4. Дене радиусы 50 м шеңбер доғасының бойымен қозғалады. Оның 10 с ішіндегі бұрылу бұрышы 1,57 радианға тең. Дене қозғалысының сызықтық жылдамдығы мен жүрген жолын табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
R=50 м
t = 10 с
S = ?
№ 7 жаттығу
1. Автомобиль радиусы 100 м айналмалы жолмен 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Автомобильдің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
Берілгені: Шешуі:
R=100 м
а ?
2. Алғашқы «Восток» ғарыш кемесінің жерді айналу периоды 90 мин. Оның жер бетінен орташа биіктігі 320 км- ге тең деп есептеуге болады. Ал, Жердің радиусы 6400 км екені белгілі. Осы ғарыш кемесінің жылдамдығын есептеп табыңдар.