6
жағдайда ғана заңсыз деп танылады. Бірақ та, бұл жағдайда қылмыстық
құқықтық қорғаудың объектісі
меншік қатынастары емес, басқа игіліктер –
қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың өмірі мен денсаулығы
қарастырылады.
Біз талдайын деп отырған қылмыс құрамдарында
меншік қатынастары
негізгі тікелей объект ретінде қарастырылған. Меншікке қарсы кейбір
қылмыстар көп объектілі болып есептелінеді, яғни, оларды жасау барысында
өмірге, денсаулыққа зиян келтіріледі. Оларға: тонауды, қарақшылықты,
қорқытып алушылықты, автокөлікті заңсыз иеленуді жатқызамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты – Азаматтық
кодексте көрсетілген
меншік құқығының кез – келген объектісі бола алады. Осыған байланысты
интеллектуалдық қызметтің нәтижелері де меншікке қарсы қылмыстардың
заты ретінде қарастырылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне
сәйкес интеллектуалдық меншіктің өнімдері
азаматтардың конституциялық
құқықтары
мен
бостандықтарына
қарсы
қылмыстар
тарауында
қарастырылған. Бұл мәселеге байланысты отандық заң шығарушының
позициясы өте орынды деп есептейміз.
Осылайша, меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде – заттар, яғни,
ақша, бағалы қағаздар, кейбір кезде мүліктік
құқықтар, интеллектуалдық
қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан
алынбаған басқа да
жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы материалдық қылмыс
құрамдарының көмегімен құрылған. Олардың объективтік жағы үш міндетті
белгіден тұрады:
іс – қимыл, нәтиже және іс – қимыл мен нәтиженің
Достарыңызбен бөлісу: