Иммунология – Ғылым ретінде иммунитет анықтамасы. Иммунологияның даму тарихы. Қазіргі замандағы медициналық иммунология. Иммуниттет анықтамасы


Инфекциялық және инфекциялық емес иммунологияның дамуы және орнығуы И.И.Мечниковтың биологиядағы жетістігімен байланысты



бет2/11
Дата14.10.2023
өлшемі150 Kb.
#114498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
immunologia - 1171 ylym retinde

Инфекциялық және инфекциялық емес иммунологияның дамуы және орнығуы И.И.Мечниковтың биологиядағы жетістігімен байланысты.
Ол бірінші рет иммунологиялық көрсеткіштердің бағасына эволюциялық көзқарасты енгізді, бұл болмаса бірде – бір иммунологиялық эффект пен иммунитет түсінікті болмайтын еді. Ф.Бернет жазбақшы, «барлық биологиялық үрдістер - өзекті эволюциның нәтижесі және кез – келген биологиялық жалпылама эволюциялық тұрғыда ғана мағынасы болады». 1883 ж. И.Мечников «Организмнің емдік күші туралы» деген баяндамасында, иммунитеттің жалпы биологиялық теориясының принциптерін көрсетіп берді.Бұл - алғаш теория болып есептеледі, ол жерде қор,аныс серпілістердің арнйылығы, ағзаның тек микробтардан емес және де өзінің токсиндерінің, денатурациялық ақуалдарынан, өлген жасушаларынан өзі арыла алатыны сияқты негізгі феномендер туралы айтылды.Бірақ, бұл фагоцитарлы теорияны кейбір биологтар мен медиктер жақсы қабылдаған жоқ. Оппоненттер де табылды, олра жасаған тәжірибелерінің нәтижесінде микроорганизмдер мен олардың токсиндерін бактерицидтік ерекшелігі бар гуморалды заттар бұзады деген пікір көрсетті. Ол ғалымдардың бірі - әйгілі ғалым П.Эрлих болды, ол осы үрдістің химиялық жағын зерттеді. Ол ең бірінші токсикалық заттардың инъекциясымен, оған қарсы токсиндерді бейтараптаушы антиденелер, яғни биологиялық субстанциялар пайда болу уақыты арасындағы период бар екенін, яғни латентті периодты анықтады.
Жаңа эксперименттер нәтижесінде И.И.Мечников гуморалды теорияның жақтаушыларының анықтаған сарысуы дифтерия мен столбняк (сіріспе) қоздырғыштарын өлтірмей, тек сол қоздырғыштармен бөлінген токсинднрді, уды жойып, фагоциттерді стимулдайды, ал олар қоздырғыштарды жұтатыны дәлелденді.Қаншама талас – тартыстар болса да, бұл екі теория өзара жақындай бастады, себебі басында фагоцитарлы теорияға қарсы деп шешілген жаңа фактілер кейіннен бірікті.
Иммунологияның негізін салушылар И.И.Мечников пен П.Эрлих арасында жүрген ұзақ полемика 1887 жылы басталған.Әр теорияның жақтаушылары 15 жыл ьойы өздерінің теориясының дұрыстығын дәлелдеу үшін көптеген эксперименттер жасады.Гуморалды теориясының жақтаушысы Э.Беринг ауырғаннан кейінгі сарысудың гуморалды фактормен байланысты бактерицидтік қасиеті жоғарлағанын анықтады. 1890 жылы Э.Беринг пен Ш.Китазато сіреспелік және дифтериялық токсиндермен егу нәтижесінде антитоксиндік сарысуларды алған. Алынған антитоксиндік сарысулар токсиндерді бейтараптаған.
Дифтерияны емдеуде антитоксикалық сарысуларды қолдану күшті патогенетикалық құрал ьолды және мыңдаған адамның өмірін сақтауға көмектесті. Бірақ, кейбір кезде антитоксикалық сарысуды қолданғанда, ол ауыр асқынуға (артериялық қысымның томендеуінен) тіпті өлім нәтижесіне алып келген.Бұл асқынуды ІІІ.Рише тәжірибе жүзінде тексерді.Біріншілік терішілік немесе теріастылық вакцинация иммундық жауаптың шаңында (10-14 кұннен кейін)сол дозадан 5-10есе жоғары дозада бұлшық етке немесе тамыр ішіне екіншілік вакцинация жасағанда, тәжірибелік жануарлардың 100% өмірге төзімділігі төмендеген. Бұл құбылысты анафилакция деп, ал пайда болған ауыр жағдайды А.М.Безредка анафилакциялық шок деп атаған.
Гуморалды және фагоцитарлы теория жақтаушыларының ұзақ уақыт дискуссиясы иммунологияның ғылым болып орнығуына жол тапты.Физиология мен медицинаға еңбегң сінгені үшін гуморалды және жасушалық теорияларды ашқан ғалымдарға – И.И.Мечников пен П.Эрлихқа 1908 жылы Нобель сыйлығы берілген.
Инфекциялы емес иммунологияны негіздеп, нәтижесінде жаңа қазіргі заманғв\ы иммунологияның дамуына үлес қосқандар Ж. Борде мен М. Чистович болды.1898 жылы Ж.Борды микобты емес жасушаларға жауап ретінде антидене бөлінер мекен деген оймен мынадаі тәжірибе жасады: қоянға қойдың эритроциттерін енгізді, жауап ретінде жануар ағзасында антиденелер пайда болды, олар қой эритроциттерін жапсырып, ыдырауына келтірген.Осы уақытта М.Чистович те тәжірибе арқылы жануарларға антиденелер синтезді микробты емес те, жасушалық емес те бөгде нәр уыздық заттарды тері ішіне, не тамыр арқылы енгәзгенде байқалады деген тұжырым жасады. Әсіресе – қан сарысуының нәруызын енгізгенде. Антиденелер бөгде сарысуға қосылған нәтижесінде сарысу құрамындағы нәруыздардың іріленуі мен жабысу арқылы жойылатыны анықталды.Бұл кезде де антиденелердің арнайылығы анықталған.Кейінірек Г.Бухнер комплемент жүйесін ашып, ал Ж.Борде комплемент жүйесінің мағынасын көрсеткен. Ж.Борде иммунды комплекс құрамындағы антиденелер комплементті активтейтінін, ал ол өз кезегінде антигендердің мембранасының ыдырап, фагоцитоз күшейтетінін көрсеткен. Ж.Борденің зерттеулерінің нәтижесінде иммунды жауапты макрофактор бастап, солар аяқтайтыны көрсетілген, себебі иммунды комплекстің фагоцитозы антигеннің толық жойылуына алып келеді. Бұл зерттеулер көрсетуі бойынша, И.И.Мечников пен П.Эрлих бір үрдістің екі түрлі сатычын зерттеген, нәтижесінде иммунитеттің гуморалды – жасушалық теориясы пайда болған.
Инфекциялы емес иммунология дамуының келесі кезеңі К.Ландштейнер есімімен байланысты. 1990 жылы К.Ландштейнер антигендердің модификациясы мәселесімен шұғылданып, 0, А, В, АВ қан топтарын зерттеп, адамның эритроциттерінің топтық изоантигендерін ашты. Бұдан кейін иммуногенетиканы зерттеу бағдарламасы туды, яғни тіндердің гисто сәйкестігі мен трнсплантациялық иммунитеттің көптеген мәселелері шешілді. Бұдан бірнеше жыл өткеннен кейін К.Ландштейнер жаңалығы клиникада қолдана бастады. Оның зерттеу тәжірибесін ескере отырып, дәрігерлер кез-келген қанды құймай, тек науқастың қанның эритроциттері жабысып қалмайтындай қанды құйған.
Инфекциялық емес иммунологияның жаңа кезінің дамуы авсралиялық ғалым Ф.Бернет, ағылшын ғалым П.Медовар, чех ғалымы М.Гашектың есімдерімен байланысты.Бірақ, жаңа иммунология 1944-1945 жж. П.Медавар тұрақтамаудың иммунологиялық табиғатын дәлелдеп, иммунитет организмді микробтардан ғана емес, басқа да генетикалық бөгде организмдердің жасушалары мен тіндерінен қорғайтынын көрсеткен жұмыстарынан басталады деген пікірлер бар. Ғылымның маңызды даму кезеңдері Ф.Бернеттің есімімен тығыз байланысты. Ол арнайы иммунитеттің негізгі жасушасы – лимфоцитке көңіл бөлді, сөйтіп оны «иммуноцит» деп атады, иммунды жауаптың түзілуінде тимустың маңызды екендігін айтты, иммунитеттің клон-сұрыптау теориясын ашты және иммунды жүйенің негізгі қызметі – оганизмнің ішкі ортасының генетикалық түрақтылығын бақылау екенін, яғни иммунологиялық бақылау концепциясын негіздеді.Иммунологиялық реактивтілікке қарсы «иммунологиялық төзімділік» яғни шыдамдылық жатады деп аталған күйді Ф.Бернет болжады, ал П.Медавар мен М Гашек тәжірибелік түрде қолдады.1949 жылда Ф.Бернет пен Ф.Феннер тимуста лимфоциттердің 90% жойылатыны, организмнің эмбрионалды кезеңде байланысқан антигендерге инерттілігі өмір бойы сақталатыны анықталған.Ол кезде бұл феноменге ғылыми түсінік берілмеді.Иммунологиялық төзімділіктің ресми ашылу мерзімі – 1953 жыл. Осы жылы П.Медавар мен Ф.Бернет өздерінің зерттеулерінің нәтижесінде (тимуста лимфоциттер өлуі және қан түзетін донорлық жасушаларды қан тамыр арқылы тышқандардың эмбрионалды кезеңінде егіп, аллотрансплантаттың ұзақ уақыт бойы бітісіп кететіндігі), антигендер иммунды жүйенің қалыптасыу кезінде қатысса, онда оларға иммунды жауап дамымайды деп болжамдады.Осылай иммунологиялық төзімділік теориясы пайда болды.Дәл осымен қатар, чех ғалымы М.Гашек осындай нәтижелерге қол жеткізді.Ол құстардың эмбрионалды парабиозды техникасын пайдаланған еді. Жалпы бұл авторлардың жұмысы ертеректе мәлім болған Д.Оуэн еңбектеріне негізделеді.Д.Оуэн эмбрионалдық кезеңдң ортақ плацентаға ие дизиготалы егіз бұзаулардың эритроцтарлы мозаицизмнің (химеризм) тұрақтылығын анықтады (тұжырымдады).Алайда, бұл екі автор орын алған құбылысқа, ғылыми тұрғыда, арнайы терминдік атау бермеді және бұл істі П.Медавар жүзеге асырды. 1960 жылы Ф.Бернет және П.Медавар иммунологиялық төзімділіктің жасанды индукциясы саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығымен марапатталды.П.Медавар ұзақ жылдар бойы (1939-1953 ж.ж)трансплантат тұрақтамаушылығын зерттеуде көп еңбек етті.Аллотрансплантатты мүшелік қабылдамауында иммундық жүйе басты маңыз атқарғандығын П.Медавар анықтады.
1956 ж. Американдық иммунолог Альберт Кунс антиденелердің плазмалық жасушаларда түзілетіндігін дәлелдеді. 60-шы жылдардың басында иммунитетке тән арнайы серпілістердің бәрі де, яғни – антиденелер түзу, денеге сырттан ендірілген ұлпа не ағзаларды қабылдамау, вируске қарсы қорғанысты жүзеге асыратын лимфоциттер екендігі күмәнсіз дәлелденді.
1957 жылы Бернет иммунитет теориясын ұсынды. Оның негізінде Н.Ерненің (1955ж.) табиғи сұрыпталу концепциясы жатқан.Оны ол П.Эрлихтің 1898 жылы ашылған бірінші иммунитет теориясы («жанама тізбек» теориясы) арқылы көрсеткен сұрыптау принципі негізін қолданып, түсіндірілген.Бірақ, Н.Ерне көзқарасында антигеннің сүрыптау қасиеті молекулалық деңгейде емес, лимфоидты ұлпалардың ауқымды жасушалық популяциясында, жасушалық деңгейде жұмыс атқаратындығы тұжырымдалды.1964 жылы Ф.Бернет «клон-сұрыптау иммунитет теориясы» деген атымен танымал гипотезаны жан жақа дамытылған. 1984 ж Н.Ерне иммунитеттің сұрыптау теориясының жалғасы болып табылатын идиотип-антиидиотип желісі теориясын ұсынғаны үшін Нобель сыйлығымен марапатталды.
Иммунологияның әрі қарай дамуы иммуноглобулиндердің химиялық құрылысы ашылуымен байланысты. Иммуноглобулин құрылысын бір-біріне тәуелсіз ағылшын биохимигі Д.Портер және американдық ғалым Дж. Эделман 1959 жылы ұсынып, Нобель сыйлығына ие болған. Олар миеломды тышқандардың иммуноглобулиндерінің құрылысын зерттей отырыпр, иммуноглобулин Gмоделін ұсынды.
60-шы жылдардың басында Д.Миллер Ф.Бернеттің тапсырмасы бойынша тимусты зерттеп, ол иммунитеттің орталық мүшесі екенін дәлелдеген.1968 жылы Д.Миллер Г.Митчеллмен бірге иммунды жауап кезінде жасушалардың кооперациялануы және олрадың тығыз байланысында маңызы бар екенін білді.Келесі жылы И.Ройт өзінің ғылыми жұмысында жасушалық иммунды жауап кезінде макрофактордың жасушалар кооперациялануына әсері бар екенін атап өтті.Кейінірек, Т-лимфоциттер бөгде заттармен «өзгерген өзінікі» ретінде байланысатыны мәлім болды, яғни бөгде зат өз МНС-нәруыздарымен «таныстырылу» керек; бұл феномен «екуін бірден тану» немесе негізгі гистосәйкестік бойынша иммундық жауаптың «генетикалық рестрикциясы» деп аталды.Осы ашқан жаңалықтары үшін П.Доерти мен Р.Цинкернагель Нобель сыйлығының лауреаттары болды.
Тіндердің трансплантациясы мен гистосәйкестікке арналған жұмыстары үшін физиология мен медицина саласында 1980 жылы Нобель сыйлығы ДЖ.Снеллге – тықандардағы гистосәйкестіктің Н-2 локусын зерттеген үшін;Ж.Доссеге – адам ағзасындағы HLA жүйксінің антигендерін тапқан және зерттеген үшін; Б.Бенацераффқа – адам тіндерінде тұрақтамау механизмдерін ашқан үшін берілген.
Иммунологияның келесі фундаменталды кезеңі антиденелерді зерттеумен – ол Г.Келлер мен Ц.Мильштейн – 1984 жылғы Нобель лауреаттарының зерттеу жұмыстарымен байланысты. Олар 1974-1975 жж. Иммунды диагностикада маңызды биологиялық молекулаларды бөліп алуда, иммунотерапияда және басқа зерттеу мақсаттармен кең қолданылатын моноклонды антиденелер алу технологиясын ашты; ол үшін антиденетүзуші В-лимфоциттерге соматикалық жасушалардың гибридизациялау әдісін қолданды.
Иммунды жауап даму үшін антиденелерді тану үрдісі жеткілікті болған жоқ. Бұл үрдісте иммунды хабарлы жасушалар бөлетін молекулалы факторлардың қызметі маңызды болды. Мысалы, макрофагтар Т-лимфоциттерді ИЛ-1-мен белсендіреді, ал Т-лимфоциттер ИЛ-2-мен Т-Лимфоциттерді де, В-лимфоциттерді де стимулдайды. Соңғы жылдары иммунды жүйк ағзаның басқа да жүйелеріне иммунды жауаптың иммунды хабарлы жасушалары өндіретін медиаторларымен (цитокиндер) реттеу қызметін көрсететіні дәлелдене бастады. Эндокринді, жүйе, т.б. жүйелеріне, ағзаның қан түзу мүшелерінің қызметіне иммунды жүйенің ерігіш өнімдері (цитокиндер) негізгші реттеуші факторлары екені белгілі болды. Иммунды жүйенің қызметі қаншалықты жұмыс істейтініне байланысты организмнің өмірлік деңгейнің қызметі айқындалды.Бұд қызмет иммунды жүйемен тығыз байланыстыболмауы да мүмкін, бірақ иммунды жүйенің өзінде немесе одан басқа жүйелерге иммунды реттеу барысында өндірілген цитокиндердің әсері реттеуші әсер ретінде жайылуы мүмкін. Осмыған байланысты қазіргі кезде иммуноцитокинді-нейроэндокринді реттеу ғалымдардың көп қызығушылығын тудырып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет