Индек с 75579 Құрметті оқырман! Бар буынның талғамынан шығатын, жас толқынның сырын бірден ұғатын, «Жас өркен-Қостанай» журналына 2016 жылдың екінші жазылуды ұмытпаңыз



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата08.01.2017
өлшемі7,18 Mb.
#1402
  1   2   3   4   5   6   7

C

M

Y



K

Индек

с 75579

    Құрметті оқырман!

Бар буынның талғамынан шығатын,

жас толқынның сырын бірден ұғатын,

«Жас өркен-Қостанай» журналына 2016 жылдың 

екінші жазылуды ұмытпаңыз.

Бір жылға жазылу бағасы – 2 449 теңге 80 тиын 

жартысына (қала бойынша), 2 471 теңге 52 тиын 

(облыс бойынша). 

2

2016



Алақай, 

әз-Наурыз келді!

№2(81)

НАУРЫЗ-СӘУІР

C

M

Y



K

Тарихи суреттер

Суретте: 

Қазақстан  Ре-

с п у б л и к а с ы 

Ұлттық акаде ми­

ясының  ака де­

мигі, «Жас өркен 

–   Қ ос т а н а й » 

ж у р н а л ы н д а 

бірнеше жыл Бас 

редактор болған 

ғалым Рымғали 

Нұрғали  Ахмет 

Байтұрсынов 

ес керткішінің 

қа сында. 

Акция

Көркейе бер, Қостанай!

Архимед МҰХАМБЕТОВ,

Қостанай облысының әкімі: 

Биыл  Қостанай  облысының  құрылғанына  80  жыл  толады. 

Бұрынғы  Қостанай  мен  Торғай  облыстарының  негізінде  қайта 

құрылып, осында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ондаған ұлттардың 

алтын  бесігіне  айналған,  Қазақстанды  астықпен  қамтамасыз 

етіп  отырған  ірі  өңірлердің  бірі  –  Қостанай  облысы бүгінде  ел 

экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отыр! 

Қостанайдың ең үлкен байлығы – азаматтары! Осы топырақта 

кіндік қаны тамып, бүгінде әр салада көзге түсіп, белгілі тұлғаларға 

айналған азаматтар әрісі әлемнің, берісі Қазақстанның түкпір-

түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр. 

Сол азаматтар өздері өсіп-өнген, өмірдегі алғашқы қадамдарын 

басқан  туған  жер  алдында  перзенттік  парыздарын  өтейтін 

кез  келді  деп  есептеймін.  Мен  бүгін  «Көркейе  бер,  Қостанай!» 

атты акцияның тұсауын  кескелі отырмын. Осы акция аясында 

кіндік  қаны  осы  топырақта  тамған  әрбір  азамат  өз  ауылы  не-

месе қаласын көркейтуге үлес қоса алады. Біз оларға шығып, 

ұсыныстар жасауымыз керек. Әрбір елді мекен өз түлектерінің 

шарапатын сезінуі тиіс!

РЕДАКЦИЯНЫҢ 

МЕКЕНЖАЙЫ:

11000, Қостанай қаласы, 

А.Байтұрсынов көшесі, 

47-үй, 217 бөлме. 

Медиа – студия.  

Байланыс телефоны: 

қалааралық  

8-7142-51-11-67, 

Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, 

кері қайтармайды.

Журналдың қажетті 

сандарын редакциядан сатып 

алуға болады. 

Бағасы келісімді. 

«Жас өркен-Қостанай» 

журналына демеушілік 

көрсетем деушілерге мына 

есеп-шотымызды ұсынамыз: 

РМҚК «А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік университет»

ИИК KZ838560000000079688

РНН 391700052352,

БИН 990240005319

БИК KCJBKZKX

РНН банка 391700078345

БИН банка:980841000472

 Кбе 16

Журнал редакцияның 



компьютерлік орталығында 

теріліп, беттеліп 

«Қостанайполиграфия» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

110007, Қостанай қаласы, 

С.Мәуленов көшесі, 16.

Басуға 8.02.16 ж. 

қол қойылды. 

Көлемі 32 бет, 

Офсеттік басылым.

Тапсырыс №1379

Таралымы 850 дана.

Баспахана түпнұсқасы нашар 

суреттердің сапасына жауап 

бермейді. 

Журнал Қазақстан 

Республикасы, Ресей 

Федерациясының Орынбор, 

Қорған, Челябі, Омбы 

облыстарына тарайды

C

M



Y

K

Туған жер тұлғалары

Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы

(1887-1934 жж)

Қостанай  өңірінен  шығып,  есімі  бүкіл  қазақ  еліне 

танылған аяулы қыздарымыздың бірі – Нәзипа Құлжанова. 

Әкесінің аты бірде Сағызбай делінсе, кейбір басылымдар-

да Сегізбай болып жазылып жүр. Қазақстан ұлттық эн-

циклопедиясында Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) 

делініп, қатар көрсетілген.

Н.  Құлжанованың  мамандығы  –  мұғалім.  Оның  есімі 

педагог,  қазақ  қыздарынан  шыққан  тұңғыш  журналист, 

этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік 

қалды. 


Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылы 27 шілдеде 

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге кел-

ген. Ол әуелде Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім 

алып, 1902 жылы Қостанай қаласындағы қыздар гимна-

зиясын  тәмамдаған.  1903-1904  жылдары  Тор¬ғайдағы 

училищеде  мұғалімдік  қызмет  атқарған.  Кейін  Орынбор 

мұғалімдер  семинариясын  бітіріп,  Мұхтар  Әуезов  білім 

алған  Семей  мұғалімдер  семинариясында  1905-1920 

жылдары ұстаздық етеді.

«Ардақты Нәзипа деген ханым,

Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім.

Оқыса сондай әйел шығар ед деп,

Оқығандар бағалар сөздің дәмін.

Неше күн қыдырсаң да таба алмассың,

Семейдің одан өтер адал жанын.

Ақ көңіл, мінезі оңды, жүзі жарқын,

Ынтасы жеткізбекке әйел халқын» деп қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торай¬ғыров жырға 

қосқан  Нәзипа  Құлжанова  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  мәдениетінің  тарихында  ерекше  із  қалдырған 

тұлғалардың бірі. 

Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Құлжанова Семейде өзінің белсенділігін, 

қабілет-қарымын  байқатып,  1914  жылы  (ұлы  Абайдың  қайтқанына  10  жыл  болған  уақыт)  мәдениет 

қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, 

өткізеді. Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы 

да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын 

тәнті етеді.

Нәзипа Құлжанова Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, 

кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған. Оқу комиссариатының 

арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы 

жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман 

көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз 

жазған.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын 



сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ес- керткен. Танымал педагог бала 

бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін 

нақты мысалдармен түсіндіріп берген.

Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» 

кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық 

ретінде ұсынылған. Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан.

Н.  Құлжанованың  өмірі  мен  қызметі,  мұрасы  тереңірек  зерттеуді  қажет  етеді.  Оның  журналистік, 

аудармашылық  қырын  ашу  келешектің  еншісінде  деп  сенеміз.  Қазақтың  қайсар,  қайраткер  қызының 

ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жастарға аманат.

Қостанай облысы Арқалық қаласында Назипа Құлжанова атындағы гуманитарлық колледж бар. 



C

M

Y



K

C

M



Y

K

МЕНШІК ИЕСІ: 



Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті.   

Ректор Хұсайын УӘЛИЕВ

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Төраға

Кенжеғали САҒАДИЕВ 

Орынбай ТАҒАЕВ

Төлен ӘБДІКОВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор

Ақылбеқ ШАЯХМЕТ

8(705) 650-65-51

шығарушы редактор

Қымбат ДОСЖАНОВА

8(702) 514-14-03

менеджер-дизайнер

Жадра ЖУЛМУХАМЕТОВА

Журнал ҚР Мәдениет, 

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

№3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір рет шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді, 

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

«Жас өркен - Қостанай» 

- жастар саясаты туралы 

материалдар жариялау, 

жарнама және қазақстандық 

патриотизм идеясын 

насихаттау бағытындағы 

журнал. 


Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

2(81) наурыз-сәуір, 2016 жыл  

1-наурыз – Алғыс айту күні

Достықты дәріптеген мереке

Көктем  айы­

ның  алғашқы 

күнінде респуб­

лика халқы Ал­

ғыс  айту  кү нін 

атап  өтті.  Ата­

улы күнге орай 

Қостанай  об­

лы  сының  әкімі 

Архимед Мұхам­

бетовтың  қа­

ты суымен  ме­

ре  келік  іс­шара 

ұйымдастырылды. 

Достық үйіне жиналған әр түрлі 

этнос өкілдері ұлттық киім дерін 

киіп  келіпті.  Ғимараттың  екін­

ші  қабатында  фотокөрме  ор­

наласқан. Онда Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  бетке  ұстар 

тұлғалары  туралы  ақпаратқа 

қанық  боласыз.  Тарихтан  сыр 

шертетін  көне  кітаптар,  ұлттық 

музыкалық аспаптар да көрмеге 

қойылған.  

Салтанатты  шараның  ресми 

ашылуы  еліміздің  Әнұранымен 

басталды. Облыстағы этномәдени 

бірлестіктердің  жетекшілері  сөз 

алып, Алғыс айту күнінің ма ңы­

зы на тоқталды. Күнтізбедегі жаңа 

ме рекенің 1 наурызға бел гіленуі 

бе кер емес. Дәл осы күні Қа зақ­

с тан  халқының  Ассамблеясы 

құ рылған болатын. Ассамблея – 

мем  лекетімізді мекендеген барша 

ха  лықты біріктіретін бір ден бір 

ұйым. 

­ Биыл елімізде үлкен мереке, 



ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Осы 

уақыт  ішінде  Қазақстан  эконо­

ми касы қарыштап дамыған, ха­

лықаралық қауымдастықта абы­

ройы  мен  беделі  артқан  қуат­

ты  мемлекетке  айналды  Ел­

басы  Н.Ә.Назарбаевтың  дана, 

сарабдал саясатының арқа  сын да 

мемлекетіміз бейбітшіліктің меке­

ніне  айналды.  Бір  шаңырақтың 

ас тында  басқосқан  130  этнос 

өкілдері татулық пен достықтың 

ті регіне айналды. Осы баянды тір­

ліктің нығаюына Қазақстан халқы 

Ассамблеясының қосар үлесі зор,­

деді Қостанай облысының әкімі 

Архимед Мұхамбетов.

Алғыс айту күні биылғы жылы 

бі рінші рет аталып өтілді. Жаңа 

ме рекенің мәнісі ­ Қазақстанды ме ­

кендеген өзге этнос өкілдерін одан 

сайын жақындастырып, қоғамдық 

ке лісім мен этносаралық тату лықты 

нығайта түсу. 

C

M

Y



K

Универсиада күнделігі

Біздің меже қандай?



Еліміздегі жоғарғы оқу орындары сту дент­

терінің  арасындағы  VI  ресубликалық  қысқы 

универсиада Алматы қаласында өткен болатын. 

Спорт сайысына 34 жоғарғы оқу орнының спорт­

шылары қатысты. Жеңіске жеткен спортшылар 

2017 жылы Алматыда өтетін 28­ші Бүкі лә лемдік 

қысқы  студенттік  Универсиада  ойындары 

барысында ұлттық құрама команда сапында 

өнер көрсететін болды. Аталмыш спорт дода­

сына біздің университетіміздің командасы да 

қатысып, жалпы командалық есепте алтыншы 

орынға тұрақтады. Соның ішінде шаңғы тебу 

спортынан біздің команданың ерлер құрамасы 

1­орын, қыздар құрамасы 3­орын,  көпсайыстан 

3­орын, биатлоннан  8­орынға ие болды. ҚМУ 

құрамасы командасының мүшесі, халықаралық 

сайыстардың жүлдегері Айбек Байділдин уни­

версиададан алған әсерімен бөлісті.  

­  Қысқы  универсиада  ойындарынан  алған 

әсеріңіз қандай? 

- Универсиада өте жоғарғы деңгейде өтті. Барлық 

командалар  мықты  дайындалып  келген.  Қарсы-

ластарымның дайындықтарына таң қалдым. Қиын-

дықтар,  кедергілер  болды,  бірақ  шеберлігімнің 

арқасында  жеңіске  жеттім.  Өзіме  қатты  ұнады. 

Жақсы нәтиже көрсетемін деген мақсатпен бардым 

және орындадым. 



­  Қайсы  оқу  орнының дайындығы  жоғары 

болды?  Біздің  ко­

манданың  биылғы 

жылғы  көрсеткішіне 

көңіліңіз толады ма? 

- Негізі маған Петро-

павл  универ ситетінің 

деңгейі  ұнады.  Олар 

мықты  дайындықпен 

к е л г е н .   Б і з д і ң 

команданың құрамында 

былтыр  магистрант-

тар  арасынан    мықты 

2-3  студент  қатысып, 

жеңіске  зор  үлесін 

қосқан  болатын.  Олар 

биыл оқу бітіргендіктен 

қатыспады.  Команда 

биылғы  жылы  аздап 

әлсіздік танытты.



­   Б і з д і ң   с п о р т ­

шыларға  жеңіске  же­

туге не жетіс педі?  

- Шеберлік жетпеді. 



­ Сіз көптеген жары­

старда жүлделі орындар алып жүрсіз. Әлемдік 

чемпионатта    чемпион  атандыңыз,  соның 

мәнісі неде? 

- Менің әрбір жеңісім күнделікті жаттығуларымның 

жеңісі  дер  едім.  Спортшыға  жеңіске  жету  үшін 

дайындықтан басқа да нәрсе керек. Ол – сенім. Жү-

ректе өзіңе деген, жеңіске деген сенім болу керек. 

Әрбір спортшы патриот болуы керек. Өзінің коман-

дасына,  оқып  жатқан  оқу  орнына,  туған  жеріне, 

Ота нына деген сүйіспеншілік лаулап тұрғаны жөн. 

Мі некей, сонда не үшін алға ұмтылатыныңды тү-

сінесің. 

Спорт  дегеніміз  талмай  жүгіру  немесе  оңды-

солды соққылау емес. Спорт деген – өнер, білім. 

Сондықтан  спортшыға  рухани  байлық  керек. 

Соның ішінде кітап оқудың пайдасы зор.



­ Жеңіске жетудің формуласы?

-  Жаңағы  айтқанымдай  сенімділік,  рухани 

толығу, күнделікті жаттығу. Осының бәрі жеңіске 

жетудің формуласы. 



Сұхбаттасқан Жанерке ҚОЖАНТАЕВА,

ГӘФ журналистика мамандығының 

2-курс студенті.

   Суретте: 

          универсиаданың  қызықты  сәті.

34


C

M

Y



K

C

M



Y

K

қалыптастырды.  Оның  бойында  адамды  тарта-



тын ерекше бір қасиеті болған. Питербургке есеп 

беруге барады ғой. Сол кезде бүкіл Питербургтің 

қыздары оған ғашық болған. Түріне емес, ақылына, 

сөз саптауына, біліміне, эрудициясына сүйсінген.  

Шоқан парсы, араб, қытай, ұйғыр тілдерін білген. 

Орыс тілінде таза сөйлеген. Сондықтан, ол – ұлы 

ғалым.  Мейлі  кімге  қызмет  істесе  де  халқына 

жамандық ойламаған. Оны ұлы ғалым ретінде на-

сихаттауымыз керек. Менің көзқарасым осындай. 

- Зерттеулер жүргізген кезде қиындықтар не-

месе кедергілер кездесті ме? Сіздің пікіріңізге 

қарсы шығыққандар болды ма?

- Орыстың тарихын алдымен немістер жазған. 

Орыстың  надандығын,  лас  екенін  айтқан.  Сол 

кезде  Ломоносов  ашуланып  «историю  России 

должны  писать  природные  россияне»,  яғни, 

орыстың  тарихын  орыстың  өзі  жазу  керек, 

орыстың көзімен қарау керек деген. Мен қазақтың 

тарихына  қазақтың  көзімен  қараймын  деп  көп 

таяқ  жедім.  Қазақтың  тілін,  оның  әдебиетін 

білмей,  тарихын  жазуға  болмайды.  Мен  қанша 

жерден тарихшы болып тұрсам да, француздың 

тарихын  жаза  алмаймын,  оның  ішкі  дүниесін 

білмеймін. Ал кез келген қазақтың түріне қарап 

отырып ішкі дүниесін сезіп отырамын. Өйткені, 

өзім қазақпын. Кезінде Шоқан жөнінде де артық 

әңгімелер көп болды. Руға, жүзге бөлгендер де 

болды, оның туған жеріне таласқандар да болды, 

Шоқанды жалпы қазақ емес дегендер де болды. 

Ол әңгімелер қазір де айтыла береді, келешекте 

де айтылуы мүмкін. Тіпті оны әлі тірі, Қытай асып 

кетті  дегендер  де  болды.  Ол  көп  зерттелгенмен, 

әлі де біз үшін жұмбақ тұлға. Әлі архив ашылады, 

мәліметтер  болады.  Сол  кезде  Шоқанға  басқа 

көзқараспен қарауымыз мүмкін. Өйткені тарихшы 

бір  мәселе  жөнінде  тек  қана  деректер  арқылы 

сөйлейді. 

Шоқанды  алғаш  зерттеген  ғалым  Әлкей  Мар-

ғұланның да айта алмаған дүниелері көп болды. 

Ол кезде шындықты ашық айтатын заман болған 

жоқ.  Саясатқа  жақын,  саясатқа  сиятын,  соған 

қарсы келмейтін нәрселерді айттық та, оған қарсы 

келетін  дүниелер  айтылмады.  Шоқан  төренің 

тұқымы. Сондықтан оның архиві де жабық болды. 

Омскіде зерттеу жүргізгенде архивте Надя деген 

орыстың  қызы  отырды.  Сол  қыздың  көмегімен 

Шоқанның күнделігін көрдім. Бірінші курстың бірінші 

тоқсанында  бірде  бір  үш  жоқ,  өңкей  екі.  Екінші 

тоқсанында  ептеп  үштер  қосылады.  Бітіргенде 

ылғи  беске  аяқтайды.  Осыны  архивте  ешкімге 

көрсетпеген. 



-  Шоқан  Уәлихановты  қазақтың  тұңғыш 

ағар  тушы  ғалымы  деп  айтады.  Сол  туралы 

пікіріңізді айтып өтсеңіз, сіз қалай ойлайсыз?

-  «Білік  білсең  төрден  орын  аларсың,  білік 

білсең  мықты,  берік  адамсың»  деп  айтқан  XI 

ғасырда  Жүсіп  Баласұғұни.  Білімнің  қажеттілігін 

Ахмет  Иүгніки  айтқан,  Махмұт  Қашқари  айтқан, 

Әл-Фараби айтқан. Сондықтан Шоқанды, Абайды, 

Ыбырайды  алғашқы  ағартушы  деп  айту  дұрыс 

емес. Кеңес заманында олай деп айттық, өйткені 

олар алдымен орысша оқыңдар деген. Егер олар, 

зиялы қауым айтпағанда, біз орысша білмегенде, 

оқымағанда  кім  болар  едік?  Шоқан  –  ағартушы, 

бірақ алғашқы емес. Оған дейін де ағартушылар 

болған.  Еуропа  XVIII  ғасырларда  білімнің  керек 

екенін айтады. Жүсіп Баласұғұни XI ғасырда «Құтты 

білігінде» білімнің қажеттілігін атап көрсетеді.

- Шоқан Уәлихановтың еңбектерін, зерттеу-

лерін насихаттауда Қостанайда қандай жұмыстар 

жасалып жатыр?

- Қостанайдың шетінде бір жаман көше бар. Сол 

жерге қаншама рет ескерткіш қояйық деп ұмтылыс 

жасадық, әкімшілікке қаншама рет хабарластық. 

Тіпті  өз  қаражатымызға  орнатайық  дегендер  де 

болды. Бірақ әкімшілікте әлі түсінетін адам жоқ.



- Алдағы күнге қандай жоспарларыңыз бар?

-  Оқулығым  басылып  шықты,  алпысқа  жақын 

кітап жаздым. Қазіргі жазып жүрген үш тақырыбым 

бар. Біреуі «Тарихтың теориясы», екіншісі «Тарих-

нама»,  үшіншісі  «Деректану»  деген  ғылым  бар. 

Тарихшы болып шығу үшін осы үш дүниені білу ке-

рек. Өкінішке қарай, бізде «деректануды» оқытып, 

қалған  екеуін  оқытпайды.  Тарих  деген  қауіпті 

ғылым.  Тарихын  білген  адам  намысын  ешкімге 

бермейді. Кеңес үкіметінде намысты қазақ керек 

болған жоқ. Айтқанға көнетін, айдағанға жүретін, 

ептеп надандау, сондай қазақ керек болды. Өздері 

солай  тәрбиеледі.  Содан  бері  келе  жатқан  оқу 

жоспарына 2004 жылы «теорияны» кіргіздім. Қазір 

республиканың  4-5  жоғарғы  оқу  орындарында 

оқытады.  Биыл  «Әлем  тарихнамасы»  кітабын 

бітірдім, шығуға тиісті. Содан кейінгісі «Деректану». 

Қазір осы үшеуімен айналысып жүрмін. 

Қазақстан  тарихымен  айналысып  жүрген 

жоқпын. Себебі, қазақ тарихы келешекте мүлдем 

басқаша  жазылады.  Өйткені,  шетелдерден 

біз  білмеген,  оқымаған  деректер  келіп  жатыр. 

Сол  келген  деректерді  талдаудан  өткізу  керек. 

Дүкеннен  алған  кәртопты  шикі  күйінде  жемейсің 

ғой. Оны алдымен пісіресің. Сол сияқты жиналған 

дерек-дәйекті талдаудан өткізу керек. Бірақ оған 

мамандар  жоқ.  Мәселен,  парсы  тіліндегі  деректі 

аудару керек. Біз ондай маман дайындаған жоқпыз. 

Қытай тілінде қаншама деректер әкелінді. Солар 

аударылса тарих келешекте басқаша жазылатыны 

анық.

Сұхбаттасқан Тұмарым БАБАСАНОВА,

ГӘФ журналистика мамандығының 

1-курс студенті.

Суретте: тарихшы 

Аманжол Күзембайұлы.

33

Сөнбес сәуле

C

M

Y



K

Ғарышкер

Арман адастырмайды 



2015 жылдың 2-қыркүйегі. «Байқоңыр» 

ғарыш айлағы.  «Союз ТМА-18М» кемесі 

ұшқалы тұр.  Барша қазақ халқы ел болып 

ұлын  ғарыш  әлеміне  шығарып  салуға 

дай ын. Осылайша үшінші қазақ, Тәуелсіз 

Қа зақстанның алғашқы ғарышкері Айдын 

Айымбетов –   аспан әлемін бағын дыруға 

ат танды.  Бұл  оқиға  талай  жастың 

жү регіне  ғарышкер  болсам  деген  әлсіз 

үміттің  отын  күшейте  түскендей. 

Үшінші қазақ баласының ғарышқа сапары 

халқымыз  үшін  мәртебе  еді.  Елдің  мақ-

та нышына айналған Айдын Айымбетов 

жуырда  Қостанай  мемлекеттік  уни-

верситетіне келіп, жастармен кездесті. 

Ғарышкерден сұхбат алу мүмкіндігі өзімнің 

замандастарымның  арасынан  маған 

бұйырды. 

- Айдын аға, астықты өлкеге қош келдініз! 

Оқырмандарымызға аспан әлеміне деген 

қызығушылығыңыз  қай  кезден  бастау 

алғаны жайлы баяндап берсеңіз. 

- Ғарышқа, аспан әлеміне деген қызығушылық 

бала  кезімде  оянды.  Кішкентай  кезімде  жаз 

шыққан  сайын  пішен  басында  болатынбыз. 

Күні бойы жұмыс істеп, кешке шөмеленің үстіне 

шығып, аспанға, жұлдыздарға қарап демалуды 

жақсы көретінмін. Сол кезде әкем Ақан  күн 

жүйесі, ғарыш әлемі жайлы көп әңгіме айтатын. 

Қателеспесем,  ол  кезде  жасым  5-6  шама-

сында болатын. Әкемнің айтқан әңгімелеріне 

қызыққаным  соншалық,  қайтсем  де  өскенде 

ғарышкер боламын деп шештім.  Мұны естіген 

достарым да, үлкендер де «бала арманы ғой» 

деп күлетін. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет