Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет2/24
Дата02.03.2017
өлшемі1,74 Mb.
#5148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

1.2       Ф. Бэконның 
философиясындағы 
ғылым бейнесі 
 
    Қозғалыс  тұтастығының  мәселесі  маңызды  болып  табылады,  олар 
«қозғалыс  тасымалдаушысының  жоқтығы»  деген  ұғымға  ие  болады. 
Жалпысында,  қозғалысты  зерттейтін  физика  басқа  да  Аристотельдің 
жалпы ғылыми трактаттарларының теориялық кіріспесі болып табылады. 
Мысалы,  «Аспан  туралы»  трактатын  алсақ,  мұнда  аспан  дегеніміз 
қозғалыссыз жұлдыздар және жермен қоршалған сфераны қарастырады.  
          Осыдан, Ғарыштың тұтастығы қарастырылады, яғни «ай үстіндегі» 
дүниенің  ерекшелігі,  біздің  «ай  астындағы»  дүние  заңдылықтары, 
олардың  дәстүрлі  элементтері:  жеңіл  (от,  ауа),  ауыр  (жер,  су),  олардың 
байланысы,  қасиеттері,  іс-әрекеттері.  «Элементтер  арасындағы 
айырмашылық  конфигурациямен  анықталмайды.  Себебі,  әрбір 
элементтің  өзіндік  қасиеттері  болғандықтан,  оларды  басқаларынан 
ерекше қарастырғанымыз дұрыс болып табылады».  
Сонымен,  Аристотельдің  ғылыми  классификациясы  метафизика 
мен  физиканың  теориялы-логикалық  өзара  байланысын  нақтылап 
өзектейді, яғни ол ғылыми феноменнің философиялық талдауының негізі 
болып табылады.  
 
              
Фрэнсис  Бэкон  (1561-1626)  –  Жаңа 
заман  кезіне  тек  өзінің  философия 
жүйесінің 
объективті 
мағынасы 
бойынша  ғана  қатысты  емес,  сонымен 
бірге  ол  адам  мен  қоғам  өміріндегі  ғылым  рөлінің  прогрессивтілігін 
саналы түрде жеткізуші ретінде де қалыптасқан.  
Бэкон ғылымды суға ұқсататын. Ол не аспаннан жауады, не жер 
астынан шығады. Су тәріздес ғылым көзі не жер, не су болып келеді. 
Ол екі жақты білімді қамтиды: бірінші Құдаймен беріледі, ал  екінші 
сезімталдық мүшелерінен бастауын алады. Сонымен, Бэкон ғылымды 
теология мен философияға бөледі. Бэконның пікірі бойынша шындық 
екі  жақты  болып  келеді.  Бэкон  осы  екі  ғылым  бөлімдерінің  нақты 
шектелуін,  бөлінуін  талап  еткен.  Құдайды  санамен  түсіну  өте  қиын. 
Бэкон, Құдайды барлық заттар мен жәндіктердің, адам мен дүниенің 
жаратушысы  ретінде  ұсынады.  Бірақ,  суретшінің  салған  суреті 
бойынша  оның  күштілігін  бағалауға  болса,  Құдайдың  да  құдіретін 
көруге  болады.  Осыдан,  Бэкон  келесідей  қорытынды  жасады,  яғни 
Құдай  ғана  сенім  объектісі  болады  және  болуы  тиіс.  «Сенімге 
тиесіліні  бер»  деп  Бэкон  христиандардың  сүресін  қайталайды. 
Ғылымның  екі  аймағы  –  теология  мен  философия  бір-бірінің 
аймағына  араласпауы  тиіс.  Әрқайсысы  өзінің  қызметін  өздеріне 
қатысты  шеңбермен  шектеуі  тиіс.  Теология  пәні  Құдай,  оған  ашылу 
арқылы  жетуге  болады,  ал  философия  табиғатты  зерттейді,  ол 
тәжірибе  мен  бақылауға  негізделеді.  Шындықтың  екі  жақтылық 

 
 
13 
теориясы  Бэкон  кезінде  табиғатты  меңгерудің  жалғыз  жолы  ғана 
болатын.  Бэконның  оқыту  орталығында  –  адам  емес,  керісінше 
табиғат,  сыртқы  ортаны  тану,  адам  мен  табиғат  күшін  меңгеру 
сияқты.  
Бэкон,  өзінің  жаңашылдықтары  туралы  құмарлана  айтатын. 
«Бірақ орын алған ғылымдар тәжірибелік әдістердің қалыптасуына еш 
ықпалын  тигізбейді»  деп  те  наразылығын  білдіретін.  Бэкон  адам 
білімін  кеңейтуді,  білімді  жетілдіруді  алдына  мақсат  етіп  қойған. 
Бэконның  ғылыми  қызметінің  негізі,  мәні  ол  ғылымның  қайта 
туындауы  болып  табылады.  Ғылым  тәжірибеден  алда  жүріп, 
жаңалықтарға  жол  сілтеушісі  болуы  тиіс.  «Бізге  жол  сілтеуші  жіп 
қажет»,  өйткені  осы  уақытқа  дейін  адамдар  кездейсоқтық  пен,  әс-
әрекетпен  негізделіп  келген  болатын.  Бірақ  табиғат  құбылысының 
тереңдігін  ашу  үшін  адамның  ой–санасын  тереңдету  қажет. 
Табиғатты тану үшін, адам миы дамып, бізге қатысты емес жағдайда 
оны меңгеріп және қолданып көруі тиіс.  
          Бэкон  «Органон»  деген  еңбегін  логика  ретінде  ескереді.  Тек 
жаңа  логиканың  құрылуы,  яғни  әдісті  ойлау  шектеуін  тәжірибеге 
сәйкестендіріп,  теорияны  табиғатпен  күресудің  күшті  әдісіне 
айналдыруға  болады  деген.  Ақиқатқа  жүгінсек,  бұл  әдіс  адамның 
жаңа  ашылулары  мен  жаңашылдықтың  ең  жақсы  әдісі  болып 
табылады.  Бэконның  пікірі  бойынша  силлогизмнің  ескі  әдісі  мұнда 
әлсіз  болып  келеді.  Адамның  заттарға  үстемдік  етуінің  орнына, 
силлогизм  пікірге  үстемдік  бола  алады,  ал  оның  негізгі  мақсаты  – 
нағыз ғылыми әдістемеліктің осындайға ұмтылуы.  
   Сонымен, бұл әдіс Бэкон үшін терең тәжірибелік мағынаға ие. Ол 
күшті өзгертуші күш болып табылады, себебі ол адамның теориялық 
және  тәжірибелік  қызметінің  дұрыс  бағытқа  салынуына  көмегін 
тигізеді. Ғылымның барлық ғимараттарын қайта салу үшін теорияның  
өмірден  қалу  себептерін  айқындап  алу  қажет.  Бэкон  пікірі  бойынша 
бұл  себептер    адамның  ойы,  миы  қабылдайтын  әр  түрлі  пікірлер. 
Ф.Бэкон таным процесінің қандай жолмен жүретінін ғана көрсетпей, 
сонымен бірге ақиқи білім алудағы адамға жолығатын кедергілерді де 
анықтады.  Осы  кедергі,  себептерді  ол  астарлы  атау  «елестер»  деп 
атап, оның төрт түрін қарастырды: 
1.
 
Тектік  елестер,  ол  адамның  тектік  табиғатының  негізіне 
салынған.  Адам  осы  рухтар  ықпалымен  табиғатты  өзіне  ұқсас  етіп 
көргісі келеді. Бэкон пікірі бойынша адам ойы тегіс емес айнаға ұқсас 
келеді,  ол  өз  табиғатын  заттардың  табиғатымен  араластырып, 
бұрмаланған  түрінде  көрсетеді.  Тек  рухтары  дүниетанымды 
атропоморфизмге және теологизмге алып келеді.  

 
 
14 
2.
 
 Үңгір елестері, ол адамның жеке дара қабілетінен туындайды, 
ол тәрбиеге де байланысты келеді, өйткені кейбір адамдар табиғатты 
үңгірден  бақылап  отырғандай  қабылдайды.  Бұл  рухты  Бэкон 
бойынша ұжымдық тәжірибе мен бақылау көмегімен жеңуге болады.  
3.
 
Жәрмеңке  елестері  жатақхана  мен  адамдар  арасындағы  одақ 
формасының  негізінде  туындайды.  Мұнда  маңызды  рөлді  сөйлеу, 
ескірген  түсінік,  дұрыс  емес  сөйлеу,  бұрмалау,  ұғымдарды  дұрыс 
қолданбау. Бұл рухтардан бас тартудың жолы, ол орта ғасырлық бос 
сөзбен, бекер уақыт кетірумен күрес болып табылады. 
4.
 
Театр  елестері,  мұнда  беделге  бағыну  орын  алады,  әсіресе 
дәстүрлі  философиялық  жүйе,  олар  өздерінің  тізбектілігі  бойынша 
театрдағы  ойынға  ұқсас  келеді.  Мұндай  ойлау  күшін  жеңу  үшін, 
Бэконның  пікірі  бойынша  табиғатты  тікелей  зерттеу  тәжірибесіне 
жүгіну қажет.  
«Тек» пен «үңгір» елестері ойдың қарапайым қасиеті, ал «жәрмеңке» 
мен  «театр»  рухтары  оймен  қабылданатын  қасиет.  Олар  ғылыми 
таным  жолында  үлкен  кедергі  болады,  табиғаттың  шынайы  келбетін 
бұрмалайды.  Сондықтан,  Бэкон  үшін  елестерді  жеңу  процесі 
ғылымның қалыптасу және қабылдаудың жаңа әдісінің шарты болып  
табылады.  
Бэкон,  ғылымның  қалыптасуына  кедергі  келтіріп  отырған 
себептерді  анықтаумен  айналысты.  Мұндай  себептердің  біреуі,  ол 
адамдардың өткенге деген құрметі, бұрынғы философтар алдында бас 
июлері, өткеннің қазіргіге қатысты төрешінің орнын алмауы тиіс. Біз 
бұрынғы философтардың пікіріне қайшы келіп қалуға қорықпауымыз 
керек.  Өйткені  біздің  мақсат  –  ол  жаңа  ойлау  жолын  ашу  болып 
табылады.  
Осыған  байланысты  Бэкон  Аристотельдің  рухына  деген  өзінің 
қатынасын негіздеген. Оның пікірі бойынша ой, сана бос болуы тиіс, 
ал  дәлел  –  нақты  және  тізбекті  болуы  қажет  деген  пікірде.  «Өйткені 
шындық  біз  үшін  даңқ  емес,  керісінше  уақыт  қызы  ретінде  келуі 
тиіс». 
Ғылымның 
даму 
тежеуішін 
зерттей 
отырып 
Бэкон 
философияның  тағы  бір  тұрақты  дұшпанын  еске  түсірді.  «Бұл 
дұшпан–бағынушылық». Сондықтан Бэкон шындықтың екіжақтылық 
теориясын  ұстануды  жөн  көрді.  Бэкон  бойынша  танымның  шынайы 
объектісі – ол материя, оның құрамы мен құбылысы.  
         Өмір сүруге тиесілінің барлығы ғылымды да меңгеруге  құқылы, 
себебі  ол  тек  шынайылықтың  сипаты  болып  келеді.  Осыдан  Бэкон 
философиясында 
жаратылыстану 
мағынасы 
пайда 
болады. 
«Жаратылыстану  шыншыл  ғылым  болып  келеді,  ал  физика–
жаратылыстанудың  маңызды  бөлігі».  Бэконның  пікірі  бойынша 

 
 
15 
жаратылыстану  адамның  өмірінде  аз  ғана  үлеске  тиесілі  болған. 
«Философия жаратылыстанумен бірге ғана пайда әкеле алады» дейді 
ол. Бэконның білім мақсаты анық, яғни «ғылымның мақсаты ол адам 
өмірінің  шынайы  жаңашылдықтармен  байытылуы,  яғни  жаңа 
құралдарды  меңгеру».  Сонымен,  Бэкон  айтуынша  ғылым  өздігінен 
маңызды  емес,  оның  маңыздылылығы  адамға  тигізетін  пайдасында. 
Бэкон  үшін,  таным  объектісі  –  ол  табиғат,  ал  таным  міндеті  – 
табиғатты зерттеу, таным мақсаты – адамның табиғатты бағындыруы. 
Силлогистердің  пікірлері  бойынша,  ғылымның  рөлі  –  ол  бір 
түсініктен  екіншісін  анықтау,  жалпыны  жекеден  жіктеу.  Оларды 
нақты  фактілері  идеяны  тудырады.  Бірақ  бұл  әдіс  келесіге  алып 
келеді:  «дүние адам ойының алдында құлшылық   етеді, ал адам ойы 
сөздің алдында құлшылық етеді».  
        Бэкон  бойынша  ең  негізгісі  –  ол  тәжірибе  және  индукция. 
Индуктивті  әдісті  дұрыс  қолдану  адамның  ойын,  табиғаттың  ең 
құпиялы  қасиеттерін  дұрыс  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Табиғатты 
бағындыру үшін, оның заңдарын толық білу қажет. Бірақ қандай білім 
шынайы,  қандай  білімнің  көмегімен  адам  табиғатты  бағындыра 
алады?  Шынайы  ғылым  –  ол  себептерді  анықтау.  Себептердің  төрт 
түрі бар: материалды, іс-әрекет етуші, оны зерттеу физика құрамына 
кіретін,  формальды  және  аяқты,  ол  метафизикаға  қатысты. 
Материалды  және  әрекет  себептерін  ашу  шынайы  білімді  бермейді. 
Шынайы  білім  формальді  себептердің  негізіне  салынған.  Әрине 
мұндай себептер теология пәні ретінде қолданылады. Индуктивті әдіс 
– форманы тану жолы. Бэкон философиясы бойынша индукция, оны 
қолдану әдісі, зерттеулерді меңгеру өзара байланысты келеді.  
         Бірақ 
Бэконның 
ғылымдылық 
жіктемесі 
субъектінің 
ерекшелігіне  байланысты  келеді.  Заттың  образы  сезу  мүшелері 
арқылы  миға  кіріп,  ізсіз  жоғалып  кетпейді,  ол  есте  сақталып  қалуы 
мүмкін.Адамның осы қабілеттері, Бэкон бойынша, ғылымды жіктейді. 
Есте  сақтау  қабілеті  –  тарих  негізі,  ой  –поэзия  негізі,  сана  – 
философия  негізі.  Тарих  екіге  бөлінеді:  адамзаттық  және 
жаратылыстану.  Жаратылыстану  тарихы  мазмұндаушы  және 
индуктивті  болып  бөлінеді.  Философия  келесідей  жіктелінеді: 
жаратылыстану  философиясы,  табиғатты  зерттеу  философиясы, 
адамды  зерттеу  философиясы,  Құдайды  меңгеру  философиясы. 
Поэзия 
келесідей 
бөлінеді: 
параболистикалық, 
драмалық, 
сипаттаушы.  
         Сонымен  Бэконның  тарихи  орны  ерекше,  ол  жаңа  уақыттағы 
тәжірибелі ғылымның шынайы басшысы болады. 
 

 
 
16 
 
1.3     Р. Декарттың  
творчествосындағы  
философия және ғылым 
 
Р.Декарт  қазіргі  еуропалық  ғылым-
ның  бастамасында  тұрған  ұлы 
ойшылдардың 
бірі. 
Оның 
шығармашылығында  онтологиялық 
мәселелерге  деген  қызығушылық 
пен математика, физика, космогония, физиология аймағындағы терең 
зерттеулер, негізгі әдістер үйлесім тапқан болатын. Оның зерттеулері 
философиялық  ұсыныстармен  үздіксіз  байланысты  және  олар 
дүниенің механикалық суретінің негізіне салынды.  
           1637  жылы  «Әдіс  туралы  ойлар...»  деген  өзінің  бірінші 
жұмысын және оған қосымша «Геометрия», «Диоптрика», «Метеоры» 
атты трактаттарын жария етті.  
Декарт дайындаған философия мәселелерінде маңызды орынға таным 
әдісі алынған болатын. Декарт, бүкіл білім үшін шынайы және толық 
сипатты әдіс іздеуде болды, ол осы негізде бүкіл ғылымның шынайы 
ғимаратын құрғысы келген. Схоластикада мұндай әдісте негіз де жоқ. 
Сондықтан,  Декарттың  философиялық  ойларының  негізі  –  ол 
жалпыға танымал шындықтың күмәнділігі. Бірақ, Декарт үшін күмән 
агностикамен  скептиканың  дәлелсіздігі  емес,  ол  тек  алдын-ала 
қолданылатын  әдістемелік  әдіс,  құрал,  яғни  оның  көмегімен  бір 
шындықтың бетін ашуға болатындығын айтады. Декарттың қысқаша 
ойы келесідей:  «Мен нақты  адам  екеніме сенімім жоқ,  мүмкін  менің 
рухым  жануарға  не  болмаса  басқа  тәнге  тән,  бірақ  менің  ойым 
шынайы  және  нақты.  Ойлар  мен  сенімдермұны  қате  болуы  мүмкін, 
бірақ ойлау фактісінің өз-өзі шынайы болып келеді». Осындай ойдың 
қорытындысы мынадай: «Ойлаймын, сондықтан өмір сүремін».  
Осы  тезиске  сүйене  отырып  Декарт  былай  деп  қорытады:  «Біз  бұл 
шындықты  сезім  не  дедукция  көмегімен  алмағандықтан,  оны  алуға 
мүмкіндік  беретін  әдіс  болуы  тиіс».  Бұл  Декарт  пікірі  бойынша 
шынайы  және  ашық  ой  әдісі:  «Біздің  ойлағанымыздың  барлығы 
шынайы  болуы  тиіс».  Сондықтан,  Декарт  Құдайдың  бар  екендігін 
дәстүрлі аргументтермен дәлелдейді.  
Құдайдың  болуы  біздің  әрекетіміздің  қабілеті  мен  күштілігі  дұрыс 
қолдану  кезінде  шынайы  болуы  тиіс.  Бұл  кезде  Декарт,  табиғаттың 
мұндай  заңдылығын  жоққа  шығарған  жоқ.  Бірақ,  Декарт  мұны  еш 
жерде  түсіндіріп  кетпесе  де,  оның  ұсынысы  бойынша  Құдай  жерді 
жарата  отырып  белгілі  бір  жоспарға  сүйенген,  мұнда  барлық  әлем 
жеке  және  тұтастай  көрсетілген.  Мұндай  жоспар  адам  миына  да 
салынған,  сондықтан  ой  табиғатты  таниды,  білімді  меңгереді,  оны 
іске асыра алады.  
Өз қабілетіне сенудің негізінде, Декарт келесідей қорытынды жасады: 
материя  бар,  өйткені  біздің  ойымыз  анық  және  нақты.  Материя 

 
 
17 
созылмалы,  ол  кеңістікте  қозғала  алады,  қозғалады  және  орын 
алмастырады. Декарт бос кеңістікті жоққа шығарады. Материя негізі 
созылмалы, ой негізі – ойлау, олар бір-біріне байланысты емес, яғни 
Әлем  бір-біріне  ұқсас  келмейтін  екі  субстанциядан  тұрады  –  ол 
рухани және дене.  
Декарт өзінің әдісінің негізін келесідегі 4 тәртіп негізінде сипаттайды:  
-
 
абсолютті айқын дегеніміз, ойға анық, нақты келетіні, ешқандай 
күмән келтірмейтін білім болуы керек
-
 
әрбір  мәселені  шешу  үшін  оны  көптеген  бөлшектерге  бөлуге 
болады; 
-
 
ойды тәртіпке келтіру, қарапайым заттан күрделі заттарға көшу; 
-
 
еш  нәрсені  жіберіп  алу  қаупі  болмауы  үшін,  зерттеудің 
логикалық  жүйесінде  бірде-бір  буынды  түсіріп  алмай,  дәлелді, 
логикалық қатаң бірізділікті сақтау қажет. 
Мұндай әдіс, Декарттың пікірі бойынша, табиғатты бірдей меңгеруге  
мүмкіндік береді. Декарт материяны үздіксіз ретінде қабылдайды, ол 
атомистикалық  ұсыныстарын  жоққа  шығарып  береді,  өйткені  ол 
физика заты емес, керісінше стереоматерия кеңістігі болып табылады. 
Сондықтан  Декарт  шығармашылығында  математикалық  зерттеулер 
ерекше орын алады.  
      «Геометрияда» Декарт алғашқы рет айнымалы көлем мен функция 
түсінігін  енгізген.  Айнымалы  көлем  түсінігін  Декарт  екі  жақты 
түсіндіреді,  айнымалы  ұзындық  кесіндісі,  тұрақты  бағыт-нүктенің 
ағымындағы  координатасы,  ол  өзінің  қозғалысымен  қисықты  сызып, 
оны  үздік  сан  айнымалысы  ретінде  сипаттайды.  Ол  осы  кесіндіде 
барлық  сандар жиынтығын көрсетеді. Айнымалының  екі жақтылығы 
геометрия  және  алгебра  түсінігінің  болуына  негіз  болады.  Шынайы 
санды  Декарт  әрбір  кесіндінің  жекеше  қатынасы  ретінде  көрсетеді. 
Декарт  теріс  сандарға  бағытталған  ордината  ретінде  түсінік  берген. 
Бізге  дейін,  негізінен  өзгермеген  түрінде  Декарт  енгізген  айнымалы 
көлемдегі  шартты  белгілер  жүйесі,  коэффициенттер  мен  дәрежелер 
жетті.  
Декарт  теңдеу  қасиеттеріндегі  бірталай  зерттеулердің  басын 
қалады:  ол  оң  және  теріс  түбір  астындағы  сандарды  анықтаудың 
ережесін  жасап  шығарды,  нақты  түбір  шеңберін,  өткізіңкілік 
мәселесін көтерді, 3 дәрежелі теңдеудің шешімі квадратты радикалда 
екендігін  анықтады  және  оны  циркуль  және  сызғыш  көмегімен 
шешуге болатындығын дәлелдеді. 
Декарттың  дербес  материалдық  созылмалы  субстанцияның  бар 
болуының  онтологиялық  идеясынан  оның  кеңістікті  зерттеуге  деген 
қызығушылығы  анықталды,  математикалық  сипаттар,  алгебралық 
әдістемелер  арқылы.  Осыдан  бұрын  жеке  қалыптасқан  алгебра  мен 

 
 
18 
геометрия  сияқты  пәндердің  өзара  байланысы  пайда  болды,  оның 
салдарынан  математиканың  жаңа  саласы  –  аналитикалық  геометрия 
пайда болды.  
Аналитикалық  геометрияда  Декартпен  қатар  П.Фермада  өз 
үлесін қосқан. Декарттың ең негізгі жетістігі ол координаталар әдісі. 
Геометрияны зерттеу аймағына Декарт «геометриялық» сызық әдісін 
енгізген  болатын,  оның    көмегімен  шарнирді  механизм  қозғалысын 
сипаттауға  болады.  Ол    оғалы    деп  аталатын  әдісті  құруға  үлесін 
қосқан.  Сонымен  қатар  Декарттың  басқа  да  жаңашылдықтарын  да 
атап кетуге болады: циклоид көлемін анықтау, циклоидқа қатыстыны 
жүргізу, логарифмикалық спиральдің қасиетін анықтау.  
Жалпы,  Декарттың  «Геометриясы»  математиканың  дамуына 
үлкен  ықпал  етті.  Оның  идеяларынан  жаңа  уақыт  математикасының 
жетістіктерінің  негізі  қаланған  –  дифференциалды  және  интегралды 
есептеулер, олар Г.Лейбниц пен И.Ньютонмен жасалынған және олар 
классикалық физиканың математикалық негізі болып есептелінді.  
Ғылым үшін идеалдылық қағидасын жасау өте маңызды болады. 
Алғашқы  болып  мұндай  идеализация  негізін  Г.  Галилео  салған 
болатын.  Негізгі  элементарлы  процесті  айта  отырып  –  қозғалыс, 
шеңбер бойымен қалыпты қозғалысты қамтамасыз етті.  
Декарт  Галилейдің  ұсынысын  толықтырып  түрін  өзгертті,  ол 
қозғалыс заңының екі негізін қалады: «қозғала бастаған зат, алдында 
кедергі кездескенше қозғалыста бола береді» және «материяның әрбір 
бөлшегі  жеке  дара  түрінде  өз  қозғалысын  қисық  бойынша  емес, 
керісінше тігінен жалғастырады».  
Осы  екі  ұсыныс  біріге  отырып,  Ньютонның  алғашқы  механика 
заңының  сипатын  қабылдады,  яғни  Ньютон,  Галилео,  Декарт 
кеңістікпен  инерцияның  әртүрлі  концепциясын  қарастырған  екен. 
Сонымен  қатар  олар  дүние  туралы  әртүрлі  философиялық 
ұсыныстарға негізделген.  
Декарт  өз  заңдарын  өзі  қабылдаған  әлем  заңдарына  сәйкес 
келтірген.  Ньютон  Декарттың  натурфилософиялық  көзқарасын 
өзгеше  қарастырды.  Шындығында  олар  екі  заңдылықты  ұқсас 
негізінде  қарастырды,  бірақ  олар  өз  әлемдерінің  өзгешелігіне  сәйкес 
қарастырған болатын.  
Декарттың 
 
космологиялық 
және 
космогоникалық 
зерттеулерінде  маңызды  роль  қозғалыс  концепциясына  қатысты 
қозғалыс  түсінігімен  алмастырған.  «Философия  бастамалары»  атты 
еңбегінде  ол  бір  заттың  қозғалысы  мүмкін  емес  деп  қарастырған, 
өйткені  әрбір  қозғалыс  өзара  қозғалыста  болады,  материяның 
айналымы.  

 
 
19 
Қозғалыс  жөніндегі  түсініктен  тыныштық  жөніндегі  түсінік 
пайда  болды,  сондықтан  Декарттың  пікірі  бойынша  әлемде 
қозғалыссыз  нүкте  жоқ.  Материалдық  бөлшектердің  шырайналым 
қозғалысы, құйынды ортаға тартқыш күш қозғалысын құрайды. Осы 
құйынды  ағын  негізіне  таза  механикалық  процесс  бойынша  барлық 
ғарыштық денелер құрылады.  
Декарттың  құйындылық  теориясы  үш  жақты  бөлшектерден 
тұратын оқыту негізі болып келеді, олар келесідей жіктелінеді:  
1. Бөлшек, шексіз ұсақ бөлшектер;  
2. Қайралған қозғалыстағы, шар тәрізді бөлшектер; 
3. Үлкен, аз қозғалатын, қырлы бөлшектер.  
Құйын  қозғалысы  барысында  ең  бірінші  болып  Күн  және 
Жұлдыздар  пайда  болды,  екінші  –  аспан,  үшінші  –  жер,  планеталар, 
кометалар.  
Декарттың  философиялық  идеясы  бойынша  космогоникалық 
концепция  құрылады,  мұнда  механикалық  қозғалыс  орын  алады, 
өйткені  ол  әлем  тұтастығының  негізі  ретінде  алынады,  бірақ 
математикада  сияқты  айнымалы  шаманы  енгізумен  байланысты 
әлемді дамытудың негізгі идеялары салынады.  
Декарт  «Диоптрикасында»  жарықты  сындыру  заңын,    сау  көз 
қызметі  мен  ақауы  бар  көздің  қызметін,  линзалар  мен  көру 
трубаларының  қызметін  қарастырып,  оптиканың  негіз  теориясын 
дамытты.  Декарт  сәуленің  толқынды  теориясының  негізін  қалаушы 
және  ол  қозғалыстың  «векторлы»  талдау  амалын  қолданып  көрді, 
себебі  жарық,  оның  пікірі  бойынша  «қозғалысқа  деген  талпыныс» 
болып табылады. 
Декарт  сфералық  аберрация  теориясын  дамытуда–бейнелеудің  
бұрмалануы, линзаның сфералық түрде келтірілуі, және де оны қалай 
түзетуге  болатындығын  көрсетеді.  Ол,  телескоптың  толқынды  күшін 
қалай  орнатуға  болатындығын  анықтап,  оны  кейіннен  иристі 
диафрагма  деп  атайды.  Сонымен  қатар,  ол  телескоп  іздеушісін, 
суреттің  жарықтығын  арттыру  үшін  белгіленген  параметрі  бар 
гиперболикалық  бетті  дайындады,  конденсор  мен  конструкцияны 
зерттеді,  оның  көмегімен  микроскоптың  нәзік  қозғалыстарын  да 
жүзеге асыруға болатын.  
Осы  зерттеу  бөлімінде  Декарт  өзінің  философиялық  және 
методологиялық  идеяларын тізбекті  түрде дамыта түсті. Мысалы, ол 
анықтаған сәулені бұзу заңы, яғни сәуленің түсу бұрышының синусы 
тұрақты  түрде  оның  бұзылу  бұрышының  синусына  қатысты  болып 
келетіндігін  айтты.  Осының  нәтижесінде,  ол  жаңа  астрономиялық 
жаңашылықтарда  қолданған  оптикалық  линзалардың  эмпирикалық 

 
 
20 
ізденісінен  линзаның  негізделу  механизмінің  теориясына,  яғни 
оптикалық заңдылықтың рационалды сипатына көшті. 
«Метеорда»  Декарт  жылудың  сұйықтық  тәрізділік  түсінігін 
жоққа  шығарды  және  оны  кинетикалық  жылу  теориясы  ретінде 
қалыптастырды. Ол, сонымен қатар ерекше жылу идеясын да ұсынған 
болатын,  мұнда  әрбір  заттың  жылуды  алу  және  сақтау  мөлшері  бар 
делінген, 
осыған 
байланысты 
ол 
газдың 
көлемі 
мен 
температурасының  өзара  қатынасы  туралы  заңнама  ұсынысын 
жасаған  болатын  (кейіннен  ол  Шарль  заңы  деп  аталады).    Декарт, 
желдің,  бұлттың,  жауын-шашындардың  бірінші  ғылыми  теориясын 
ұсынып,  кемпірқосақ  құбылысына  нақты  және  дәлелді  сипат  берген 
болатын.  Декарттың  физиологиялық  жұмыстары  У.Гарвеннің  қан 
айналымы  туралы  оқытуларында  негізделген.  Декарт  әртүрлі 
жануарлардың  ішкі  құбылыстарын  және  эмбриондардың  даму 
кезеңдерін  зерттеген  болатын.    Жануарларда  сана-сезімнің  болуын 
мойындамаған,  ол  оларды  автомат  тәріздес  көрген,  яғни  оларда  не 
жан  жоқ,  не  ойлау  қабілеті  де  жоқ.  Жануарлар  денесі  сияқты  адам 
денесі де Декарт үшін күрделі механизмге ұқсас болады, өйткені олар 
көптеген материалды элементтерді қамтитын және қоршаған ортаның 
әсерінен әртүрлі күрделі қозғалыстар жасауға қабілетті болатын.  
Мұндай  түсіндіру  оның  философиялық  көзқарасына  сәйкес  келетін, 
бірақ  осы  түсінікті  одан  әрі  дамытып,  Декарт  қызықты  жаңалық 
ашады, ол рефлекторлық доға туралы ілім болды. 
Бастапқыда  Декарт  әсерді  таза  механикалық  көзқарасты  біреу 
жіпті тартып отырғандай қабылдаған. Жүйкені жіпке ұқсатты. Декарт 
ми  мағынасын  басқарушы  орталық  ретінде  түсінетін,  яғни  мидан 
берілген  белгі  етке  дейін  жетіп,  оның  салдарынан  әртүрлі  тысқару 
процестері  іске  асады  деп  ойлайтын,  ол  оны  «жүйке  импульсі»  деп 
атады. Кейінен Декарттың «жүйке импульсі» күрделеніп «жануарлар 
рухы» атты оқытуға айналды.  
Ең  қызығы  бұл  іс  осымен  шектелген  жоқ  болатын,  Декарт 
рефлекстің  теориялық  түсінігіне  ғана  жеткен  жоқ,  сонымен  қатар 
шартты  рефлекстің  болу  мүмкіндігін  анықтаған.  Мәскеудегі  кәдімгі 
физиология ниститутында Декарт мүсіні ұлы ғалымдардың қатарында 
тұрғандығы кездейсоқтық емес. 
         Декарт,  философиялық,  методологиялық  және  ғылыми  идеялар 
арасындаығы  қатынасты  қарастыра  отырып,  келесідей  қорытындыға 
келеді:  тұтас  дене  материалды  субстанция  және  оның  тұтас 
механикалық  қозғалысы  –  ол  оның  физикалық  және  математикалық 
қосымшаларының көзі және нүктесі.  
      Сонымен  Р.  Декарттың  шығармашылығында  біз  философиялық 
идеялардың  органикалық  тұтастығын,  методологиялық  амалдар  мен 

 
 
21 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет