190
ойтопшылауларын негізге алатын бұрынғы және қазіргі заманғы
философиялық ілімдердің құқықтүсінуіне де тән.
Сонымен бірге табиғиқұқықтық көзқарас өкілдерінің шүбәсіз
жетістіктеріне – құқық құндылығы мәселелерін қою зерттеуді, барлық
адамдардың еркіндігі мен теңдігі идеясын, табиғиқұқықтық әділеттікті,
адамның туа біте және жатсынбау құқығын, билікті құқықтық шектеуді,
құқықтық мемлекетті және т.б. жатқызуға болады.
Либертарлық аксиология тұрғысынан қарастырғандағы құқықтық
құндылығы – құқықтық теңдік, еркіндік және әділеттік түріндегі
түбегейлі адами құндылықтарының әмбебаптық, қажетті және
жалпыміндетті көрінісінің формасы болып табылатындығында.
Сонда, нақты қатынастардың формасы, құқықтық формасы (және
сонымен бірге осы құқықтық форманың формалды компоненттері –
теңдік, еркіндік, әділеттік) ретіндегі құқықты, құқықтық формамен
жанамаланатын және реттелетін нақты қатынастардың өзімен, қоғамдық
қатынастардың нақты мазмұнымен шатастыруға болмайды. Осы түсінік
бойынша
теңдік, еркіндік және әділеттік – бұл болымдағы, фактілік
формалдықтар емес,құқықтық формалдықтар,бұл құқық пен құқықтық
форманың формалды - мазмұндық (материалды-мазмұндық емес,
эмпириялық емес) компоненттері, қасиеттері және сипаттары.
Аксиологиялық тұрғыдағы құқықтың осындай
юридикалық-
Достарыңызбен бөлісу: