Инфекциялық процестің патофизиологиясы



Pdf көрінісі
Дата06.03.2023
өлшемі189,81 Kb.
#72146
Байланысты:
Тасболат Таңшолпан 11



КеАҚ Астана медицина университеті
В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы 
БӨЖ 
Тақырыбы: "Инфекциялық процестің 
патофизиологиясы." 
Орындаған: Тасболат Таңшолпан 
Факультет: Жалпы Медицина 
Топ: 214 
Қабылдаған: Бегларова Гульшахар Еркінқызы
Астана қаласы 
2023ж 


БӨЖ №4 
Тақырыбы: Инфекциялық процестің патофизиологиясы 
 
Инфекциялық процесс - ішкі ортасының қалыпты жағдайын, 
физиологиялық қызметін бұзатын, патогенді микроорганизмнің енуі 
мен көбеюінің нәтижесінде пайда болатын, биологиялық 
құбылыстыр мен процестердің жиынтығы.
Инфекциялық процесс мына бір деңгейлерде жүреді:
• 
Субмолекулалық
• 
Молекулалық
• 
Субжасушалық
• 
Жасушалық
• 
Ұлпалық
• 
Ағзалық
• 
Жүйелік
• 
Организмдік
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары:
• 
қарапайымдылар
• 
саңырауқұлақтар
• 
бактериялар
• 
вирустарды
Қоздырғыштардың берілу механизміне байланысты жіктелуі:
• 
Фекальді-оральді (ішек инфекциялары).
• 
Ауа-тамшы жолымен немесе аэрогенді (респираторлық 
инфекциялар, тұмау, қызылша).
• 
Трансмиссивті (кене энцефалиті, безгек)
• 
Контактты (тері инфекциялары, венерологиялық аурулар).
Инфекциядан қорғайтын организмдегіқорғаныс күштері:
1. 
Табиғи кедергілер (мысалы, тері, шырышты қабаттар)
2. 
Спецификалық емес иммундық реакциялар (мысалы, 
фагоцитарлық жасушалар [нейтрофилдер, макрофагтар] 
және олардың өнімдері)
3. 
Арнайы иммундық реакциялар (мысалы, антиденелер, 
лимфоциттер)
Инфекциялық процестердің бірнеше түрлерін ажыратады:
Сепсис —инфекцияның бүкіл денеге жайылған ауыр түрі. Бұл кезде 
міндетті түрде немесе шартты түрде дерт туындататын 


микробтардың денеге жайылуынан организмнің жүйелі қабынуы 
дамиды;
Септикопиемия —науқас адамдардың әртүрлі ағзалары мен 
тіндеріңде іріңді ошақтардың қалыптасуымен сипатталатын түрі;
Бактериемия, 
вирусемия, 
фунгиемия — 
бактериялардың, 
вирустардың, майда саңырауқұлақтардың қанда болуымен, бірақ 
олардың онда өсіп-өну белгілері болмауымен, көрінетін түрі;
Салдарлық жұқпалар —организмде бар бір жұқпалы ауру кезінде 
екінші бір микробтардан туындаған инфекциялық ауру түрі;
Микстинфекция —бір мезгілде бірнеше микробтардан дамитын 
инфекциялық ауру түрі;
Реинфекция —науқас адам сауыққаннан кейін сол дертті 
туындатқан микробтың әсерінен инфекциялық аурудың қайталануы;
Суперинфекция —науқас адам сауықпай жатып, сол дерт 
туындатқан инфекцияны қайта жұқтыруы.
Инфекциялық аурулар бірінен біріне ауысатын 4 сатыда өтеді: 
1. И
нкубациялық саты;
2. 
Продромалық (хабаршы) саты;
3. 
Айқындалу сатысы;
4. 
Аяқталу сатысы.
~Инкубакциялық саты - инфекция енген сәттен алғашқы ауру 
белгілерінің пайда болуына дейінгі кезең. Бұл сатыда инфекцияның 
организмнің ішкі ортасына микробтардын бейімделуі, белгілі 
азғалар мен тіндерге жинақталып, өсіп-өнуі болады. Организмнің 
қорғаныстық күштері жұмылдырылады.
~Продромалық / 
хабаршы сатысында 
аурудың 
жалпылама 
бейспецификалық (әлсіздік, дене қызымы көтерілуі, бас ауыруы
ұйқы бұзылуы, бұлшықеттердің сырқырауы т.с.с.) белгілері пайда 
болады. Дамыған ауруға тән бегілер әлі байқалмайды. Бұл кезде 
микробтардың өсіп-өнуі, олардың жасушаларды бүліндіретін 
ықпалдарымен қабаттасады. 
~Айқындалу сатысында жеке ауруларға тән , спецификалық белгілер 
пайда болады.Инфекциялық аурудың бұл кезеңі әдетте 24-48 
сағаттан аспайды. 
~Аяқталу сатысы. Ауру науқастың сауығуымен, дерттің созылмалы 
түрге ауысуымен немесе адамның өлімімен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет