Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

2.5
Ғылымның  
       тарихи  түрлері 
 
 
Ғылымның тууына қатысты бес көзқарас бар: 
1.
 
 Ғылым  адами  қоғам  қалыптасқан  кезден 
бастап  үнемі  болған,  себебі  ғылыми 
қызығушылық  органикалық  жағынан  адамға 
тән; 
2.
 
 Ғылым  Ежелгі  Грекияда    пайда  болды,  себебі  білімнің  алғашқы 
қағидалық негіздері осында пайда болды. 
3.
 
 Ғылым  ХІІ-ХІҮ  ғ.  Батыс  Еуропада  қалыптасты,  себебі  тәжірибелік 
білім мен математикаға қызығушылық туды. 
4.
 
 Ғылым  ХҮІ-ХҮІІ  ғ.  басталады,  Галилей,  Кеплердің  Х.Гюйгенстің 
және И.Ньютонның жұмыстары арқылы математика тіліндегі физикалық 
алғашқы қағидалық моделі қалыптасты. 
5.
 
 Ғылым    ХІХ  ғ.  зерттеу  қызметі  жоғарғы  біліммен  біріккен  сәттен 
басталады. 
 
Шығыс  мәдениетінен  біз  практикалық  білімнің  белгілі 
элементтерін  табамыз.  Олар  адами  әрекеттің  практикалық  үрдісінде 
жинақталған және негізінен қағидалық әрекет мәні болмай, практикалық 
өмір  қажеттіліктерінен    туындаған.  Бұл  элементтер  әлдеқайда 
ұйымдасқан мемлекеттік және діни құрылысты қалыптастырған және 
жазуды  меңгерген  қоғамда  практикалық  әрекеттен  бөліне  бастады; 
Шумерде,  Ежелгі  Вавилонда,  Египетте,  Үндістанда,  Қытайда. 
Мысалға  Ежелгі  Вавилондағы,  Египеттегі  ирригациялық  жұмыстар 
практикалық гидравликалық білімді қажет етті.  
 
Каналдардың  көмегімен  өзендерді  бөліп  басқару,  каналдарды 
қазу,  бөлінетін  су  есебі  математиктердің  практикалық  элементтерін 
дамытқан.  Египет  пен  Вавилонның  ерекше  климаттық  шарттары, 
мемлекеттің  өндірісті  қатты  жөнге  салуы,  дәл  күнтізбе    жасау 
қажеттілігі,  уақыт  есебін  еріксіз  көндірген,  демек  астрономиялық 
танымды  жасады.  Египеттіктер  12  айды  30  күннен  және  жылына  5 
қосым  күннен  тұратын  күнтізбе  өңдеді.    Құрылыс,  әсіресе  орасан 
күрделі  мемлекеттік  және  діни,  механиктер  және  статиканың 
құрылысында  эмпиризмдік  білімді  сонымен  қатар  геометрияны  да 
талап  еткен.    Ежелгі  Шығыс  рычаг  және  сына  сияқты  механикалық  
құрал  -саймандармен  жақсы  таныс  болатын.  Бірақ  ботаника  мен 
биология  тағы  ұзақ  уақыт  бойы  ауылшаруашылық  тәжірибеден 
бөлінген жоқ.  
 
Практикалық  білімнің  құрылу  процесіне  сауданың  дамуы, 
теңізге жүзу, әскери соғыс істері әсер еткен. Теңізге жүзу үйлестікке 
арналған  астрономияның  дамуын  ынталандырған  уақыттардың  және 
кеңістікте, кемелердің құрылыс техниктеріне, гидростатиканың және 
тағы  басқаларына  ықпал  еткен.  Сауда  техникалық  білімнің  дамуына 

 
 
77 
әсер  етті.  Рычагтың  қасиеті  –  негізгі  салмақ  –  ежелгі  грек 
ғалымдарына  дейін  белгілі  болған.  Мемлекетті  басқару  үшін  есеп 
қажет  болды,  азық–түлікті  бөлу,  еңбекақы  төлеу,  жұмыс  уақытын 
есептеу  үшін  арифметиканың  бастамасы  қажет  болды.  Біздің 
дәуірімізге  дейін  ІІ  мың  жылдықта  математикалық  ұстанымның 
египеттік қайнарлары белгілі олар – Ринда папирусы(б.з.д 1680дейінгі 
Британ  музейі)  және  Мәскеу  папирусы.  Олар  тәжірибеде  кездесетін 
бөлек 
тапсырмалардың 
шешімін 
көрсетеді, 
математикалық 
есептеумен,  аудандарды  және  көлемін  есептеу.  Мәскеу  папирусында 
толық  емес  пирамида  көлемін  есептеуге  арналған  формула 
көрсетілген.   
 
Шумер-вавилондық  математика  египеттікке  қарағанда  көбірек 
мағыналы  болды.  Вавилондықтар  Пифагор  теоремасын  білген, 
квадраттық және квадрат түбірлерді, текшелер және үшінші дәрежелі 
түбірлерді  есептеген,  теңдеуде  ұзындық  жүйелерді  және  квадрат 
теңдеуді  шешуді  білген.  Вавилондық  математика  алгебралық  жолды 
алып жүреді, геометриялық терминология қолданылмайды.  Осыған 
орай  сол  математика  аса  пайдалы,  үнемді  нәтижені  алып  жүреді. 
Геометрия  мен  арифметиканың  арасында  айқын  ерекшелік  жоқ. 
Геометрия  тәжірибелік  өмірдің  көптеген  объектілерінің  біреуі  ғана, 
қайсыларға арифметикалық әдістер қолдануға болады. Египеттік және 
вавилондық математикада шоттардың зерттелу әдістерінің жоқ болуы 
айқын. Теориялық дәлелдеудің әрекеттері жоқ. 
 
Ассирио–вавилондық  астрономия  Набонассара  заманынан 
жүйелі  бақылаулар  жүргізген.  Тарихқа  дейінгі  кезеңде  Вавилонда 
зәулім    күн  күмбезін  зодиактың  12  белгісіне,  300  аспан  сәулесі 
түсірген,  әрбірі:  күн  мен  планеталар  қозғалысын  стандартты  шкала 
сияқты суреттеуге арналған, ай мен күн календары өңделіп бекітілді.  
Ассиристік  кезеңнен  кейін  математикалық  бағытқа  бұрылу 
астрономиялық 
оқиғада 
суреттеледі. 
Месопотамиялық 
астрономияның  негізгі  мақсаты  аспан  денелерінің  –  ай,  күн, 
планеталардың  көрінетін  күйін  дұрыс  болжау  болып  табылады. 
Жеткілікті  дамыған  Вавилон  астрономиясы  оның  мемлекеттік 
астрономия  ретінде  қолданылуы  түсіндіріледі,  вавилондықтардың 
астрологиясы  жеке    болмаған,  оның  мақсаты  мемлекеттік  маңызды 
шешімдер қабылдау үшін жұлдыздардың қолайлы орналасуы туралы 
болжам жасау.  Астрономия ертедегі шығыста, математикада сияқты, 
аса  пайдалы  және  догматикалық  дәлелсіз  үрдіс  алып  жүрген. 
Вавилонда  бірде  бір  бақылаушының  басына  ой  келмепті:  «көрінетін 
сәуле  қозғалысы  олардың  нақты  қозғалысы  мен  орналасқан  орнына 
талап бойынша сай келе ме?»  

 
 
78 
 
Сонымен,  проблема  ғылым  басы,  оның  пайда  болуы  маңызды 
методологиялық 
мәнге 
ие, 
теориялық 
жақын 
келулердің 
қалыптасуына оның статусы, даму кезеңдері әсер етеді.       
 
Антикалық  ғылым 
Европалықтардың түсінуінде ғылымның «шығу тегі»  - Ертедегі 
Греция.  Ғылым  болып  қалыптасу  үшін  білім  практикалық 
сауалдардан  шығып  және  өзінің  теориялық  формасын  қалыптастыру 
керек.  Тану  объектісі  болып  нақты  бар  заттар  емес,  идеалды  заттар, 
өздерінің ойынан пайда болған  заттар табылады. Жаңа білім алудың 
негізгі  болып  эмпирикалық  тәжірибе  емес,  теориялық  анализ,  негізі 
ой  жүйесінде  салынған  дәлелдермен  қисындандырылған.  Дәл  осы 
қасиеттер  –  теориялық,  қисынды  дәлелдермен,  тәжірибелік 
қажеттіліктен  тәуелсіздік.  Талқылауға  арналған  ашықтық  және 
сыншылар Ертедегі Грецияда білім алды.  
 
Осындай  ғылымды  жасау  үшін  айқын  ойдың  алғы  шарттары 
қажет  болды,  ең  алдымен  мифологиялық  ойлау  жүйесінен  логика-
түсініктік ойлау жүйесіне көшу керек. Мифологиялық ой сынулардың 
сферасында  объективті  және  логикалық  жүйе  талап  етілмеген  және 
көз алдына келмеген. 
 
Логика  –  түсінік  ойлау  жүйесі  жаңа  нақтылықты  ашады  – 
нақтылық  конструкциясымен  қисындыларын  және  дәлелдерді,  олар 
үшін 
сенушілік 
нақтылық 
мағыналар 
шешуші 
болмайды. 
Пифагорлықтар  сан ұғымын енгізіп,  көне ғылым құруына арналған 
ойдың негіздерін дайындады. 
 
Ғылым  ой  сана  сферасына  көз  салуға  тырысады,  сол  жерде 
философия 
оған 
ықпал 
жасай 
бастайды. 
Философияның 
мифологиядан  айырмашылығы,  ол  әлем  туралы  білім  құруына 
ұмтылады.  Егер  біріншіден  философтар  түпнегіздерін  сенушілік 
түсінілетінінен  іздесе,  шек  қөю  қажеттілік  түсіну  және  білімдер 
келесіде  келеді.    Шек  қою  және  сенушілік  түсініктерін    қарама  – 
қарсы  қойып  салыстыру  және  ой  сана,  ең  үлкен  дәрежеде  айтылған 
элеялық  мектепте,  перспективті  және  философиямен  байланысты 
ғылым  қалыптастыруына  арналған  мүмкіншіліктер  жасалды. 
Сонымен  қатар,  математикалық  және  қисынды  құралдарды 
қолданудың білім әлемінде мүмкіншілігі туды.  
 
Математикалық құралдарды қолдану туралы ой Пифагорға (б.з.д 
VI  ғасырдың  екінші  жартысы  -    V  ғасырдың  басы)  және  оның 
мектебіне  тиесілі.  Дәл  осы  жерде  ғылыми  дүниетанымы  негіздері 
кепілге берілген болатын, ал математика оның бастауыш аспабы бола 
бастады.  Сандар  –  тіршіліктің  бастауы,  ал  сандар  онтологиясы 
табиғат  түпнегізімен  берік  ұйымдарды  ашады:  «барлығының  басы  – 

 
 
79 
бірлік;  бірлікке  себепкер  сияқты  екілік  пен  белгісіз  зат  сияқты 
жатады, бірліктен және белгісіз екіліктен сандар шығады; сандардан – 
нүктелер;  нүктелерден  –  сызықтар;  олардан  –  жалпақ  пішін; 
жалпақтан  –  көлемді  пішіндер;  олардан  –  сенушілік  түсінілетін 
денелер;  олардың  төрт  негізі  бар  –  от,  су,  жер  және  ауа;  тұтас 
орналаса және айналдыра, олар әлемді туғызады – рухтанған, акылды, 
шар тәрізді, ортада – жер....», - деп Пифогорлықтар мәлімдеген. 
 
Антикалық ғылым өзінің білімін аяқталған үлгілер ретінде ретке 
келтірді.  Оларға  Аристотельдің  «Аналитики»  еңбегі,  Евклидтің 
«Начала»-сы,    Архимедтің  жұмыстары:  «теоремалардың  дәлелденуі 
туралы  математикалық  әдісі»,  «жалпақ  пішіндердің  тепетеңдігі 
туралы»,  «жүзуші  денелер»  және  т.б.  қатыстыруға  болады.  Оларды 
қисынды негіздердің  жалпылық теориялық  дәлелдігі,  математикалық 
құралдардың белсенді қолданылуы біріктіреді.  
 
Антикалық  ғылымның  ерекшелігі  оның  пайымдаушылық 
өзгешелігімен.  Ол  практикалық  мақсаттардың  шешіміне  арналған 
емес,  шындық  іздеу  үшін  бір  сапқа  тұрады.  Ғылым  және  философия 
тығыз  байланысты,  ал  ғылыми  білім  ақырындап  философиялық 
пайымдауға  ауысып  отырады.  Олар  нағыз  даналық  іздеуге,  тұтас 
ұғынуға қосылған. Осы ізденістердің ең жоғарғы талаптары Игіліктер
Сұлулық және Шындық. 
Сонымен,  көне  ғылым  математикалық  теориялардың  кең 
қолдануымен, пайымдаушылықпен сипатталады. 
                           
Ортағасырлық  ғылым 
Мәдениет  осы  немесе  басқа  замандар  дүниетануының  мінез-
құлқын  ескертеді  және  ғылымды  білу  туралы  талаптарын  қояды. 
Ортағасырлық ғылымға теологизм, схоластика, догматизм тән болатын, 
ол  діни  мәдениеттің  әлеуметтік  және  практикалық  қажеттіліктеріне 
қызмет  еткен.  Бұл  шарт  бойынша  ғылым  діни    ілімдік  парыздармен  өз 
шешімін амалсыз келістіріп отыру керек еді.  
Сол  уақытта  теология  барлық  сананы  қамтып  алуды  тырысқан, 
бірақ мазмұны, ғылыммен табылатын, онымен қайшылыққа жиі түскен. 
Сондықтан  ғылым  өзіне  меншікті  теориялық  құруларды  салып  бітіре 
алған жоқ, олар ғылыми техникалық проблемалардың шешімі арқасында 
дамып отырды.  
Ғылым дамуына арналған университеттерінің ашылуы зор мәнге ие 
болды.  1158  жылы  Болон  университеті  құрылды,  1167  ж.  –  Оксфорд, 
1209  ж.  –  Кембридж,  1215  ж.  –  Париждің  университеті,  ал  кейінірек 
Неапольде,  Прагада,  Краковте  университеттер  ашылды.  16  ғасырдың 
аяғында  Европада  63  университет  болды.  Университеттерде  теология, 

 
 
80 
медицина,  математика,  геометрия,  астрономия,  физика,  грамматика, 
философияпәндері оқытылған.  
Ғылыми  ой  ХХШ-Х1У  ғасырларда  негізінде  орталықтағы  екі 
университетте  шоғырланған  –  Парижде  және  Оксфордта,  ғылыми 
қайшылықтарды және ортағасыр жаратылыстануының дамуына көрнекті 
рөл атқарды. Статика мен гедравлика сұрақтары талқыланып, зерттелген, 
жантайған  жазықтық  денелердің  тепе-теңдігін,  салмақ  проблемасын 
және ауырлықты есептеуде математикалық әдіс кеңінен қолданылды.  
 Ортағасырлар  заманында  көптеген  табиғат  зерттеуші  ғалымдар 
жұмыс  жасап  өмір  сүрген.  Олардың  ішінде  атап  өтетіндер  ғылыми 
тануында  тәжірибенің  маңызды  рөлін  атқарған  Р.Бэконды;  алгебраны 
өңдеумен  шұғылданған,  «Liber  Abaci»  трактатын  жазған,  Леонардо 
Пизанскийді;    жай  секстантты  ойлап  тапқанЛеви  бен  Герсонды; 
астрономикалық  құралдарың  одан  әрі  дамуына,  жақсаруына  жұмыс 
жасағанДж.  Чосерді;  астролог  П.Догамирді,  итальян  математигі 
Кремоннан  келген  Жеромды,  француз  математигі  Ж.  Неморариусты 
және  т.б.  Техника  жағынан  да  көптеген  жетістіктерге  жеткен.    Х1У 
ғасырдың  ортасында  алғашқы  домналық  ошақ  салынған  болатын,  су 
арқылы  жұмыс  жасайтын  және  жел  арқылы  істейтін  диірмендер 
таралды,  сағаттық  механизм  жақсартылды,  кітап  бастырушылық 
ойлап табылды және т.б.  
Дегенмен, 
ғылымда 
кереметтей 
жаңалық 
болмады. 
Диалектикалық  тілмен  айтқанда,  саны  бар  сапасы  жоқ.  Жеке 
ұсыныстар  және  жақын  келулер  білім  сферасында  ғылыми 
революцияны іске асыруға  жол бермеді.  
Сонымен,  орта  ғасырда    европалық  ғылым  өзіне  меншікті 
негіздерге ие бола алмады және  қоғамның рухани өмірі теологиялық 
бағытта болды. 
Еуропалық  Жаңа заман ғылымы 
Классикалық  ғылым.  Қазіргі  кездегі  ғылым  бейнесіжаңа 
заманда  белгіленгендеп  анықтаған  А.Эйнштейн.  Жаңа  ғылымның 
негізгі  құндылықтары  жақсы  мінез-құлық,  сыни  рух,  объективті 
шыншылдық,  практикалық  пайдалылықдеп  Леонардо  да  Винчи, 
Г.Галилей, Ф.Бэкон, Р.Декарт пайымдаған.  
Ғылым  түсінігінің  өзі  өзгерген.  Жаңа  заманның  ғалымдарының 
пікірі  бойынша,  ғылымды  сырттай  бақылау  болмау  керек.  Оның 
түсінуінде тәжірибелік ғылымның негізін ашу жақсы жаңалық болды. 
Көне  мәдениет  тек  теориялық  және  логикалық  ғылымның  негіздерін 
білді, бірақ мына заманға ол жеткіліксіз болды, ғылым өз алдына жеке 
мәдениет құбылысы ретінде өзін мәлімдегенде.  

 
 
81 
Ф.Бэконның  «Новый  органон»  еңбегі  және  Р.Декарттың 
«Рассуждение  о  методе»  еңбегінде  өздерінің  жеке  методологиялық 
құралдарына мән беруіне ғылымның керек екендігін жеткізді. 
Г.Галилей, жаңа европалық ғылым ретінде, дәріптеушілік әдісті 
конструктивті  түрде  енгізді.  Ортағасырдағы  мәдениет  пен  оның 
жанкүйері  Аристотельді  сынға  ала  отырып,  Галилей  конструктивтік 
творчестволық  ғылыми  ойлау  жүйесінің  рөлін,  идеалмен  жұмыс 
жасайтынын  толық  ашып  көрсетті.  Галилей  Аристотельдің  қозғалыс 
туралы физикасын өзгертіп, домалақ және түзудің қозғалысын енгізді. 
Ол  теория  жүзінде  қозғалыстың  идеалы  болады.  Галилей  айтқандай: 
«біз ескі ғылымнан өзгеше ерекше жаңа ғылым жасаймыз. Табиғатта 
қозғалыстан көне зат жоқ, ол туралы көптеген философтар жазған». 
Жаңа  заман  ғылымы  толығымен  білімге  сүйенеді,  Декарттың 
ойынша,  барлығына  күмәнмен  қарау  мақсаты  оның  өзге 
жағдайлардан  шығу  мүмкіндігі.  Тексерудің  құралы  математика 
болды.  Математиканың  маңыздылығы  жөнінде  Галилей:  «Табиғат 
математика  тілімен  жазылған»  деген.  Бұл  методикалық  жағдай 
барлық 
арттан 
ерген 
ғалымдармен 
қабылданған, 
ол 
натурфилософияға  тән,  табиғат  бейнелерінің  белгілерін  сапалы 
сипаттаудан,  математикалық  сипаттауға  көшуін  білдірді,  яғни  қарым  -
қатынастардың  ашылуын  және  заңдылықтың  қарастыруын  ашып 
көрсеткен.    
Жаңа заман ғылымның құрылуын Ньютон қарастырды. Ұлы ғалым 
ғылымның барлық саласында – оптика, астрономия, математикада үлкен 
мұра  қалдырған.  Оның  шығармашылығында  ең  негізгі  мәселе 
механиканың  негізін  қалау,  дүниежүзілік  тарту  заңын  және  аспан 
денелерінің қозғалысын өңдеу.  
Ньютонның  өңдеген  классикалық  механикасы  сол  кездегі  барлық 
ғылымның салаларына әсер етті. Ол ғылымның негізі болып және басқа 
басталып  келе  жатқан  бағдарламаларға  идеал  болды.  1687  жылы 
ғалымның «Математические начала натуральной философии» еңбегінде 
жаңа  ғылыми  концепция  қалыптасқан  –  оның  негізінде  механиканың 
қозғалысының    барлық  заңдары  және  оны  сипаттауда  математикалық 
құралды  пайдалану  жатыр.    Ньютон:  «мен  математикалық  ойлардың 
арқасында,  планеталарға  әсер  ететін  күштердің  арқасында  олардың 
қозғалатынын анықтадым», – деп  ерекше айтып өткен. Табиғаттың басқа 
да  құбылыстарын  осы  математиканың  бастауы  талдау  арқылы 
түсіндірген дұрыс деп ойлаған».     
Қорытындысында 
классикалық 
ғылымның 
қалыптасуы 
бейнеленген.  Оның  мінезділігіне  білімге  сүйенушілік  болды  (жаңа 
ғылымның пайда болуына байланысты «science» термині ұсынылды).  
 

 
 
82 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1.
 
Ғылымның пайда болу кезеңдеріне қандай негізгі көзқарастар 
бар? Соның ішінде көп тараған көзқарас қайсысы? 
2.
 
Ғылымның интуитивтік-тәжірибелік жағдайы мен 
теоретикалықтың айырмашылығы неде? Тарихтағы ғылыми 
теорияның пайда болуы неден басталды? 
3.
 
Ғылым тарихы: дамуы, негізгі проблемалары және сұрақтары. 
4.
 
Алғығылым және оның негізгі ерекшеліктері. 
5.
 
Миф, технология, ғылым. 
6.
 
Мәдениет тарихындағы ғылым генезисы. 
7.
 
Ғылымның әлеуметтік тарихы. 
8.
 
Ертешығыстағы алғығылымның ерекшеліктері. 
9.
 
Антикалық  ғылымның  ерекшеліктері:  бастауы,  кезеңдері, 
негіздемелері. 
10.
 
Ортағасыр  ғылымдарының  ерекшеліктері:  негізгі  пайымдары, 
мәдени мәні. 
11.
 
Жаңаеуропалық  ғылымның  қалыптасуы  және  мәдениет 
тарихындағы маңызы. 
12.
 
Классикалық ғылымның бастаулары. 
13.
 
Қазіргі ғылымның ерекшеліктері: негізгі критерийлері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
83 
3.1 Ғылыми танымның 
         деңгейлері, 
формалары  және әдістері 
3 ТАРАУ.  ҒЫЛЫМИ  БІЛІМНІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
Ғылыми  таным  аса  күрделі 
құрылымның үнемі даму үстіндегі 
біртұтас  жүйесі,  аталған  жүйенің 
элементтері  арасындағы  өзара 
тұрақты    байланысты  білдіретін 
процесс.  Ғылыми  танымның  құрылымы  әр  ортада  әртүрлі  көрінеді 
және  өзінің  арнайы  элементтерінің  жиынтығына  сәйкес  болуы 
мүмкін.  Ғылыми  танымның  негізгі  құрылымын  қарастыра  келе, 
В.И.Вернадский  «ғылымның  негізгі,  анық  (талассыз),  мәңгілік 
қалқаны  (оның  негізгі  ұйытқысы)»  төмендегі  басты  элементтерден 
тұрады деп көрсетеді:1) Математикалық ғылымдардың барлық қыры; 
2) Логикалық ғылымдар толығымен; 3) Олардың жүйесіндегі ғылыми 
фактілер,  жіктеулер  және  ғылыми  аппаратты  қоса  алғанда  олардан 
шығарылған эмпирикалық  жалпылау. Ғылыми  білімнің  бұл тұстары 
біртұтас  ғылым  ретінде  қарқынды  дамуда  болады  және  олардың 
қамтитын  аумақтары  күн  өткен  сайын  ұлғая  береді.  Сонымен  қатар, 
В.Вернадскийдің пікірінше, біріншіден, жаңа ғылымдар толықтай осы 
элементтермен  қамтылған  және  олардың  көмегімен  құрылады; 
екіншіден,  жалпылау  мен  фактілердің  ғылыми  аппараты  ғылыми 
жұмыстың  нәтижесінде  үнемі  гоеметриялық  прогресс  бойынша 
дамиды;  үшіншіден,  ғылыми  тұрмыстың    тірі,  динамикалық,  өткенді 
қазіргі уақытпен байланыстыратын мұндай үрдісі адамның өмір сүру 
ортасына өз-өзінен  әсер етеді, ол үрдіс биосфераны ноосфераға яғни 
ақыл-ой  сферасына  айналдыратын  даму  үстіндегі  геологиялық  күш 
болып табылады. 
Ғылыми  танымның  субъектісі  мен  объектісінің  өзара  ықпалы 
тұрғысынан  қарасақ,  ғылым  өзара  бірліктегі  ең  қажет  төрт  
компоненттен тұрады. 
Ғылымның субъектісі – ғылыми танымның ең негізгі элементі 
– жеке зерттеуші немесе ғылыми қоғамдастық, ұжым, жалпы алғанда 
қоғам.  Ғылымның  субъектілері  материалдық  және  рухани 
объектілердің  әртүрлі  құбылыстарын,  қасиеттерін,  ерекшеліктерін 
және  өзара  байланыстарын  зерттейді.  Ғылыми  қызмет  зерттеуші 
субъектінің арнайы дайындығын талап етеді, дайындық барысында ол 
тарихи  және  қазіргі  концептуалды  материалдарды    және  ғылыми 
зерттеуде қолданылатын құралдар мен тәсілдерді меңгереді. 
Ғылымның объектісі– ғылыми танымның пәндік жағы, аталған 
ғылымның  немесе  ғылыми  пәннің  зерттейтін  мәселесі,  зерттеушінің 
барлық ой-танымы бағытталған нәрсе.   

 
 
84 
Ғылыми танымның пәні кең мағынада  – объектілер әлемінен 
адам  қызметі  үрдісі  кезінде  танылатын  қандай  да  бір  шектеулі 
біртұтастық,  немесе  нақты  объект,  зат  және  оның  түрлі 
ерекшеліктерінің, қасиеттерінің, байланысының жиынтығы.  
Аталған  ғылымға  немесе  ғылыми  пәнге  тән  және  оның  пәнінің 
ерекшеліктеріне негізделген әдіс-тәсілдер жүйесі. 
 
Ғылымның  тілі  –  арнайы  таңбалар  жүйесі,  табиғи  және 
жасанды  (белгілер,  символдар,  математикалық  теңдеулер,  химиялық 
формулалар т.с.с.) тіл.  
 
Жоғарыда аталғандардан басқа қырынан қарастырғанда ғылыми 
танымның тағы да төмендегідей элементтері анықталған: 
 
эмпирикалық 
тәжірибелерден 
жиналған 
фактілік 
материалдар; 
 
оны  алғашқы  концептуалы  категорияларға  жалпылау 
нәтижелері; 
 
фактілерге  негізделген  мәселелер  және  ғылыми  болжамдар 
(гипотезалар); 
 
олардан  шығарылған  заңдар,  принциптер  және  теориялар, 
ғаламның бейнесі; 
 
философиялық негіздеме
 
әлеуметтік,  мәдени,  құндылықтық  және  дүниетанымдық 
негіздер; 
 
ғылыми танымның әдістері, ережелері, мұраттары
 
ойлау  түрлері  және  басқа  да  элементтер,  мысалы  санадан 
тыс. 
Сонымен  қатар,  барлық  ғылыми  білімнің  құрылымында 
дәстүрлі  ғылымилық  ұғымына  кірмейтін  элементтер  де  бар: 
философиялық,  діни  ойлау  (елестету);  психологиялық  стереотиптер, 
қызығушылық  және  қажеттік  (мұқтаждық);  вербализацияға  және 
рефлекске  бағынбайтын  инеллектуалды  және  сенсорлық  дағдылар; 
қарама-қарсылықтар мен парадокстар; жеке құмарлық және адасулар. 
Осындай  жағдайларды  ескере  келе,  Вернадский  «ғылыми  ойды 
анықтайтын  және  ғылыми  нәтижелер  мен  ғылыми  қорытындыларды 
философиялық  және  діни  пікірлерден  бірден  айыратын  бір  негізгі 
құбылыс  бар.  Ол  жалпыміндеттілік  және  талассыз  дұрыс  жасалған 
ғылыми  тұжырымдар,    ғылыми  пікірлер,    ұғымдар  және 
қортыныдылар » деп жазған.  
Даму үстіндегі білім жүйесі ретінде ғылым екі негізгі кезеңнен 
тұрады – эмпирикалық және теориялық. Оларға өзара байланысты әрі 
өзіндік  ерекшеліктері  бар  таным  қызметінің  екі  түрі  –  эмпирикалық 
(тәжірибелік)  және  теориялық  (рационалды)  зерттеу  –  ғылыми 

 
 
85 
танымның  негізін  қалаған  екі  формасы  және  құрылымдық 
компоненттер мен ғылыми білімнің деңгейлері сәйкес келеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет