Антигенді таныстырушы жасушалар
Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы жасушалар (АТЖ) болып табылады.
АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.
Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.
АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х10 дейін МНС молекулалары болады. Бір Т-лимфоциттің белсенуі үшін,и антигенмен кешен құрған осындай 200-300 молекуласы жеткілікті.
Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүеккемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.Қан лейкоциттерінің шамамен 5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады.
Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.Эпитлий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер).Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентациясы аз мөлшерде болады.
Дендритті жасушалар сүйек кемігінде қан жасаудың миелоидты-моноцитарлық қатарынан түзіледі.Цитоплазмадағы қабатты қосындылар – Бирбек түйіршіктері жасушалардың морфологиялық маркерлері болып табылады.
Дендритті жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға қарағанда белсенді және олар иммундық үрдістерді іске қосуда маңызды рөл атқарады.Дендритті жасушалапмен антигенді жаулап алу, көбінесе лимфоидтық мүшелерден тыс жүреді.Антигенді өңдегеннен кейін, олар шеткі лимфа түйіндердегі Т-лимфоциттерге жеткізеді.Бұл кезде дендритті жасушалардың фагоцитозды қабілеті жоқ, бірақ нәруыздар мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |