Индуктивті байланысқан элементтері бар тізбектер. Шарғыларды үйлесімді және қарсы қосу. Индуктивті байланысқан элементтердің бірізді және параллель жалғануы. Индуктивті байланысқан элементтері бар тізбектерді талдау әдістері



бет3/6
Дата20.01.2022
өлшемі203,96 Kb.
#24138
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
индукт кос тизб

Екінші ораманың өзіндік ағын ілінісуі Ψ22 = Ф22 w2 = L2 i2, екінші ораманың тогының әсерінен пайда болған бірінші орамадағы қосымша ағын ілінісуі Ψ12= Ф12 w1= Ф22 w1= М12 i2 . Бұл өрнектерден L2/ М12= w2/ w1. Көрсетілген екі қатынастан М12 М21= L1L2 екендігін көруге болады. Тәжірибе М12 = М21=М екендігін көрсетеді. Демек, өзаралық индуктивтілік М= .

Егер бір ораманың магнит сызықтарының тек біраз бөлігі ғана екінші орамамен ілініссе, яғни Ф21 <Ф11, Ф12 <Ф22 болса, онда өзаралық индуктивтілік М=К , мұндағы К= М / - байланыс коэффиценті деп аталады. Бұл коэффициенттің мәні бірден кіші К<1, өйткені Ф21 <Ф11, Ф12 <Ф22, яғни бір ораманың магнит ағыны екінші ораманы толық қамтымайды.

Өзаралық индуктивтілік токтардың мәндері мен бағыттарына тәуелді емес , ол орамалардың құрылысымен және өзара орналасуымен анықталады. Қарастырылған екі ораманың толық ағын ілінісуі Ψ екі құраушыдан тұрады. Құраушылар токтардың бағыттарына және өзара орналасуына байланысты қосылуы немесе бірі бірінен алынуы мүмкін. Сұлбада орамалардың аттас ұштарын ( қысқыштарын) нүктелер арқылы белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет