Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы



бет49/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Байланысты:
оптика УМКД -1

Зертханалық қондырғы
Жарықталынатын нәрсені зерттеу үшін гелий-неонды лазермен жарықтандырылатын екі өлшемді дифракциялық тор (МОЛ-1) қолданылады. Дифракция әсерінен лазерлік ағын тордан кейін көптеген жинақсыз сәулелерге жіктеліп, олар экранда крест тәрізді жарық дақтары болып орналасады.

8-сурет. Қондырғының сыртқы көрінісі.
Қондырғы 8-суретте көрсетілген. Лазер (1) дифракциялық торды (2) жарықтандырады. Торды лазерлік сәулемен жарықтандырғанда торда пайда болатын дақ жарықтандырылған «нәрсе» ролін атқарады. «Нәрседен» таралатын сәулелерді линза немесе линзалар жүйесі (3) экранға (4) дақ-кескін түрінде түсіреді. Қондырғы элементтерінің барлығы оптикалық орындыққа (5) орналастырылады.
Тор және линзалар оптикалық орындықтағы стерженьге орын ауыстыратындай етіп қондырылады. Экран арнайы рейтерде бекітілген. Оптикалық орындықтағы элементтердің күйін метрлік шкаламен (өлшеуіш лента) өлшеуге болады.
Практикалық бөлімі
І. Өлшеулер
1. Жұмыстың құралдарымен танысу.
2. Лазерді қосып, лазердің, тордың және экранның дұрыс қондырылғанын тексеріңдер. Дұрыс қондырылған жағдайда центрлік дифракциялық дақ экран центрінде орналасу қажет және дөңгелек пішінді болу қажет.
3. Торды және экранды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырып, олардың х және х′ координаттарын оптикалық орындықтың шкаласы бойынша анықтаңдар.
4. Содан соң бірінші линзаны орналастырып, экранда сәуленің үлкейтілген және кішірейтілген дақ-кескіні пайда болғанша оны жылжыта отырып, осы күйлердің х1 және х2 координаттарын өлшеңдер. Әрбір күйдің координаттарын бес рет өлшеңдер.
5. Екінші линзаны орналастырып, екі линзадан тұратын жүйе үшін 4-бөлімді қайталап жасаңдар.
6. Екі линзаны да алып, экранды негізгі жарық «крест» ссәулелерінің арасындағы дақ анық көрінетіндей етіп орналастырыңдар. Дисторсия құбылысын бақылау үшін линзаны тор мен экранның ортасына орналастырыңдар (9-сурет).

9-сурет. Дисторсияны бақылаған кездегі сәулелердің жолы.
Стерженьге әуелі бір линзаны, содан соң екі линзаны орналастырып, әрбір жағдай үшін экранда жарық дақтарының таралу құрылымын суреттеңдер (10-сурет).

10-сурет. Көпшіктәрізді және бөшкетәрізді дисторсия кезіндегі экранда дақтардың таралуы.
ІІ. Есептеу
1. формуласы бойынша L қашықтықты есептеңдер, мұндағы х және х′-сәйкес тордың және экранның координаттары.
2. Бірінші линза және линзалар жүйесі үшін х1 және х2 координаттарының орташа мәнін табыңдар. Екі жағдай үшін де А қашықтығын формуласы арқылы есептеңдер; мұндағы және - экранда сәуленің үлкейтілген және кішірейтілген кескіні пайда болған кездегі линза координаттарының орташа мәні.
3. Бірінші линзаның және линзалар жүйесінің фокустық қашықтығын (7) формула бойынша есептеңдер.
4. Екінші линзаның фокустық қашықтығын (8а) формула бойынша есептеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет