«Инабат» қыздар ұйымының



Дата13.01.2022
өлшемі28,76 Kb.
#23996
Байланысты:
кыздар ұйымы


Келісемін: Бекітемін:

ТІЖ орынбасары Г.Қ.Сүлейменова Мектеп директоры Т.Бижан

«____» ______________ 2013ж « ___» ________________2013ж
Нарқызыл негізгі мектебіндегі «Инабат » қыздар ұйымының

2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары







Жұмыстың мазмұны

Өтілу түрі

Өтетін мерзімі

Өтілуіне жауапты




Ұйымдастыру жұмыстары

1

«Инабат» қыздар ұйымының жылдық жұмыс жоспарын жасау, бекітуге ұсыну

Жоспар

Қыркүйек

Ұйым жетекшісі

2

«Тазалық , тәртіп - басты талап»

Тазалық қарау, бақылау





Аптасына екі рет

Қыздар ұйымының тазалықшылары

Мектеп медбикесі



3

Қыздар жиналысын өткізу

Жиналыс

Айына бір рет

Ұйым жетекшісі, ұйым мүшелері

4

Мерекелік қабырға газеттерін шығару

Мерекелік құттықтау, қабырға газеттері

Мереке күндері қарсаңында

Ұйым жетекшісі, ұйым мүшелері




Өткізілетін шаралар

1

«Бой түзеу -әуелі ой түзеу»




Қыркүйек

Ұйым жетекшісі


2

«Ұстазым менің, ұстазым»


Мерекелік

құттықтау




Қазан

Қожабекова Б.Ж

Төлегенова А.С



3

«Алтын күз-2013»

Күзгі бал байқауы

Қазан

Қожабекова Б.Ж

Андирова Т.У

Төлегенова А.С


4

«Әдептілік- адамгершілік бастауы»


Әдептілік сабағы

Қараша

Қожабекова Б.Ж


5

« Арулар аз болды ма атқа қонған?!...»


Тарихи танымдық кеш

Желтоқсан

Қожабекова Б.Ж

Сәрсенбаева Н.Ә



6

«Жылы жүрек- жақсы тілек»

Тренингтер

Қаңтар

Қожабекова Б.Ж

Мектеп психологі



7

«Қар ханшайымы -2014»


Байқау

Ақпан

Қожабекова Б.Ж

8

«Артық болмас білгенің...» Қағазбен,матамен жұмыс

Іскерлік сабағы

Наурыз

Қожабекова Б.Ж


9

«Көктем аруы-2014»

«Қыз сыны» байқауы

Наурыз

Қожабекова Б.Ж

10

«Шығармашылық - жетістік бастауы»

Көрме

Сәуір

Қожабекова Б.Ж

Ізтілеуова А.Ж



11

«Махаббат – өмір көркі»


Пікірталас

Сәуір

Қожабекова Б.Ж

12

«Инабат» қыздар ұйымының жылдық жұмыс жоспарының орындалуы туралы есеп беру

Хабарлама

Мамыр

Ұйым жетекшісі

«Инабат» қыздар ұйымының жетешісі: Қожабекова Б.Ж


Нарқызыл негізгі мектебіндегі «Инабат » қыздар ұйымында өткізілетін



қыздар жиналысының жоспары





Тақырыптары

Өтетін уақыты


Өтілуіне жауапты

1

№1 қыздар жиналысы

1.«Инабат» қыздар ұйымының жылдық жұмыс жоспарын жасау, бекітуге ұсыну

2. Тазалықшыларды, газет шығарушыларды , оқу секторын сайлау

Қыркүйек


Қожабекова Б.Ж

Ұйым мүшелері



2

2 қыздар жиналысы

«Өмір, қымбатсың маған!»

Ағымдағы мәселелер


Қазан

Қожабекова Б.Ж


3

3 қыздар жиналысы

«Салауаттылық - салтымыз»

(баяндама)

Ағымдағы мәселелер



Қараша

Қожабекова Б.Ж

Ұзақова А.Е



4

№4 қыздар жиналысы

«Білімді мыңды жығар »

Ағымдағы мәселелер


Желтоқсан

Қожабекова Б.Ж


5

№5 қыздар жиналысы

«Адам болам десеңіз...»


Қаңтар

Қожабекова Б.Ж


6

№6 қыздар жиналысы

«Тазалық –денсаулық кепілі»

(жеке бас гигиенасы туралы маман кеңесі)

Ағымдағы мәселелер


Ақпан

Ұзақова А.Е

Жұмабаева А.Қ



7

№7 қыздар жиналысы

«Ана.Келін. Бойжеткен»

(аналармен бірге дөңгелек үстел)


Наурыз

Қожабекова Б.Ж

Жаңабергенова Ж



8

№8 қыздар жиналысы

«Иманды болу-парызың» (баяндама)



Сәуір

Сәрсенбаева Н.Ә


9

№9 қыздар жиналысы

1.«Инабат» қыздар ұйымының жылдық жұмыс жоспарының орындалу есебі




Мамыр

Қожабекова Б.Ж

«Инабат» қыздар ұйымының жетешісі: Қожабекова Б.Ж



Тақырыбы: «Жылы жүрек – жақсы тілек»

Қожабекова Бағдагүл Жанғазықызы

Математика пәні мұғалімі



Мақсаты:

- Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

- Мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу;

- Жақсы тілек, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, қамқорлық жасауға жетелеу.



Көрнекі құралдар: жүрекше, нақыл сөздер, слайд презентация

Қажетті құралдар: маркер, түрлі түсті қағаздар, А4 форматы,стикер, клей, қайшы

Өтілу түрі: тренинг, топтық жұмыс



Жоспары:

І. Шаттық шеңбері « Жүректен жүрекке»

ІІ.Топқа бөлу; Топ ережесін таныстыру

ІІІ. «Сыйлық» (тренинг)

ІҮ. Топтық жұмыс

Ү. Ойтолғаныс

ҮІ. Рефлексия

Қорытынды

Өтілу барысы:

І. Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір-біріне жиі айтудың нәтижесінде өзара сыйластық артады.

Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

Шаттық шеңбері. « Жүректен жүрекке» (Жүрекшені бір -біріне беріп тілек айтады)

ІІ. Топқа бөлу ( Ұйым мүшелері өздері қалаған түсті таңдап «Қызыл», «Сары», «Жасыл» болып топқа бөлінеді)

Біздің ереже:

Белсенді қатысу

Тыныштық сақтау

Бірін-бірі тыңдау

Ойын ашық айту

Бір-бірін сынамау

Ынтымақтылық

ІІІ. «Сыйлық» (тренинг)

Әр топ шеңбер жасап тұрып бір- біріне ыммен сыйлық жасайды, қандай сыйлық екенін айтпайды. Барлығы жасап болғаннан кейін талқылау болады.

Талқылау:

Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?

2. Қандай сыйлықты сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?

Сізге сыйлық ұнады ма?

4.Қандай әсерде болдыңыз?
ІҮ. Топтық жұмыс

Әр топ берілген уақыт ішінде сыйлық әзірлейді (ұстаздарына, Анасына, достарына, балаларға т.б). Сыйлықты кімге, не үшін сыйлайтындарын түсіндіріп береді.

Таныстырылым жасалып болған соң бағалау болады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен әр топ бір біріне жұлдыз сыйлап ұсыныстарын айтады.
Сергіту сәті «Көңілді би», «Гүлдер »
Ү. Ойтолғаныс

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.
«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жаныңды тез,

Оятады игі тілекті


Сұрақтар қою арқылы тақырыпқа қатысты ой бөлісу, пікірлесу

Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
Әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни, әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар, яғни біз бақытты өмір сүреміз.
ҮІ. Рефлексия

Оқушыларға стикерлер таратылады, «пікір ағашына» өз пікірлерін жазып қалдырады.

«Қызыл» «Уақытым зая кетті, қызық емес»

«Жасыл» «Маған бүгінгі тренинг ұнады, көп нәрсе үйрендім.Келгеніме қуаныштымын.»



«Сары» «Менің ойымша бұл тренинг бірқалыпты өтті, жаңалық болған жоқ »
Қорытынды

Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болады, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет