С., Жұмабай Д. Д. Қазақстан Республикасы, Астана қ., Л. Н. Гумилев атындағы



жүктеу 339.45 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.03.2017
өлшемі339.45 Kb.

                               Scientific Issues of the Modernity                                   

87 


Э. ғ. к., доцент м. а. Женісхан Д., 

Серіберген Д. С., Жұмабай Д. Д. 

 

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Л. Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті 

 

БӨРІТАСТАҒАН ЖАРТАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ 

ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

Шығыс Қазақстан табиғаты ерекше, табиғи қоры орасан зор, 

флора  мен  фаунаға  өте  бай  өлке.    Сонымен  қатар,  Тарбағатай 

ауданы  өзінің  әсем  табиғаты  мен  жер  асты  байлықтарымен 

ерекшеленеді. Бөрітастаған жартасы  әсем табиғаттың туындысы. 

Сондықтан  Бөрітастағанға  табиғи-тарихи  ескерткіш  мәртебесін 

беріп, бұл жерде экологиялық туризмді дамытуға болады. 

 

Tarbagataisky areas of particular its natural resources, rich in flora 

and fauna.  One of the  wonders of nature is rock  Boritastaғan. And so this 

rock  should  be  given  the  title  of  natural  historical  monument  and  develop 

eco-tourism here. 

 

Ел  дәулетін  ешбір  шығынсыз  арттырудың  ең  тиімді  жолы 

туризм  болып  табылады.  Себебі  әлемдік  тәжірибенің  өзі  көрсетіп 

отырғандай, ілгері адыммен қадам басқан мемлекеттердің көпшілігі өз 

қоржындарын  түрлі  инвестициямен  толтыру  кезінде  осы  салаға  арқа 

сүйейді.  Дүниежүзілік  туристік  ұйымның  соңғы  кездегі  таратқан 

мәліметтеріне  қарағанда  осы  саламен  айналысатын  мемлекеттер 

қазынасына  сырттан  түсетін  инвестицияның  10%-на  жуық  тек 

туризмнің табыс көзі. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі 

бойынша мұнай мен көлік сатудан кейін үшінші орынды иеленеді [1]. 

Қазақстан  халықтарының  мәдениетін  қалыптасу  тарихы  мен 

дамуын  анықтауда,  зерттеуде  маңызды  рөл  атқаратын  аймақтарының 

бірі  Шығыс  Қазақстан  облысы,    Тарбағатай  ауданы.  Туризм  бүкіл 

әлемде тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуде мүмкіндік туғызатын 

бірден бір тиімді іс көзі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштер 

туризмді дамытуда маңызды орын алады.  

Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек 

көркем  табиғатымен  ғана  емес,  ел  мен  жердің,  тарих  пен 

археологиялық  қазбалардың,  мәдениет  пен  өркениеттің,  сәулет  пен 

ескерткіштердің  тартымдылығымен  ерекшеленіп  отыр.  Осы  тұста 

аймағымыз  туристік  шаңыраққа  айналуы  әбден  мүмкін.  Себебі  әр 


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

88 


аймақтың  өзіне  тән  тарихы,  археологиялық  қазбалары,  табиғаты,  елі 

мен салт дәстүрі бар.Сол аймақтардың бірі ШҚО. 

ШҚО-дағы таңғажайып табиғат кереметтерінің бірі Бөрітастаған 

жартасы.  Бөрітастаған  жартасының  кереметтігі  сонда  айналасы  50-60 

шақырым  радиуста  ешқандай  төбе  жоқ,мидай  жазық  далада 

орналасқан  жалғыз  жартас.  Суретке  қарағанда,  Бөрітастаған  жазық 

даладағы жартас екенін қөреміз (сурет1). Жартастың ұзындығы үш жүз 

метр,  ені  он  метр,  биіктігі  елу  метр,  терістік  батысы  жадағайлау, 

күнгей  жағы  тіп-тік  жалама  жақпарлар.  Бөрітастаған  туралы  ғылыми 

зерттеулерді  1975-1983  жылдары  аралығында  Қазақ  ССР  ғылым 

академиясының  математика  және  механика  институтының  ғылыми 

докторы  Т.  Нұркенов  жүргізіп  ғылым  және  еңбек  журналында 

мақалалар жарияланған. Нұркеновтың жүргізген зерттеулері бойынша 

бұл  жартас  метеорит  екендігін  дәлелдейді.  Эколог  Ержан  Құттыбаев 

зерттеулері бойынша бұл жартас сары сұр гранит және темір метеорит 

емес екендігін айтты. Себебі, тасты үгітіп магнит жақындатқанда оған 

ешқандай  нәрсе  тартылмайды.  Бұл  жартас  ерте  заманнан-ақ 

ғалымдардың қызығушылығын туғызған. XIX – XX ғасыр аралығында 

орыс  географиялық  қоғамының  Батыс  Сібір  бөлімі  зерттеу 

жұмыстарын жүргізген.  

Бұл  жартастың  атауына  келетін  болсақ,  В.И.Каменский  « 

Бөрітастаған  туралы  анықдардың  бірінде  былай  дейді,  бір  күні  бір 

патшайым  Тарбағатай  етегінде  саны  жетпес  малын  бағып  отырғанда, 

Зайсанмен  арадағы  жазықтан  қасқырды  көріп,оған  жартастан  үлкен 

тасты  алып  лақтырған  дейді.  Сол  себепті  жапанда  жалғыз  «  бөріге  

тастаған тас» тұр» деген[2]. 

 

 

 



ШҚО-дағы Бөрітастаған жартасы. (сурет-1) 

 

Суретті  жартастың  айналасындағы  алдын-ала  зерттеулер,  бұл 



аумақтың  адамзаттың  сонау  жаңа  тас  дәуірінен  бері  игергенін 

                               Scientific Issues of the Modernity                                   

89 


көрсетеді.  Ежелгі  суреттер-нышандық  белгілер,  адам  пішіндес 

мүсіндер  мен  әр  алуан  жануарлардың  бейнелері  антпропегендік 

факторлар  әсерінен  қатты  бүлінген,  сондықтан  консервация  бойынша 

кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Жазбалардың басым бөлігі 

бүлінген,  алайда  қалған  бөліктері  ежелгі  дүниетанымды  жаңғырту 

үшін, бұл аймақта сонымен қатар тарихи-табиғи туризмді дамыту үшін 

де қызығушылық тудырады. 

Сонымен  қатар  Бөрітастағанның  дәл  қасында  орналасқан  қола 

дәуірінің баспаналарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 

соңына қайта қалпына келтіру жұмыстарын  жасап ел иелегіне ұсынуға 

болады.  Сондықтан  Бөрітастағанның  айналасындағы  тұрақтар  мен 

қоршауларға  археологиялық  қазба  жұмыстарын  жүргізіп,  ескерткіш 

базаныда ашық аспан астындағы музей жасау керек. 

2014  жылдан  бастап  осыған  ұқсас  ШҚО  Ұлан  ауданы  «Ұлан 

ауданында  орналасқан  «Ақ-Бауыр»  тарихи-археологиялық  кешенінде 

ашық  аспан  астындағы  мұражай  салу»  жобасы  қолға  алынған. 

Сондықтан көне тарихтан сыр шерткен табиғаттың таңғажайып сыйы 

Бөрітастаған  кешенінде  ашық  аспан  астындағы  музей  салуды 

ұсынамыз. 

Ондағы негізгі мақсат:  

 

Қазақстан тарихын дәріптеу, әйгілілеу; 



 

Қазақстандық 



отансүйгіштікті, 

отаншылдықты, 

Қазақстанның тарихына құрметпен қарауды қалыптастыру; 

 



Басқа облыстар арасында ШҚО мәдени беделін арттыру; 

 



Жұмыс орындарын арттыру. 

Бөрітастаған жартасы мемлекеттік деңгейде қорғауға алынатын 

негізгі  объектілердің  бірі,  оның  маңына  ұлттық  саябақ  құрумаңызды 

деп  есептейміз.  Ұлттық  саябақ  дегеніміз  –  тарихи,  ғылыми  және 

демалу мақсатына арналған өсімдіктер мен жануарлардың және табиғи 

ландшафтардың қоршалған жері. Ұлттық саябаққа  – ұлттық қорықтар 

үшін  сақталған  жерлер,  теңіз  саябағы,  жергілікті  саябақтар,  тарихи 

жерлер, биосфера қорығы, әлемдік мұра тізіміне енген жерлер жатады. 

Олардың 

негізгі 


мақсаты 

ұлттық 


саябақтағы 

табиғатты 

қорғай,халықтың рекреациялық демалуын қамтамасыз ету [3]. 

Бөрітастаған  тасының  үлгісі  рентген  спектральды  микро-

талдауға  «JCXA-733  рентгенді  микроанализатор  «Superprobe»,  JEOL, 

Япония»  эәне  рентген  құрылымдық  талдау  әдісінде  «ДРОН-2.0» 

рентгенді  дифрактомер  құрылғыларының  көмегімен  анықталды. 

Талдаудың  алдында  үлгі  радиоактивтілікке  берілді.  Талдау  нәтежиесі 

тас үлгісінің радиоактивті емес екендігін анықтады. 


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

90 


Рентген 

спектральді 

микроталдау 

нәтежиелері 

кесте-1 

көрсетілген. 

Кестеден  көріп  отырғанымыздай,  үлгі  құрамына  кремний, 

алюминий, калий, натрий, оттегі және аз мөлшерде темір мен кальций 

кіретіндігін анықталды 

 

Кесте-1. Рентген спектральды микроталдау нәтижелері  



 

Спектр  О 

Na 

Al 


Si 

Ca 



Fe 

Жиыны 


Спектр 1 54.14  3.14 

5.59 


31.88 

3.78 


0.32 

1.15 


100.00 

Спектр 2 55.32  2.98 

5.12 

30.90 


3.34 

0.83 


1.50 

100.00 


Спектр 3 53.74  2.83 

6.16 


31.41 

4.12 


0.39 

1.35 


100.00 

Орташа  54.40  2.98 

5.62 

31.40 


3.75 

0.51 


1.33 

100.00 


Станд. 

ауытқу 


0.82 

0.15 


0.52 

0.49 


0.39 

0.28 


0.18 

 

Макс. 



55.32 

3.14 


6.16 

31.88 


4.12 

0.83 


1.50 

 

Мин. 



53.74 

2.83 


5.12 

30.90 


3.34 

0.32 


1.15 

 

 



Зерттеу  нәтижелерінің  қорытындылары  бойынша,  сұйық  сұр 

түсті  консистенцияны  (балшық)  емдік-сауықтыру  мақсатында 

қолдануға болады: 

 



тері аурулары кезінде; 

 



қан айналымының жақсаруына; 

 



ағзадағы зат алмасуын ретке келтіруіне[4]. 

Қорытындылайтын болсақ, 5000 жылдық тарихы бар Тарбағатай 

ауданындағы  бұл  таңғажайып  жартас  туризмнің  дамуына  қарқынды 

үлес  қосады.  Аймақтың    тарихы  мен  рухани  мұраларынмен  танысу 

үшін  туристерді  тарту  қажет.  Ол  үшін  облыстық  әкімділігінің  

кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің туризм  бөлімінде жұмыс 

істейтін  телекомпаниялармен  туристерді  тарту  мақсатында,  еліміздің 

тарихынан  ерекше  орын  алатын  Бөрітастаған  жартасы  сияқты 

орындарда  арнайы  фестивальдар,  жарнамалар  шығарып,  Шоқан 

Уалиханов  жүріп  өткен  жолдар  сияқты  осы  жартасты  басып  өтетін 

экспедициялар, жорықтар ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Сонымен 

қатар  туристерді  тарту  үшін    туристік  инфрақұрылымды  жетілдіру, 

кафе-бар, мейманхана сияқты сервис саласы   қызмет  көрсетсе, келер 

туристерге  жағдай  жасалса,  онда  бұл  жазық  далада  жатқан  жартас 

туристік  нысанның  аты  көпке  танымал  болатын  орталыққа 

айналатынына сенеміз. 

 

 


                               Scientific Issues of the Modernity                                   

91 


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.



 

Табыстың  тартымды  саласы  туризм//Егемен  Қазақсан  2011, 

5бет. 

2.

 



Бөрітастаған  //  Тарбағатай  80  жыл.  Анықтамалық:  Өскемен 

2008 жыл. 

3.

 

http://kk.wikipedia.org/wiki 



«Ұлттық 

саябақ» 


сөзінің 

анықтамасы. 

4.

 

Қ. И. Сәтбаев 



атындағы 

геологиялық 

ғылымдар 

институтының рентгеноспекторлік қорытындысы//Алматы, 2014 жыл. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Каталог: archive
archive -> Қаз қОРҒауды қамтамасыз ету – еуропа одағының ҚҰҚЫҚ ҚОРҒаушылар жөніндегі
archive -> Экзаменационные вопросы по Общей части уголовного права 2014-2015 учеб года
archive -> Завершилось проведение единого национального тестирования в казахстане
archive -> Календарь учителя
archive -> Мишина А. В. The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland: the country and the people
archive -> Конкурсы жарияланады. Конкурс мақсаты: діни экстремизммен күре суде педагогтардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет