Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас Дәріс мақсаты


Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді



бет6/6
Дата31.12.2021
өлшемі20,17 Kb.
#21979
1   2   3   4   5   6
Адам тұлғаға айналуында екі үлкен кезеңнен өтеді.

    1. Туғаннан ер жеткенге дейін. Жас өспірім бала сытқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жуйесін, негізгі, бағалы, құнды бағыттар мен нұсқауларды меңгеріп және игереді.

    2. Ер жеткеннен кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарасы, идеологиясы және белсенділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағытты қалыптасады. Осы кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді.

Тұлға тек әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде, т.б. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға мен қоғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар 3 элементтен құралады:

    1. Тұлғаның іздену элементі;

    2. Қоғамның ұсыну элементі;

    3. Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері.

    4. Әрбір адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, қоғамды дамыту ісінднгі әлеуметтік қатынастардың субъектісі рөлін атқарады.

Тұлғаның объектісі ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелермен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен бірігетін процесі. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесінің әдетте үш түрі бар:

    1. Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;

    2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу( жас шамалық, ұлттық, жыныстық, т.б.);

    3. Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.

Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элеметтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. Әлеуметтік бақылау- топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтылығын, бірлігін сақтайды.

М.Вебер атап көрсеткендей адамның мінез-құлқы деп, оның іс- әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі бар:

а) инстинктивті ; ә) қарапайым; б) әлеуметтік ;



Мінез –құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы,ерікті емес түріне де жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.

Қорыта келе адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі моделдерді жасауға ықпал етті. Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Осындай қызметтердің маңызды, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқаларымен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері. Әлеуметтік рөлдердің мысалы ретінде адамдардың мамандыққа байланысты рөлін айтуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет