СМП C деңгей
Ер адам слесарь, 32 жаста. 1 сағат бұрын темір ұнтақтарымен оң жақ көздің жарақатын алған. Жарақатталған көздің бірден көру күші жойылды. Тексеру барысында оң жақ көздің формалы көруінің жоқтығы анықталды, бірақ науқас жарықты көреді және оның бағытын дұрыс көрсетеді. Мөлдір қабықтық синдромы айқын. Көз алмасы конъюктивасының жарқын аралас инъекциясы байқалады. 3 сағаттан кейін лимбадан 4 мм жерде мөлдір қабықтың 2/4 мм өлшемді жыртылған жарасы анықталды, аймағы ісінген. Олардың арасында күңгірт-сұр түсті аморфты тін қысылған. Алдыңғы камерасы жоқ. Нұрлы қабық күңгірт-сұр түсті, жараға жақындаған. Көз пальпация кезінде ауырсынады. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
конъюнктиваның химиялық күйігінің 3 сатысы
жоғарғы қабақтың конъюнктивасының бөгде денесі
+оң жақ көздің нұрлы қабығының түсуімен мөлдір қабығының енуші жарақаты
оң жақ орбитаның төменгі қабырғасының сынығына күдік
сызықтық корнеосклеральды тыртық, жарақаттан кейінгі увеит
Ер адам, 28 жаста. Сол жақ қолындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: Сол жақ йық үстінен ағаш кесіндісімен соққы алды. Объективті: сыртқы алақан беткейінде сол жақ йық үстінің төменгі 3/1 бөлігінде теріастылық гематома байқалады. Жарақаттанған жерді пальпациялағанда ауырсынады. Сүйектік жалғамаларда сықыр анықталады. Жүктеме кезінде йық үсті осінде жарақаттанған жерде ауырсыну пайда болады. Пронация және супинация қиындаған, бұл қозғалыстарды жасауға тырысқанда жылдам ауырсынуға алып келеді. Йық үстінің дистальды бөлігі және саусақтары пронация қалпында орналасқан. Сіздің болжам диагнозыңыз: С деңгей
сол жақ кәрі жілік сүйегінің төменгі 3/1 бөлігінде эпифизінің сынуы
сол жақ йық үсті сүйегінің артқы шығуы
сол жақ кәрі жілік сүйегінің төменгі 3/1 бөлігінде диафизінің сынуы+
сол жақ кәрі жілік сүйегінің ортаңғы 3/1 жабық сынуы
шынтақ сүйегінің жоғарғы 3/1 сол жақ йық үстінің кәрі жілік сүйегінің басының шығуымен сынуы
Ер адам, 58 жаста. Көшеде тайып және бүгілген тізесімен құлады. Балтырын алға қозғалтқанда тізеде қатты ауырсынуды сезеді. Тізе буыны қалыңдаған, буында сұйықтық анықталады. «Баллотирленген» симптом анықтау кезінде тізе үстінде жылдам ауырсыну туындаған. Бүгілген аяғын науқас көтере алмайды. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
тізе үсті сынуы
тізе буынынының алдыңғы крест тәрізді байламның жарылуы
тізе буынының ішкі бүйір байламының жарылуы
ортан жіліктің айдаршық аралық сынуы
балтырдың алдыға шығуы
Ер адам, 36 жаста. Туысқандарының айтуы бойынша , 4 күн ауырады, шамамен 7 сағат бұрын ентігу, кенеттен қалтырау пайда болды, әлсіздік және кеуде қуысындағы ауырсыну күшейді, кенеттен дене температурасы 35,70 С дейін төмендейді. Объективті: жағдайы ауыр, тежелген. ТАЖ – 30, цианоз, жіптәрізді пульс, 104 / мин, АҚ 60/40 мм. сын. бағ. Өкпеде тыныс қатты, барлық өкпе алаңында ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйық, ЖЖЖ – 104 / мин. Диурез төмендеген. Науқаста пайда болған асқыныстарды анықтаңыз: С деңгей
Инфекциялық-токсикалық шок
Гиповолемялық шок
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Жедел тыныс жеткіліксіздігі
Кардиогенді шок
Әйел, 25 жаста. Құрсақтың төменгі бөлігіндегі артқы өтіске берілетін жедел ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. 30 мин алдын жедел ауырған. Анамнезінде: ретсіз етек кір циклі. Соңғы етек кірі - 2 ай бұрын. Объективті: науқастың түрі бозғылт, әлсіз. Пульс минутына 120 рет, ЖЖЖ минутына 120 рет, АД 85/50 мм сын.бағ. Гипогастральді аймақта іші ауырсынбайды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жыныс жолынан қан аралас бөлінді анықталды. Болжамды диагнозыңыз: С деңгей
А. аналық без апоплексиясы
В. өздігінен басталған түсік
С. +жатыр түтігінің жарылуымен болған жатырдан тыс түсік
Д. шырышасты фиброматозды түйіннің түзілуі
Е. жатыр түтігіндегі жатырдан тыс жүктілік
Әйел, 22 жаста. Іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, жыныс жолындағы қара қан тәрізді бөліндіге шағымданады. Жағдайының нашарлағанына 2-3 сағат болған. Етеккірінің келмегеніне - 15 күн болды. Жүктілік белгілері анықталмайды. Анамнезінде: созылмалы сальпингоофорит, ретсіз етеккір циклі. Объективті: тілі ылғалды. Іші қалыпты формалы, тыныс алу актісіне қатысады, әлсіз кернелегн, қасаға үстінде және оң жақ мықын аймағында ауырсыну бар. Щеткин-Блюмберг симптомына күмәнді. Жыныс жолыннан қара, жағылмалы бөлінді анықталды. Болжамды диагнозыңыз С деңгей
А. альгодисменорея
В. жатырдан тыс жүктілік
С. өздігінен басталған түсік
Д. оң жақ аналық бездің апоплексиясы
Е. жедел аппендицит
32 жастағы әйел, өзін 5 аптадан бері жүктімін деп есептейді, 3 күннен бері мазалайтын іштің төменгі бөлігіндегі күн сайын өршитін толғақ тәрізді ауырсынуға, жыныс жолынан жағылмалы қан тәрізді бөліндіге, температурасының 37,5 дейін жоғарылауына шағымданады. Болжамды диагнозыңыз: С деңгей
жатыр мойнындағы жүктілік
жүктілікті үзу қаупі
құрсақтағы жүктілік
+түтіктегі түсік
аналық без кистаның бұралуы
Әйел, 29 жаста. Іштің төменгі бөлігіндегі кенеттен пайда болатын оң жақ жауырынға, бұғана үсті аймаққа берілетін ауырсынуға, кенеттен әлсіздікке, қысқа уақытқа естен тануға шағымданады. Болжамды диагнозыңыз. С деңгей
A. пиосальпинкс
В. +жатырдан тыс жүктіліктің бұзылысы
С. жедел холецистит
Д. жедел аппендицит
E. илеоцекальді инвагинация
Әйел 30 жаста. Іштің төменгі бөлігінде артқы өтіске берілетін жедел ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Ауру жылдам басталған, 30 минут бұрын жоғарыда көрсетілген шағымдар пайда болған. Анамнезінде асқынусыз 1 рет мед.түсік асқынусыз, етек кірі ретсіз. Соңғы етек кірі 2 ай бұрын. Объективті: науқас бозғылт, әлсіз, пульс минутына 120 рет соққы, АҚ 85/50 мм сын.бағ. іші жұмсақ, гипогастрий аймағында ауырсыну бар. Щеткин-Блюмберг симптомы оң, жыныс жолдарынан әлсіз қанды бөліністер. Сіздің тактикаңыз: С деңгей
A. жансыздандыру және жылдам госпитализация
В. +инфузионды терапия және шұғыл госпитализация
С. 2,0 мл дицинион ерітіндісін т/і енгізу және шұғыл госпитализация
Д. қосымша емдік шараларсыз шұғыл госпитализация
Е. 100 мл аминокапрон қышқылы ерітіндісін т/і тамшылату және шұғыл госпитализация
Үй жағдайындағы босану: бірінші босану уақыты 20 минутқа созылған. Жыныс жолдардан қанды бөліністер пайда болды. Бірінші ретте қандай патологияны алып тастау керек: С деңгей
А. +ұрық жолдасының ажырауы
В. ұрық жолдастың орналасуы
С. жатыр мойнының жыртылуы
Д. қынаптың жыртылуы
Е. аралықтың жыртылуы
Қабылдау бөліміне іштің жабық жарақатымен, жамбас және омыртқаның жарақатымен зақымдалған науқас түсті. Маңдай аймағында 3*4см жара анықталды. Зақымданудың түрін атаңыз: С деңгей
Политравма+
Іштің тұйық жарақаты
Қосарласқан жарақат
Құрсақ қуысы мүшелерінің жарасы
Жарақаттық шок
38 жастағы ер кісі. Жедел жәрдем шақыру себебі: автокөлік қағып кеткен. Есін жоғалтпаған. Жамбастың оң жақ жартысының өте қатты ауырсынуынан өз еркімен тұрып жүре алмаған.Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, жамбастың оң жақ жартысының ауырсынуына байланысты. Тері жамылғылары қалыпты түстес, оң жақ мықын сүйек аймағында және оң жақ қасаға үстінде тері астылық қан құйылулар бар Ps– минутына 96 соққы, толуы қанағаттанарлық , АҚ 130/80 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, лонның үстінде ауырсыну бар. Іші жұмсақ, қасаға үстінде ауырсыну. Перитонеальді симптомдары теріс. Кіші дәретке бармаған.Тасымалдау түрін көрсетіңіз: С деңгей
Ішімен жату арқылы жұмсақ зеңбілде
Арқасымен жату арқылы және аяғын көтерілген күйі қатты зеңбілде тасымалдау
Бүйірімен жатқызу және аяғының астына валик қою арқылы қатты зеңбілде тасымалдау
+Арқасымен жатқызып, аяғын тізе буынында бүгіп қатты зеңбілде тасымалдау
Тренделенбург қалпында тасымалдау
13. Жедел жәрдем бригадасы 1,5 жастағы балаға шақыртылды. Анасының айтуына қарағанда ауруы жедел басталған, дене температурасы 38,2 ºС ге дейін жоғарлаған, аздаған катаральды өзгерістер байқалады. Түнгі уақытта даусы өзгере бастаған, «ит үрген тәрізді» жөтел, тыныс алуы шулы. ТАЖ минутына 42 рет, ЖЖЖ минутына 140рет. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
А. ЖРВИ. Бронх демікпесі. Астмалық статус ІІ дәреже
В. +ЖРВИ. Жедел ларинготрахеит. Көмей тарылуы І дәреже
С. ЖРВИ. Жедел обструктивті бронхит. Тыныс жеткіліксіздігі І дәреже
Д. ЖРВИ. Ауруханадан тыс пневмония. ТЖ І дәреже
Е. ЖРВИ. Дифтерия. Көмей тарылуы І дәреже
14. Бронх демікпесіндегі тұншығу ұстамасының пайда болуына әсер етпейтін фактор: С деңгей
А. +Альвеолярлы ісіну
В. Бронхтың шырышты қабатының ісінуі
С. Бронхоспазм
Д. Шырыш секрециясының жоғарлауы
Е. Қақырық бөлінуінің бұзылысы
15. Ер кісі 55 жаста. Әлсіздікке, бас айналудың кенет басталуына шағымданады. Бір реттік “кофе койыртпағы” тәрізді құсық болған. Науқас жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Ернінің көгеруі байқалады. Тынысы алуы қалыпты, сырылдар жоқ. Жүрек шекарасы өзгермеген, жүрек тондары анық, шуылдар жоқ. ТАЖ минутына 23 рет. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. ЖЖЖ- минутына 98 рет. Пульс - минутына 98 соққы. Анамнезінде: Асқазан ойық жарасы. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
А. +Асқазан- ішектен қан кету
В. Өңештің жыртылуы
С. 12 елі ішектің малигнизациясы
Д. Асқазан пенетрациясы
Е. Крон ауруы
16. 20 жасар қыз бала. Көшеде сол жақ қабырға астында кенеттен бірден ауырсыну пайда болды, қысқа уақытқа есін жоғалтты. ЖМК келгенде: АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Пульс 100 соққы минутына, толуы әлсіз. Іші жұмсақ, сол жақ бүйір беті жақта аздап ауырсынады, перкуторлы дыбыстың тұйықталуы байқалады және күмәнді құрсақ қуысының тітіркену симптомдары байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
А. +Көкбауырдың жыртылуы.
В. Бауырдың жабық жарақаты
С. Құрсақ артылық гематома.
D. Жыныс мүшелердің перфорациясы.
Е. Құрсақ қабырғасы бұлшықетінің жыртылуы
17. Бала 1 жаста, анасының айтуы бойынша мазасызданған, емуден бас тартқан. Бір реттік құсу болған, іші желденген. Жағдайы орташа ауырлық дәрежелі, тері жамылғысы бозғылт, ылғалды, бала айғайлайды, тізелерін ішіне қарай жинайды. Температура 37,10 С, ТАЖ минутына 38 рет. ЖЖЖ- минутына 140 рет, пульс- минутына 140 соққы. Нәжісінде шырыш және қан бар. Ішті пальпациялау барысында жұмсақ, тегіс және эластикалық түзіліс байқалады, оң жақ мықын аймағы бос. Валя симптомы оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
+Ішек инвагинациясы
Тағамдық токсикоинфекция
Жіті ішек инфекциясы
Жіті холецистит
Жіті панкреатит
18. Жарақаттық шок кезінде жедел медициналық көмек сатысында қолданылмайтын препаратты алып тастаңыз: С деңгей
A. анальгетиктер
B. вазопрессорлар
C. +гемостатиктер
D. коллоидты ерітінділер
E. глюкокортикостероидтар
19. Әйел 30 жаста. ЖМК шақыру себебі: іште ауырсыну. Іштің төменгі аймағындағы ауыр зат көтергеннен кейін пайда болған бірден ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: оң жақ аналық безінің кистасы. Ота жасаудан бас тартқан. Объектівті қарағанда: жағдайы орташа ауырлық дәрежелі,тері жамылғысы ылғалды, пульс минутына 85 соққы. АҚҚ-130/85 мм.сын.бағ. Температурасы қалыпты. Тілі ылғалды, жабындылар жоқ. Іші дұрыс формада, дем алу барысында төменгі аймақта бөлшек байқалады. Оң жақ мықын аймағында құрсақ қуысының тітіркену симптомы әлсіз оң. Сіздің болжамды диагнозыңз: С деңгей
А. бүйректің шаншуы
В. пельвиоперитонит
С. жіті аппендицит
D. +киста аяқтарының бұралуы
Е. жатырдан тыс жүктілік
20. Науқас 50 жаста. Шағымдары: ұстама тəрізді сипаттағы ентігу, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел. Анамнезінен: бронх демікпесі. ЖРВИ-дан кейін жағдайының нашарлауы байқалған. Беродуал ингаляция мөлшерін 10 ретке дейін жоғарлатқан. Соңғы 2 күнде ұстама басылмаған. Жалпы қарағанда: жағдайы ауыр. Ортопное, экспираторлы ентігу, ТАЖ минутына 24 рет, тыныс шығарғанда шулы ысқырықты дем шығару.Тері беткейі бозарған, ылғалды, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы. Аускультацияда: өкпеде тыныс əлсіреген, “мылқау өкпе” байқалады. ЖЖЖ минутына 120 рет, АҚҚ 140/90 мм.сын.бағ. Диагноз: С деңгей
А.+ Бронх демікпесі. Демікпелік статус II дәреже
B. Бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәреже
C. Бронх демікпесі. Демікпелік статус III дәреже
D. Бронх демікпесі. ӨАТЭ.
E. Бронх демікпесі. Өкпе ісінуі.
21. Бала 6 жаста. Анасының айтуы бойынша 3 күннен бері ауырады, тұмау болған, температурасы субфебрильді. Күні бұрын жөтел пайда болған, дем шығаруы қиындаған. Жалпы қарағанда: бала мазасыз, температурасы-37,2,ТАЖ-36, пульс-128. Аңқасы гиперемияланған. Перкуторлы өкпеде қорабтық дыбыс естіледі. Аускультацияда тынысы қатқыл,тыныс шығаруы ұзарған, өкпенің барлық аймағында құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Жүрек тоны анық, ырғақты. Іші жұмсақ. Үлкен дәреті жəне диурез қалыпты. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
A. Бронх демікпесі атопиялық генезді
B Бронх демікпесі инфекциялық генезді
C.+Жедел обструктивті бронхит
D. Жедел ларинготрахеит
E. Жедел пневмония
22. Қыз бала 2 жаста. Анамнезінен турниктан құлаған. Қысқа уақытқа естен тану байқалған жəне 1 реттік құсу. АҚ 65/20 мм.сб, ЖЖЖ-140,ТАЖ-38,Т-36,7. Бұлшықеттік тонус жоғарлаған.Тері жамылғысы бозарған. Аускультацияда өкпеде патология жоқ, жүрек тоны анық. Шүйде аймағында 3х4 см гематома анықталады. Коньюктивальды рефлекс анықталмайды, құсу рефлексі сақталған. Оң жақ көз қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы төмендеген.Окулацефальды рефлекс оң. Брудзинский, Кернинг рефлекстері теріс. Бабинский рефлексі сол жақта оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз: С деңгей
Бас миының шайқалуы
Диффузды аксональды зақымдалу
+Бас миынын соғылуы
Субарахноидальды қан құйылу
Бас миының қысылуы
23. Әйел адам, 34 жаста, жүктілігі 38-39 апта – үшінші жүктілік,үшінші босану.Аяқ астынан ырғақты әрі қарқынды сипаттағы толғақ басталды. Жақсы босану әрекеті негізінде, босанушы әйелде ұрық маңы су кетуі байқалды. Босанушы әйелді босану үйіне жеткізу жайында шешім қыбылданды. Тасымалдау кезінде ЖМК көлігінде босанушыда күшену басталды. Осы жағдайдағы ЖМК бригадасының тактикасы: С деңгей
А. Босанушы әйелді, жақын жерде орналасқан босану үйіне жеткізу
В. Көлікті тоқтатып, босандыруға кірісу+
С. Аурысынуды басатын заттарды енгізу
D. Жатыр жиырылуын бәсеңдететін препараттарды енгізу
Е. Жатыр жиырылтатын заттарды енгізу
24. Әйел адам, 32 жаста, жүктілік 38апта+3күн – екінші жүктілік, екінші босану. Қарау кезінде: ретті, ырғақты, үдемелі сипатты толғақ анықталады, ұрық маңы суы кеткен. Тасымалдау кезінде, ЖМК көлігінде босанушыда күшену басталып, ұрықтың қолы бірінші болып түсті. Осы жағдайдағы ЖМК бригадасының тактикасы: С деңгей
А. көлікті тоқтатып, босануға көмек көрсету
В. жатыр жиырылтатын заттар енгізу
С. жедел түрде ұрықты сырттай айналдыру жасау
D. жатыр жиырылуын бәсеңдететін заттар енгізу
Е. аралыққа салфетка салып жақын жердегі босану үйіне жеткізу+
25. Астмалық статустағы науқасқа жедел көмек: С деңгей
содалы ингаляциялар, гормондар
инфузионды терапия көктамырға, симпатомиметиктер
оттекті ингаляция, көктамырға ерітінділер инфузиясы, симпатомиметиктер
оттекті ингаляция, инфузионды терапия көктамырға, гормондар+
содалы ингаляция, инфузионды терапия көктамырға
26. Шокпен асқынбаған жарақат алғандарға, ауруханаға дейінгі рационалды медициналық көмек көлемі, ол: С деңгей
ешқандай қосымша емдік шаралар жүргізбей жедел түрде стационарға тасымалдау
ауырсынуды басу, сынықтарды иммобилизациялау, стационарға тасымалдау+
ауырсынуды басу, сынықтарды иммобилизациялау, массивті инфузионды терапия жүргізіп стационарға тасымалдау
ауырсынуды басу, сынықтарды иммобилизациялау, оксигенотерапия
массивті инфузионды терапия жүргізіп, стационарға тасымалдау
27. Балалардағы обструктивті бронхитте, жедел көмек құрамына кіреді: С деңгей
сальбутамол, преднизолон+
эуфиллин, преднизолон
адреналин, эуфиллин
сальбутамол, гепарин
адреналин, преднизолон
28. Ер адам, 47 жаста. Кенеттен 25-30 минут бұрын пайда болған, кеуде тұсының қатты керіп ауырсынуына, ентігуге, бас айналуға, оң жақ қабырға астының ауырсынуына, іштің кебуіне, құсуға әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, дененің жоғары бөлігінде қара түстес қатты көгеру, мойын еөктамырының ісінуі, құрсақ үсті аймақта пульсация және аяқта ісіну. Дем алуы сирек, ырғақсыз. Аускультация кезінде: оң жақ өкпеде әлсіз тыныс естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, II тонның күшеюі, екі еселенуі, өкпе сабауында систолалық шу. АҚ – 70/50 сын.бағ., ЖЖЖ – минутына 120 рет. Іші кепкен, оң жақ қабырға астында ауырсыну, бауыр +4 см ұлғайған ауырсынады.
Осындай клиникалық жағдайда қандай дәрі беру қауіпті: С деңгей
Гепарин
Фентанил
+Лидокаин
Папаверин
Норадреналин
29. Ер адам, 52 жаста. Шағымдары: Жүрек аймағында ыңғайсыздық сезімі, ауырсыну таралмайды, жүректің соғуының жиілеуі, ауа жетіспеуі сезімі. Анамнезде: жоғарыда аталған шағымдар психикалық күйзелістен кейін, 2 сағаттан кейін басталды. Өздігінен верапамил 40 мг таблеткасын ішкен, жақсару жоқ. Жедел медициналық көмек шақырған. Объективті: есі анық, қозу үстінде. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. ТАЖ-22 соғыс 1 минутта. Жүрек тондары әлсіріген, ырғағы дұрыс. Пульс 180 соғыс 1 мин., ырғақты, жай соғады. АҚ 100/70 сын.бағ. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, қарыншалық тахикардия, ЖЖЖ – 180 минутына.
Осы жағдайда қандай дәріні таңдайсыз: С деңгей
Изоптин
Корвалол
+Лидокаин
Нитропруссид
Новокаинамид
30. Қызыққұмар 1 жасар бала қолын шелектегі қайнап жатқан әкке салып қалды. Әкпен химиялық күйікті залалсыздандыратын затқа не жатады: С деңгей
2% хлорамин ерітіндісі
+20% глюкоа ерітіндісі
1% сірке қышқылының ерітіндісі
5% перманганат калий ерітіндісі
10% натрий тиосульфаты ерітіндісі
31. Ер адам, 19 жаста. Жағдайының өте ауыр болғанына байланысты шағымданбайды. 5 мин бұрын өзіне қол жұмсау әрекеті үстінде арқаннан шешіліп алынған. Қарағанда: жағдайы ауыр, есі жоқ. Кенет тыныс, тырысулар. АҚ 100/70 мм.сын. бағ. Пульс- минутына 120 рет. ТАЖ- минутына 14 рет.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы қандай: С деңгей
Қосымша көмек көрсетусіз ауруханаға жеткізу
кордиамин, кофеин, бемегрид енгізіп, стационарға жеткізу
жүрек-өкпелік реанимация жүргізу, стационарға жеткізу
+ауа өткізгіш енгізу, тырысуға қарсы препараттар енгізу, стационарға жеткізу
ЖӨҮ (ИВЛ)–ге науқасты ауыстырып, тырысуға қарсы дәрілерді енгізу, стационарға жеткізу
32. Жүкті әйелде артериалық гипертензия барысында клоника-тоникалық тырысулармен жүретін эклампсия дамыды.
Көмек барысында қандай дәрілік затты толықтай алып тастайсыңдар: С деңгей
нифедипин
реланиум
+полиглюкин
магний сульфаты
натрий оксибутираты
33. Қай жағдайда Safar-дың үш реттік қабылдауын 2-реттік қабылдауға дейін шектейміз: С деңгей
Терең кома
Перикард тампонадасы
Батырудың синкопальды формасы
Интракраниальды гематомаға күдік туғанда
+омыртқаның мойын бөлігі зақымдалуы мүмкін болғанда
34. Толық АВ – блокадасы неге көрсеткіш: С деңгей
кардиоверсияға
дефибрилляцияға
+кардиостимуляцияға
гипербариялық оксигенацияға
жүрек-өкпелік реанимациясына
35. Веропамилмен сипатталатын гипотонияда тамыр ішіне енгізуіміз керек: С деңгей
атропин
бретилиум
норадреналин
изопротеренол
+хлорлы кальций
36.Гинекологиялық стационарға жедел госпитализацияға тән емес көрсеткіш: С деңгей
Аналық без кистасы аяқшасының бұралуы
+ атипиялық эндометрия гиперплазиясы
Шырышасты миоматозды түйіннің дамуы
Жатыр қосымшаларының жедел іріңді қабынуында
Түтікшелі түсік типі бойынша бұзылған жатырдан тыс жүктілік
37.Миокард инфарктісінда қандай анальгетиктер қолданылады: С деңгей
+морфин
трамадол
папаверин
фуросемид
нитроглицерин
38. Газбен улануды аса нәтижелі емдеу әдісі: С деңгей
гемодиализ
плазмаферез
гемосорбция
форсирленген диурез
+гипербариялық оксигенация
39.Сынғанда шиналау мүмкіндік береді: С деңгей
ауырсыну сезімін жеңілдетуге
зақымданған қантамырларды қалпына келтіруге
зақымданған мүшеге қанның келуін жақсартуға
+ жұмсақ тіндердің зақымдануын алдын алады
сынған аймақтағы микробты контаминациялауды жоғарылату
40.Диабеттік комада госпитальға дейінгі кезеңде енгізіледі: С деңгей
инсулин
спазмолитиктер
калий препараттар
наркотикалық анальгетиктер
+0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі
41.Бассүйек-ми жарақатындағы жүргізілетін терапия: С деңгей
ұйықтатқыш дәрілер
дәруменді
ауырсынуды басушы (анальгезирлеуші)
+дегидратациялық
тромболитикалық
42.Жыртылған жарақаты бар науқаста сіреспені алдын алу мақсатында: С деңгей
араны тігу
жараға қатты тампонада жасау
жараны өңдеу
+ сіреспеге қарсы иммуноглобулинді енгізу
кең спектрлі антибиотиктерді қолдану
43.Аяқ-қолдағы жарақаттан қан кеткендегі алғашқы көмек: С деңгей
+ жгут байлау
қан құю
қан ұйытатын дәрілерді енгізу
пластикалық сабынмен зақымдалған қантамырды шунттау
жараны тігу
44. Шоктың 3-ші дәрежесінде қолданылатын преднизолон мөлшері: С деңгей
1-2 мг/кг
3-4 мг/кг
5-10 мг/кг
15-20 мг/кг
+20-25 мг/кг
45. Құлақтан қан кету кезінде ауруханаға дейінгі сатыда көрсетілетін көмек көлемі: С деңгей
+ құлақ саңылауын құрғақ стерильді дәкемен бітеу
құлаққа сутек асқын тотығын тамызу, асептикалық таңғыш қою
құлаққа бор қышқылының спирттік ерітіндісн тамызу, асептикалық таңғыш қою
құлаққа аминокапрон қышқылын тамызу, асептикалық таңғыш қою
сыртқы құлақ жолдарынан қан ұйындыларын алып тастау, асептикалық таңғыш қою
Достарыңызбен бөлісу: |