Егер токтардың бағыттары орамалардың аттас ұштарына байланысты бірдей болса, онда орамалар өзара үйлесімді қосылған. Бұл жағдайда бірінші ораманың толық ағын ілінісуі Ψ1= Ψ11+ Ψ12, ал екінші ораманың толық ағын ілінісуі Ψ2= Ψ22+ Ψ21. Егер токтар бағыттары орамалардың аттас ұштарына байланысты бірдей болмаса, онда орамалар өзара қарсы қосылған. Бұл кезде бірінші ораманың толық ағын ілінісуі Ψ1= Ψ11 - Ψ12, ал екінші ораманың толық ағын ілінісуі Ψ2= Ψ22 - Ψ21. Өзаралық индукцияның э.қ.к-і. Егер өзаралық ағын ілінісуі уақытқа тәуелді өзгерсе, онда орамаларда өзаралық индукцияның э.қ.к.-тері пайда болады: е2м= -dΨ21 /dt , немесе е2м= -Mdi1/dt, ал бірінші орамада е1м= -dΨ12 /dt, немесе е1м=- Mdi2/dt.
Достарыңызбен бөлісу: |