Импульстің сақталу заңы Жұмыстың орындалуы



бет6/6
Дата26.12.2023
өлшемі113,18 Mb.
#144143
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
53,54,55,56 тшэ — копия

Қорытынды:
1.Синус және косинус заңдылығына сәйкес тербетін тербеліс гармоникалық деп аталады.
2.Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық деп аталады.
3. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалын) тербеліс периоды деп аталады, яғни тербеліс периоды толық бір тербеліске кеткен уақыт.
4.Бірлік уақыт ішіндегі тербеліс саны тербеліс жиілігі.
5.Тербелістің амплитудасы деп дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәнін айтады.
17.

53.Толқындардың интерференциясын демонстрациялау
Толқындардың интерференциясын көрсету үшін екі дөңгелек толқын туғызатын балғаша пайдаланады. Ол үшін (1-сурет, 7) екі тербеліс көзін туғызатын қыстырғышты құрылғыға бекіту керек. Құрылғыны 1 пункттегідей жұмысқа дайындап, 5 суреттегідей кескін алады. Экранда толқынның таралу бағыты бойынша күңгірт және ақшыл жолақтар пайда болады. Стробоскопты пайдалана отырып, толқындардың қозғалысын тұрақты көрсетуге болады. Фазалары бірдей толқындардың қабаттасқан жерлеріндегі судың бөлшектерінің тербелісінің амплитудасы екі есеге артады (күңгірт жерлері), амплитудасы қарама-қарсы жерлерде су бөлшектері қозғалыссыз қалады (ашық жолақтар).

54. Дыбыс тербелістерінің физикалық қасиеттерін көрсететін демонстрациялық тәжірибе.


Камертоннан шыққан дыбыс толқындары микрофонның шығысында электр тербелістерін туғызады. Бұл тербелістердің қасиеттерін күшейтуден соң электронды осциллографтың көмегімен көрсетуге болады. Егер дыбыс толқындарының көзі ретінде адамның дыбысын алатын болса, осциллографтағы параметрлердің өзгеруі адамның дыбысының қаттылығына, тембріне, жиілігіне байланысын екенін көруге болады.
Қорытынды:
1. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын денелердің тербелістер амплитудасымен анықталады.
2.Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек борлады.
3.Тембр-адамның дауысына немесе апаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.
4.Шу-әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы.
55. Механикалық толқын ұғымын қалыптастыру үшін көрсетілетін демонстрациялық тәжірибе.

Ұзын жіпті тақтайшаға не қабырғаға бекітіп оны тербеліске түсірсек, оның бойын қуалап толқын жүгіріп өтеді. Не болмаса кеңдеу ыдысқа су құйып, оның ортасына кішкене тасты тастап жібереміз. Осы кезде түскен тасты айнала су бетімен жан-жаққа толқын тарала бастайды.
Қорытынды: Тербелістің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады. Толқын кезінде тек энергия (импульс) ғана бір бөлшектен екінші бөлшекке тасымалданады. Толқынның ортада таралуы оның жылдамдығымен, ұзындығымен сипатталады. Т период аралығында толқын кеңістікте  жылдамдықпен толқын ұзындығына тең аралыққа таралады деген сөз.
56. Массалары әр түрлі денелердің еркін түсу үдеуінің тұрақты болуын дәлелдеге арналған тәжірибені түсіндіру үшін көрсетілетін демонстрациялық эксперименттің әдістемесі
Ньютонның түтікшесін ашып, оның ішіне құстың қауырсынын, металл шар мен тығынды салып жабады. Үш түрлі затты да бір жағына түсіріп, тез арада түтікшені тік көтеріп, оқушыларға үш заттың атмосфералық қысымда бірдей уақытта түспейтінін көрсетеді.
Ньютон түтікшесін шланга арқылы Комов сорғысына жалғап, ішіндегі ауаны сорып алады. Қысым төмендеген кезде алдыңғы тәжірибені қайталайды, яғни олардың бірдей уақытта түсетінін көрсетеді, ауа үйкелісінің олардың қозғалысына кедергі келтірмейтіні көрсетіледі.
А-жағдайы. Б-жағдайы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет