Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет86/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103
     Құқықтық 
міндеттену 
тұрғысынан 
құндылықтықты 
айқындайтын  мәнділіктің  осы  ауқымын  –  юридикалық  аксиология 
шеңберінде (оның пәндік, салалық және міндеттерінің ерекшелігін ескере 
келе)  –  өзінің  барлық  нақты  көріністері  мен  өлшемдеріндегі,  өзінің 
барлық  шынайы  тіршілігіндегі  және  сонымен  бірге  барлық  құқық 
субъекттерінің юридикалық маңызды тәртіпті сақтайтын заң (позитивтік 
құқық) мен мемлекет құрайды. 
     Демек,  легистік  аксиологияда  сөз,  құқық  тұрғысынан  алғанда,  бар 
заңның (позитивтік құқық) құқықтық мағынасы мен маңызын, мемлекет, 
құқық  субъекттерінің  тәртібі,  олардың  құқықтық  сапасы  туралы  және 
оның  құндылықтық  міндеттік  түріндегі  құқықтық  мақсаттарына, 
талаптарына,  императивтеріне  сәйкестігін  (немесе  сәйкессіздігі) 
бағалауы  жөнінде  болады.  Сонда,  құқық-заң  (позитивтік  құқық), 
мемлекет,  адамдар  тәртібі,  бітімі  үшін  мақсат  болу  ретінде  көрініс 
табады.  Бұл  дегеніміз,  заң  (позитивтік  құқық),  мемлекет,  адамдардың 
легистік  маңызды  іс-әрекеттері,  бітімі-құқық  талаптарының  орындалуы 
мен  жүзеге  асуына  бағытталуы  қажет  екенін  білдіреді,  өйткені  құқық 
талаптарының мақсаты, мәні, маңызы осында жатыр. 
     Заң  (позитивтік  құқық),  мемлекет,  құқық  субъекттерінің  тәртібі, 
бітімі, тек құқықтық құбылыс болғандығымен ғана құндылыққа ие. 
     Заңға  (позитивтік  құқық),  мемлекетке,  құқық  субъекттерінің 
тәртібіне  қатысты  міндеттілік  тұрғыдағы  құқық  мақсатын  мына 
құндылық  –  құқықтық  императив  түрінде  тұжырымдауға  болады:  заң 
(позитивтік  құқық),  мемлекет,  құқық  субъекттерінің  тәртібі  құқықтық 
болуы керек. 
     Осы  аксиологиялық  тұрғыдағы  міндеттілік  пен  мәнділіктің 
арақатынасы  позитивтік  құқықтың,  мемлекет  пен  адамдар  тәртібінің 
практикалық  қалыптасуындағы  және  нақты  әрекеттегі  формаларын 
тұрақты  жетілдіріп  тұру  қажеттігі  идеясын  көрсетеді,  сөйтіп,  тарихи 
дамудағы  шындықтың  құбылыстары  ретінде  оның  жетістіктері  мен 
кемшіліктерімен  біте  қайнасып,  әрдайым  идеалдық  күйден  алшақ 
тұрады.  Сонымен  бірге  тарихи  даму  процесінде  әрекеттегі  заңдарға, 
мемлекетке,  құқық  субъекттері  тәртібіне  сәйкес  келетін  барлық 
құқықтық  кешендерінің  (мақсаттар-құндылықтар-талаптар),  құқықтық 
міндеттену мәнінің өзі де жаңғырады, жетіледі және нақтыланады.  


 
 
192 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет