Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.
 
Дүниенің  тұтастай  картинасын  қалыптастыру  жолындағы 
ғылым. 
2.
 
Дүниенің ғылыми картинасының функциялары. 
3.
 
Жаратылыстану методологиясының ХХ ғасырдағы эволюциясы.  
4.
 
Ғылым  және  ғылым  тарихындағы    жалпы  және  арнаулы 
салыстырмалы теорияның мәні. 
5.
 
Қазіргі  ғылым  және  ғылым  философиясындағы  пәнаралық 
синтез статусы. 
6.
 
Синергетика  -  дүние  картинасы:  методология  және  танымдық 
үрдіс. 
7.
 
Ақпараттық дәуірдегі ғылыми білімнің эволюциясы. 
8.
 
Ғылым  философиясы  мен  эпистемологиясының  қазіргі  кездегі 
даму үрдісі. 
9.
 
Кванттық  релятивистік  теорияның  қазіргі  ғылым  үшін  
методологиялық және дүниекөзқарастық мәні. 
10.
 
Дүниенің  физикалық  картинасы,  қазіргі  мәні  және  ғылыми 
маңызы. 
11.
 
Қазіргі 
социогуманитарлық 
танымның 
пәнаралық 
ерекшеліктері. 
12.
 
Келешек ғылымды қалыптастырудың негізгі бағыттары. 
13.
 
Қазіргі постклассикалық емес ғылымның негізгі белгілері. 
14.
 
Постклассикалық  емес  ғылым  және  техногендық  өркениеттің 
дүниетанымдық белгілердің өзгеруі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
96 
4.1  Ғылыми революциялар 
және  жаңа  білімнің 
философиялық  мәні 
 
4  ТАРАУ.   ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ    
                      ДИНАМИКАСЫ 
 
Ғылымның  даму  үрдісінде 
оның 
түбегейлі 
өзгеру 
кезеңдері  болады.Ол  ғылым-
ның  нормативті  құрылымын 
және  философиялық  негіздерін 
өзгертумен  байланысты.  Бұл  ғылыми  рационалдылық  типтерінің 
өзгеруіне қатысты. 
        Жаратылыстану 
тарихында  осындай  төрт  революцияны 
аңғарамыз. 
Алғашқысы 
XVII 
ғасырдағы 
классикалық 
жаратылыстанудың  қалыптасуынан  байқалады.  Ол  классикалық 
ғылымның  қағидаларынан  нәр  алған,  жаңа  заманның  орайына 
бейімделген нақтыланған біліммен тығыз байланысты болды. 
         Оның негізгі идеясы болып ғылыми білімнің объективтілігі мен 
пәнділігі, субъектілігі және таным қызметінің процедуралары, оларды 
түсіндіруден  тысқары  қарастыру  есептеледі.  Тәжірибелік  фактілерді 
ұғындыру  және  алдын  ала  болжауға  жеткізетін  теориялар 
құрастыратын онтологиялық принциптерді айқындау басты бағыт деп 
саналды. 
        Түсіндіру  үшін  механикалық  себептер  мен  субстанцияларды 
іздеу,  механиканың  негізгі  принциптері  мен  тұжырымдары 
басшылыққа  алынды.  Осының  негізінде  табиғаттың  механикалық 
бейнесі  әлемнің  жалпы  ғылымдық  бейнесі  рөлін  атқарады. 
Нәтижесінде  табиғаттың  механикалық  бейнесі  құрылып,  ол  бір 
мезгілде  физикалық  білім  саласын  және  дүниенің  жалпығылымдық 
бейнесін қамтуға тырысты. 
          XVII – XVIIІ ғасырлардағы жаратылыстанудың  нормалары мен 
онтологиялық  принциптері  механизм  идеялары  үстемдік  құрған 
ерекше  философиялық  жүйеге  негізделген.  Оның  эпистемологиялық 
құрылымын  табиғаттың  құпияларын  эксперимент  пен  қадағалау 
арқылы алуға болады және ақыл оны өз қабілеті арқылы танып біледі, 
ал ақылға тек зерттелуші объектінің қасиеттері мен белгілері берілсе 
жетеді деген концепция қалыптасқан. 
        «Кіші»  жүйе  деген  ұғым  қолданылған.  Оның  мәні:  аз  ғана 
элементтердің  саны,  күштеу  арқылы  өзара  қатынас  және  өте  тығыз 
тәуелділікке  байланыс.  Жалпылықтың  қасиеттері  оның  бөліктерінің 
жағдайы және қасиеттерімен толық анықталады. Зат  – тұрақты дене, 
үрдіс  –  заттардың  кеңістікте  уақыт  арқылы  қозғалуы,  ал  себептілік 
лапластық мәнінде. 

 
 
97 
        «Зат»,  «үрдіс»,  «бөлік»,  «себептік»,  «уақыт»,  «кеңістік»  т.б. 
ұғымдар  осы  ғасырлардағы  жаратылыстанудың  философиялық 
негіздерін айқындаған онтологиялық категориялар. 
        Бірақ, ХVІІ – ХІХ ғғ. бірінші жартысында осындай тұрақтылыққа 
ие  болған  жаратылыстану  негізінде  пәндік  ұйымдасқан  ғылымдар 
пайда  болып,  екінші  ғылыми  революцияға  алып  келеді.  Бұл  кезде 
дүниенің 
механикалық 
бейнесі 
жалпығылымдық 
дәрежеден 
айырылды. 
        Сонымен  қатар  зерттеудің  пәнділік  идеалдары  мен  нормалары 
дифференцияланды. Мысалы, биология мен геологияда эволюциялық 
түсіндірме  идеялары  пайда  болды,  ал  физикада  даму  идеясы  сол 
қалпында  қала  берді.  Бірақ  өріс  теориясын  дамыту  барысында 
бұрынғы  механикалық  түсіндірулер  өз  күшін  жоя  бастады. 
Осылардың  бәрі  объектінің  ерекшеліктерін  ұғынуда  зерттеудің 
үшінші  сатысын  –  идеялар  мен  зерттеу  нормаларын  ұйымдастыруға 
жетеледі.  Дегенмен  классикалық  ғылымның  жалпы  танымдық 
белгілері осы тарихи кезеңде әлі де сақтаулы болатын. 
        Осы ерекшеліктер ғылымның философиялық негіздерін өзгертті. 
Категориялық  жүйелердің  мән-мағынасы  кең  ауқымды  ұғымдарға 
айналады.  Эпистемологияда  әртүрлі  ғылымдар  тәсілдері  қарым-
қатынасы,  ілімдер  синтезі  және  ғылымдар  классификациясы  негізгі 
мәселелер  мағынасына  ие  болады.  Бұл  бұрынғы  дүние  ғылыми 
бейнесінің  тұтастық  идеясының  жойылуына  және  әр  түрлі  ғылыми 
зерттеулерде нормативті құрылымдардың пайда болуына байланысты 
еді. Ғылымның бірлігін, білімнің дифференциясы мен интеграциясын 
қарастыру  жолдары  фундаменталды  философиялық  мәселеге 
айналып, ғылымның кейінгі даму жолының өзекті мәселесін құрады. 
        Ғылыми 
революцияның  бірінші  және  екінші  сатылары 
классикалық ғылым және оның стилінің құрылып және даму кезеңіне 
сәйкес келеді. 
        Үшінші  ғылыми  революция  осы  стильді  жаңғыртумен  және 
классикалық  емес  жаратылыстанудың  қалыптасу  кезеңімен  тығыз 
байланысты. Ол кезең ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың ортасын 
қамтиды  және  білімнің  барлық  салаларына  тән  болды:  физикада 
ядролық  атомдардың  бөлінуін  ашу,  релятивистік  және  кванттық 
теория;  космологияда  стационарлық  емес  ғарыштық  концепция; 
химияда  кванттық  химия,  биологияда  генетиканың  қалыптасуы. 
Кибернетика жүйелеріндегі теорияның пайда болуы.    
       Осындай  жетістіктердің  нәтижесінде  жаңа  классикалық  емес 
ғылымның  идеалдары  мен  нормалары  қалыптасты.  Олар  біржақты 
онтологизмнен  бас  тартып,  теориялар  мен  табиғат  бейнелерінің 
салыстырмалы  шындық  екенін  түсінді.  Бір  шындықтың  орнына 

 
 
98 
бірінен-бірі  нақты  теориялар  объектіні  бейнелеулері  ұқсамайтын  әр 
түрлі объективті шындық білім орын алды. 
       Объектіні  түсіндіру  мен  жазу  кезінде  танымның  құралдары  мен 
операцияларға  сілтеме  жасау  еске  ұсталады.  Бұл  мәселе  –  кванттық 
релятивистік физикада басым көрінді. 
       Интеграция  және  дүниенің  жалпығылымдық  бейнесі  енді 
табиғатты  өте  күрделі  динамикалық  жүйе  ретінде  қарастырды  Бұған 
физикадағы  микро,  макро  және  мегадүние,  биологиядағы  тұқым 
қуалаушылық  механизмдері,  кибернетикадағы  басқарудың  жалпы 
заңдылықтары және қайталану байланысы. Бұлардың бәрі табиғаттың 
тұтастай 
құрылымын 
жасауға 
алғышарт 
болып, 
ғарышты 
иерархиялық  құрылған  күрделі  динамикалық  бірлік  ретінде  ойлауға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  жетістіктер  ғылымның  жаңа  философиялық 
негіздерін  толықтырды.  Білімнің  тарихи  өзгеру  идеясы  және 
ғылымдағы  онтологиялық  принциптердің  салыстырмалы  шындық 
болатыны танымдағы субъектінің белсенділігімен байланыстырылды. 
Субъект дүниеден тысқары емес, керісінше, оның ішінде және тығыз 
байланысты  –  тәуелді  деген  ұғым  басымдылық  көрсетті.  Адамның 
сұрақ  қоюы  танымның  құралдары  мен  әдістеріне  тікелей  тәуелді. 
Бұдан келіп категориялардың жаңа түсініктері қалыптасады. Мысалы, 
объект категориясы зат ретінде ғана емес, үрдіс ретінде белгіленеді. 
       ХХ  ғасырдың  соңына  қарай  ғылымда  орасан  зор  өзгерістер 
байқалады, оларды төртінші жаһандық ғылыми революция деп атауға 
болады.  Ғылымның  әлеуметтік  өмірге  енуі,  компьютерлендірілу, 
күрделі  және  өте  қымбат  құралдар  кешенін  зерттеу  ұйымдары  және 
т.б.  ғылыми  қызметтерін  күрт  өзгертті.  Пәндік  зерттеулер  мен  қатар 
пәнаралық  және  проблемалық  зерттеу  түрлері  алдынғы  орынға 
шықты.  Кешенді  зерттеу  бағдарламалары  негізгі  білім  өндірісіне 
айналды. 
Оны 
іске 
асыру 
барысында 
теориялық 
және 
эксперименталдық  зерттеулер,  қолданбалы  және  фундаменталды 
білімдер,  олардың  арасындағы  тікелей  немесе  жанама  байланыстар 
өзара қатысып кетуі заңдылық. Нәтижесінде әр түрлі принциптер мен 
көзқарастар қалыптасқан ғылыми ізденістер күшейе түседі. Олар бір-
біріне  тәуелді  болып,  бүтіндей  жалпығылымдық  дүние  бейнесінің 
үзінділері қасиетіне ие болады. 
 Ғылыми білімнің ең негізгі сипаттамасы оның динамикасы, яғни 
өсуі,  өзгеруі,  дамуы  т.б.  болады.  Білімнің  дамуы–түрлі  сапалық 
сатыларды қамтитын күрделі диалектикалық үрдіс. Ол үрдісті мифтің 
логикаға,  логиканың  «ғылымға  дейінгіге»,  «ғылымға  дейінгіден», 
ғылымға, 
классикалық 
ғылымнан 
неоклассикалық 
және 
постклассикалыққа,  білмеуден  білуге,  таяз  білімнен  терең,  жетілген 
білімге қарай қозғалысы ретінде қарастыруға болады.  

 
 
99 
Батыстық  философияда  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында 
білімнің  дамуы  негізгі  мәселе  болып  табылады  және  эволюциялық 
эпистемология және постпозитивизм бағыттарында ерекше көрінеді.  
Эволюциялық 
эпистемология 
– 
батыстық 
философия-
гносеологиялық  ойда  пайда  болған  бағыт,  оның  негізгі  міндеті  – 
танымның  шығу  тегі  мен  даму  сатысын,  оның  формалары  мен 
механизмдерін  анықтау,  осы  негізде  біртұтас  білімнің  эволюциялық 
теориясын  құру.  Эволюциялық  эпистемология  өзіндік  білімнің  даму 
моделдерін  ең  алдымен  тірі  табиғат  пен  танымда  кездесетін 
механизмдердің  дамуындағы  ұқсастықтар  және  жалпы  органикалық 
эволюция 
теориясының 
негізінде 
жасайды. 
Эволюциялық 
эпистемологияның  өкілдері  ғылыми  теорияларды,  идеяларды, 
ғылыми-теориялық  білімді  эволюциялық  моделдің  мақсаттарына 
негіздей отырып, қайта құрды.  
Ғылыми білімнің динамикасы алғашқы теориялық моделдер мен 
заңдар  құру  үрдісі  ретінде  танылуы  мүмкін.  И.Лакатос  алғашқы 
теориялық  моделдердің  құрылуы  Евклидтің  бағдарламасына, 
эмпирикалық  және  индуктивті  бағдарламаға  сүйенуі  мүмкін,  оладың 
үшеуі  де  білімнің  дедуктивті  жүйе  ретінде  ұйымдастырылуынан 
шыққан деп атап өткен.  
Евклид 
бағдарламасы 
тривиальді 
мағынаны 
білдіретін 
терминдерден 
ғана 
тұратын 
қарапайым 
айтылған 
ойдың 
қорытындысын  дедуктивтендіруге  болады.  Оларды,  сондықтан 
білімнің  қарапаыймдылық  бағдарламасы  деп  атайды.  Ол  тек  ақиқат 
пайымдаулармен жұмыс істейді, болжаулар мен терістеулер оған тән 
емес.   
Эмпирикалық  бағдарлама  жалпыға  танымал  эмпирикалық 
қасиетке  ие  тұжырымдар  негізінде  жасалады.  Егер  ол  тұжырымдар 
жалған  болса,  аталған  баға  теорияның  жоғарғы  деңгейлеріне  еніп, 
дедукция  бойынша  жүйені  толтырады.  Бұл  екі  бағдарлама  да 
логикалық түйсікке сүйенеді. 
Индуктивтік  бағдарламаны  Лакатос  ақиқат  шығатын  орынды 
жоғарыдан  базалық  тұжырымдармен  қамтамасыз  етіп,  қосымша 
логикалық  принцип,  яғни  ақиқаттың  қайта  құрылу  мақсатында 
туындаған  бағдарламасы  деп  есептейді.  Бірақ  ғылымның  дамуы 
барысында индуктивті логиканы кездейсоқтық логика ығыстырды.  
В.Степиннің пікірінше, теориялық сызбалардың басты ерекшелігі 
олардың 
тәжірибенің 
индуктивті 
жалпылануының 
нәтижесі 
болмауында.  Дамыған  ғылымда  теориялық  сызбалар  басында 
алғашында  құрылған  абстрактілі  объектілер  арқылы  гипотезалық 
моделдер  сияқты  құрылады.  Ғылым  зерттеудің  алғашқы  сатысында 
теориялық  моделдердің  құрылымы  тікелей  тәжірибені  жүйелеу  

 
 
100 
жолымен  жасалады.  Теориялық  моделдердің  маңызды  сипаты  оның 
құрылымы мен абстрактілі объектілердің басқа білімге ауыстыра алу 
мүмкіндігінде  болады.  Абстрактілі  объектіні  таңдауға  зерттеу 
тәжірибесін  дамытатын,  оның  міндеттері  мен  шешімін  анықтайтын 
әлемнің ғылыми бейнесі ықпал етеді. 
Ғылыми  заңдардың  құрылуы  және  жеке  заңдардың  проблемаға 
ұласуы  эксперименталды  және  эмпирикалық  негізделген  болжамдық 
моделдер  сызбаға  айналатындығын  тұжырымдайды.  Теориялық 
сызбалар басында гипотетикалық құрылымдар сияқты енгізіліп, кейін 
эксперименттер  жиынтығы  ретінде  қалыптасып,  тәжірибенің 
жалпылануы  ретінде  негізделеді.  Одан  соң  болжамдық  моделді 
сапалы көптеген заттарға қолдану сатысы болады, яғни салалы түрде 
кеңейтіледі, одан соң сандық математикалық теңдеу, формула ретінде 
безендіру,  яғни  заңның  пайда  болғанын  білдіретін  кезең.  Демек, 
ғылыми  білімнің  өсуін  төмендегідей  көрсетуге  болады:  модель  – 
сызба  –  сандық  және  сапалық  кеңейту  –математикаландыру  –  заңды 
құру. 
Жаңа  білімді  туғызу  механизміне  эмпирикалық  және  теориялық 
бірлік,  рационалды  және  индуктивті,  конструктивті,  моделденетін 
таным компоненті  жатады. 
Ғылыми  білім  динамикасында  ғылымның  зерттеу  стратегиясын 
қайта құру, яғни ғылыми революция маңызды рөл атқарады.  
Ғылымның 
негіздемесі 
зерттелетін 
объектінің 
жалпы 
ұйыдастырылуының  сипатын  әлемнің  бейнесі  есепке  алып,  ал  ол 
объектілерді  игеру  әдістері  зерттеудің  қалыптасқан  мұраттары  мен 
ережелеріне сәйкес болып тұрғанда ғана білімнің дамуын қамтамасыз 
етеді.  Ғылым  даму  деңгейіне  қарай  шындықты  көруді  талап  ететін, 
қалыптасқан  әлем  бейнесін  артық  тұжырымдайтын  объектінің  жаңа 
түрлерімен  бетпе-бет  келеді.  Жаңа  объектілер  таным  әрекеті 
әдістерінің  сызбасын  өзгертуді  қажет  етеді.  Бұл  жағдайда  ғылыми 
білімнің дамуын ғылымның негіздерін қайта құру арқылы ғана жүзеге 
асыра алады: біріншіден, мұраттар мен ережелер жиынтығын қалдыра 
отырып,  әлемнің  бейнесін  өзгертетін  революция;  екіншіден,  әлемнің 
бейнесінің  өзгеруіне  қарай  оның  мұраттары  мен  ережелері  де 
өзгереді. 
Жаратылыстану  тарихында  білімнің  қарқынды  түрде  дамуын 
жоғарыда  аталған  екі  жағдайда  айтылады.  Мысалы:  ХІХ  ғасырда 
физикада  электромагнитті  өрістің  классикалық  теориясын  жасауда 
болған  механикалық  әлем  бейнесінен  электродинамикалық  әлем 
бейнесіне  өтуі.  Бұл  өзгеріс  физикалық  шындықты  анықтауға 
радикалды 
өзгерістер 
енгізгенімен, 
классикалық 
физиканың 
тұжырымдарын  өзгертпеді.  Ал  екінші  жағдайға  классикалық 

 
 
101 
ережелерді, түсініктерді, сипаттауларды, негіздемелерді және білімді 
ұйымдастыруды  қайта  құрумен  сипатталатын  квантты-релятивті 
физика мысал бола алады.  
 Зерттеліп отырған болмыстың жаңа әлемдік бейнесі және таным 
әрекетінің жаңа формалары бір ғылымда тұжырымдалып, кейін басқа 
ғылымдарға  революциялық  ықпалын  тигізуі  мүмкін.  Мұнда  зерттеу 
негіздерінің  қайта  құрылуының  екі  жолын  көрсетуге  болады:  1) 
білімнің  іштей  пәндік  дамуына  байланысты;  2)  пәнаралық 
байланыстар негізінде.  
Ғылыми пәннің негіздерінің ішкі даму нәтижесінде өзгеруі әдетте 
қалыптасқан 
әлем 
бейнесінде 
түсіндірілмейтін 
фактілерді 
жинақтаудан  басталады.  Мұндай  фактілер  ғылымда  аса  маңызды, 
зерттеу  нысанына  айналған  арнайы  эмпирикалық  және  теориялық 
міндеттерді  шешуде  жаңа  сипатты  объектілерді  білдіреді.  Оларды 
анықтау  үшін  зерттеудің  құралдары  мен  әдістері  жетілдіріледі, 
мәселен  жаңа  құрылғылар,  аппараттар,  бақылау  тәсілдері,  жаңа 
математикалық тәсілдер т.б. 
Ғылымның  әлемдік  бейнесі  мен  оның  таным  ережелерін  қайта 
қарау  оның  табиғатына  сын  көзбен  қараудан  басталады.  Бұрын 
оларды зерттелетін шындықтың табиғаты ретінде мінсіз болса, кейін 
олардың  шартты,  өтпелі  табиғаты  анықталады.  Осындай  ойлар 
зерттеліп отырған болмыстың әлемдік бейнесіне қатысты сұрақтарды 
туындатады.  Мұндайда  философиялық  талдау  ескі  негіздемелерді 
талдауға көмектеседі. Сонымен қатар философия жаңа негіздемелерді 
жасауда  конструктивті  қызметті  де  атқарады.  Әлемнің  бейнесі  де, 
түсініктер  де,  негіздемелер  де  жаңа  эмпирикалық  мәліметтерден 
индуктивті жолмен алынбайды. Жаңа эмпирикалық материал тек ескі 
түсініктердің  жаңа  заманға  сәйкес  келмейтінін  ашып  бере  алады. 
Ғылымның  жаңа  бейнесін  құру  ерекше  идеяларды  талап  етеді,  ескі 
түсініктерді  қайта  топтастыруды,  жаңа  элементтерді  қосуды  қажет 
етеді.  Мұндай  идеялар  ғылымның  танымдық  жағдайларына 
философиялық  талдау  жасайтын  салаларда  ғана  құрылады.  Олар 
зерттеудің  қарқынды  дамуын  қамтамасыз  ететін  жалпы  эвристика 
қызметін атқарады.  
Зерттеудің  негіздемелерін  қайта  құру  ғылыми  ізденістің 
стратегиясын толығымен ауыстыруды білдіреді. Бірақ жаңа стратегия 
бірден  қалыптаса  қалмайды,  ұзақ  уақыт  ескі  тұжырымдар  мен 
дәстүрлі пайымдаулармен күрес нәтижесінде орнығады.  
Ғылыми  революция  кезінде  білім  деңгейінің  өсуінің  бірнеше 
жолдары  болады.  Осындай  жағдайда  білімнің  өсуінің  екі  аспектісін 
көрсетуге  болады:  Бірінші  аспект  жекелеген  ғылым  салалары 
аясындағы  зерттеу  бағдарламалары  арасындағы  бәсекелестік.  Бір 

 
 
102 
 
4.2
Ғылымның жаһандық  
        мәселелерді шешудегі орны 
 
бағдарламаның  жеңуі,  екіншісінің  жеңілуі  оны  саланың  дамуында 
белгілі бір жолмен жүруіне мүмкіндік ашады. 
Екінші  аспект  зерттейтін  объектілері  мен  ғылым  дамитын 
әлеуметтік-мәдени ортасының  ерекшелігіне қарай ғылыми пәндердің 
өзара  байланысына  қатысты  болады.  Білімнің  жаңа  салаларының 
туындауы,  ғылым  басшыларының  ауысуы,  ғылыми  революциялар 
басқа салаларға да әсерін тигізеді.  
Демек,  дәстүр  мен  жаңалықтар  логикасы  бір  жағынан,  әдістер 
жиынтығын,  тәсілдер  мен  дағдылардың  пайдалылығын  сақтау  қажет 
екендігін,  екінші  жағынан  бұрынғы  жинақталған  тәжірибенің 
репродукция тәсілдерінен артық тәсілдер ойлап тауып, жаңа қадамдар 
жасауды көрсетеді. 
 
Біз  жоғарыда  атап  кеткендей, 
сциентизм  және  антисциен-
тизм 
ғылымды 
дамудағы 
негізгі философиялық  бағдарлар болып отыр. ХХ ғасырдың басында 
ғылым  өзін  адам  өркениетінің  дамуының  ең  жоғарғы  құндылығы 
ретінде  танытуға  тырысты.  Сциентизм  (латынша  Scientia-  білім, 
ғылым) 
мәдени 
дүниетанымдық 
үлгі 
ретінде 
танып, 
өз 
жақтастарының алдында тәуелсіз үлкен ғылыми идеологиясы ретінде 
көрінді.  Ол  негізгі  бағытты  нақты  және  техникалық  ғылымдар 
әдістеріне  бұруды  жөн  деп  санады  және  ғылым  белгілері  адам 
өмірінің барлық салаларына тарайды деп санады. Сциентизммен бірге 
оның  қарама-қарсы  идеялы  бағытын  ұстанған  антисциентизм  пайда 
болды.  Оның  идеялары  сциентизмге    қарама-қайшы  болатын  және 
ғылыми  техникалық  революцияның  жетістіктерінің  жағымсыз 
салдарын  негізге  алды.  Антисциентизм  ғылым  экспансиясын 
шектеуді  және  дәстүрлі  құндылықтар  мен  әдістерге  қайта  оралуды 
қажет  санады.  Сциентизм  жақтастары  ретінде  ғылыми  техникалық 
революцияның  жетістіктерін  қолдаушылар  және  адамзаттың  барлық 
мәселелерін ғылым шеше алады деп сенетіндер  табылады. Олар үшін 
білім  ең  жоғарғы  құндылық  болып  табылады  және  олар  техникалық 
өрлеудің жетістіктерін қуанышпен қарсы алады. 
       Антисциентисттер  болса  бүгінгі  күнгі    техникалық  өрлеудің 
нәтижелерінің  жағымсыз  салдарының  пайдасынан  зияны  көп  деп 
санайды. 
        Антисциентисттер 
 
мен 
сциентисттердің 
аргументтерін 
төмендегідей топтастыруға болады: 
 
 Сциентисттер ғылыми жетістіктерді қолдайды. 
 
 Ал  антисциентисттер  ғылыми  инновацияға  күмәнді  көзбен 
қарайды. 

 
 
103 
 
 Сциентисттер  ғылымды  ең  жоғарғы  мәдени  құндылық  ретінде 
санайды. 
 
 Ал  антисциенттистер  болса  ғылымға  теріс  көзқарастарын 
өзгертер емес. 
 
 Сциентисттер  ғылымды  қолдау  барысында  бұрынғы  заман  мен 
қазіргі  заманды  салыстырады  және  олар  ғылым  қоғамның  негізгі 
өндіруші күші және шексіз танушылық мүмкіндіктері бар деп өте әділ 
айтады. 
 
Антисциентисттердің де аргументтері өте орынды деуге болады. 
Олардың пікірінше адамзат қанша ғылыми жаңалықтар ашса да одан 
бақытты  болып  кеткен  жоқ,  керісінше  ғылым  мен  оның  жетістіктері 
оның  қайнар  көзі  болып  табылатын  әртүрлі  қауіптердің  алдында  тұр. 
Сәйкесінше ғылым адамзат үшін тек қана пайда әкеліп қоймайды. 
 
Сциентисттер  ғылымды  барлық  адамзат  өмірінің  салдарының 
ядросы  ретінде  санайды  және  барлық  адамзат  өмірін  ғылымдандыру 
керек  екенін  айтады.  Тек  ғылым  арқылы  адам  өмірі  ұйымдасқан, 
басқармалы және сәтті болады.  
 
Антисциентисттердің  пікірінше  «ғылыми  білім»  ұғымы  «таза 
білім» ұғымымен сәйкес келмейді. 
 
Сциентисттер  бүгінгі  күнгі  ғылыми  жетістіктердің  көптеген 
жағымсыз  салдарынан  туындайтын  көптеген  өзекті  мәселелерге  көз 
жұмып қарауға әзір. Ал мұндай мәселелер антисциентистердің ең негізгі 
аргументі болып табылады. Олар мұндай мәселелерді өзекті етіп көрсету 
арқылы өздерінің жақтастарының санын күн сайын арттыру үстінде. 
Бүгінгі  күні  сциентизм  мен  антисциентизм  екеуі  де  әмбебап 
сипаттағы  бағыттар.  Бірақ  кейде  олардың  екеуінің  ойларының  бір 
жерден шығатын кездері болады. Кейде мұндай жағдайлар ашық сипатта 
болады,  бірақ  көбінесе  олар  көрінбейді.  Шынымен  синтезделген 
химиялық  тағамдардан  улану,  денсаулық  сақтау  және  экология 
саласындағы  өзекті  мәселелер  ғылыми  жетістіктерге  әлеуметтік 
бақылаудың  қажеттігін  көрсетеді.  Бірақ  өмір  стандарттарының  өсуі 
адамдардың сциентисттерді қолдауына себеп болады. 
Сьерен  Кьеркегор  өз  сөздерінде  сциентисттерге  әр  түрлі  сұрақтар 
қою  арқылы  ғылымның  маңызын  төмен  екендігін  айтады.  Ол  «ғылым 
егер  сондай  көп  жаңалық  ашатын  болса,  әдепке  қатысты  қандай 
жаңалықтар ашты, егер адамдар күн жерді айналады дегенге сенсе, бұдан 
адамдардың  мінез-құлқы  өзгегере  ме,  адам  жаны  соңғы  газеттер  мен 
жаңалықтарды күте алады ма?».  Міне осындай сұрақтар қою арқылы ол 
ғылымның  маңызы  жоқ  деген  қорытындыға  келеді.  Оның  пікірінше 
әртүрлі ғылыми жаңалықтар адам мәселелерін шешіп бере алмайды. 

 
 
104 
Антисциентисттер  пікірінше  ғылымның  адам  өмірінің  барлық 
салаларына  енуі  оны  рухсыз  және  романтикасыз  етіп  көрсетеді. 
Технократизм  жаны  нағыз  өмірді,  жоғары  сезімдерді  және  әдемі 
қатынастарды  мойындамайды.  Сциентисттер  өмірінен  капитал  жасау 
арқылы оны коммерцияландырып жібереді және ол моральды ауыстыра 
алады деп сенеді. Сондықтан тек қана өте сенгіштер мен аңқаулар ғана 
ғылымнан қорғаныш іздейді. 
Антисциентисттердің белді өкілдерінің бірі Г.Маркузенің пікірінше 
ғылыммен  айналысатын  адам  өзіндегі  табиғи  және  жеке  даралық 
қасиеттерін  жоғалтады.  Адам  ойына  өзінде  орын  болмайды.  Ал  ондай 
адамдар  өз-өзіне  тәуелсіз  болады.  Бұл  тек  техникалық  мамандық 
иелеріне  қатысты  емес.  Ондай  адамның  орнында  кез-келген  саладағы 
адам болуы мүмкін. 
1950  жылы  әдебиет  саласы  бойынша  Нобель  сыйлығының  иегері 
атанған  Бертран  Рассел  өз  қызметінің  соңғы  жылдарында 
антисциентизмдік  көзқарасты  ұстанды.  Ол  ғылымның  дамуы  адамда  
гуманистік құндылықтар  мен идеялардың  жоғалуына  себеп болады деп 
түсінді. 
Майкл Полани сциентизм адам ойын бұрынғы шіркеуден де артық 
шектейді  деп  санады.  Ол  біздің  ең  маңызды  ішкі  сенімімізге  орын 
қалдырмайды.  Біз  оларды  соқыр  маска  мен  керек  емес  терминдердің 
астында тығып ұстауға мәжбүрміз. 
Антисциентизм  ғылымның  дамуын  шектеп  тежеуді  талап  етеді. 
Бірақ  бұл  жерде  қажеттілігі  күннен  күнге  өсіп  келе  жатқан  халықты 
қалай  қамтамасыз  ету  керек  екендігі  туралы  мәселе  көтеріледі.Оның 
үстіне  қазіргі  күні  болашақтың  бәрін  ҒТР-ның  жетістіктерінсіз  көзге 
елестету мүмкін емес. 
Тағы  да  бір  ескере  кететін  жағдай  антисцентизм  автоматты  түрде 
антитехнологизмге  айналып  кете  алады.  Ғылымға  қарсы  идея 
көтерушілер  ағартушылық дәуірінде өте күшті болды. Жан Жак Руссо өз 
сөзінде «Ғылыми зерттеулерден бізді қаншама қауіп күтіп тұр!Сол жету 
керек шындыққа жету үшін мыңдаған есе қауіпті жолдар арқылы жүру 
керек.  Осындайлармен  айналысу  үшін  орны  толмас  уақыт  жоғалады». 
Осыдан  шығатын  қорытынды  ғылыммен  айналысу  текке  уақытты 
жоғалту. 
Бұл мәселеге қатысты орыс философтарының пікірлері де әртүрлі. 
Атап айтсақ Н.Бердяев, Л.Шестов, С.Франк ғылымды қатты сынға алды. 
Олардың  ғылымды  сынға  алулары  мен  келтірген  аргументтерінің 
жеткіліктілігімен  емес,  адамзаттың  тағдырын  рухани  уайымдаумен 
маңызды. 
Бердяев антисциентизм және сциентизм мәселесін өзінше шешеді. 
Оның  идеялары  бойынша:  ғылымның  құндылығына  ешкім  күмән 

 
 
105 
келтірмейді.  Ғылым  дауласуға  болмайтын,  адамға  керек  нәрсе,  бірақ 
ғылымның  құндылығымен  қажеттілігіне  күмәндануға  болады.  Ғылым  
мен  ғылымилық  екеуі  екі түрлі түсінік.  Ғылымилық  ғылымның  әртүрлі 
белгілерін ғылымнан және рухани өмірден  тыс салаларға көшіру болып 
саналады.  Ғылымилық  ғылым  адамзат  өмірдегі  ең  жоғарғы  құндылық 
және  ол  бекіткен  ережелерге  бәрі  бағыну  керек  деп  санайды.  Сонымен 
қатар  ол  салған  тыйымдар  мен  рұқсаттар  шешуші  роль  атқарады  деп 
ойлайды.  Ғылымилық  барлық  салаға  ортақ  бір  әдіс  бар  деп  есептейді. 
Бердяевтің пікірінше ғылымилық рухани құндылықпен тең. 
Шестов  ойынша  ғылым  адамзаттың  барлық  күмәндарын  шешіп 
беру  арқылы  немесе  олардың  шешілмейтіндігін  дәлелдеп  беру  емес, 
оларды ыңғайлы етіп беру арқылы ғана көңілін өзіне аудара алады. 
Шестов  ғылымның  теріс  жақтарында  қарастырды.  Ол  «Ғылым 
кейбір жекелеген фактілерді керек емес ретінде далаға тастайды. Ғылым 
тек  әрқашан  заңдылыққа  сәйкес  қайталанып  отыратын  фактілерге  ғана 
көңіл  бөледі.  Ғылым  үшін  ең  құнды  материал  қолдан  жасалатын 
жағдайлар,  яғни  тәжірибелер.  Шестов  өз  замандастарына  «Ғылымның 
үстемдігін ұмытпаңдар, тек өздеріңе сеніңдер» деген ұран тастады. Оның 
ол  ұраны  егер  адамдар  сондай  әлсіз,  көмекке  зәру  және  қорғанышқа 
мұқтаж тіршілік иесі болмағандар естілер еді. 
Бірақ  үшінші  мыңжылдық  басталса  да  антисциентизм  және 
сциентизм  мәселелеріне  қатысты  ортақ  жауап  болмай  отыр.  Адамзат 
әртүрлі  кедергілерден  көптеген  психотерапиялық  және  медиативті 
тәжірибелерден рухани көмек іздесе де, негізінен ғылымға сүйенеді. 
         Қазіргі  күні  маскулиндік  өркендеу  кезінде  ғылымды  феминистік 
сынға  алудың  орны  ерекше.  Біз  білетіндей  феминизмде  еркек  пен  әйел 
теңдігі    мәселесін  көтереді.  Феминизм  ХVІІІ  ғ.  пайда  болды.  Ол 
бастапқыда  әйел  мен  еркек  теңдігінің  құқықтық  аспектілерін  көтереді. 
Ал кейін ХХ ғ.басында екеуінің шын мәніндегі теңдігі мәселесін көтере 
бастады.  Феминистер  қазіргі  қоғамда  әйел  еңбегіне,  интеллектісіне, 
ұйымдастырушылық  және  т.б.  қабілеттеріне  тұрақты  тапшылықты 
айтады. Олар әйел қабілетін «ортадан» шығаруды сұрайды. Бүгінгі күні 
ҒТР  кезінде  әйел  теңсіздігі  анық  байқалады.  Экономикалық  еңбек 
нарығында  әйелдер  қатысу  құқығы  болғанымен,  олардың  құқықтарын 
толық жүзеге асыру мүмкіндігі бар деп айтуға болмайды. Көп жағдайда 
таңдау  кезінде  еркектерге  ғана  тән  жігерлік,  бастамашылық  тәрізді 
қасиеттерге көңіл бөлінеді. 
         Бірақ  тарихта  көптеген  әйел  ғалымдар  көп  болса  да,  олардың 
мәдениет, ғылымдағы және саясаттағы орны туралы мәселе ашық қалып 
отыр.  Симона  да  Бовуар  өзінің  «Екінші  жыныс»  еңбегінде  қоғам 
маскулиндік бастауды қалыпты мәдени норма,  ал феминистік бастауды 
теріс,стандарттардан  ауытқу  деп  бағалайтындығын  айтады.  Қазіргі  күні 

 
 
106 
ғылым 
барлық 
жаһандық 
проблемалардың 
барлығын 
шешу 
жауапкершілігін  өзіне  алып  отыр.  Қоршаған  ортаға  антропогендік  әсер 
ету  және  әлемге  технологиялық  әсер  ету  адамзатты  жаһандық 
проблемаларға алып келеді. 
Қазіргі  күні  сарапшылардың  есебі  бойынша  әлемде  жыл  сайын 
3,5млрд  тонна  мұнай,  4,5млрд  тонна  көмір  өндіріледі.  Ғалымдар  осы 
өндірілген  заттардың  қалдықтарын  толық  жою  мүмкіндігінің  жоқ 
екендігін  айтуда.  Адамдар  өмірді  жасанды  ету  арқылы  табиғаттың 
ережелеріне өзгерістер енгізгісі келеді. Біз тарихтан білетініміздей бұрын 
қоршаған  ортаның  бұзылуы  өте  қауіпті  табиғатты  қалыптарының 
бұзылуы  ретінде  есептелген.  Мысалы,  ХІҮ  ғасырда  тас  көмірді 
пайдаланудың нәтижесінде бүкіл Лондон түтіннің астында қалды. 
Қазіргі күні ғалымдар «әлем адам» жүйесіндегі адамзат өмірі үшін 
маңызды  факторларды  қамтитын  бүгінгі  күннің  проблемаларын 
жаһандық  проблемалар  ретінде  қарастыруда.  Жаһандық  проблемалар 
жергілікті емес,бүкіл планеталық сипатта болады. Ол қоғамды құрайтын 
индивидтердің  өміріне,  дамуына  және  психикасына  тікелей  әсер  етеді. 
Жаһандық  проблемалар  экологиялық,  экономикалық  және  техникалық 
салаларды қамтып қана қоймайды,сонымен қатар әлеуметтік, саяси және 
демография  салаларында  қамтиды.  Әлемдегі  елдердің  даму  деңгейінің 
әртүрлілігіне  байланысты  жаһандық  проблемалар  ХХІ  ғ.басында  өзінің 
шырқау  шегіне  жетті.  Кейбір  ғалымдардың  пікірінше  мұндай 
дағдарыстардан  шығу  үшін  табиғат  пайдалануға  және  бүкіләлемдік 
теңдікті сақтауға құқықтық белгілер енгізу үшін халықаралық тұрғыдан 
әсер еткен тиімді. 
Қазіргі 
күнгі 
жаһандық 
проблемаларға 
экологиялық, 
демографиялық,  мәдениет  дағдарысының  және  соғыс  пен  бейбітшілік 
проблемаларын  жатқызуға  болады.  Соңғы  жылдары  жаһандық 
проблемалар 
қатарына 
терроризм 
де 
қосылады. 
Жаһандық 
проблемалардың  шығу  себептеріне  ғалымдар  адам  қажеттіліктерінің 
өсуін, қоғамның қоршаған ортаға техникалық әсер етуінің күшеюін және 
табиғи ресурстардың сарқылуын жатқызады. Жаһандық проблемалардың 
бір ерекшелігі-олардың бір-бірімен тығыз байланыстығы, яғни, олардың 
біреуінің бұзылуы екіншісінің де бұзылуына әкеп соғады. Сонымен қатар 
жаһандық  проблемалар  тек  қана  кешенді  түрде  бүкіләлемдік  сипатта 
шешілуі керек. 
        Қазіргі  күні  ғалымдар  әлемде  болып  жатқан  демографиялық 
дағдарысқа  алаңдауда.  Оның  себебі  тек  қана  туудың  азаюымен  ғана 
байланысты  емес,  сонымен  қатар  отбасымен  отбасылық  қатынстардың 
жаңа  даму  тенденцияларымен  байланысты.  Ол  біріншіден  толық  емес 
отбасылардың  пайда  болуы,  екіншіден  берік  емес  отбасылардың  пайда 
болуы, үшіншіден дәстүрлі емес отбасылардың пайда болуы. Бұл жерде 

 
 
107 
тағы бір өзекті мәселе, ол халықтар арасындағы экономикалық теңсіздік. 
Бүгінгі  күнде  әлемдегі  дамушы  елдердің  төрттен  үші  санитарлық 
нормаларға  сай  емес  жағдайда  өмір  сүреді.  Ал  үштен  бірі  өте  кедей 
жағдайда  өмір  сүреді.  Мұның  бәрі  бүгінгі  күнгі  әлемдегі  дағдарысты 
көрсетеді.Одан  шығудың  бірден  бір  жолы  әлем  халықтарын  алғашқы 
қажеттілік заттармен қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми негізделген 
бағдарламалар. 
Бүгінгі  күні  ҒТР-ның  қарқынды  дамуы  кезінде  жоғарыда  атап 
өткен еркектер мен әйелдер теңдігі мәселесі ашық  қалып отыр. Қазіргі 
күні  қоғамда  әйел  интеллектісінің  және  ұйымдастырушылық  қабілетіне 
деген сұраныс тапшылығы байқалады. Экономикалық еңбек нарығында 
олардың қатысу құқығы болса да, олардың таңдалу мүмкіндігі шектеулі. 
Осы  мәселелердің  барлығын  талдай  келе,  ғалымдар  әйел  қабілетін 
«үндемейтін ортадан» шығару керек дейді. 
Қазіргі  күнгі  экологиялық  проблемалар  «адам-қоғам-биоорта» 
қатынастар жүйесінде орын алып отыр. Бұл проблемалар ғалымдар мен 
кәсіпкерлер  тарапынан  олардың  қызметтерінің  салдары 
мен 
нәтижелеріне  үлкен  жауапкершілікпен  қарауды  және  мемлекеттік, 
үкіметтік  құрылымдарын  олардың  жоспарлар  мен  бағдарламаларын 
дұрыстап жүзеге асыруды талап етеді. Дәрігерлер мен биологтар гендік 
инженерия  саласында  пайдаланатын  жабдықтар  үшін  мораторий 
жариялау  керек  дейді  Соңғы  он  жылдағы  экологиялық  апаттар 
себептерін  талдау  барысында  олардың  көбінің  себебі  дұрыс 
ойластырылмаған  табиғатқа  теріс  әсер  ететін  техногендік  әсер  етулер 
екендігі  анықталған.  Адамдар  жетілген  сайын  экологиялық  мәселелер 
күрделене  береді,  сондықтан  ағартушылық  жұмыстар  да  бүгінгі  күні 
өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.    
        Ғылым  жаһандық  экологиялық  дағдарысқа  жаңа  әлеуметтік 
экология  деген  сала  жасап  шығару  арқылы  жауап  береді.Оның  негізгі 
мақсаты  болып:  қоғам  мен  табиғат  арасындағы  тепе-теңдіктің 
бұзылуынан пайда болатын төтенше жағдайларды зерттеу, 
экологиялық дағдарысты күшейтетін антропогендік,технологиялық және 
әлеуметтік  факторларды  зерттеу,  экологиялық  апаттар  зардабын 
азайтудың  әдістерін  іздеу,  экологиялық  проблемаларды  шешудің 
бағдарламаларын  жасау,  экономиканы,  техниканы,  білім  беруді  және 
жалпы  қоғамның  өсуін  экологияға  сай  ету  жолдарын  іздеу.  Жаһандық, 
компьютерлік  революция  және  жалпы  қоғамның  техно-логиялануы, 
адамдарда жаңа психикалық проблемалардың туындауына себеп болады. 
Жағымсыз ақпараттардың барлығы  адамда ақпараттық шабуылды  және 
әртүрлі психикалық ауытқуларды туындатады. 
         Қазіргі  күнгі  қарулану  саясаты  мен  ядролық  соғыс  қаупі 
радиоактивті  ластану  проблемасымен  өте  тығыз  байланысты.  Жаңадан 

 
 
108 
пайда  болып  жатқан  қарулар  адамзатты  жоюдың  жаңа  түрлері. 
Ғалымдармен ойлап жасалынған коэволюциялық  стратегия өркениеттің 
ХХІ ғ.дамуының жаңа парадигмасы ретінде қабылданған. Ол адамдарда 
жаңа экологиялық сезімдерді оятуға бағытталған. 
        Әлемдегі  экологиялық  жағдайларды  шешуде  Рим  клубының  орны 
ерекше.1968жылы  аталған  клуб  мүшелері  итальян  экономисі  А.Печчеи 
басшылығымен  өз  баяндамаларының  барлығын  жер  ресурстарының 
шектеулігіне  және  адамзаттың  тұтыну  қажеттілігі  және  өндірістің 
қарқынды  дамуына  арнап  келеді.Оларды  жаһандық,  әлеуметтік    табиғи 
процестердің даму тенденциялары қызықтыратын. 
      Жаңадан пайда болған әлеуметтік социология өзінің теориялық негізі 
ретінде В.Вернадскийдің адамзат жердің белсенді қабықшасының негізгі 
құраушы  факторы  ретінде  қарастырылатын  биосфера  және  ноосфера 
туралы  іліміне  сүйенетін.  Бұл  ілім  бойынша  адам  өзінің  энергия 
трансформаторы  және  заттарды  жер  бетіне  таратушы  ретіндегі  өзінің 
планетааралық рөлін білуі керек. 
       Әлеуметтік  психологияда  ең  маңыздысы  техникатану  болды.  Ол 
жерде  техниканың  әртүрлі  функциялары,  техникалық  жүйелердің  және 
технологияларының    құрылымы  қоршаған  ортаға  әсер  ету  тұрғысынан 
қарастырылады. Ғалымдар адамзат қоғамы мен қоршаған географиялық 
кеңістіктің,  әлеуметтік  және  мәдени  ортамен  қатынасын  көп  аспектілік 
зерттеуді ұсынады. 
       Бүгінгі  күні  ғылыми  таңдаулар  болып  жатқан  дағдарыстардың 
көлемін  анықтауда.Техногендік  даму  басталғаннан  бері  жер  бетіндегі 
ормандардың  үштен  бірі  жойылған.  Мұхит  бетінің  мұнаймен,  улы 
химикаттармен  және  ерімейтін  пластиктермен  улануы  қауіпті  жағдайға 
әкелді. Қазіргі кезде қоғамды техникаландыру  оның барлық салаларын 
қамтыды.  Өте  жоғары  қарқынмен  қозғалып  келе  жатқан  атмосфераның 
ластануы да бүгінгі күнге үрей туғызады. Ғалымдардың есебі бойынша 
жылына  10  млрд  тонна  отын  жағылып,  атмосфераға  1млрд  тонна 
қалдықтар  тасталады.  Бүкіләлемдік  медицина  ғылыми  зерттеу 
институтының    деректеріне  сүйенсек,  соңғы    100  жылда  атмосфераға 
1,5млн мышьяк, 900мың тонна кобальт және 1тонна өзге де улы заттар 
тасталған, атмосферадағы оттегінің қоры сақталуда. 
      Сонымен  қатар  бүгінгі  күні  климаттың  жылынуы  да  өзекті  болып 
отыр.  Кейбір  ғалымдардың  пікірінше  ол  органикалық  отынның  көп 
жағылып,  атмосфераға  парникті  болып  табылатын  көмірқышқыл 
газының  көптеп  шығарылуы  себебінен.  Ал  парникті  болып  табылатын 
көмірқышқыл газы  жер бетінен жылудың өтуін нашарлатады. Ал кейбір 
ғалымдар  климаттың  жылыну  себебін  күннің  белсенділігінің  артуымен 
байланыстырады. 

 
 
109 
       Озон  қабатының  жұқаруы  қазір  жалпы  Жер  бетіндегі  тіршілік 
атаулының  өміріне  қауіп  төндіріп  тұр.  Біз  білетініміздей  озон  қабаты 
Жер  бетіне  дейін  тіршілік  атаулыны  құртатын  ғарыш  сәулелерін 
жібермейді.Сонымен  қатар  Жер  бетіндегі  су  қоры  2010  жылға  жақсы 
сарқылуы  мүмкін.  Мұнай  және  көмір  қорлары  осы  күнгі  қарқынмен 
өндірілетін болса, кейбір ғалымдар есебі бойынша жақын 200-300 жылда 
сарқылуы  мүмкін.  Ал  қорғасын  және  мыс  қорлары  20-30  жылға  ғана 
жетуі мүмкін. Сондықтан тапшы табиғи ресурстарды өтеу және үнемдеу 
үшін  кешенді  шаралар  қажет.  Ғалымдар  барлық  антропогендік 
процестердің барлығына бақылау мен реттеу қажет деп санайды. 
         Сонымен қатар ҒТР табиғи ресурстарды пайдалануда қандай да бір 
шектеулерді  алып  тастауға  жағдайлар  жасауда.  Осы  себепті  шектеулі 
табиғи  ресурстар  және  шектеусіз  қажеттіліктер  және  өндіріс 
мүмкіндіктері  арасында  қарама  қайшылықтар  туындайды.  Сондықтан 
осы  қатынастарды  реттеудің  қажеттілігі  артуда.  Адамзат  қажеттілігінің 
өсуін тежеуге байланысты әртүрлі қоғамдық қозғалыстар көбеюде. Олар 
БАҚ арқылы адамдарды тұтыну әдістерін өзгертуге шақыруда. 
        Қазіргі  күні  жаһандық  проблемаларды  шешудегі  ғылымның  рөлі 
ерекше  болуының  себебі,  сол  проблемалар  зардаптарына  ғылымның 
тікелей  қатысы  болуы  себепті  емес.  Ғылым  бүгінгі  күні  қоғамның 
дамуын  реттеуші  және  өндіруші  күш  ретінде  болып  табылады.  Ол  біз 
жоғарыда айтқан проблемаларға қатысты нақты шаралар қолдана алады. 
Ғылым  арқылы  біздер  қалдықсыз  көрініс  қалдықты  тазалау  және  Күн 
энергиясын тиімді пайдалану сияқты әрекеттерді жүзеге асыра аламыз. 
        Бүгінгі күнгі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өндіріс мүмкін емес,ең 
бірінші  орынға  табиғат  пайдалану  қағидалары  қойылады.  Ал  олар  өз 
кезегінде    жаңа  технологиялар  мәселесін  туындатады.  Бүгінгі  күні 
табиғат пен техника заңдылықтарын сәйкестендіру мәселесі көтерілуде. 
Ал бұл экотехнология деп аталатын жаңа бағыттың шығуына әкеп соқты. 
Бұдан  біз  бүгінгі  күні  технологиялардың  экология  негізінде  қайта 
құрылуын  көреміз,  қазіргі  күні  көтеріліп  жүрген  альтернативті  энергия 
көздерін пайдалану (жел және күн энергиясын пайдалану) - техникалық 
инновацияның болашағы. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет