Ылым тарихы мен философиясы


 ТАРАУ.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҒЫЛЫМДАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

11 ТАРАУ.  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ҒЫЛЫМДАРДЫҢ  
                     ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Экономика  философиясының  негізгі  мәселелері  мен  басты 
бағыттары болып төмендегілер есептеледі:  экономика, жалпылық, қайта 
өңдеу, шаруашылық жүргізу, иемдену. Көшпелілік және отырықшылық 
шаруашылық  жүргізу  формалары  ретінде.  Әлемнің  экономикалық 
бейнесі.  Қазіргі  экономика  философиясының  бағыттары:  шаруашылық 
философиясы,  меншік  философиясы,  тауар  және  ақша  философиясы, 
экономикалық саясат философиясы, шаруашылық этикасы. 
        Нарық 
философиясы.  Нарық  және  басқару.  Менеджмент 
философиясы.  Бизнестің  философиясы  мен  этикасы.  Тәуелсіздік  – 
экономикалық-философиялық  категория  ретінде.  Экономикалық  іс-
әрекет  субъектілері.  Шығыстық  шаруашылық:  пұтқа  табынушылық 
отырықшылық, 
шаруашылық 
жүргізуші 
мемлекет. 
Батыстық 
шаруашылық:  христиандық  отырықшылық,  құқықтық  мемлекет. 
Қазақстандағы  шаруашылық  жүргізу  динамикасы.  Нарық  және 
Қазақстан.  Қоғамның  әдеуметтік  өмірі  –  экономика  айнасы  ретінде. 
Нарықтық  экономика  кезіндегі  еңбектің  сипаты.  ҒТР:  позитивті  және 
негативті салдарлар. Техникалық инженерлік философиясы, техникалық 
гуманитарлық философиясы. Техникалық ауытпалықтар. Қарым-қатынас 
және  коммуникация.  Бизнестегі  этикет.  Коммуникация  түрлері  түрлері. 
Әскерлік қарым-қатынас. 
 
Экономикалық  ілім  қоғамдық  өндірісті  адамдар  арасында 
әлеуметтік-экономикалық  қатынастарды  зерттейтіндіктен  ол  қоғамдағы 
барлық  өмірге  күнделікті  тұрмысқа,  адамдардың  еңбек  ету  жағдайына 
байланысты  сан  алуан  мәселелерге  көңіл  аударуға  тиіс.  Ал  қоғамдық 
қатынастардың  негізі  -  өндірістік  қатынастар.  Оның  құрамына  жалпы 
алғанда  тікелей  өндіріс,  айырбас,  бөлу,  тұтыну  қатынастары  кіреді, 
оларды  қайталап  үздіксіз  өңдіру  немесе  ұдайы  өндіріс  қатынастарын 
дамытып, жетілдіру аса маңызды. 
 
Экономикалық  процестерді  танып-білу  әдістерінің  жартылыстану 
ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда 
да  зерттеу  мен  білім  беруде  диалектикалық  тәсілді  қолданады.  Шын 
мәнісінде ғылым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап, қарайды, 
яғни  диалектикалық  тұрғыдан  ойлады  деген  сөз.  Ғылыми  дамудың 
нысаналары  мен  әдістері  көп.  Олар  объетивті  жағынан  есептелген 
(статистикалық),  жинақталған  материалдарды  анализ  және  синтез, 
индукция,  жүйе  (система)  түрінде  қарау,  болжамдар  жасау  және  оны 
тексеру  эксперименттер  жүргізу,  логикалық  және  математикалық 
модельдер жасау. 

 
 
197 
11.1 Экономика 
философиясының 
даму кезеңдері 
 
 
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. 
Ол  басқа  да  гуманитарлық,  жаратылыстану,  техникалық  ғылымдарда 
қолданылады.  Ғылыми  абстракция  дегеніміз  зерттеу  пәнін  жеке, 
кездейсоқ,  қысқа  мерзімді,  дара  құбылыстардан  біздің  түсінігімізді 
оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін маңызын ашу. 
   
Антика  ойшылдарының  (Ксенофон, 
Платон,  Аристотель)  қоғам  өміріндегі 
экономикалық  орны  мен  маңызы 
туралы.  Тұңғыш  экономикалық  ой-
пікірлер  көне  заманда  пайда  болған.  Ертедегі  Греция,  Рим,  Қытай, 
Индия  ғалым  -  философтары  экономиканың  жекелеген  мәселелерін: 
бағаның  негізінде  не  жатады,  байлық  қалай  көбейеді,  т.б.  шешуге 
талаптанған.  Ксенофонт,  Платон,  Аристотель
 
пайдалылық  туралы 
экономикалық  теорияның  бастапқы  принциптерін  анықтаумен 
айналысқан. Көне Рим ойшылдары Сенека, Лукреций Кар құлиелену-
шіліктің  құлдырап  күйреуінің  экономикалық  себептерін  зерттеген. 
Осының  басты  себебі  материалдық  ынтаның  болмауы  дейді  олар. 
Сенеканың 
көзқарастары 
христианствоның 
экономикалық 
концепцияларының  қалыптасуына  ықпал  еткен.  Осы  концепциялар 
соңынан  адамзат  дамуының  тарихи  процесінде  шаруашылық  өмірге 
көзқарасты мүлде өзгертеді. 
 
Ерте дүниеде де, орта ғасырларда да экономикалық ой-пікірлер 
ғылым  болып  қалыптаспаған.  Сондықтан  замандардың  ойшылдары 
экономикалық  құбылыстарды  жалпы  қоғам,  адам  өмірінің 
процестерінен  бөліп  алып  жеке  талдаған  жоқ,  экономика  туралы 
ілімді  жүйеге  келтіріп  қалыптастыра  алмаған.  Экономикалық  теория 
қолданбалы  ғылым  болып  шаруашылық  жүргізуде  құл  иелену 
құрылыста  пайда  болды.  Экономикалық  теория  ғылым  болып  тек 
ХVІ-ХVІІ  ғасырларда  ғана  қалыптаса  бастады.  Ең  алғаш  бұл  теория 
"саяси  экономия"  деген  атқа  ие  болып  (грекше:  "политейя"–  қоғам, 
"ойкос"–  үй,  шаруашылық,  "номос"  –  заң),  ал    экономикаға    (гр. 
Oikonomia  –  үй  шаруашылығын  жүргізу  өнері)  —  материалдық  
игіліктерді    өндіру,  айырбастау,  бөлу  және  тұтыну  үрдісі  кезінде 
адамдар  арасында  пайда  болатын  өндірістік  қатынастар  деген 
анықтама берді. 
         Саяси  экономия  –  қоғамдық  шаруашылықтың  заңдары  туралы 
ғылым  болып  табылады.  Экономикалық  ой  -  пікірлердің  ғылыми 
тұжырымдалып  қалыптасуы  сауда,  өнеркәсіп  капиталының  дами 
бастауына  байланысты  болды.  Бұл  кезең  негізінен  Еуропада  XVI- 
XVII  ғасырларды  қамтиды,  саяси  экономия  дербес    ғылымға  
айналды. 

 
 
198 
 
Т.Мор  және  Т.Кампанелланың  утопиялық  социализмі.  Жаңа 
дәуірдің  негізін  философиялық-экономикалық  идеялары:  Д.Локк 
(мемлекеттің  еңбек  теориясы),  Т.Гоббс  (мемлекеттің  экономикалық 
мәні  және  табиғи  құқық),  И.Бентам  (утилитаризм  және  мемлекеттің 
құқықтық  теориясы).  Ағартушылық  дәуірі:  Ж.-Ж.Руссо  (қоғамдық 
келісім  және  жеке  меншікті  сынау),  Т.Мальтус(тұрғылықты  халық 
теориясы),  А.Смит  және  Д.Рикардо  (еңбек  бөлісі,  экономикалық 
факторлар және құнның еңбек теориясы). 
 
Марксизм  –  (К.Маркс,  Ф.Энгельс,  В.И.Ленин,  Г.В.Плеханов). 
Зерттеудің  негізгі  нысаны  –  капитализмнің  экономикалық 
заңдылықтары.  К.Маркстың  ашқан  басты  жаңалығы:  қоғамдық-
экономикалық  формация,  капитализмнің  даму  заңдылықтары, 
социализмнің  жаңа  жүйе  ретінде  пайда  болуы,  ұдайы  өндіріс  пен 
экономикалық  дағдарыстар  теориясы,  тауарға  сіңген  еңбектің  екі 
табиғаттылығы,  қосымша  құн  туралы  ілімдерді  қалыптастырды, 
абсолюттік  рентаның,  жалдамалы  еңбектің  мәнін  қарастырды. 
К.Маркс  қоғамды  екі  топқа  бөлу  арқылы  барлық  экономикалық 
құбылыстар  да  талданды.  Қосымша  құнның  теория  мағынасы 
өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты. 
 
Г.Ф.Гегель  қоғам  өмірінде  экономиканың  орны  мен  мәні 
жөнінде.  К.Маркстің  экономикалық  теориясы  және  марксизмнің 
пайда болуы (Ф.Энгельс, П.Лафарг және т.б.). Анархистің экономика 
философиясы  мен  методологиясының  дамуы:  Д.С.Милльден 
А.Маршалға дейін. 
 
Қазіргі  экономикалық  ойдың  негізгі  бағыттары  (монетаризм, 
неоклассика, 
кейнсианство) 
және 
олардың 
философиялық-
экономикалық  идеялары.  Философиялық-экономикалық  бөлшегіне 
оинституционализм.  Орыс  экономика  философиясы  (С.Н.Булгаков, 
Н.Д.Кондратьев және т.б.). 
Кейнсшілдік  (ағылшынша  экономисі  әрі  публицисі  Дж. 
Кейнстің  есімімен)  -  экономикалық  қызметті  мемлекеттік  реттеу 
қажеттігін  жақтайтын  экономикалық  саясат.  Дж.  Кейнс  –  қатаң  баға 
белгіленіп  монополияландырылған  экономиканың  заңдылықтарын 
тұңғыш  зерттеуші.  Ол  нарық  тетіктерінің  құдіретті  емес  екендігін‚ 
жұмысқа  жарамды  халықтың  жұмыспен  толық  қамтылмауы  және 
өндірістік қуаттардың жұмыс істеуі жағдайында тепе-теңдіктің (тепе-
тең  шаманың)  орнатылуы  мүмкін  екенін  көрсетті.  Ол  және  оның 
ізбасарлары  дағдарыстар  және  сылбыр  шаруашылық  жағдаяты 
(конъюнктурасы)  кезеңдерінде  орнықты  экономика  өсуді  және 
жоғары  деңгейде  жұмыспен  қамтуды  қамтамасыз  ету  үшін  ағылшын 
үкіметіне  экспансиялық  қаржы  саясатын  (мемлекеттік  шығысты 
ұлғайтып‚  салықтарды  төмендету)  және  несие-ақша  саясатын 

 
 
199 
(айналыстағы  ақша  санын  көбейту)  жүргізуді  ұсынды.  Оның 
пікірінше‚  мемлекет  жұмыссыздық  пен  инфляцияның  өсуін  жою 
мақсатында‚  экономика  саясатқа  араласып‚  оны  жүргізуге‚ 
сұранымның  жалпы  шамасына  ықпал  етуге  тиіс.  Идеяның  мәнісі 
сұранымның  көлемін  ұлғайта  отырып‚  жұмыссыздықтың  көбеюін 
жоюға‚  ал  оны  қысқарта  отырып‚  инфляцияның  өсуін  болдырмауға 
болады дегенге саяды. 
 
Институционализм  –  XX  ғасырдың  90-жылдарында  тек 
әлеуметтік  ғылым  ғана  емес,  сонымен  катар  экономикалық,  саяси 
ғылымдар  да  "жаңа  институционализм"  теориясына  канық  бодцы. 
"Жаңа институционализм" теориясының негізін салушылар арасында 
көптеген келіспеушіліктер бодцы, сонымен катар институттар туралы 
ортақ  түсініктер  де  орын  алды.  Ол  институттарда  ресурстардың 
бірдей  етіп  бөлінбеуін  қолдан  отырып,  белгілі  бір  билік  етуші 
топтардың  өзара  іс-қимыл  ережелерін  ұсынуына  мүмкіндік  беретін 
әлеуметтік конструкциялар деп түсіндірді[2]. 
  Экономикалық методологияның негізгі принциптері. 
       Экономикалық  методология:  оның  мақсаттары  мен  міндеттері. 
Экономикадағы негізгі әдістер. Басты методологиялық  зерттеулердің 
даму  контекстіндегі  экономикалық  методологиясы.  Экономикалық 
ғылымдар үшін философия жалпы методология ретінде. 
     ХVІІІ – ХІХ ғғ. экономикалық методологияның эволюциясы. ХХ ғ. 
экономикалық  методологиялық  негізгі  бағыттары.  Экономикалық 
методология дамуының негізгі кезеңдері.  
 
Қазіргі экономикалық методологияның негізгі бағыттары. 
 
Экономикалық  ғылым  және  методология.  ХХІ  ғасыр 
аралығындағы  экономикалық  методологияның  негізгі  мәселелері. 
Формальды  және  математикалық  методтың  қазіргі  экономикалық 
теорияда қолданылуы. 
 
Математика  және  экономика:  тіркесушіліктің  негізгі  нүктелері. 
Математикалық  методтың  күшті  және  әлсіз  тұстары.  Экономикалық 
теориядағы математизация мен формализацияның негізгі бағыттары.  
 
Экономикадағы  негізгі  заңдар.  Микроэкономиканың  негізгі 
заңдары. 
Динамикалық 
және 
статикалық 
заңдар. 
Қазіргі 
экономикадағы эволюциялық талдау. 
 
Белгілі  философиялық  көзқарастар  тұрғысынан  қарағанда 
методология 
субъективтік, 
диалектикалық-материалистік, 
эмпирикалық,  рационалистік  және  басқа  да  бағыттарды  қолдануды 
талап  етеді.  Бұл  методология  адамдардың  таптық  құрамына 
қарамастан,  экономикалық  жүйені  тұтас  зерттеп,  осының  негізінде 
экономикалық  өркениеттің  объективтік  рационалистік  заңдар  ашып 
зерттеуді  талап  етеді.  Құрал  ретінде  математикалық  эконометрика, 

 
 
200 
11.2  Шаруашылық этикасы 
 
кибернетика  қолданылады.  Зерттеу  нәтижесі  экономикалық  үлгілер, 
схемалар,  графиктер  пайда  болады.  Рационалистік  әдіс  объективтік 
шындықты  талдаудың  тұрақты  динамикада  жүргізілуін  қалайды. 
Бұған өндіріс  болу, айырбас және тұтынушыдың ішкі байланыстары 
мен заңдарын зерттеу тәсілі жатады. 
         Рационалистік 
және 
аналитикалық 
әдістердің 
өзара 
байланыстары әсіресе соның ішінде ұдайы өндіріс пен экономикалық 
өсу  процестері  талдаулары  толық  байқалады.  Позитивтік  әдіс 
экономика ғылымының белгілі бір философиясын құруды, экономика 
туралы  білімді  тұжырымдауды,  фактілеу  суреттеп  баяндау  және 
жүйеге  келтіру  негізінде  экономикалық  ортаның  даму  заңдары  мен 
категорияларын  ашуды,  тәжірибе  қолдануды,  нарықтық  байқау-
бақылауды 
талап 
етеді. 
Демек, 
экономикалық 
ғылымның 
философиясы бұйрық-әкімшілік, нарық жүйелерінің тепе-теңдігі және 
эволюциясы туралы ілімді, олардың құрылымы мен инфрақұрылымы 
туралы ілімді  қалыптастырады.[3] 
        Танып  білудің  нормативтік  әдісі  адамдардың  барынша  жоғары 
үнемділік  принциптерге  негізделген  практикалық  әрекеттерін 
талдауды талап етеді. Бұл әдістің басты принципі шаруашылық іспен 
шұғылданатын  барлық  субъектердің  пайдасын  көздейтін  нәтижеге 
жету  болып  табылады.  Экономикалық  өмір  нақты  жағдайдағы  
фактілердің    жиынтығы  болып    табылады.  Сондықтан  бұл  әдісті 
қолдану үшін, неғұрлым жоғары дәрежені талдап, қорытынды шығару 
дәрежесіне  көтеруді  тілейді.    Экономикалық  құбылыстарды  талдау 
экономикалық  құбылысты,  оны  жеке  элементтерге  бөліп  және  әр 
элементті  тұтас  құбылыстың  қажетті  құрамды  бөлігі  деп  зерттеуді 
талап  етеді.  Ал  синтез  құбылысты  алдымен  әр  бөліктен  тұратын 
құрылым деп, содан кейін осы элементтердің біртұтас қосылымы деп 
зерттеп, жалпы қорытынды шығарады. 
 
Этика 
және 
экономика: 
сыйысушылық  немесе  сыйыс-
паушылық.  Адамгершілік  және  экономика:  ретроспективті  көзқарас. 
Әр  тарихи  дәуірдегі  экономикалық  этиканың  негізгі  теориялары. 
Шарушылық  этикасының  жалпы  негізі.  Шаруашылық  субъектінің 
этикасы:  негізгі  принциптер.  Постиндустриалды  шаруашылық 
этикасына баратын жол. 
 
Қазіргі  экономикалық  саясаттағы  міндет  пен  жауапкершілік. 
Адамгершілік 
және 
экономикалық 
саясат. 
«Адамгершілік 
шығындары»  принципі  және  оның  экономикалық  саясатта 
қолданылуы. 
 

 
 
201 
12 ТАРАУ.   ПСИХОЛОГИЯНЫҢ  ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Психологиялық  білімнің  методологиялық  аспектілері  көп 
салалы  болып  оның  негізгі  мәселелері  ретінде  төмендегілер 
қарастырылады. 
 
Методологиялық 
білімнің 
«вертикалдық» 
структурасы. 
Психологиядағы  әрекеттеілік  принципінің  методологиялық  мәні. 
Психологиялық  таным  әрекет  ретінде.  Сана  проблемасының  нақты 
ғылыми  парадигмасы.  Экспериментальды  әдістің  философиялық 
проблемалары. Психологиядағы батыстық және шығыстық дәстүрлер: 
салыстырмалы 
мінездеме. 
Психологияның 
психо-физикалық 
проблемалары.  Детерменизм  принципі,  детерменизм  түрлері, 
детерменизмнің философиялық негіздері. 
 
Практикалық  психологияның  методологиялық  проблемалары. 
Психология 
мен 
философиядағы 
сана 
проблемалары. 
Экзистенциализм  және  гуманистикалық  психология.  Психология 
және  парапсихология:  кесіп  өту  және  демаркация.  В.Франктің 
философия 
және 
логотерапиясы. 
Психологиядағы 
субъект 
проблемасы: 
С.Рубинштейн 
концепциясы. 
Психологиядағы 
антропологиялық  принцип.  Жекелік  структуралындағы  топтық 
санасыздық  (К.Г.Юнг,  С.Гроф).  Философия  мен  психологиядағы 
түсінік  проблемасы.  Массаның  психологиялық  портреті  (З.Фрейд, 
Х.Ортега-и-Гассет). 
Мәдениеттің 
психологиялық 
универсалиялары. 
Адам 
болмысы.  Оның  өмір  сүрудегі  мәдени-тарихи  келбеті  және 
психологиялық  константы.  Тепе-теңдік  және  идентификация, 
субъективтілік  және  интерсубъектілік,  толқу  және  рефлекция-
спонтандықжәне 
өзін-өзі 
түсіну, 
интериоризация 
және 
экстериоризация, 
ішкі 
және 
сыртқы, 
объективация 
және 
жаттану.Тарих  және  биография.  Психобиография  проблемасы. 
Адамның  қалыптасуының  тарихи  тәжірибесі.  Адамның  ашықтығы 
және  бұйығылығы.  Жас,  балалықтың  жалғасушылық  феномені. 
Мәдениет  және  балалық.  Европа  мәдениетіндегі  балалық  үлгісі. 
Жасөспірім.  Отбасы  және  бала.  Бала  мен  жасөспірімнің  әлемді 
елестетуі.  Отбасындағы  және  Эдип:  тепе-теңдік    және  ұқсастық 
проблемасы. Жасқа қарай «өтпелі кезең» психологиясы. Иницициялар 
және  өзгерген  ұқсастық.    Жеке  және  этникалық  ұқсастық.  Жастық 
кілті.  Жасы  толу  және  кәрілік.  Геронтологияның  психологиялық 
проблемалары.  Жекелік  және    индивидуалдық  (персоногенез 
проблемасы).  Жүріс-тұрыс  және  тәжірибе  структуралары  мәдениет 
семиозисі:  мәдениеттегі  тіл  мен  сөйлеумен  коммуникация.  Өтініш 

 
 
202 
1.1
      12.1 Мәдени өмірдің 
     интерсубъективті  
     тәжірибелері 
психологиясы 
және сөз. Тіл мен сөз биліктің құралдары ретінде. Адам және жануар. 
Инстинктілер, рефлекстер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, тілектер. 
Санасыздық  проблемасы  және  оның  құралдары.  Образ  және  сөз 
арасында.  Санасыздық  проблемасы  және  оның  құралдары.  Образ 
және сөз арасында. Санасыздық және түс көру архетиптері. Түс жору: 
З.Фрейд,  Г.Юнг,  Ж.Лакан.  Либидо  және  мәдениет.  Тілек  энергиясы: 
сублимация, 
қысылу, 
орналасу. 
«Психологиялық 
энергия»: 
циркуляция,  ауысу,  иемдену  және  қайта  иемдену.  Тілектің 
қанағатсыздығы.  Сөз  және  тілек  метафизикасы.  Психоанализ  және 
психосинтез.  Қолдану  қоғамы  шектен  шығу  культі.  Тілек  өндірісі.  
Алкоголь. 
       Мәдениет  хронотипі  және  есте  сақтау.  Мәдениет,  дәстүр  және 
мәдени  мұра  проблемасы  ретінде.  Сананың  ландшафтылары  және 
картасы:  ориентация, таңдау, қадағалау, мотивация. Руханилық және 
шын  ашықтық.  Рух  және  жан.  Рух  пен  жанның  күшсіздігі.  Жан 
дисциплинасы.  Феноменология  және  психология.  Интенционалды 
мазмұн  және  сана  актілері.  Түсінік,  үміт,  махаббат.  Махаббат 
формалары  және  түрлері.  Үміт  және  күту,  сенім,  дұрыстық,  өзін-өзі 
алдау. Шындық және адам өмір сүруінің растығы. Өзін-өзі алдаудың 
формалары. 
Қарым-қатынас  мәдениеті  әлеуметтік 
психологияның  проблемасы  ретінде. 
Қарым-қатынас  және  коммуникация. 
Диалог.  Диалогты  философиялық 
тұрғыдан 
негіздеу. 
Түсініктің 
психологиялық 
хронотипі. 
Басқаның 
хронотипі. 
Басқаның 
проблемасы. Көзқарас және дауыс. Мен. Маска (бетперде), (Персона), 
Басқамен  арадағы  дистанция  проблемасы.  Әлеуметтік  рольдер  және 
жасырыну.  Бетпердемен  ойын  айтылмаған  тілекті  қанағаттандыру 
ретінде.  Кернбергтің  шекаралық  жекелігі.  «Жарықшақты»  феномені. 
Былыққан  байланыс  және  деперсонализация.  Бейтсонның  «екі 
түйіні». 
Психиатрия, 
антипсихиатрия, 
психотерапия. 
Психотерапияның  негізгі  стратегиялары.  Ішкі  проблемалар  және 
ақылсыздық. 
 
Өмірде  ең  керекті  білім  –  қоғамда  қарым-қатынас  құра  білу, 
басқа  адамдармен  тіл  табысу.  Ықылым  заманнан  бері  бұл  қағиданы 
адам  өмірінің  негізі  ретінде  санап  келеді.  Экзистенциализм 
философиялық  бағытының  көрнекті  өкіілі  Карл  Ясперс  адам  өз 
өмірінің  мәнсідігінен,  абсурдтығынан,  өмірдегі  жалғыздығынан, 
жаттанудан  тек  шынайы  қарым-қатынас  арқылы  ғана  арылуына 
болады  деп  есептеген.  Қарым-қатынас  дегеніміз,  К.Ясперс  бойыша, 
жақын  адамдармен  бірін-бірі  жақтыру,  достық  пен  махаббат 

 
 
203 
жағдайында қауышып, ешкімге де ұқсамайтын қайталанбас ішкі жан 
дүниеңді жүзеге асыру. 
 
Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, 
диалогты  әрбір  адам  өзімен  де  жасайды.  Атақты  структуралист 
Ю.Лотман  қарым-қатынастың  схемасын  екі  түрде  былайша 
көрсеткен: «Мен – Ол» және «Мен – Мен». Біздің санамызда өзіндік 
түсінік,  пікір, ойлар  формасында  туындайтын  білім  де  тура  осындай 
екі  жолмен  игеріледі,  сіңіріледі:  адымен  басқамен  қарым-қатынас 
арқылы,  содан  кейін  өзіңмен  диалог  жасау,  яғни  рефлексия  арқылы. 
Рефлексия қарастырылатын әрбір мәселе бойынша ой толғатып, жан-
жақты  зерттеп,  өз  түсінігіңді  қалыптастыру,  өзіңді  тану  мен  түсіну, 
ішкі  жан  дүниеңе  үңілу,  өзіңмен  сырласу,  өзіңе  есеп  беру  дегенді 
білдіреді.  
     Ғылым,  өнер,  дін  психологиясы.  Адамның  рухани  тәжірибе 
объективациясы. Объективтілік. Шындық және өтірік. Шындық және 
алдау.  Қарапайымдылық  және  толқу  интенсификациясы.  Діни 
толқудың 
уақыты 
және 
кеңістік. 
Имманенттілік 
және 
трансценденттілік. Бостандық: өзіңдікі және басқаныкі. Үнсіздік және 
жалбарыну,  өтініш  және  заң,  билік  және  әлсіздік,  жекелік  және 
анонимділік.  Діни  символизмнің  психологиясы.  Руханилықты  игеру 
проблемасы.  Морализм  және  утилитаризм.  Құндылықтар  толқуы. 
Жоғары  құндылықтарға  деген  махаббат,  эстетикалық  толқулар 
психологиясы.  Суретші  көзінің  қатысуындағы  түрлері  мен 
формалары. Психология және шығармашылық. 
 
Американдық  философ  Джон  Дьюи  білімді  тәжірибе  деп 
түсініп, оны құрастыруда ортаның алатын орнын ерекше атап кеткен: 
«Тәжірибе индивид пен оны қоршаған ортаның әрекеттесу процесінде 
пайда  болады».  Үйренушілер  қомақты  нәтижелерге  өзара  қарым-
қатынас  пен  әрекеттесу,  бірлескен  әрекеттер  арқылы  жететіндігін 
біледі,  сол  себепті  де  олар  үйренудің  нәтижесіне  деген  өз 
жауапкершіліктерін  түсінеді.  Сондықтан  мұндай  қарым-қатынаста 
жақсы  психологиялық  климаттың,  сенім  атмосферасының  алатын 
орны  аса  маңызды.  Ортада  тұлғаның  жан-жақты  дамуы,  бірлескен 
өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар 
мен  жағдайлар  жасалады,  оның  еркіндігін  меңзейді.  Бұл  еркіндік 
өзара  сыйласымдық,  жолдастық,  бір-біріне  бейімделу  және  бөтен 
пікір  мен  көзқарастарды  жағымды  тұрғыдан  қабылдау  мен  оларды 
түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады. 
  Француз  психологы  Ж.  Пиаже  индивидтің  танымдық  құрылы-
мының  дамуына  және  олардың  тәжірибеге  және  әлеуметтік  ықпал 
етуге байланысты алдағы уақытта қайта  құрылуына назар аударады. 
Оның  пікірінше  бұл  кезеңдер  нақты  бір  бірізділікте  бірін-бірі 

 
 
204 
ауыстырып  отыратын  сенсорно-моторлы  (туғаннан  бастап  2  жасқа 
дейін),  операциональды  (2  жастан  7  жасқа  дейін),  нақты    опера-
циялар  кезеңі  (7  жастан  11  жасқа  дейін),    формальдық  операциялар 
кезеңі (12 жастан  15 жасқа дейін).  
Бірқатар    психологтар  мен  әлеуметтанушылар    әлеуметтену 
үдерісі  бүткіл  өмір  бойы  жүріп  отырады  және  үлкендердің  әлеумет-
тенуі  балалардың  әлеуметтенуінен  бірнеше  сәттермен  ерекшеленеді 
деп  есептейді.  Егер  үлкендердің  әлеуметтенуі  оның  сыртқы  мінез  -
құлқын  өзгертетін  болса,  ал  балалардың  әлеуметтенуі  олардың  құн-
дылықты  бағыт-бағдарын  қалыптастырады.  Үлкендердің  әлеумет-
тенуі  адамдардың  белгілі  бір  дағдыларын  иеленуге  көмектессе, 
балалардың әлеуметтенуі көпшілігінде мінез- құлық мотивациясымен 
анықталады.  
Әлеуметтенудің механизмдеріне жататындар: агенттер + фактор-
лар  =  әлеуметтену  механизмдері.  Әлеуметтену  механизмдерін    екі 
негізгі  топқа  бөліп  қарастырамыз.  Олар:  әлеуметтік-психологиялық 
механизмдер; әлеуметтік-педагогикалық механизмдер. 
 Әлеуметтік-психологиялық 
механизмдердің 
құрамына 
импритинг,  экзистенцианалдық    қысым,  еліктеу,  сәйкестену, 
рефлексия.  Импритинг  -  адамның    рецепторлық  және  санадан  тыс 
деңгейде  өмірлік  маңызы  бар  объектілердің  ықпал  етуші  ерекшелік-
терін  белгілеп  алуы.  Экзистенцианалдық    қысым-  әлеуметтік  мінез  - 
құлық нормаларын тіл  және санадан тыс меңгеруі. Еліктеу- адамның 
әлеуметтік  тәжірибені  ерікті  түрде  тыс  және  ерктен  тыс  жолмен 
меңгеруі.  Сәйкестену  -    адамның  өзін  басқа  адамдармен,  топпен, 
үлгімен барабар етуі. Рефлексия- ішкі диалог, адам сол немесе басқа 
бір  құндылықтарды  қарастырады,  баға  береді,  қабылдайды  немесе 
қабылдамайды. 
Педагогикалық 
мақсат 
қалыптастыруда 
жеке 
тұлғаның 
планетарлық  және  жалпымәдени  санасын  қалыптастыруды  және 
дамытуды  есепке  алуымыз  қажет.  Бұндай  сананың  мазмұндық  жағы 
жалпыадамзаттық  құндылықтармен  анықталады.  Түрлі  аймақтар  бір-
бірінен  өзінің  табиғи-климаттық  жағдайларымен,  экономикасының 
және  мәдениетінің    ерекшеліктерімен  ажыратылады.  Тарихи  өткен 
жолына,  қоғамда  қол  жеткен  деңгейлеріне  және  даму  болашағына 
қарай  адам  идеалы  қалыптасады.  Саясаткердің,  идеологтың  белгілі 
бір  типі  қалыптасады,  мемлекетке  тән  әлеуметтік  практика 
қалыптасады. 
 
 
 
 

 
 
205 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет