«ИНАУДИТ» ЖШС аудиторлық жəне консалтингтік қызмет көрсету
жөніндегі тəуелсіз фирмасы
Жиынтық есеп
«Қазақстан
Республикасындағы
өндіруші
салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске
асыру» республикалық
бағдарламасының
шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
(Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін
түсімдер
мен
төлемдер
туралы
деректерді
салыстыру жөніндегі жиынтық есеп
Жұмысты Қазақстан Республикасы Энергетика жəне минералды
ресурстар министрлігімен 2008 жылғы 22 тамызда жасалған №
33-2008 шартқа сəйкес «Инаудит» ЖШС фирмасы орындады.
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 2 из 13
М А З М Ұ Н Ы
Беті
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық
көрсету бастамасын іске асыру» республикалық бағдарламасының
шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған
бюджетке түсетін түсімдер мен төлемдер туралы деректерді салыстыру
жөніндегі жиынтық есеп
3-9
1-ҚОСЫМША. Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың
қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыруға қатысты өзара
түсіністік туралы меморандумға қол қойған, есептері салыстырылған
өндіруші Компаниялардың тізімі
10-13
2-ҚОСЫМША. Қазақстан Республикасы өндіруші Компанияларының
2006 жылғы төлемдері бойынша есеп
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 3 из 13
«БЕКІТЕМІН»
«ИНАУДИТ» фирмасының
директоры
___________ И.И.Тридневко
Аудиторлық қызметпен
айналысуға берілген
мемлекеттік лицензия
сериясы МФЮ
№ 0000138 17.06.2000ж.
САЛЫСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫНТЫҚ ЕСЕП
№ 02-02/38 2008 жылғы 24 желтоқсан
Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету
бастамасын (бұдан əрі - ӨСҚАБ) іске асыру жөніндегі мүдделі тұлғалар Ұлттық
Кеңесінің мүшелеріне:
Біз 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі (бұдан əрі – Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін түсімдер мен
төлемдер туралы деректерді салыстырдық. Бұл салыстыру Қазақстан Республикасы
Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының өндіру саласында жұмыс
істейтін компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар жəне Қазақстан Республикасы
Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі қол қойған 2005 жылғы 5
қазандағы Өзара түсіністік туралы меморандумның (бұдан əрі – «ӨМ») жəне
Қазақстан Республикасы Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігімен
жасалған 2008 жылғы 22 тамыздағы № 33-2008 шарттың негізінде дайындалды. Бұл
салыстыру Ақпаратты растау жөніндегі рəсімдер бойынша халықаралық стандартқа
жəне жоғарыда көрсетілген шарттың Техникалық тапсырмасына сəйкес жүргізілді
жəне, сəйкесінше, деректерді тексеруден, талдаудан жəне оларды бастапқы
құжаттармен, қазынашылықтың деректерімен салыстырудан жəне біз қалыптасқан
жағдайда қажетті деп санаған басқа да рəсімдерден тұрады.
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 4 из 13
Салыстыруға арналған ақпарат ӨМ қол қойған Компаниялар ұсынған
ақпараттан жəне Компаниялар мен Уəкілетті орган ұсынған Уəкілетті орган алған
төлемдер бойынша растайтын дəлелдерден тұрады.
Уəкілетті
орган
мен
Компаниялар
деректерінің
арасындағы
айырмашылықтарды анықтау, əрбір айырмашылықтың себебін айқындау
мақсатында осы айырмашылықтарды тексеру, оларды жою жəне келешекте мұндай
айырмашылықтарды болдырмау жөніндегі ұсынымдарды дайындау біздің
міндетіміз болып табылды.
Салыстыру барысында біз мынадай рəсімдерді жүргіздік:
1. Есепті толтыру жөніндегі бекітілген нұсқаулыққа сəйкес ӨСҚАБ жөніндегі
есептің нысанын толтыру жөнінде барлық өндіруші Компаниялармен
консультациялар жүргізілді.
2. Есептіліктің жекелеген мəселелері нақтыланған Өскеменде ӨСҚАБ
жөніндегі Конференцияға қатыстық.
3. Біздің өтінішіміз бойынша Кеден Комитеті тек аймақтардан ғана емес,
Қазынашылықтан да алынған деректерді ұсынды, осындай жұмыстар Салық
Комитетімен де жүргізілді.
4. Бұдан басқа ҚР Энергетика жəне минералды ресурстар министрлігі арқылы
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылығынан 65 Компанияның төлемдері туралы
деректерді сұрадық (адам факторын болдырмас үшін) жəне Салық пен Кеден
комитеттерінің деректерін нақтыладық.
5. Техникалық тапсырмаға сəйкес Салық пен Кеден комитеттерінің деректерін
нақтылағаннан кейін қазынашылықтың деректерімен салыстыру арқылы ұсынылған
растаушы құжаттардағы айырмашылықтар бойынша Компанияларға сұратулар
жібердік (банктердің үзінді-көшірмелері, төлем тапсырмалар, жеке шоттар жəне
т.б.) жəне айырмашылықтарды толық түсіндірген жағдайда компаниялар тиісті
түсініктемелерімен бірге түзетілген деректерін қайта ұсынды.
6. Салыстыру жүргізілетін Компаниялардың түпкілікті тізімі жəне «ӨСҚАБ»
меморандумына қол қойған, бірақ осы тізімге кірмеген жекелеген Компаниялар
бойынша себептер нақтыланды.
7. ӨСҚАБ бойынша 2006 жылғы есепті АҚШ долларымен ұсынған шет елдің
қатысуы бар 6 компания бойынша шетел валютасы теңгемен қайта есептелді.
Жүргізілген жұмыс нəтижесі бойынша біз жүргізілген салыстыруды пікірімізді
білдіру үшін жеткілікті болып табылады деп ойлаймыз.
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 5 из 13
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы
Салыстыру жүргізілетін Компаниялардың жəне ӨСҚАБ ӨМ қол қойған, бірақ
есептерін ұсынбаған Компаниялардың түпкілікті тізімі нақтыланды - № 1 қосымша.
Уəкілетті органнан алынған жəне 1-қосымшада көрсетілген Компаниялар (ӨМ
тараптары) дайындаған төлемдер бойынша есептерді салыстыру кезінде жоғарыда
көрсетілген есептер арасындағы айырмашылықтардың себебін анықтау үшін
қалыптасқан жағдайда қажетті рəсімдерді жүргіздік.
Салыстыру нəтижелері төменде келтірілген:
I бөлім – Салықтар
Компаниялардың есебі
584 863 097 мың теңге
Уəкілетті органның есебі
889 786 542 мың теңге
Айырмашылық
-304 923 445 мың теңге
«Салықтар» жолы бойынша 304
923
445 мың теңге сомасындағы
айырмашылық 301 064 744 мың теңге сомасындағы корпоративтік табыс салығы
бойынша айырмашылық есебінен, атап айтқанда:
1) (101 102) коды бойынша – 87 046 996 мың теңге сомасы Уəкілетті орган өз
есебінде алынған төлемдерді тек теңгемен ғана көрсеткеніне қарамастан, алты
Компанияның салықтар бойынша есептерін АҚШ долларымен ұсынуының
нəтижесінде.
2) (101 103) коды бойынша – 975 000 мың теңге сомасы бір Компанияның оны
осы код бойынша көрсетіп, ал Уəкілетті органның ол соманы (101 106) коды
бойынша көрсетуінен.
3) (101 104) коды бойынша 21 244 311 мың теңге:
а) бір Компания төлемдерді АҚШ долларымен (264 мың АҚШ долл.), ал
Уəкілетті органның оны 33 348 мың теңге сомасында теңгемен көрсетуінен.
б) бір Компания осы салық бойынша Уəкілетті органның 40 648 мың теңге
сомасында қайтарғанын есепке алмауынан.
в) төрт Компания 21 237 011 мың теңге сомасындағы салықты осы код
бойынша, ал Уəкілетті органның осы соманы (101 107) коды бойынша көрсетуінен.
4) (101 105) коды бойынша – бір Компания төлемдерді шетел валютасымен –
1 228 402 мың АҚШ долл., ал Уəкілетті органның оны 162 208 152 мың теңге
сомасында теңгемен көрсетуінен.
5) (101 106) коды бойынша – сол сияқты бір Компания төлемдерді шетел
валютасында – 67 830 мың АҚШ долл., ал Уəкілетті органның оны 8 523 459 мың
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 6 из 13
теңге сомасында теңгемен көрсетуінен. Ал 975 000 мың теңге - бір компания оны
(101 103) коды бойынша көрсетуінен.
6) (101 107) коды бойынша – бір Компания төлемдерді шетел валютасымен –
345 431 мың АҚШ долл. көрсетіп, ал Уəкілетті органның оны 43 293 438 мың теңге
сомасында теңгемен көрсетуінен. Сондай-ақ Уəкілетті орган 21 237 011 мың теңге
соманы осы код бойынша, ал төрт Компания осы соманы (101 104) коды бойынша
көрсетуінен болған.
Сондай-ақ «Салықтар» жолы бойынша айырмашылыққа бір Компанияның
төлемдерді шетел валютасымен, тиісінше 15 695 мың АҚШ долл.; 14 мың АҚШ
долл.; 7 250 мың АҚШ долл.; 119 мың АҚШ долл. жəне 7464 мың АҚШ долл. деп
көрсетіп, ал Уəкілетті орган оны, атап айтқанда: -1 972 937 мың теңге; 1 800,8 мың
теңге; 912 836 мың теңге; 14 067 мың теңге жəне 953 960 мың теңге деп теңгемен
көрсетуінің нəтижесінде əлеуметтік салық, жер салығы, жеке табыс салығы, көлік
құралына салынатын салық жəне мүлік салығы бойынша айырмашылықтар да əсер
етті.
Бұдан басқа бір Компания жер салығы бойынша 121,0 мың теңге сомасындағы
өсімпұлды жəне бір Компания көлік құралына салынатын салық бойынша 2 980
мың теңге сомасындағы салықты ескермеген.
Бұл барлық айырмашылықтарды біз Компаниялардан бастапқы төлем
құжаттарын алумен жəне Уəкілетті орган ұсынған Компаниялардың жеке шоттарын
тексерумен жəне Қазынашылықтың корреспонденттік шотына шетел валютасымен
ақша қаражатының есептелгенін растайтын Қазынашылықтың деректерімен,
сондай-ақ (Мүдделі Тұлғалардың Ұлттық Кеңесінің ұсынымы бойынша, МТҰК)
шетел валютасын теңгемен қайта есептеумен жəне оны салыстырумен растадық.
II бөлім – Қазба байлықтарды пайдаланудың арнайы төлемдері
Компаниялардың есебі
184 929 181 мың теңге
Уəкілетті органның есебі
323 383 309 мың теңге
Айырмашылық
-138 454 129 мың теңге
138 454 129 мың теңге сомасындағы айырмашылық:
1) (105 306 – 105 326) «Роялти» коды бойынша – бір Компания төлемдерді
шетел валютасымен – 827 029 мың АҚШ долл. көрсетіп, ал Уəкілетті органның оны
104 034 099 мың теңге сомасында көрсетуінен.
«Тарихи шығындарды өтеу» жолының да «Роялти» жолының да бір коды
болуынан он үш Компанияның «Тарихи шығындарды өтеу» жолын «Роялти»
жолынан 4051671 мың теңге сомасында бөлек көрсеткенін, ал Уəкілетті органның
бөлек көрсетпегенін айта кету қажет. Алайда, ол тұтастай алғанда «Роялти» жолына
əсер еткен жоқ.
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 7 из 13
2) (105 308 - 325) коды бойынша – «Қазақстан Республикасының өнімді бөлу
бойынша үлесі» - осыған ұқсас, бір Компания төлемдерді шетел валютасымен –
274 492 мың АҚШ долл. көрсетіп, ал Уəкілетті орган оны 34 420 030 мың теңге
сомасында теңгемен көрсетуінен болған.
Бұл барлық айырмашылықтарды біз Компаниялардан бастапқы төлем
құжаттарын алумен жəне Уəкілетті орган ұсынған Компаниялардың жеке шоттарын
тексерумен жəне Қазынашылықтың корреспонденттік шотына шетел валютасымен
ақша қаражатының есептелгенін растайтын Қазынашылықтың деректерімен,
сондай-ақ (МТҰК ұсынымы бойынша) шетел валютасын теңгемен қайта есептеумен
жəне оны салыстырумен растадық.
III бөлім - Басқа да міндетті төлемдер
Компаниялардың есебі
15 199 108 мың теңге
Уəкілетті органның есебі
18 864 932 мың теңге
Айырмашылық
-3 665 825 мың теңге
3 665 825 мың теңге сомасындағы айырмашылық бір Компанияның 14 «Жер
телімдерін пайдаланғаны үшін ақы» (105 315); 15 «Қоршаған ортаны ластағаны
үшін төлемдер» (105 316); 16 «Су ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы» (105 303);
18 «Радио жиіліктегі спектрді пайдаланғаны үшін ақы» (105 309) жəне 19
«Бюджетке төленетін басқа да алымдар мен төлемдер, барлығы» жолдары бойынша
есептеріне жалпы сомасы 28 845 мың АҚШ долл. болатын төлемдерді қосқаны, ал
Уəкілетті орган осы салықтар бойынша төлемдерді 3 665 825 мың теңге жалпы
сомасымен теңгемен көрстеуінен болған бір себептен туындады.
Бұл барлық айырмашылықтарды біз Компаниялардан төлем құжаттарын
алумен жəне Уəкілетті орган ұсынған Компаниялардың жеке шоттарын тексерумен
жəне Қазынашылықтың корреспонденттік шотына шетел валютасымен ақша
қаражатының есептелгенін растайтын Қазынашылықтың деректерімен, сондай-ақ
(МТҰК ұсынымы бойынша) шетел валютасын теңгемен қайта есептеумен жəне оны
салыстырумен растадық.
IV бөлім - Кедендік төлемдер
Компаниялардың есебі
11 781 173 мың теңге
Уəкілетті органның есебі
11 813 161 мың теңге
Айырмашылық
-31 988 мың теңге
31 988 мың теңге сомасындағы айырмашылық бір Компанияның есептеріне
төлемдерді шетел валютасымен - 266 мың АҚШ долл. кіргізіп, ал Уəкілетті
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 8 из 13
органның бұл төлемдерді 31 988 мың теңге сомасында теңгемен көрсетуінен
туындады.
Барлық айырмашылықтар бойынша Компаниялардың бастапқы төлем
құжаттары алынды жəне Компаниялардың Уəкілетті органнан алынған жеке
шоттары тексерілді жəне Қазынашылықтың корреспонденттік шотына шетел
валютасымен ақша қаражатының есептелгенін растайтын Қазынашылықтың
деректерімен салыстырылды, сондай-ақ (МТҰК ұсынымы бойынша) шетел
валютасы теңгемен қайта есептелді жəне ол салыстырылды.
Шетел валютасымен көрсетілген төлемдер (АҚШ доллары)
Компаниялардың есебі
3 555 250 мың АҚШ долл.
Уəкілетті органның есебі
0 .
Айырмашылық
3 555 250 мың АҚШ долл.
Төлемдердегі шетел валютасындағы (АҚШ долларындағы) айырмашылық алты
Компанияның есепті АҚШ долларымен жүргізуімен жəне есептерінде төлемдерді
сол валютамен көрсетуімен, ал Уəкілетті орган барлық алынған төлемдерді
теңгемен көрстеуімен түсіндіріледі. Біз бұл айырмашылықты тиісті компаниялардан
Қазынашылықтың
корреспонденттік
шотына
шетел
валютасымен
ақша
қаражатының есептелгенін растайтын төлем құжаттарын алу, сондай-ақ (МТҰК
ұсынымы бойынша) 447 286 700 мың теңгені құраған шетел валютасын теңгемен
қайта есептеу арқылы растадық. Уəкілетті органның деректері бойынша, бұл сома
447 112 933 мың теңге болып көрсетілді, айырмасы 173 768,8 мың теңгені құрады.
Уəкілетті орган əрбір төлем жəне əрбір күн жөнінде шетел валютасын теңгеге қайта
есептеу мəліметтерін көрсете алмады. Осы себептен, бұл айырмашылық
түсіндірусіз қалды.
Теңгемен көрсетілген төлемдердің барлығы:
Компаниялардың есебі
796 772 558 мың теңге
Уəкілетті органның есебі
1 243 847 944 мың теңге
Айырмашылық
447 075 386 мың теңге
447 075 386 мың теңге болатын бұл айырмашылыққа, бұрын түсіндірілгендей,
Уəкілетті орган қайтарған 40 648 мың теңге сомасын ((101 104) коды бойынша
«Салықтар» бөлімінде көрсетілген) қосып, (104 401) коды бойынша көрсетілген
көлікке төленетін кіргізілмеген салық ретіндегі 2980 мың теңгені жəне (104 307 –
104 308) коды бойынша көрсетілген 121 мың теңге сомасындағы жер салығы
бойынша өсімпұл сомасын, жəне 447 112 933 мың теңге салық сомасы Уəкілетті
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 9 из 13
орган теңгемен көрсетті ал алты шет елдің қатысуымен жұмыс істейтін компания
АҚШ доллармен көрсетті.
Көрсетілген есептеудің кезінде мемлекетаралық қаржы есептік стандарттарына
сəйкес, 2006 жылдың 31 желтоқсанымен бітетін кезең аудит 51 компаниямен
өткізілді.
Сонымен қатар, Компаниялар мен Уəкілетті орган өздерінің есптіктерінде өнімнің
заттай түрін бөлісу жөніндегі мəліметті көрсеткен емес, осы себептен, бұл деректер
есептіктен орын тапқан жоқ.
Ескертпелері бар пікірдің негіздемесі
1-қосымшада көрсетілген 6 Компания ӨСҚАБ ӨМ қол қойғандарына
қарамастан салыстыру үшін есептерін ұсынған жоқ, соның нəтижесінде бұл
Компаниялар бойынша төлемдер мен түсімдер жөніндегі есептерді талдай алмадық.
Ескертпелері бар пікір - Қорытынды
Істелінген жұмыс нəтижесінде, яғни өндіруші Компаниялардан да, Уəкілетті
органнан да сұратып алынған бастапқы құжаттарды зерделей жəне оларды
Қазынашылықтың деректерімен салыстыра келе, сондай-ақ шетел валютасын
теңгемен қайта санап жəне айырмашылықтардың себептерін анықтап, өндіруші
Компаниялар мен Уəкілетті орган ұсынған 2006 жылғы есептер негізінен ақиқат
жəне əділ көзқарасты білдіреді, яғни бекітілген нұсқаулыққа сəйкес жасалған,
барлық маңызды аспектілерде салыстырылып, шынайы берілген деген
қорытындыға келдік.
Пайдаланудағы шектеулер
Бұл есеп ӨМ қол қойған тараптардың пайдалануына ғана арналған жəне оны
басқа тараптардың пайдаланбауы немесе ӨМ белгіленгеннен басқа мақсаттар үшін
пайдаланылмауы тиіс.
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 10 из 13
1-қосымша. Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін
ашық көрсету бастамасын іске асыруға қатысты Өзара түсіністік туралы
меморандумға қол қойған, есептеріне талдау жүргізілген мұнай-газ жəне тау-
кен секторлары Компанияларының тізімі
№
Компаниялардың атауы
1
"Адай Петролеум Компани" ЖШС
2 АИТИ
*
3
"Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В." қазақстандық филиалы ****
4
"Лукойл Оверсиз Карачаганак Б.В."/ "Lukoil Overseas Karachaganak B.V." Kazakhstan
Branch компаниясының қазақстандық филиалы
5
"Би Джи Карачаганак Лимитед" (Ақсай)/ "BG Karachaganak Limited" (Aksai)
6
"Шеврон Интернешнл Петролеум Компани" / "Chevron International Petroleum Company"
7
"Аджип Карачаганак Б.В."/ "Agip Karachaganak B.V."
8
"Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В." *****
9
"Аджип Каспиан СИ Б.В."/ "Agip Caspian Sea B.V."
10
"Инпекс Норт Каспиан Си.Лтд" компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалы/
Branch of the company "Inpex North Caspian Sea.Ltd" in the Republic of Kazakhstan
11 "КонокоФиллипс Норт Каспиан Лтд." Компаниясының Қазақстандағы филиалы
12 "ТОТАЛЬ Э энд П Казахстан" филиалы / Branch "TOTAL E&P Kazakhstan"
13
"Шелл Казахстан Девелопмент Б.В." фирмасының Қазақстан Республикасындағы
филиалы
14
"ЭкссонМобил Казахстан Инк." корпорациясының Қазақстан Республикасындағы
филиалы
15 "Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В." компаниясының Ақтөбе филиалы
16 "Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В." компаниясының Атырау филиалы
17 "Алтын КДТ" ЖШС**
18 "Алтын Кен" ЖШС *
19 "Алтын Құлагер" ГБК**
20 "Қазақстан Алюминийі " АҚ (ПАЗ)
21
"Қазақстан Алюминийі " Акционерлік қоғамының Краснооктябрь боксит кен басқармасы
(КБКБ) филиалы
22 "Қазақстан Алюминийі " АҚ филиалы "Керегетас" кен орны (КИР)
23 "Қазақстан Алюминийі " АҚ Алматы қ. өкілдігі
24 "Қазақстан Алюминийі " АҚ Астана қ. өкілдігі
25 "Қазақстан Алюминийі " АҚ филиалы " Торғай боксит кен басқармасы (ТБКБ)
26 "Анако" ЖШС/ "АNACO"
27 "Арал Петролеум Кэпитал" ЖШС
28 "Арнаойл"
ЖШС
29 "Арман" БК ЖШС
30 "Арман 100" * ЖШС
31 "Алға КаспийГаз" ЖШС
32 "Артель Старателей Горняк" ЖШС
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 11 из 13
33 "СНПС-Ақтөбемұнайгаз"
АҚ
34 "ФИК Алел" АҚ
35 "Бентонит иК" ЖШС
36 "Бес Тас" ** ЖШС
37 "Бетбастау-Недра" * ЖШС
38 "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС
39 "Белогорский ГОК"" ГБК ЖШС
40 "Бузачи Оперейтинг Лтд" КФ / "Buzachi Operating Ltd"
41 "Баст"
ЖШС
42 "Васильков КБК" АҚ
43 "Васильковское золото" БК АҚ
44 "Восход Oriel"
ЖШС
45 "Гюрал"
ЖШС
46 "Джентек Интернэшнл Казахстан" ** ЖШС
47 "Дегелен"
ЖШС
48 "Евразия Энергетикалық Корпорациясы" АҚ
49 "Жайықмұнай"
ЖШС
50 "Жайрем тау-кен-байыту комбинаты" АҚ
51 "Жайықгидрогеология"
ЖШС
52 "Жалайыр"
ЖШС
53 "Жерек"
ЖШС
54 "Жалғызтөбемұнай"
ЕЖШС
55 "Инкай"
БК
56 "Катко" ЖШС / "KATCO" JV LLP
57 "Казатомпром" ҰАК АҚ
58 "Казатомпром" ҰАК АҚ Жаңа жоблар дирекциясы филиалы
59 "Корпорация Қазақмыс" ЖШС
60 "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС
61 "Қазақтүіркмұнай"
ЖШС
62 "Қазгермұнай" БК ЖШС
63 "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ
64 "Қазнефтехим Қопа" ЖШС
65 "Қазполмұнай" ЖШС / "Kazpolmunay" LLP
66 "Қазхром" трансұлттық компаниясы АҚ
67 "Қазмырыш"
АҚ
68 "Қаражанбасмұнай" АҚ / JSC "Karazhanbasmunai"
69 "Қарақұдықмұнай"
ЖШС
70 "Каспий нефть ТМЕ" АҚ
71 "Каспий нефть" АҚ
72 "Кен Шығыс" ЖШС**
73 "Қор-Таж"
ЖШС
74 "Құмкөл Транс Сервис" ЖШС
75 "Қазақстан никелі ГБК" ЖШС
76 "ЛАЙНС ДЖАМП" ЖШС
77 "Ланкастер Петролиум" АҚ / "Lancaster Petroleum" АО
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 12 из 13
78 "Маерск Ойл Казахстан ГмбХ" компаниясының қазақстандық филиалы
79 "Маңғыстаумұнайгаз"
АҚ
80 "СП Матин" ЖШС
81 Миттал Стил Темиртау *
82 "Монтажмаликмұнай" ЖШС *
83 "Мұзбел" ЖШС ***
84 "Нарымалтын ГБК" ЖШС
85 "СNPC Интернешионал (Бузачи) Инк." КФ
86 "Нельсон Петролеум Бузачи Б.В." КҚФ
87 "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ
88 "Равнинное Ойл" ЖШС
89 "ҚазМұнайГаз" барлау-өндіру» АҚ
90 "Репсол Эксплорасион Казахстан С.А." филиалы
91 СПК "САРЫАРҚА" "Ұлттық Компания" АҚ **
92 "Самек Интернешнл" ЖШС
93 "Самек Девелопмент Энтерпрайз" ЖШС
94 "Satpayevsk Titanium Mines LTD" ЖШС
95 "Светланд Ойл" ЖШС
96 "Саутс ойл" ЖШС
97 "Соколов-Сарыбай тау-кен-байыту бірлестігі" АҚ
98 "ССГПО" Алексеевский Долгоматовый Рудник АҚ филиалы
99 "Статойл Норс Каспиен АС" компаниясының филиалы
100 "Сырымбет" АҚ
101 "ТЕНГЕ" БК ЖШС
102 "Табынай" ЖШС
103 "Тасболат Ойл Корпорэйшн" ЖШС
104 "Тенгизшевройл" ЖШС / "Tengizchevroil" LLP
105 "ТетисАралГаз" ЖШС
106 "Төбеарал Ойл" ЖШС
107 "Толкыннефтегаз" ЖШС / "Tolkynneftegaz" LLP
108 "Төрт Құдық" ТБК
109 "Теміртау электрометаллургия комбинаты" ЖШС
110 "Теміртау электрометаллургия комбинаты" ЖШС Ақмола филиалы
111 "Үлбі металлургия зауыты" АҚ
112 "Урал Ойл энд Газ" ЖШС
113 "Ферро-Тау" ЖШС ***
114 "ФМЛ Казахстан" ЖШС
115 "ХазарМұнай" ЖШС
116 "Цветмет инжиниринг" ЖШС
117 "Шалқия Мырыш Лтд." ЖШС
118 "Шынжыр" ЖШС
119 "Эмбаведьойл" ЖШС
ЖШС «Инаудит»
___________________________________________________________________________
«Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың қызметін ашық көрсету бастамасын іске асыру»
республикалық бағдарламасының шеңберінде 2006 жылы өндіруші Компаниялар мен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі (Уəкілетті орган) ұсынған бюджетке түсетін төлемдер туралы деректерді салыстыру жөніндегі
жиынтық есеп
стр. 13 из 13
* - ӨСҚАБ 2006 жылғы есебіне деректері кіргізілмеген, бірақ ӨСҚАБ ӨМ
қол қойған жəне Қазақстан Республикасы ЭМРМ деректері бойынша есептерін
ұсынбаған компаиялардың тізімі.
** - Қазақстан Республикасы ЭМРМ деректері бойынша 2006 жылы
бюджетке төлемдер жасамағандықтан ӨСҚАБ 2006 жылғы есебіне деректері
кіргізілмеген компаниялардың тізімі.
*** - Қазақстан Республикасы ЭМРМ деректері бойынша компанияның қазба
байлықтарды пайдалану құқығын беруіне немесе қазба байлықтарды
пайдалану келісім-шартының бұзылуына байланысты 2006 жылғы есепке
деректері кіргізілмеген компаниялардың тізімі.
**** - ӨМ тарабы болып табылмайтын, ӨМ тараптары болып табылатын
мердігер Компаниялар ("Лукойл Оверсиз Карачаганак Б.В.", "Би Джи
Карачаганак Лимитед", "Шеврон Интернешнл Петролеум Компани", "Аджип
Карачаганак Б.В.") Консорциумының операциялық Компаниясы болып
табылатын
Компания. Операциялық
Компания
жүргізген
барлық
төлемдер/түсімдер олардың операциялық Компаниядағы қатысу үлесіне сəйкес
мердігер Компаниялар ұсынған есептерде көрсетілді. Бұл Компания бойынша
төлемдер/түсімдер бойынша есепке талдау жасалды.
***** - ӨМ тарабы болып табылмайтын, ӨМ тараптары болып табылатын
мердігер Компаниялар Компаний ("Аджип Каспиан СИ Б.В.", "Инпекс Норт
Каспиан Си.Лтд", "ТОТАЛЬ Э энд П Казахстан", "Шелл Казахстан
Девелопмент Б.В.", "ЭкссонМобил Казахстан Инк.", "КонокоФиллипс Норт
Каспиан Лтд") Консорциумының операциялық Компаниясы болып табылатын
Компания. Бұл операциялық компания мердігер компаниялар бойынша
жиынтық есепті ұсынды. Операциялық Компания жүргізген барлық
төлемдер/түсімдер олардың операциялық Компаниядағы қатысу үлесіне сəйкес
мердігер Компаниялар ұсынған есептерде көрсетілді. Бұл Компания бойынша
төлемдер/түсімдер бойынша есепке талдау жасалды.
Document Outline - САЛЫСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫНТЫҚ ЕСЕП
- САЛЫСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЖИЫНТЫҚ ЕСЕП
- Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |