Қылмыстың ұғымы



Дата01.03.2023
өлшемі87,76 Kb.
#70609
түріСабақ

Қазақстан Республикасының отбасы құқығы


Сисекешова Альфия Сансызбаевна Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі

Дәрістің тақырыбы: Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі


Дәрістің мақсаты:
Некеге тұру шарттарын түсіндіру
Сабақ мазмұны:

  • 1. Некеге тұру шарттары.
  • 2. Некеге тұратын адамдарды медициналық тексеру
  • 3. Некеге тұру тәртібі

Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ
Неке қию үшін некеге отыратын еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке жасына толуы қажет.
Отбасы – некеден, туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы
Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.
Мынадай дәлелді себептер болған:
1) жүкті болған;
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.
Некеге отыруға тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.
Неке жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың келісімімен жол беріледі.
Неке жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке жасына толған адам мен неке жасына толмаған адам арасындағы некеге неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.
Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар
Некелесуге:
1) бір жынысты адамдардың;
2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұратын адамдардың;
3) жақын туыстардың;
4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;
5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.
Некеге отыратын адамдарды медициналық зерттеп-қарау
Некеге отыруға тілек білдірушілерге медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродуктивтік денсаулық сақтау мәселелері бойынша консультация беруді және зерттеп-қарауды денсаулық сақтау ұйымдары және тек олардың екеуінің келісімімен ғана жүргізеді.
Некеге отыратын адамдарды зерттеп қараудың нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол неке қиюға ниеттенген адамға зерттеп қараудан өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Некеге отыратын адамның некеге отыратын басқа адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауруының болуы ерекше жағдайлар болып табылады.
Неке қиюдың тәртібі:
1. Неке некеге отыратын адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады.
Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісіле отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
2. Неке қию некеге отыруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі.
Неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші орган құжаттамамен расталған дәлелді себептер болғанда, бұл мерзімді қысқартады немесе ұзартады.
Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.
3. Неке қиюды мемлекеттік тіркеу белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Некеге отыруға тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет