Қорытынды: құрғақ денелердің арасындағы үйкеліс сұйықтар мен газдардағыға ақарағанда үлкен болады.
6. Мектептегі оқу эксперименті Физикалық теория мен ұғымдарды дұрыс қалыптастырудың басты шарт- талдау арқылы іріктелген, өте ұқыптылықпен қойылатын оқу экспериментінің жүйесі болып табылады.
Л.И. Анциферовтың берген анықтамасы бойынша мектеп физика эксперименті –физиканы тәжірибенің негізінде оқып-үйренуді қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен әдістер жүйесі. Дегенмен, іс-әрекеттің (танымдық немесе эксперименттік) мақсаты, құралы, үдерісті ұйымдастыру формасы мен нәтижесі болады [1].
Оқу экспериментінің физиканы оқытудағы мақсаты «мектеп оқу эксперименті біріншіден,оқу материалы, яғни меңгеру нысаны болып табылады. Бұл жерде оқу экспериментінің мазмұны физикалық құбылыстар мен жүйелерді оқып-үйренудің эксперименттік әдістері; эксперимент табиғат пен теорияның арасындағы байланыстырушы көпір. Ал екіншіден, оқу эксперименті
Білімді меңгерту әдістерінің бірі болып табылады. Физикалық оқу эксперименті ғылыми білімді жеткізудегі оқыту құралы ретінде образдық (сезімдік) және логикалық көрнекілік болып саналады. Жалпы алғанда физикалық оқу экспериментін қолданудағы басты мақсат оқушылардың методологиялық білімін, жалпыланған эксперименттік дағдыларын, әлеуметтік-мәдени және зияткерлік дамуын қалыптастыру.
Физикалық оқу экспериментін қою көп жағдайда мұғалімнен көп ізденуді, эксперименттік шеберлікті талап етеді. Ал мектеп физика сыныбында көрсете алмайтын физикалық эксперименттер арнайы дайындалған аннимациялық немесе түсірілген оқуфильмдері арқылы көрсетіледі.
Физиканы оқытуда зерттеліп отырған құбылыстың сандық сипаттамасын, заңдылығын ашатын эксперименттердің құндылығы жоғары. Себебі, демонстрациялық оқу экспериментін көрсету барысында сандық қатынастарды әрдайым тағайындау мүмкін емес. Сол себепті іргелі тәжірибелер арнайы зертханалық практикумдарда міндетті түрде зерттеледі.
Физикалық экспериментті демонстрациялау кезінде, зертхана жұмысын өз бетімен орындау барысында немесе физикалық эксперимент туралы арнайы оқу фильмдерін көру арқылы физиканы меңгеруге қажетті тәжірибе қалыптасады. Осы тәжірибелерге сүйене отырып, физика курсын нақты, қарама-қайшылықсыз баяндауға болады.
Дегенмен, оқушылардың оқу материалын қабылдау ерекшеліктері мен физика курсы оқытудың алдындағы педагогикалық міндеттер тек физикадағы іргелі заңдарды ғана қамтымай, физиканы терең оқып білуге қажетті барлық құбылыстарды да қамтиды.
Педагогтық тұрғыдан қарағанда оқыту процесінде келесі тәжірибелер топтары маңызды орын алады.
Мұғалімнің көмегімен түсіндірілетін тәжірибелер. Мысалы, дененің шеңбер бойымен қозғалысын түсіндіру кезінде сыныпта демонстрациялау арқылы сабақ барысын жандандыруға болады. Осындай тәжірибелердің жоғары педагогикалық тиімділігі оқушылар алдын-ала мұғалім дайындаған тәжірибенің барысын бақылай отырып, зерттеліп жатқан құбылысты түсіну үшін маңызды нәрсеге назар аударады.
Кейбір тәжірибелер физикалық құбылысты оқыта отырып техникалық қондырғының, құралдың қандай физикалық құбылыстың негізінде жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Мұндай оқу эксперименттері физиканың техникамен байланысын, оның практикалық қолданысын көрсетеді. Мұндай тәжірибелерді жасау барысында нақты техникалық нысандардың жұмыс жасау принципін біліп қоймай, өткен теориялық материалдың бекуіне, білімінің тереңдетуіне ықпал етеді.
Физикалық құбылыстың негізінде жұмыс жасайтын техникалық нысандар өте көп болғандықтан, оның ішінен де қажеттісін іріктеп алу керек. Техникалық нысандарды оқып-үйрену барысында олардың ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Оқушылардың физикалық құбылыстар әлеміне деген қызығушылығын туғызу мақсатында қызықты тәжірибелерді қолдануға болады.
Кей жағдайда мұғалім сабақ барысында проблемалық мәселе қойылып, тәжірибе арқылы сол проблеманы шешетін жағдайлар да кездеседі. Сонымен қатар қате жасалған тұжырымдарды тексеру барысында да тәжірибені қолдануға болады.
Физикадан өлшеу, бақылау жұмыстарын жүргізу туралы алғашқа түсінікті оқушылар мұғалімнің жалпы барлық сынып оқушыларына бірдей көрсеткен тәжірибелерінен алады. Дегенмен, оқушылардық өлшеу құралдарымен, физикалық құбылыстарды бақылаудағы дағдысы, бейімділігі, іскерлігі өз бетінше жұмыс жасау барысында, яғни зертханалық жұмыстар мен фронтальдық және үйде орындалатын эксперименттік тапсырмаларды орындауда қалыптасады. Зертхана және фронтальдық эксперименттік тапсырмалар оқу экспериментінің жүйесіндегі алатын орны зерттеушілік сипатқа ие.
Зерттеушілік сипаттағы күрделі зертханалық жұмыстарды алдын ала жоспарланған екі, төрт оқушыдан жасақталған топпен физикалық практикум түрінде өткізеді.
Физикалық оқу экспериментінің қандай түрі болса да оқу экспериментіне қойылатын дидактикалық талаптарды қанағаттандырады. Осылайша физикалық оқу экспериментінің жүйесі:
1.Физиканың эксперименттік негіздерін құрайтын іргелі тәжірибелер (мұғалім орындайтын мұғалімдер жасап көрсететін демонстарциялық, оқушылар орындайтын зертхана жұмыстары, тапсырмалар түріндегі физикалық оқу эксперименттері);
2.Фронтальдық эксперименттік тапсырмалар, эксперименттік есептер
3. Фронтальдық зертхана жұмыстары.
4. Физикалық практикум.
5.Үйде орындалатын эксперименттерден тұрады.
Ғылым мен техниканың дамуымен мектептің физика курсының мазмұнына да кеңейтілген. Осыған байланысты мектептің физикалық оқу эксперименті де үздіксіз даму үстінде.
Оқу экспериментінің жіктелуінің физиканы оқыту үдерісінде практикалық мағызы зор.