Иммунология – Ғылым ретінде иммунитет анықтамасы. Иммунологияның даму тарихы. Қазіргі замандағы медициналық иммунология. Иммуниттет анықтамасы



бет5/11
Дата14.10.2023
өлшемі150 Kb.
#114498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
immunologia - 1171 ylym retinde

Иммундық жүйенің шеткі мүшелері.
Оларға: көкбауыр, лимфа түйіндері, ішектің пейер табақшалары, аппендикс, бадамша без, аденоидтар және басқа да лимфоидтық түзілістер жатады.Бұл мүшелердің тимусқа тәуелді (Т-лимфоцит) және тимусқа тәуелсіз (В-лимфоцит) аумақтарына лимфоциттер орналасады.Иммундық жүенің шеткі мүшелер жүйесінің ұйымдастыру негізінде жергілікті қағидалар жатыр:әрбір лимфоидтық мүше дененің белгілі бір бөлігін бақылайды, ол жерден оған лимфа келеді (лимфа түйіндері), немесе қан айдау жолдарында кедергі болады (көкбауыр) немесе ағзаның ішкі ортасын шектейтін кедергілермен тікелей байланысады (тері және шырышты қабаттармен байланысқан лимфоидтық тін).
Шеткі мүшелерде антигендермен жанасу арқылы лимфоциттердің соңғы пісіп-жетілуі-антигенге тәелді дифференциялануы жүреді,нәтижесінде сәкес антигендерге иммундық жауап шақыратын, пісіп-жетілген иммунды хабарлы лимфоциттер түзіледі.Сонымен бірге, шеткі мүшелерде көптеген антигендерге иммундық жауаптың маңызды кезеңі болып табылады. Т-, В-лимфоциттердің және антигенді таныстырушы жасушалардың кооперациясы жүреді.Нәтижесінде В-лимфоциттер антидене түзетін плазмалық жасушаларға дифференцияланады.
Осылайша, шеткі мүшелерде иммундық жасушалар өздерінің әсерін жүзеге асырады, ол кезде лимфоциттердің антигендермен байланысты іске асырылады және иммундық жауап дамиды.


Жасушалық деңгей
Иммундық жүйенің жасушалары антигенді тануы бойынша, шығу тегі мен функционалдық ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінуі мүмкін.

  • Бірінші топ – лимфоциттер (әртүрлі даму сатысындағы Т,В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар және нөлдік лимфоциттер, оларға табиғи киллнрлер –NK жасушалары мен К-жасушщалары жатады).

  • Екінші топ – антигенді таныстырушы жасушалар (макрофагтар, дендриттік жасушалар, В-лимфоциттер).Бөгде антигендерген бұл жасушаларсыз иммундық жауаптың қалыптасуы мүмкн емес.

Бұдан басқа,т иммунды хабарлы жасушалардың пісіп-жетілуінде және олардың қызметінің реттелуінде маңызды рөлді микроайналым жасушалары – құрылымдық жасушалар (эпителий жасушалары мен коллаген және эластин талшықтарын түзетін фибробласттар)атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет