Қимыл-қозғалыс ойындары және спорттық ойын элементтері бар ойындар



бет2/3
Дата05.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#41490
1   2   3
 Оқылым:
сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білу (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) түсініп, дауыстап оқу;
Әліппеге дейінгі кезеңдегі күтілетін нәтижелер:
сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді;
сұрақты тыңдайды және оны түсінеді, сұрақтарға жауап береді;
сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;
сөзге дыбыстық талдау жасайды;
көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды;
коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдана алады;
дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады
Әліппе кезеңіндегі күтілетін нәтижелер:
дыбыс пен әріпті таниды, оларды бір-бірінен ажыратады;
мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөледі, жаңа үйренген дыбысты анықтайды;
айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді еске сақтап, естуі бойынша жазады;
дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, сөздегі буын санын анықтайды;
мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қоя алады, сұраққа жауап береді;
сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады;
тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды, өз ойын білдіреді; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
оқу түрлерін (буындап оқу, сөздерді тұтас оқу, мәнерлеп оқу) қолданады, түсініп оқиды;
дыбыстарды дұрыс дыбыстайды, оның мағына ажыратушы қызметін түсінеді;
сызба-модель, сурет белгілері арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет