Бақылау сұрақтары:
1.Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты
қандай?
2. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық құрамы қандай?
3. Талан-тараж дегенді қалай түсінесіз?
4.Меншікке қарсы қылмыстардың затын объектісінен ажырату
критерийлері қандай?
5. Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік белгісін атаңыз?
Әдебиеттер
8
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994ж
өзгертулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2000ж. 560бет.
2.Курс советского уголовного права. Особенная часть./Под ред. А.А.
Пионтковского. М., 1959г. 810стр.
3.А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы.,
2000ж. 520бет.
4.Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г.
768стр.
1.2 Қылмыстық құқық теориясындағы талан – таражға салудың
түсінігі және белгілері
Талан – таражға салудың дәлме – дәл анықтамасын беру осы
қылмыстардың мәнін анықтауға, қылмысты дұрыс саралауға, талан-таражға
салудың жекелеген түрлерін басқа ұқсас қылмыс түрлерінен ажыратуға,
сондай – ақ осы қылмыс түрлерімен табысты түрде күрес жүргізуге және
заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Күші жүріп тұрған заңдарға сәйкес талан-тараж ұғымы - топтық ұғым,
себебі оның негізгі элементтерінің сипаттамасы талан – таражға салудың
барлық нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік береді.
Күші жүріп тұрған заңда талан – таражға салудың ұғымын беру барысында
ескі заңдардың тәжірибесі, сондай – ақ қылмыстық құқық ғылымында
берілген анықтамалар қолданылған.
Қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибесінде соңғы уақытқа дейін
талан – таражға салудың біртұтас анықтамасы кездеспеген болатын. Бұл
жағдайдың себебін заңдарға талдау жүргізу арқылы іздестіріп көрейік.
КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдары «талан -
тараж» ұғымын кең түрде қолданғанымен де, бұл ұғымды заңда бекітпеді.
Талан – таражға салудың ұғымы қылмыстық құқық ғылымында теориялық
деңгейде қалыптастырылды. Яғни, «талан - тараждың» біртұтас ұғымының
болмауы соттардың біртектес қылмыстық істерді қарау барысында әртүрлі
шешімдер қабылдауларына әкеліп соқтырды. Бұл жағдай құқық қорғау
органдарының
меншікке
қарсы
қылмыстармен
ойдағыдай
күрес
жүргізулеріне елеулі дәрежеде кедергі келтірді деп айтпасымызға болмайды.
Отандық тәжірибеге сүйенсек, талан – таражға салудың толық ұғымы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 25 шілде 1996 жылғы
№9 қаулысында берілген. Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес
«бөтен біреудің мүлкін талан – таражға салу деп – меншік иесінің мүлкін
пайдақорлық мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе
басқаның пайдасына айналдыруды – бөтеннің мүлкін талан-таражға салу деп
түсіну керек. Бұл орайда бөтеннің мүлкі жасырын да, ашық та, алаяқтық,
қорқытып алу, меншіктену, жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып
қиянат жасау жолымен де талан-таражға салынуы мүмкін».
9
Қазіргі таңда алғаш рет заң деңгейіндегі талан – таражға салудың толық
көлемдегі және кеңейтілген анықтамасы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген..
Яғни, ҚК – тің 175-бабының ескертуінің 1 тармақшасына сәйкес: «осы
Кодекстің баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы
мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып
айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып
қою және айналдыру танылады».
Берілген ұғым талан – таражға салудың белгілерін анықтау, оларды бір –
бірінен ажырату және осы қылмыстармен табысты күрес жүргізу үшін
маңызды және басты ұғым болып табылады.
Заң деңгейінде берілген талан – таражға салудың ұғымын қарастырған
кезімізде, бұл ұғымды қалыптастыруға түйткі болған ғалым – заңгерлердің
әртүрлі көзқарастарына назар аудармауымызға болмайды. Қазіргі кезде
«талан - тараж» ұғымының мәселесіне байланысты екі негізгі көзқарас орын
алып отыр. Бұл теориялар Г.А. Кригер және В.А. Владимировпен берілген.
Г.А. Кригердің пікірі бойынша талан – тараждың ұғымы осы
қылмыстардың белгілерін жалпылайтын ұғым болуы қажет. Яғни, талан –
таражға салу деп – «мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың
қорларындағы мүлікті пайдақорлық мақсатпен қылмыстық иелену немесе
үшінші жақтарға беру».
Г.А. Кригермен берілген талан – тараждың ұғымын ҚР ҚК берілген
ұғыммен салыстырып қарастырсақ қылмысты жүзеге асырған «әрекетке»
және «талан-тараждалған мүлік тиісті адамдарға» қатысты кейбір
айырмашылықтарды көруімізге болады.
«Талан-тараждалған мүлік тиісті адамдарға» қатысты айырмашылықтарға
қатысты, қазіргі кезде ҚР ҚК жәбірленуші ретінде «меншік иесін» және
«мүліктің өзге иеленушісін» таниды. Г.А. Кригер жәбірленуші ретінде
«мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарды», олардың қорларын түсінеді.
Бұл айырмашылықтың болуын уақыттан іздеуіміз керек. Себебі: КСРО
кезінде жеке меншік мемлекеттік меншікпен бірдей құқықтық мәртебеге ие
емес болатын. «Қорлар» ұғымы экономикалық категория болғандықтан
біркелкі мағынада қолданылмайды. Бұл термин қандай да болмасын
ұйымның мүлкі туралы айтылған кезде шын мәнісінде де қолданылады.
Бірақ, иелігіңде нақты мүлкің болмаса да, белгілі бір қорға ие болуға болады.
Осыған байланысты Г.А. Кригермен берілген жәбірленушіге қатысты ұғым
шектелген болып табылады. В.А. Владимировпен берілген ұғымда
жәбірленуші ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың «қорлары»
емес, тікелей мемлекет немесе қоғамдық ұйымдар танылады .
Бұл жағдайда мемлекет немесе қоғамдық ұйым түріндегі нақты
жәбірленуші бар.
Әрекетке қатысты айырмашылықтарға келетін болсақ, Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің талан – тараж «бөтен мүлікті
кінәлінің немесе үшінші жақтардың меншігіне алу немесе айналдыру»
жолымен жасалынады деп бекіткен. Г.А. Кригер талан – таражды «иелену
10
немесе үшінші жақтарға мүлікті беру» деп түсінсе, В.А. Владимиров
«мемлекеттің немесе қоғамдық ұйымның иелігінен мүлікті құқыққа қайшы
алу және ұрланғанды өз меншігіне айналдыру мақсатында қайтарымсыз
түрде алу» деп түсінеді.
Осылайша, «талан - тараж» ұғымын анықтау барысында ғалымдар және
заң шығарушы арқылы әртүрлі терминологиялық базис қолданған. Жоғарыда
келтірген әр терминіміздің дара мағыналық жүктемесі бар. Қылмыстық
кодекстің қазақша нұсқасында қолданылған «ұрлау» терминінің өзі де өте
ұтымды емес. Себебі орыс тіліндегі нұсқада берілген «хищение» термині
қазақ тіліндегі нұсқада тоны айналдырылып «ұрлау» болып кеткен. Яғни, заң
шығарушы топтық ұғымды жеке - дара ұғыммен бір деңгейде қарастырған.
Олай айтып отырған себебіміз «ұрлау» бөтеннің мүлкін талан – таражға
салудың бір нысаны ғана болып табылады. Сондықтан да біз Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының ескертуінің 1-
тармақшасында берілген талан – таражға салудың анықтамасын былай деп
беруді ұсынамыз: «Талан – таражға салу дегеніміз – пайдакүнемдік мақсатта
бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне зиян
келтіре отырып, кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз,
қайтарымсыз алу немесе айналдыру».
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және ғалымдар
арқылы берілген «талан – таражға салудың» ұғымында адамды талан – тараж
үшін жауаптылыққа тартудың мәнді шарты болса да, жәбірленушінің мүлікті
иеленуінің заңдылығы көрсетілмейді. Осыған байланысты тәжірибе жүзінде
жиі кездесетін жағдай мүліктің заңсыз иеленушіден алынуы, яғни, ұры
ұрыдан ұрлайды. Бір жағынан алып қарастырсақ, бұл әрекеттер құқыққа
қайшы, егер де олар мүлікті меншік иесіне, заңды иесіне не болмаса құқық
қорғау органдарына қайтару мақсатын көздемесе. Осы жағдайға байланысты
сот тәжірибесіне талдау жүргізіп байқайық. Жоғарғы Сот Пленумының
қаулысына сәйкес «алынған мүлік адамның заңсыз иелігінде болса да
кінәлінің әрекеттерін бөтен мүлікті талан – таражға салу ретінде саралау
қажет» деп көрсетілген .
Заң шығарушы деңгейінде берілген талан – тараждың анықтамасында
талан – тараж меншік иесіне немесе өзге де иеленушіге зиян келтіруі қажет
деген талап бар. Келтірілген зиян алынған мүліктің мөлшерімен
анықталынады. Осыған байланысты назар аударатын келесі мәселеміз: заң
шығарушы қылмыстық істі қозғау үшін заңды тұлғаларға қатысты ұрланған
мүліктің құны 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет деп
есептейді. Яғни, 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, ұсақ мөлшердегі
талан - тараж деп есептелінеді. Осыған байланысты келесідей түсініксіз
жағдайлар туындауы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |