5 Үрдістердің қымбат және мүмкін емес натуралық тәжірибелерден алшақтай келе,
нақты үрдістердің барысын көрсететін ақпаратты жасанды түрде үлкен көлемде және тез
алуға болады.
6 Кейбір күрделі экономикалық жүйелерді зертханалық немесе натуралық
тәжірибелермен және аналитикалық әдістермен жасау мүмкін емес. ЭЕМ-де
имитациялық модельдеу осындай есептерді шешудің жалғыз іске асырылатын тәсілі
болады.
Машиналық имитацияны күрделі есептерді шешудің сандық машиналық әдісі
ретінде келесі шарттарды қолданған дұрыс:
– есептерді шешудің аналитикалық әдістерінің жарамсыздығы және жоқтығы;
– зерттелетін жүйені (үрдісті) адекватты сипаттайтын имитациялық модельді
жемісті құруға толық сенімділік. Кездейсоқ шамалар мен оқиғалардың қажетті
сипаттамаларын алу мүмкін емес кезде стохастикалық үрдістердің имитациялық моделін
құрастырудың мәні жоқ;
– қызмет ету шарттарын жақсартуға қатысты ұсыныстарды жасау мақсатымен
модельденетін жүйені алдын ала зерттеу үшін тұрғызу үрдісінің өзін пайдалану
мүмкіндігі.
Машиналық имитация әдісінің негізгі кемшіліктеріне адекватты модельді құруға
кеткен уақыт пен қаржы шығындарының көптігі, сондай-ақ нақты жүйенің кейбір
маңызды ерекшеліктерін модельде ескеру қиындығы және мүмкін еместігі.
Имитациялық модельдер бойынша есептеулерді орындау зерттеушілердің,
бағдарламалаушылардың және ЭЕМ-ның уақыт шығындарын қажет етеді. АҚШ-та
машиналық имитацияны пайдалану тәжірибесі қарапайым модельді құрастырудың өзіне
жұмсалған уақыт шығындары 5-6 адам-ай болады және ондаған мың доллармен
бағаланылады.
Машиналық имитацияны пайдалануға қатысты шешім қабылдау кезінде күтілетін
экономикалық эффектті тиісті есептеу шығындарымен салыстыру керек. Имитациялық
модельді ақша эквивалентіндегі күтілетін ұтыс шығындар көлемінен 10 есе артқанда ғана
құру дұрыс болады деген пікір бар.
Модельдеудің негізгі қағидалары
Модельдерді құрастыру және пайдалану кезінде жинақталған тәжірибені бірнеше
негізгі қағидалармен көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: