Импульстің сақталу заңы Жұмыстың орындалуы



бет5/6
Дата26.12.2023
өлшемі113,18 Mb.
#144143
1   2   3   4   5   6
12. Резонанс.Еріксіз тербелістердің мәжбүрлеуші күштің әрекет ету жиілігіне байланысты екенін дәлелдеу
Жұмыс барысы:
Ауыр маятникті тербеліске түсіргенде қалған маятниктер ұзындықтарына байланысты әр түрлі амплитудамен тербеле бастайды. Резонанстың ауыр маятниктің ұзындығы мен массасы жеңіл маятниктің ұзындығы бірдей болған кезде пайда болатынын көруге болады.


57-сурет
Қорытынды: 1.Мәжбүр, яғни еріксіз тербелісті туғызатын мәжбүр күштердің периоды әсерінен болатын тербеліс еріксіз тербеліс деп аталады.
2. Еріксіз тербеліс жиілігі мен еркін тербеліс жиілігі сәйкес болған тұста тербеліс амплитудасының күрт артуы не болмаса кемуі резонанс құбылысы деп аталады.

13.6-мен бірдей
14. Орнықты және орнықсыз тепе-теңдікті түсіндіру
Жұмыстың орындалуы
Ойыс, тегіс, дөңес беттердің үстінегі шардың қозғалысын қарастыра орналастыра отырып, тепе-теңдіктің түрлерін түсіндіру керек. А)-орнықты, ә)-орнықсыз, б)талғаусыз тепе-теңдік.

а) ә) б)
44-сурет



Қорытынды: Егер денеге әсер етуші күштердің қосындысы және күш моменттерінің қосындысы нольге тең болса, дене тепе-теңдікте болады.
16. Механикалық тербелісті жазып алу.
Қатты қағаздан конус тәріздес шелек жасалып, оны созылмайтын жіпке байлап, штативе іліп қояды. Одан соң конус ішіне құм толтырып, ұшыа сіріңкенің бір талымен бітеп қояды. Ақ парақты конус шелектің астындағы тербелісті жазуға ыңғайлы етіп , суреттегідей орналастырып аламыз. Конус тәрізді шелекті тепе-теңдік қалпынан сәл ауытқыта отырып, қағазды бір қалыпты жылджыту к ерек. Сол кезде қағаз бетінде тербелістің сызбасы түседі. Тәжірибені конус тәріздес шелектің орнына жұмсақ қылқаламды пайдалана отырып жасауға да болады.Осы сызбаны тақтаға түсіре отырып, тербелістің амплитудасының уақытқа тәуелді екенін түсіндіреді. Сызбаны тепе-теңдік қалыптан ауытқуының шамасы (амплитуда), уақыт, тербеліс периоды, жиілігі деген ұғымдарын түсіндіру үшін қолданады (53-сурет).






53-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет