Индекстер туралы жалпы түсінік


Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер



бет4/4
Дата02.05.2023
өлшемі23,57 Kb.
#88814
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
7 практикалық сабақ

Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер. Экономикалық біртектес құбылыстар мен процестердің сапалық өзгерісін, сол көрсеткіштердің орташа дәрежесін салыстыру арқылы сипаттайды. Мысалы, бір аудандағы шаруашылықтардың дәнді дақылдар өнімдерінің орташа өзіндік құнының өзгеруі, немесе бірнеше базарда әр түрлі бағамен сатылған тауардың орташа бағасының өзгеруі және т.с.с.
Сапа бойынша орташа дәрежесінің өзгеруі, осы көрсеткіштің өзіне және жиынтық құрамының өзгеруіне байланысты болады. Мысалы, біртектес дақылдардың орташа өнімділігінің өзгерісі осы дақылдардың әрқайсысының өнімділігі мен егіс көлемінің өзгеруіне, яғни өзара байланысты екі себептің әсерінен болғандығы байкалады.
Сонымен, экономикалық құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оған әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады.
Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ, яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты индекс шығады және оны сапалық мәндері бойынша мына формулалар арқылы көрсетуге болады:

баға бойынша: I(p.т.қ)=∑p1q1/∑p0q1=∑p1q1/∑q1:∑p0q1/∑q1.


өзіндік құн бойынша: I(z.т.қ)=∑z1q1/∑z0q1=∑z1q1/∑q1:∑z0q1/∑q1.


Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда, статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін құбылыстың орташа шамалары жеке есептеледі, бірімен-бірі салыстырылады және олардың қандай себептерден өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те айтады және ол мына формулалар арқылы есептеледі:


баға бойынша: I(p)=∑p1q1/∑q1:∑p0q0/∑q0=p(1):p(0).


өзіндік құн бойынша: I(z)=∑z1q1/∑q1:∑z0q0/∑q0=z1:z0.


Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталатын болса, онда оны құрылымның өзгеру индексі деп атайды. Бұл индексті есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлеміз, яғни осы екі индекстің қатынасы арқылы есептеледі және оның формуласы мынадай түрде жазылады:


I (құрылымның өзгеру индексі) = I (өзгермелі индекс) / I (тұрақты индекс) Мұнда үлкен “I” әрпінен кейін зерттеу объектісіне байланысты сапа белгісі қоса жазылуы тиіс. Сонымен, бұл индекстердің әрқайсысының белгілі бір экономикалық мәселенә шешуде атқаратын рөлі өте жоғары және бұл түрлі басқару жұмыстарына талдау жасауда жиі қолданылады. Мысалы, өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштердің орташа өзгерісін, ал тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштердің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді. Яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғандығын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет