Ілияс Жансүгіровтің Сталиндік репрессия себебінен ашылмаған қырлары «Туған елге тағзым»



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі1,22 Mb.
#105

 

 

1

 

 

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев 



Зияткерлік мектебі 

 

 

 

 

 

Ілияс Жансүгіровтің Сталиндік 

репрессия себебінен ашылмаған 

қырлары 

(«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу 

экспедициясы аясындағы жоба) 

 

 

           Жетекші: тарих пәнінің мұғалімі 

                 Солтабаева Р.Б. 

   Орындаған: 9 сынып оқушысы:  

                                        Санбаева А., Рахимжанова А 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы, 2012ж 

 


 

 

2

 

Мазмұны 

 

Кіріспе 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Негізгі бөлім 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1.1 Асқар таудай жас тұлға   

 

 

 



 

 

 



1.2 Сталинның репрессия кезінде   

 

 

 



 

 



Сұхбаттасу 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Қорытынды 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



12 

Пайдаланған әдебиеттер 

 

 

 



 

 

 



 

13 


 

 

 

 

 

 

3

 

Кіріспе 

Біз  «Туған  елге  тағзым»  атты  экспедиция  барысында  жер  жаннаты-  Жетісу 

өңірінің  тумасы,  ақиық  ақын  Ілияс  Жансүгіровтің  1937  жылғы  Сталиндик 

қуғын-сүргін  салдарынан  ашылмаған  қырларын  ашып-тану  -    мақсатымыз 

болды.  Бұл  мақсатқа  жету  жолының  алғашқы  қадамы  ақынның  ізімен  жүріп, 

көпті  көрген  қариялардан  ол  жайлы  сұхбат  жүргізіп,  Жетісу  жерінің 

Талдықорған  қаласындағы  Ілияс  Жансүгіров  атындағы  түрлі  мәдениет 

орындарын тамашалау болды. Олардың ішінде: ақиық ақын атындағы мұражай, 

жоғарғы  оқу  орны  және  мәдениет    сарайы  болды.  Кездесулердің  барысында 

жинақтаған  мәліметтерімізді  мұражайдағы  жетекшілерімен  сұхбаттан  кейін 

толықтырдық.  Өзімізге  мектеп    бағдарламасынан  тыс  көптеген  жаңалықтар 

аштық.  Қазақтың  ұлан  байтақ  Жетісу  өңірін  зерттеп,  әрбір  шолып    өткен 

жеріміздің  тарихқа  қосатын  өзіндік  рөлі  бар  екендігіне  көзіміз  жетті.  Бұл 

экспедиция  барысында  зерттеу  жүргізген  жерлерімізде  ақын  І.  Жансүгіровтің 

де  салған  ізі  өте  зор.  Өзіміздің  осыған  дейінгі  біліп  келе  жатқан 

мәліметтерімізді  қоса  жаңа  да  көптеген  мағлұматтар  жинадық.    І. 

Жансүгіровтің,  Шоқан  Уалихановтың  салған  іздерімен  жүре  отырып,  ата-

бабамыздың  табаны  тиген  жерлерге  маңдайымызды  тигізіп,  тәу  еттік.  Бұл  біз 

үшін  өте  үлкен  қуаныш,  мақтаныш.  Ілияс  Жансүгіровтей  ғұлама-ғалым, 

ағартушы,  педагог,  керемет  жазушымыздың  барына  мың  да  бір  алғыс 

білдіреміз.  Себебі,  Ілиястай  ата-бабаларымыздың  бізге  қалдырған  жазбалары- 

біз үшін бағасыз қазына, асыл мұра[1]. Сол ақылды да терең ойлармен біз және 

бізге  дейінгі  ұрпақ  қазақи  ибалылығын  жоғалтпай,  тек  қана  жақсы  жаққа 

тәрбиеленді.  Ал,  біздің  келесі  мақсатымыз-  бұл  мұраны  жоғалтпастан,  бізден 

кейінгі ұрпаққа жеткізу. Міне, біздің саяхатымыздың басты мәнісі осы еді. Осы 

ғылыми  жобада  өзіміздің  білгенімізді,  экспедиция  барысында  түйгенімізді 

тоқсан  сөздің  тобықтай  түйінін  анықтап,  жиған-терген  тәжірибемізді 

жеткізгіміз келеді. 

                           

 

 



 

 

4

 

Зерттеу жайлы 

 

Зерттеу  мақсаты:  І.Жансүгіров  жайлы  танып  білу  және  репрессия  

жылдары  жайлы,  сол    замандарда    қиындық    көріп,  өз    өмірлерін  пида  еткен 

жандар жайлы сыр шерту.  

 

Зерттеу міндеттері: 

 



І.Жансүгіровтің өмір жолы    

 



Толық  жарық көрмеген шығармалары 

 



Репрессия кезеніндегі өмірі 

Зерттеу кезеңі: 6 ай 

 

Зерттеу өзектілігі: 

 

Бұл  зерттеу  жұмысының  өзектілігі    Жетісу  аймағының  барлық  өңірін 



зерттеумен қоса І.Жансүгіровтің ашылмаған сырларын ашу еді. 

 



Сонымен  қатар  қазақ  халқының  даңқын  көкке  көтеріп  өзінің  әсем  де 

әсерлі, мағынасы тереңге ұялаған асыл сөздерімен бәріне танымал жас арысқа 

арналған Жетісу өңірінің тарихи  орындарын өз көзімізбен көріп, тарихы жайлы 

танып білу мақсат етілген болатын. 

 

 

Зерттеу жаңашылдығы: 



 

Қазақтың  ұлан  байтақ  Жетісу  өңірін  зерттеп,  әрбір  шолып    өткен 



жеріміздің  тарихқа  қосатын  өзіндік  рөлі  бар  екендігіне  көзіміз  жетті.  Бұл 

экспедиция барысында зерттеу жүргізген жерлерімізде ақын І.Жансүгіровтің да 

салған ізі өте зор. Өзіміздің осыған дейінгі біліп келе жатқан мәліметтерімізді 

қоса жаңа да көптеген мағлұматтар жинадық. 

 

Солардың  біріне  ақынның  қазіргі  замандағы  бой  көтерген  ұрпағы  жоқ  



екендігін өзінің ұлдарынан кейін ұрпағы тек қыз жағынан тарағаны жайлы және 

де оның тұтынған заттарын да ұстап қазіргі кезге дейін сол қалпында сақталып 

келуі де бізді қызықтырды. 

 

 



 

 

5

 

 

Асқар таудай жас тұлға... 



 

Болашақ  ақын  жерінің  бетін  жеті  өзені  өрнектеп,  заңғар 

таулары  көкке  сұғынған  көркем  өлкенің  әсем  бір  өңірі  - 

бұрынғы  Қапал  уезіндегі  ағынды  Ақсу  бойында  1894  жылы 

дүниеге  келген.  Анасынан  ерте  жетім  қалған  Ілияс  әке  бауырында 

тәрбиеленген.  Әкесі  Жансүгір  арабша  жақсы  сауатты,  үйінде  көнелі-жаңалы 

кітаптарды  жинап,  оқып  отыратын,  өлең-дастандарды,  арғы-бергінің  неше 

алуан  қызық  әңгімелерін  көп  білетін  кісі  болыпты.  Оның  үстіне  домбырашы, 

ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына — әке, шеше 

орнына  —  шеше  болып,  аялап,  әлпештеп  өсірген.

 

Прозалық,  драматургиялық 



талантты  кесек  туындыларын  айтпағанда,  "Күй",  "Күйші",  "Құлагер"  сияқты 

классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға - қанат, сезімге нәр 

беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия. Алғашқы жинағы 1928 жылы 

34  жасында  жарық  көрген  Ілияс  5-6  жылдың  ішінде  қатарынан  арындап  алға 

озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды [2]. І.Жансүгіров 

1926-1928  жылдары  Мәскеудегі  журналистика  институтында  оқып,  қоғамдық 

ғылымдар  саласынан  терең  білім  алады.  Ақыл-ойы  толысқан,  өмір  тәжірибесі 

мол, талантты жігіт, әйгілі ғалымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез 

кемелденеді.  Әсіресе,  орыс  және  Еуропа  әдебиетінің  классикалық 

туындыларын  құмарта  әрі  талдап  оқиды.  Институттың  соңғы  курсында  оқып 

жүргенде  -  1928  жылы  "Сағанақ"  атты  тұңғыш  жинағы  жарық  көреді.  Елге 

оралған  соң,  ол  республикадағы  аға  газет  -"Еңбекші  Қазақта",  1934-1935 

жылдары  Казақстан  көркем  әдебиет  баспасында  жауапты  қызметтер 

атқарады.[3]  1934  жылы  КСРО  Жазушыларының    I  съезіне  делегат  болып 

қатысып,  сөз  сөйлейді.  Қазақстан  Жазушылар  одағының  төрағасы  болып 

істейді.  Ақынның  М.Горькиймен  шығармашылық  байланысы,  Сәкен 

Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолына игілікті әсер 

етеді.  Тұнғыш  кітабы  шыққаннан  жазықсыз  жазаға  ұшырағанға  дейінгі  10 

жылға  жетер-жетпес  аралықта  Ілияс  Жансүгіров  қазақ  әдебиетін  "Жолдастар" 

атты  пьесаларымен  байытады,  әсіресе,  поэзияда  көптеген  әсерлі  өлеңдері  мен 

"Жетісу  суреттері",  "Гималай"  атты  керемет  көркем  жыр-толғауларына  қоса, 

артынан  "Дала",  "Күй",  "Күйші",  "Құлагер"  сияқты  классикалық  поэмалар 

беріп, ақындық шыңына көтерілді. 


 

 

6

 

Сырға толы сұм жылдар 

 

1990  жылдың  13  тамызы  күні  Совет  Одағының  тұңғыш  әрі  соңғы  президенті 



Михаил  Горбачев  Сталиндік  қуғын-сүргін  құрбандары  болған  миллиондаған 

адамдарды ақтау туралы жарлық берді. Сталиндік репрессия зобалаңы 1937-38 

жылдары  өзінің  шырқау  шыңына  жеткен  болатын,  бұл  кезеңді  бүгінде  ұлы 

зұлмат-зобалаң  жылдары  деп  атайды.  Ресми  дерекке  жүгінсек,  1921-1954 

жылдар  аралығында  Қазақстанда  103  мың  адам  репрессияланған,  25  мыңнан 

астам  адам  атылған.  Олардың  арасында  қазақтың  беткеұстары,  «сүт  бетіндегі 

қаймақтары»  -  белді  де  беделді  мемлекеттік  және  қоғамдық  қайраткерлер, 

шығармашылық  және  ғылыми  интеллигенция  өкілдері:  Тұрар  Рысқұлов, 

Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, 

Міржақып  Дулатов,  Ілияс  Жансүгіров,  Сәкен  Сейфуллин,  Санжар 

Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаһанша Досмұханбетов және басқалары 

болғандығын  айта  кету  артық  болмас.  Қазақ  жерінде  ГУЛАГ,  АЛЖИР  және 

тағы  да  басқа  қасірет  лагерлері  ашылды.  Тіпті  кеше  таратылған  ресми 

мәліметтердің  өзінде  саяси  репрессиялардың,  күштеп  ұжымдастырудың  және 

«голощекиндік»  ашаршылықтың  кесірінен  қазақтың  42  пайызының 

қырылғандығы,  тағы  сонша  адамның  өз  Отанын  тастап,  қашуға  мәжбүр 

болғандығы шегелеп айтылады. 


 

 

7

 

 

1938 жылы 26 ақпанда әскери соттың үкімімен нақақтан атылған Ілияс Жансүгіровтің 



ССРО Жоғарғы соты Әскери алқасының шешімімен 1957 жылы 4 сәуірде ақталғандығы 

туралы анықтама. 

Ілияс Жансүгіров ату жазасына кесілмес бұрын Жазушылар одағын басқарған. 

Қазақтың салтымен жаз шыға таудың бөктерінде киіз үй тігіп, сонда дем алады 

екен.  Сол  жақтан  ұстап  әкеткен.  Қаладағы  үйін  тінтіп,  құжаттарын, 

шығармаларын  алып  кеткен.  Кейбір  шығармаларының  қайда  екені  әлі  күнге 

белгісіз.  

Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын, басқа да заттарын арбаға тиеп әкетіп бара 

жатқанда  Сапарғали  Бегалин  көріп  қалып,  жүгіріп  барып,  бір  кітабын  алып 

кетеді. Ол «Құлагер» поэмасы екен. Сөйтіп, «Құлагерді» сақтап, ақын ақталған 

кезде  Фатима  Ғабитоваға  әкеліп  табыстайды.1938  жылы  26  ақпанда  Ілияс 

Жансүгіровті,  Бейімбет  Майлинді  және  тағы  басқа  көптеген  азаматтарды  ату 

жазасына кескен де, Алматы жеріндегі Жаңалық өңіріне апарып салған. Бірақ, 

туыстарына «олардың бәрі айдалып кетті, олармен қатынасуға болмайды» деп 

айтып, 


бәрін 

алдап 


келді. 

Қай  жаққа  айдалғанын  тағы  айтпайды.  Сонымен,  бір  айдан  кейін  «Сіздің 

күйеуіңіз  жүрек  ауруынан  Сібірдегі  лагерлердің  бірінде  қайтыс  болды» 

делінген  хат Фатима Ғабитоваға келді. [3] 

 

  

 



                         

 

 

8

 

Сталиннің репрессия кезінде 

Зерттеу  барысында  бұл  репрессияға  дейін  асқақ  ақынның  сақталмаған  он 

шақты  шығармалары  бар  екенін  білдік.  Соның  бірі  —  «Мұзқала»  деген 

шығармасы. Бұл шығарма Голощекиннің қазақ жерінде «Кіші қазан төңкерісін» 

жасаймын деп, халықты аштыққа ұшыратқан саясатын әшкерелейтін шығарма. 

Белгісіз  жазушы  «Мұзқаланы»  тауып,  бастырып,  ол  туралы  мақала  жазған. 

Алайда, осы күнге дейін мен мұрағаттан іздеп таба алмай келеді       

Бір  қызықтысы,  «Құлагер»  поэмасының  орысша  атын  «Триздна»  деп  қойған 

екен.  Бұл  “ас”  деген  мағынаны  білдіреді  екен.  Ол  жайлы  тағы  бір  білгеніміз, 

Ілияс  Жансүгіровтің  төрт  әйелі  болған.  Бірінші  әйелі  Жәмила  өзінің  жерлесі, 

өзімен  жасты  екен.  Алайда,  тағдыр  шығар,  екеуінің  дәм-тұзы  жараспай 

ажырасып  тынады. Одан  кейін  тағы  бір  өзінің  жерлесі  Аманша  деген  кісімен 

қосылады.  Ол  кез  ақынның  Киринституттың  (Киргизский  институт)  бастығы 

болып  жұмыс  істеген  тұсы.  Содан  ол  кісі  өзі сұранып,  Мәскеуге  оқуға 

аттанады.  Кезекті  бір  оқу  демалысы  кезінде  ауылға  кетіп  бара  жатып, 

Алматыдағы жолдастарына келеді. Сол жерде достары оған Аманшаның дүние 

салғанын  естіртеді.  Сонда  осы  оқиғаны  көзімен  көрген  ақынның    Есболатов 

деген  досының  әйелі  «Сыр  сандық»  деп  аталатын  естелік  кітапта  Ілиястың 

әйелін  жоқтап,  еңіреп  жылағанын жазып,  «бүйтіп жарын жоқтап жылаған ерді 

соған  дейін  де,  одан  кейін  де  көрмедім»  деп  еске  алады.  Жансүгіровтің 

Аманшаға  арнаған  «Жарыммен  қоштасқанда»  және  «Жарымның  моласында» 

деген екі өлеңін Есболатовтың әйелі келтіреді.     

Аманшадан  кейін  Фатима  Төребаеваға  үйленеді.  Ажырасқаннан  кейін  өзінің 

досы  Біләл  Сүлеевтің  әйелі  Фатима  Ғабитоваға  қосылады.  Екеуі  қосылғаннан 

кейін сол үйден ұсталып кете барады.[3] 


 

 

9

 

 

Ақын Ілияс Жансүгіров әйелі Фатима Төребаева және ұлы Саятпен.  



Жеке мұрағаттағы сурет.

 

 



Зерттеу  барысында,  кіріспеде  айтылғандай,  атақты  ақын  Ілияс  Жансүгіров 

атындағы мұражайға саяхат жасадық.  

 

Ол саяхат барысында, біз оның өз қолымен ұстаған заттарын тамашалап, оның 



болмысы  жайлы  қызықты  сұхбат  жүргіздік.  Сол  жылдары  ату  жазасына 

ұшыраған  қазақ  азаматтарына  арнап  жасалған  ескерткіштің  сұлбасын,  ақынға 

арнап қойылған ескерткіштің кіші сұлбасын тамашаладық. 


 

 

10

 

 

Сталиндік репрессия құрбан дарына арналған есерткіш 



 

І.Жансүгіровке арналған ескерткіш 

 

 



 

 

 

11

 

 

Ілияс  Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік  университеті  өзіндік  дәстүрі 



қалыптасқан,  еліміздегі  іргелі  мемлекеттік  оқу  орындарының  бірі.  Бұл 

университет  1972  жылы  Ілияс  Жансүгіров  атындағы  Талдықорған 

педагогикалық  институты  болып  ашылған.  Алғашқы  жылдары  жоғары  оқу 

орнында  филология  және  физика  математика  атты  2  факультетте  225  студент 

білім  алып,  5  кафедрада  25  оқытушы  қызмет  атқарды.  Содан  бергі  36  жыл 

ішінде  білім  беру  ісін  жетік  меңгеріп,  халықаралық  тәжірибелерді  кеңінен 

қолдана алатын   дәрежеге жетті. [3] 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

12

 

Қорытынды 

 

«Мен өзім бізде Абайдан соң Ілиястан артық ақын бар деп ойламаймын. Ілияс 



өресі  биік,  өрісі  кең  эпик  ақын.  Егер  Ілияс  Жансүгіров  поэмасының 

көркемдігіне  биігіне  осы  күнгі  ақындарымыздың  көбісі,  тіпті  ешқайсысы  да 

жете алған жоқ десем, маған ешбір ақын өкпелемес деп ойлаймын», - деп Ғабит 

Мүсірепов  айтқан  сөздерінің  растығына  зерттеу  кезінде  көзіміз  жетті  деген 

ойдамыз.  

Ілияс  Жансүгіров  1956  жылы  ақталғанымен,  ойлай  отырсақ,  арыстарды 

ақтағанмен, олар ортамызға қайта оралмас, керемет шығармаларымен бөліспес. 

Бәлкім, кім біледі, оларды ату жазасына кеспей тұрып ақтап алса, қазіргі таңда 

олардың жарыққа шыққан шығармалары әлдеқайда көп болар ма еді… Ілиястің 

нақты  қыр-сырын  білу  тәуелсіздік  таңы  атқаннан  кейін  ғана  мүмкін  болды. 

Елімізде азаттықтың ақ таңы атқан шақта қабылданған алғашқы заңдардың бірі 

1993  жылғы  14  сәуірдегі  «Жаппай  қуғын-сүргін  құрбандарын  ақтау  туралы» 

заңы болды. Қазіргі кезде қуғын-сүргінге ұшырағандардың шамамен 350 мыңы 

ғана  ақталған  көрінеді,  оның  ішінде  біраз  бөлігін  Қазақстанға  қоныс 

аударғандар құрайды. 

Еліміздің  асылдарының  ашылмаған  қырларын  жарыққа  жарқырату-біздің, 

қазіргі тәуелсіз елдің ұрпақтарының міндеті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің өзі: 

«Тарихта ашылмаған ақтаңдақтар болмауға тиісті» деген.[4] 

 

 


 

 

13

 

Пайдаланған әдебиеттер  тізімі 

1. Cұхбат: Саяхат  жетекшілерімен 

2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы 

3. Қазақ  әдебиеті  Р.Бердібай   Алматы  2007 

4. Мұражай  материалдары  Талдықорған   қаласы    

5. www.magister.kz 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет