Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Біріншіден, бұл жағдайда меншік иесіне келтірілген қай зиянның 
бағаланатындығы түсініксіз: тек қана мүліктік немесе моральдық зиянның 
құны есептеліне ме? Мысалы, талан-тараждалған заттың құны шамалы 
болғанымен де ол меншік иесіне немесе өзге де иеленушісіне өте бағалы 
болуы мүмкін. 


11 
Екіншіден, жай талан – таражға салудың мөлшері тек заңды тұлғаларға 
қатысты ғана көрсетілген. Ал жеке тұлғаларға қатысты мәселе қалай 
шешіледі? 
Осы көтерілген мәселелерге қатысты біздің қорытындымыз: 
Келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға байланысты меншік иесіне 
келтірілген тек мүліктік зиян ғана ескерілуі қажет. Ал моральдық зиян 
азаматтық құқықтық тәртіпте қарастырылуы қажет. 
Заңда жеке тұлғаларға қатысты ұсақ талан – таражға салу мөлшерінің 
көрсетілмеуін жіберілген кемшілік ретінде қабылдауымыз қажет. Сондықтан 
да қылмыстық заңдардың жаппай ізгілендіруі қарсаңында жеке тұлғалардың 
мүлкіне қатысты талан – таражға салудың мөлшерін 2 айлық есептік 
көрсеткіш ретінде белгілеуіміз қажет. 
«Талан - тараж» ұғымын жан – жақты түрде қарастырғаннан кейін, тек 
талан – таражға тән, оны басқа ұқсас құрамдардан ажыратуға мүмкіндік 
беретін негізгі объективті және субъективті белгілерді бөліп көрсетуімізге 
болады. 
Талан – таражға салудың объективті белгілеріне: қол сұғушылықтың 
объектісі мен заты; мүліктің алынуы; алудың құқыққа қайшылығы; алудың 
қайтарымсыздығы, яғни тегін алынуы жатқызылады. 
Қол сұғушылықтың объектісі қылмыстың маңызды және қажетті 
элементтерінің бірі болып табылады. Оның ролі екі негізгі функциямен 
анықталады. 
1. Объект қылмысты бағалау, оның коғамға қауіптілігін белгілеу, 
қылмыстың әлеуметтік саяси дәрежелігін анықтауда шешуші роль атқарады; 
2. Объект қылмысты ғылыми және зандық тұрғыдан топтарға бөлуге 
мүмкіндік береді. 
Қазіргі таңдағы күші бар қылмыстық кодексте объектінің жалпы 
анықтамасы берілмеген. Объектіге арналған арнайы зерттеулер барысында, 
оның, яғни объектінің көптеген сұрақтары дұрыс зерттелмеген. Қылмыс 
объектісін зерттеген авторлар бір пікірмен ғана келіседі: «объект бұл 
қоғамдық қатынастар». Қандай қоғамдық қатынастарға тікелей және ең 
алдымен нұқсан келеді, бұл жайында қылмыстық құқық теориясында 
қылмыстың жалпы, топтық және тікелей объектісін бөліп көрсеткен. 
Жалпы объект бұл - қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатын 
қоғамдық қатынастар болып табылады. Жалпы объект барлық қылмыстарға 
бір. 
Оның анықтамасы мемлекетіміздегі қылмыстардың топтық табиғатын 
ашуға мүмкіндік береді. 
Топтық объект болса біртектес және бір-бірімен тығыз байланысты 
қоғамдық қатынастар болып табылады. Топтық объект қылмыстық 
әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның деңгейін анықтауда 
маңызды орын алады. 
Тікелей объект бұл - нақты қатынас немесе бір-бірімен тығыз байланысты 
бірнеше қатынас. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың қоғамға 
қауіптілік дәрежесін анықтауға және оның әлеуметтік сипаттамасын дүрыс 


12 
беруге мүмкіндік туғызады. Нақты қоғамдық қатынасты бөліп шығару өте 
қиын, оның элементі басқа қоғамдық қатынастікі болуы мүмкін. 
Талан – таражға салудың мәнін анықтауда негізгі рөл осы қылмыстардың 
объектісін анықтауға берілген. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында 
жете зерттелінген қылмыс объектісінің негізгі ережелерін басшылыққа ала 
отырып, шешіледі. 
Жалпы объектісі меншік қатынастары болғандықтан, талан – таражға 
салу меншікке қарсы бағытталған . Бұл тұжырым Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексінің 6 тарауында бейнеленген, яғни 6 тарау «Меншікке 
қарсы қылмыстар» деп аталынады. Бұл қылмыстар тікелей объект ретінде 
көрінетін мемлекеттік меншікке де, жеке меншікке де қарсы бағытталуы 
мүмкін. Яғни, топтық және тікелей объект ретінде бөлу мүліктің қай түріне 
зиян келтірілгендігін анықтау үшін қажет. (Мысалы, жер, автокөлік, ерекше 
құнды заттар т.б.) Объектіні дұрыс анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігін 
ашуға және жасалған іс – қимылды дұрыс саралауға мүмкіндік береді. 
Кейбір авторлардың пікірі бойынша талан – таражға салудың тікелей 
объектісі мүліктің нақты бір түрі болып табылады. Мұндай көзқарастар 
негізсіз болып табылады, себебі, объект – қоғамдық қатынас, ал мүлік – бұл 
объектінің материалдық көрінісі, яғни осы қатынастардың нәтижесі болып 
табылады. Мүлікке зиян келтіру тек талан – таражға салумен ғана емес, басқа 
да қымыстық әрекеттермен жасалынуы мүмкін. (Мысалы, диверсия
салақтық). Ендеше, талан – таражды басқа қол сұғушылықтардан ажырату 
негізін объектіден іздеуіміз қажет. Егер де, мүлік объект ретінде болса, біз 
мүліктің сипаттамасымен байланысты қылмыстарды ғана бір – бірінен 
ажырата аламыз. (Мысалы, талан – таражға салу мақсатынсыз автокөлікті 
заңсыз иелену кезіндегі автокөлік, ерекше құнды заттарды талан – таражға 
салу кезіндегі ерекше құнды заттар). 
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, талан – таражға салудың объектісі 
меншік қатынастары дедік. Адамдар арасындағы қатынастар оларға берілген 
құқықтарды сақтауды көздейді. Бұл құқықтар сақталмаған жағдайда 
қоғамдық қатынастар да өзгереді. Сондықтан да объект ретінде бұзылған 
меншік құқығы немесе белгілі бір затқа иелену құқығы (интеллектуалдық 
меншік құқығын бұзу, жерге зат құқығын бұзу) бола алады. Бірақ та, бұл 
көзқарас қылмыстың барлық мәнін және қоғамға қауіптілігін көрсете 
алмайды, себебі, қылмыстың затымен байланысты қылмыстар қамтылмай 
сырт қалып қояды. Сондықтан да, талан – таражға салудың объектісінің 
сипаттамасын меншік құқығымен шектеп қоюға болмайды, зиян келтірілген 
меншік қатынастарының мазмұнын ашуымыз қажет. Талан – таражға 
салудың мәні мынада: меншік иесі немесе үшінші жақ өзіне тиесілі мүлікті 
пайдалану мүмкіндігінен айырылады. Меншіктің мемлекеттік және жеке деп 
бөлінуін ескере отырып, талан – таражға салудың тікелей объектісі деп 
меншіктің нақты нысанын түсінеміз. 
Талан – таражға салудың заты – қылмыскер иеленген мүлік болып 
табылады. Қылмыстық құқық ғылымында зат деп қылмыс бағытталған 


13 
қоғамдық қатынастардың материалдық көрінісі, яғни оған қол сұғу арқылы 
объектіге зиян келтіретін заттар түсіндіріледі. 
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыскер иеленген зат басқа біреудің 
меншігінде болуы қажет. Талан – таражға салудың затын анықтау үшін оның 
негізгі белгілерін бөліп көрсетуімізге болады. Олар: 
1. Заттық белгі. 
2. Экономикалық белгі. 
3. Құқықтық белгі. 
Талан – таражға салудың заты болғандықтан мүлік әруақытта да 
материалдық, яғни материалдық өмірдің бөлігі, заттың белгісіне ие болады. 
Бұл мүліктің заттық белгісі. 
Осыған байланысты, мүліктік қылмыс ретінде талан – таражға салудың 
заты ретінде идеялар, көзқарастар, адамның ақыл – ойының көріністері, 
мәлімет қарастырыла алмайды. Интеллектуалдық меншікті талан – таражға 
салу деп тек теңеу мағынасында ғана айта аламыз. Заттық белгісі 
болмағандықтан электр және жылу энергиясы талан – таражға салудың заты 
бола алмайды. Пайдақорлық мақсатта энергияның бұл түрлерін заңсыз, өз 
бетінше қолдану меншікке қарсы қылмыстардың басқа құрамын құрайды. 
(ҚР ҚК 182 бабы – Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік 
зиян келтіру). 
Талан – таражға салудың затының келесі белгісі – экономикалық белгі. 
Талан – таражға салудың заты тек белгілі бір экономикалық құндылыққа ие 
зат бола алады. Заттың құндылығының көрінісі – оның құны, ақшалай 
бағасы. Сондықтан да ақша, валюталық құндылықтар және басқа да бағалы 
қағаздар (акциялар, облигациялар, коносамент және т.б.) құнның эквиваленті 
болғандықтан талан – таражға салудың заты ретінде қарастырылады. 
Керісінше, шаруашылық құндылығы жойылған заттар немесе адам еңбегі 
сіңбеген табиғат объектілері талан – таражға салудың заты ретінде 
қарастырылмайды. Осы белгіге сүйене отырп, біз талан – таражды 
экологиялық қылмыстардан ажырата аламыз. 
Мүліктік емес сипаттағы құжаттар, сондай – ақ тек мүлікті алуға құқық 
беретін құжаттар (сенім хат, квитанция т.б.) экономикалық белгісі 
болмағандықтан мүлік ретінде қарастырылмайды. Бұл құжаттарды ары 
қарата мүлікті алу мақсатында талан – таражға салу алаяқтыққа дайындалу 
ретінде қарастырылуы қажет. Мүлікті иеленумен байланысты емес 
құжаттарды, штапмтар мен мөрлерді талан – таражыға салу үшін 
жауаптылық дербес бапта ҚР ҚК 324 бабы бойынша көзделген. 
Талан – таражға салудың затының үшінші белгісі – құқықтық белгі. Бұл 
белгі Қазақтан Республикасы Жоғарғы Соты 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 
Нормативтік қаулысында бекітілген. Осыған сәйкес, «Талан таражға салудың 
және меншікке қарсы басқа да қылмыстардың заты – кінәлінің меншігіндегі 
емес, яғни бөтен мүлік болып табылады». 
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, былай деп айтуымызға 
болады. 


14 
Талан – таражға салудың заты – қылмыспен бұзылатын заттар, ақша, 
бағалы қағаздар және бағалы өмірдің басқа да заттары. 
Талан – таражға салудың заты жылжитын да, жылжымайтын да мүлік 
бола алады. Талан – таражға салуды анықтау үшін мүліктің 
жылжымайтындық белгісінің маңызы жоқ. Жылжымайтын мүліктің кейбір 
түрлері (үй, пәтер, жер участогі) өзінің объективті қасиеттеріне байланысты 
жасырын түрде алына алмаса да, алдау, күш қолдану және қорқыту жолымен 
алына алады. Бірақ та сот – тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай кейбір 
жағдайларда «жылжымайтын» мүлік «жылжыйтын» мүлікке ауыса алады. 
Мысалы: жеке тұрғын үйді бұзып, тасу; бау – бақшаның темір қоршауын алу 
және әкету; байланыс линияларын демонтаждау және т.б. 
Талан – таражға салудың заты азаматтық айналымнан алынған заттар да 
бола алады. Бірақ та, егер қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың 
денсаулығына қауіп төндіретін заттар (қару – жарақ, радиоактивті заттар, 
есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар) талан – таражға салынса, 
жасалынған әрекеттер мүліктік қылмыс ретінде емес, ҚР ҚК 9-тарауы 
бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы 
қылмыстар» бойынша сараланады . 
Талан – тараждың заңдық анықтамасының маңызды элементі кінәлінің 
немесе басқа адамдардың пайдасына бөтен мүлікті алып қою немесе 
айналдыруды білдіретін әрекеттің жалпылама сипаттамасы болып табылады. 
Талан – тараж барысында мүлік меншік иесінің немесе басқа иеліктегі 
адамның қарауынан алынады. Егер де мүлік кез – келген басқа да 
себептермен меншік иесінің қарауынан шығып кеткен болса, онда бұл 
заттарды иелену талан – таржға салуды құрамайды. Осыған байланысты 
меншік иесінің қарамағындағы заттар дегеніміз не? Меншік иесінің 
қарамағындағы заттар - тек қана арнайы қорғалынатын немесе 
құлыпталынған 
заттар 
емес, 
кәсіпорын 
аумағындағы, 
мекеменің 
ғимаратындағы, құрылыс алаңындағы немесе шаруашылық қызмет 
жүргізілетін кез – келген орындағы, көлік құралдарындағы, сондай – ақ 
меншік иесі жоғалтпаған, бірақ та уақытша қараусыз жатқан заттар да бола 
алады]. Талан – тараж барысында мүлікті алу кінәлінің оны өз пайдасына 
немесе өзге адамдардың пайдасына айналдырумен ұштасады, яғни, «мүлікке 
үстемдік ету» мүлікті нақты иемдену жүзеге асырылады. Мүлікті талан – 
таражға салған адам өз меншігі сияқты мүлікке билік етеді, иемденеді және 
пайдаланады, өзін меншік иесінің орнына қояды, бірақ та бізге мәлім заң 
тұрғысынан ол меншік иесі болып табылмайды. Себебі, меншік құқығын 
қылмыстық жолмен алуға болмайды. Сондықтан да, талан – тараж
жәбірленушінің алынған затқа деген меншік құқығының жойылуын 
білдірмейді. 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде заң шығарушының талан – таражға 
берген анықтамасындағы бөтен мүлікті кінәлінің меншігіне емес, кінәлінің 
немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыруы туралы сөз қозғағандығы 
түсінікті болады. 


15 
Бөтен мүлікті алып қою мен оны өзінің пайдасына айналдыру әдетте бір 
мезгілде, бір әрекет арқылы жасалынады. Егер де, талан – таражға салу уақыт 
бойынша созылған болса, мүлікті кінәлінің пайдасына айналдыру кезеңі 
қылмыстың аяқталуын білдіреді, яғни, кінәлінің мүлікті өз қарауынша нақты 
иемденуге және бөтен мүлікті өз мүлкі сияқты пайдалануға мүмкіндігі болған 
кезең. Егер де кінәлі оның еркіне байланысты емес мән – жайлардың 
нәтижесінде қылмысты аяғына дейін жеткізбесе, яғни, өз қарауы бойынша 
бөтен мүлікті иемдене немесе пайдалана алмаса, жасалынған әрекет 
қылмысқа оқталу ретінде сараланады. Талан – таражды аяқталған деп тану 
үшін кінәлі мүлікті нақты пайдаланғандығы, яғни, одан белгілі бір пайда 
көруі міндетті емес. Ең бастысы кінәліде осындай мүмкіндіктің, мүлікке 
үстемдік етуінің болуы . Талан – таражға салудың міндетті белгісі ретінде 
меншік иесіне немесе мүліктің басқа иесіне келтірілген зиян түріндегі 
қоғамға қауіпті нәтиже болып табылады. Қылмыс жасаған адамды 
жауаптылыққа тартудың негізі алынған мүліктің мөлшері болып табылады. 
Зиян жәбірленушінің нақты мүлкінің мөлшерінің азаюынан тұрады. 
Сондықтан да зиянның мөлшері мүліктің құнымен анықталынады. 
1998 жылы 1-ші қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексі алынған заттың мөлшеріне 
байланысты дараланған жауаптылықты көздейді. Талан– таражға салғандығы 
және қорқытып алғандығы үшін жауаптылықты көздейтін баптар ірі 
мөлшерде жасалынған талан – таражға салу сияқты ауырлататын мән – 
жайды көздейді. ҚР ҚК 175 бабының ескертуінің 2 тармақшасында 
көрсетілгендей «Осы тараудың баптарында ірі мөлшер немесе ірі залал деп 
қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген 
айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен 
залалдың мөлшері танылады». 
Кінәлі әрекетіндегі осы ауырлататын мән – жайдың болуының 
жауаптылығына елеулі дәрежеде әсерін тигізеді. 
Осыған байланысты талан – тараждың әрбір нақты фактісіне байланысты 
алынған мүліктің нақты шынайы құны дәлме – дәл анықталынуы қажет. Бұл 
мәселеге байланысты 2003 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақсан 
Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті қаулысында былай делінген: 
«Қылмыстың заты болып табылатын мүліктің құнын анықтау барысында, 
меншік иесінің қылмыс жасалған кезде қолданылған, сәйкес құжаттармен 
бекітілген комиссиондық, нарықтық немесе бөлшек бағаларға сәйкес затты 
алу ерекшеліктерін ескеру қажет. Баға болмаған жағдайда және алынған 
заттың мөлшеріне байланысты дау туындаған кезде мүліктің құны 
сарапшының қорытындысы негізінде анықталынады. Егер талан – таражды 
жасыру мақсатында кінәлі алынған заттың орнына құны шамалы затты 
берген болса, онда алынған заттың мөлшері оның нақты бағасы арқылы 
анықталынады. Бұл жағдайда алынған мүліктің орнына берілген мүліктің 
құны зиянның мөлшерін анықтау барысында ескерілуі мүмкін». Талан – 
тараж мүлікті кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына алып қоюды 


16 
немесе айналдыруды білдіреді, яғни, кінәлі біріншіден, мүлікті заңсыз; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет