203
жағдайында қауышып, ешкімге де ұқсамайтын қайталанбас ішкі жан
дүниеңді жүзеге асыру.
Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды,
диалогты әрбір адам өзімен де жасайды. Атақты структуралист
Ю.Лотман қарым-қатынастың схемасын екі түрде былайша
көрсеткен: «Мен – Ол» және «Мен – Мен». Біздің санамызда өзіндік
түсінік, пікір, ойлар формасында туындайтын білім де тура осындай
екі жолмен игеріледі, сіңіріледі: адымен басқамен қарым-қатынас
арқылы, содан кейін өзіңмен диалог жасау, яғни рефлексия арқылы.
Рефлексия қарастырылатын әрбір мәселе бойынша ой толғатып, жан-
жақты зерттеп, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен түсіну,
ішкі жан дүниеңе үңілу, өзіңмен сырласу, өзіңе есеп беру дегенді
білдіреді.
Ғылым, өнер, дін психологиясы. Адамның рухани тәжірибе
объективациясы. Объективтілік. Шындық және өтірік. Шындық және
алдау. Қарапайымдылық және толқу интенсификациясы. Діни
толқудың
уақыты
және
кеңістік.
Имманенттілік
және
трансценденттілік. Бостандық: өзіңдікі және басқаныкі. Үнсіздік және
жалбарыну, өтініш және заң, билік және әлсіздік, жекелік және
анонимділік. Діни символизмнің психологиясы. Руханилықты игеру
проблемасы. Морализм және утилитаризм. Құндылықтар толқуы.
Жоғары құндылықтарға деген махаббат, эстетикалық толқулар
психологиясы. Суретші көзінің қатысуындағы түрлері мен
формалары. Психология және шығармашылық.
Американдық философ Джон Дьюи білімді тәжірибе деп
түсініп, оны құрастыруда ортаның алатын орнын ерекше атап кеткен:
«Тәжірибе индивид пен оны қоршаған ортаның әрекеттесу процесінде
пайда болады». Үйренушілер қомақты нәтижелерге өзара қарым-
қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін
біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз
жауапкершіліктерін түсінеді. Сондықтан мұндай қарым-қатынаста
жақсы психологиялық климаттың, сенім атмосферасының алатын
орны аса маңызды. Ортада тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен
өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар
мен жағдайлар жасалады, оның еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік
өзара сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен
пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды
түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады.
Француз психологы Ж. Пиаже индивидтің танымдық құрылы-
мының дамуына және олардың тәжірибеге және әлеуметтік ықпал
етуге байланысты алдағы уақытта қайта құрылуына назар аударады.
Оның пікірінше бұл кезеңдер нақты бір бірізділікте бірін-бірі