Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін оның идеалды типтен қандай айырмашылығы, ерекшелігі барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырады:
Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесін араласап, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуы;
Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастшарттар
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары;
Әлеуметтік ортаны болуы қажет өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элеметтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. Әлеуметтік бақылау- топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтылығын, бірлігін сақтайды.
Қарым-қатынас түрлері
Әлеуметтену және бірегейлік теориялары. Социологияда әлеуметтену мен сәйкестендіру процестерін түсіндіретін екі теория бар. Бұл құрылымдық функционализм (Талькотт Парсонс) және символикалық интеракционизм (Джой Герберт Мид) ұсынатын рөлдік теория. Рөлдік теорияға сәйкес қоғам – бұл тұтастай алғанда қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейтін әр түрлі функционалды бөліктердің күрделі жүйесі.
Символдық интеракционизм – бұл қажеттілікті ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтену механизмін түсіндіру әрекетті, яғни әлеуметтік нормаларды игеру. Бұл теорияға сәйкес әлеуметтік өзара әрекеттесудің маңызды аспектісі – вербалды және вербалды емес белгілердің (сөздер , мимика) алмасуы. Бұл айырбас кезінде адамдар өз әсерінің басқа адамдарға әсерін елестете алады. Басқа адамдармен өзара әрекеттесу барысында олардың реакциясын болжай отырып, біз өз мінез – құлқымызды саналы түрде бақылау мүмкіндігіне ие боламыз. Басқалардың реакциясын күту Нәтижесінде адам өзінше әлеуметтік немесе «айнадағы өзін дамытады (К. Кулидің терминологиясында).
Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс , Р.Мертон және т.б.) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты. Американ социологы Роберт Мертон (Т.Ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты. Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады. Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді.
Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.
Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз. Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс. Олай болса, ер азаматқа жүктелген шаруаның бәрінен әйелдерді тыс қалдырмағанымыз жөн.
Әлеуметтік рөл – белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.