Жария да, жасырын да бола алатын жедел-іздестіру әрекеттері:
азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу;
азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;
арнаулы техникалық құралдарды қолдану;
мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан) есептері бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргізу;
зерттеу үшін сынамалар мен үлгілер іріктеп алу;
бақылау үшін сатып алу;
іздеу-қызмет иттерін пайдалану;
белгілері бойынша жеке адамды іздеу және ұқсастыру;
ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;
құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу;
қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;
ұсталған адамдарды жеке тексеруді, қылмысты іс-әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді жүзеге асыру;
қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөнінде операциялар жүргізу;
жедел, қылмыстар есептері және қылмыстық тіркеу жүйелері бойынша тексеру.