамалар деген не?

  2. Дәрежелік қатысты шамалар деген не ?

  3. Графиктік әдіс оның түрлерін көрсет.

  4. Графиктің түрлерін ата және оған сипаттама бер.

  5. Диаграммалар және оның түрлері.

  6. Картограммалар, картодиаграммаларға сипаттама бер.

Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары:
1. Статистикалық нақты шамалар дегеніміз не:
А) Қорытындылаушы көрсеткіштер
В) Әлеуметтік эканомикалық шамалар
С) Статистикалық қатысты шамалар
Д) Статистикалық бақылаудың әдісі
Е) Қоғамдық құблыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады.
2. Қатысты шамалар дегеніміз не:
А) Қоғамдық өмірдегі әлеуметтік экономикалық құбылыстардың сандық қатнасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштерді айтады.
В) Адам-сағат, адам-күн,...... сияқты көрсеткіштер
С) Нақты шамалар
Д) Еңбек өлшемі бірліктері
Е) Есеп айыстыру үшін қолданылатын көрсеткіш.
3. Жоспардың орындалуының қатысты шамалары формуласы:
А) ЖОҚШ =Ужос1*100
В) ЖОҚШ =Уо1*100
С) ЖОҚШ =Уіі-1*100
Д) ЖОҚШ =қазіргі уақыттағы нақты мәндерді / жоспарлық мәндерге *100=У1жос*100
Е) ЖОҚШ =Уі-1і*100
4. Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары формуласы:
А) ЖТҚШ =Уж1*100
В) ЖТҚШ =У1ж*100
С) ЖТҚШ =У01*100
Д) ЖТҚШ =жоспарлық мәндерді/өткен уақыттағы нақты мәндерге*100=Ужосо*100
Е) ЖТҚШ =Уоі*100
5. Өсіңкілік қатысты шамалар формуласы:
А) ӨҚШ =Уж1*100
В) ӨҚШ=қазіргі уақыттағы нақты мәндерді/ өткен уақыттағы нақты мәндерге *100=У10*100
С) ӨҚШ =У01*100
Д) ӨҚШ =У1ж*100
Е) ӨҚШ =Уоі*100
6. Жоспардың орындалуының қатысты шамалары ол:
А) Еңбегі өлшем бірліктері
В) Нақты шамалар көрсеткіштері
С) Берілген жоспардың қандай дәрежеде орындалғаның яғни қаншаға өскендігін (кемігендігін) көрсетеді.
Д) Есеп айырысу үшін қолданатын көрсеткіші
Е) Қоғамдық өмір көрсеткіші.
7. Жоспарлы тапсырманың қатысты шамалар дегеніміз:
А) Нақты өлшем бірлігі
В) Қатысты өлшем бірлігі
С) Статистикалық мәліметтер көрсеткіші
Д) Қортындылаушы көрсеткіштер
Е) Жоспар боиынша қоғамдық құбылыстар мен процестердің өткен
уақытпен салыстырғанда қаншалық өскендігін(кемитіндігін) бағдарлама арқылы көрсету болып табылады.
8. Өсіңкілік қатысты шамалар ол:
А) Салыстырылатын уақыттағы көрсеткіш мәнінің өткен уақыттағы бір мәніне қатнасы.
В) Статистикалық бақылаудың әдісі.
С) Статистикалық жинақтауды зерттеу
Д) Сатистикалық нақты шамалар
Е) Сатистикалық қатысты шамалар.


9. Құрылымның қатысты шамалары ол:
А) Қоғамдық құбылыстардың көрсеткіші
В) Жалпы жиынтықтың және бөліктерінің үлесін көрсетеді яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтау.
С) Статистикалық қатысты шамалар.
Д) Әлеуметтік экономикалық шамалар.
Е) Статистикалық мекемедегі жұмыс
10. Үйлестік қатысты шамалар ол:
А) Нақты өлшем бірлігі
В) Қатысты өлшем бірлігі.
С) Статистикалық мәліметтер көрсеткіші.
Д) Жалпы жиынтықтың жеке бөліктерінің өзара қатнастары.
Е) Еңбек және ақшалай өлшем.
11. Үдемелік (пәрменділік) қатысты шамалар:
А) Шартты өлшем бірліктері.
В) Ақшалай өлшем бірліктері.
С) Аттас емес көрсеткіштердің қатынасы.
Д) Қатысты өлшем бірліктері.
Е) Нақты өлшем бірліктері.
12. Дәрежелік қатысты шамалар дегеніміз:
А) Адам-сағат,адам-кун..... сияқты көрсеткіш.
В) Есеп айырысу үшін қолданатын көрсеткіш.
С) Нақты шамалар көрсеткіші.
Д) Еңбек өлшем бірліктері.
Е) Әлеуметтік экономикалық құбылыстардың даму немесе кему процестерін жан басына шаққандағы шығатын керсеткіштермен көрсете білу.
13. Статистикалық график дегеніміз не:
А) Тік сызықтар.
В) Берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу, немесе гоородиялық карта-схемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.
С) Қорытындылаушы көрсеткіштер
Д) Кестенің жолдары
Е) Сурет
14. Статистикалық график әдістерін қолдану дегеніміз не:
А) Үлгіден санды алып тастау
В) Үлгіден бағаны алып тастау
С) Үлгіден жолды алып тастау
Д) Берілген мәліметтерді түсінікті қолайлы және қызықты түрде дұрыс көрсете білу.
Е) Үлгіден сөзді алып тастау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет