Инфекциялық-токсикалық шок



бет4/85
Дата01.05.2023
өлшемі1,24 Mb.
#88625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Èíôåêöèÿëû?-òîêñèêàëû? øîê

В деңгей
A. құсу
В. іштің төменгі жағындағы ауырсыну
С. нәжіс шығарудың бұзылысы пайда болуы
Д. жатырдан қанды бөлінділер+
Е. артқы өтіс аймағындағы басу сезімі

8. Пельвиоперитонит кезіндегі патоморфологиялық өзгерістерге тән: В деңгей


А. жабыспалар (спайки), гранулемалар
В. гиперемия, гранулемалар
С. ішастардың ісінуі, гранулемалар
Д. тромбоцитоз, қабыну
Е.экссудат, ішастардың ісінуі, гиперемия+

9.Босанудың үшінші кезеңіндегі жиі қан кету себебі: В деңгей


А. жұмсақ туу жолдарының жарақаты
В. ұрық жолдас бекітілуінің ақауы
С. ұрық жолдас орналасуының ақауы
Д. жатырдың жиырылу белсенділігінің төмендеуі+
Е. қалыпты орналасқан ұрық жолдас уақытынан ерте ажырауы

10.Климактерикалық кезеңдегі дисфункциялық жатырдан қан кетудің ең жиі себебі: В деңгей


А. күйзеліс
В. улану
С. Ятрогенді аурулар
Д. қатерлі аурулар+
Е. нейроэндокринді аурулар

11. Бронх демікпесі ұстамасын басу үшін қолданады: В деңгей


А. Кальций глюконаты
В. Адреналин
С. Биопарокс
Д. Глюкоза
Е. Сальбутамол+++

12. Балаларда жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясының ең жиі себебі: В деңгей



  1. жоғарғы тыныс жолдарының күйігі

  2. жоғарғы тыныс жолдарының қабыну процестері+

  3. тыныс жолдарына қан кету

  4. жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ісінуі

  5. тыныс жолдарының жарақаты

13.1,5 жасар балаға жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Анасының айтуы бойынша сау балада тамақ ішу барысында кенеттен жөтел ұстамасы, ентігу пайда болған, бала мазасызданса ентігу күшейеді.


Объективті: терісі бозарған, беті көгерген, стридорозды тыныс, дауысы қарлыққан. Болжамды диагноз: В деңгей

    1. жедел ларинготрахеит

    2. жедел бронхит

    3. пневмония

    4. тыныс жолдарындағы бөгде зат +

    5. бронх демікпе ұстамасы

14.Балалардағы ішек инвагинациясының себебі: В деңгей



  1. ішек бұлшықеттерінің жоғарғы қозымдылығы+

  2. ісіктер

  3. колит

  4. ішек мускулатурасының төменгі қозымдылығы

  5. қантүзу жүйесінің аурулары

15.Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде жиі қан кету көзі: В деңгей


A. аш ішек
B. тоқ ішек
C. тік ішек
D. асқазан+
E. өңеш

16.Ер адам, 38 жаста. Шағымдары: ас қабылдағаннан соң 20-30 мин кейін эпигастрий аймақта сыздап, басып ауырсыну пайда болады, жүрек айнуына, жеңілдік әкелетін асқазан ішіндегі тағам құрамымен құсуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Нәжісі күнделікті, патологиялық қоспаларсыз, қалыпты. Екі күн бойы сырқаттанған. Екі күн бұрын, алкоголь мен майлы тамақ қабылдағаннан соң ауырсыну күшейіп, құсу қосылған. Болжамды диагноз: В деңгей


A. созылмалы гастрит
B. асқазанның ойық жарасы+
C. он екі елі ішектің ойық жарасы
D. холецистит
E. панкреатит

17.Науқас 76 жаста. Шағымдары: іштің жоғарғы бөлігінде белдемелі қатты ауырсыну. Майлы тағам қабылдаған соң кенет ауырсыну пайда болған. Ауырсыну қатты, көп реттік жеңілдік әкелмейтін құсық, әлсіздік, көп көлемді тершеңдікпен көрінуде. Анамнезінде: ӨТА(ЖКБ), ЖИА. АГ.
Объективті: жағдайы ауыр, суық тер басқан, дене температурасы 37,2. Пульс минутына 125 соққы, ырғақсыз, АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Тынысы қалыпты. Тілі құрғақ, ақ жағындымен жабылған. Пальпациялағанда аздап іші кепкен, жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Ішастардың тітіркену симптомы теріс. Болжамды диагноз: В деңгей

  1. жедел холецистит

  2. жедел панкреатит+

  3. ӨТА

  4. асқазанның ойық жарасы

  5. асқазаннан қан кету

18.Аспазшы жаңа ғана пісірілген ботқаны өз үстіне төкті. Ауырсынудан айғайлап, мазасызданып қозу үстінде. Объективті: шалбарында тізеден табанға дейін теріде және сол жақ иықта жабысқан сұйық ботқа, кейбір жерлері қызарған, ісінген, мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер байқалады. Жарылған көпіршіктердің түбі – алқызыл, жылтыр, ауырсынады, кейбір жерлерінде құрғақ ақ дақтары бар. АҚ 110/75 сын. бағ, пульс 86 минутына, ырғақты.


Термиялық күюдің қандай дәрежесі: В деңгей

  1. Ι дәреже

  2. ΙΙ дәреже

  3. +ΙΙΙ А дәреже

  4. ΙΙΙ Б дәреже

  5. ΙV дәреже

19. Ер адам, 43 жаста. Төс астында ауырсынуға, қатты терлеуге , ентігуге шағымданады. Анамнезде: осындай ауырсыну бірінші рет, нитроглицерин ауырсынуын баспаған. ЖМК шақырды. Объективті: жағдайы ауыр. Тері қабаты ақшыл, ылғалды. Ерінде көгеру. Жастықсыз жатыр. Дем алу беткей, сырыл жоқ. ТАЖ- минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс емес. ЖЖЖ минутына 100-110 соққы. Пульсі жай минутына -110 соққы, экстрасистола. АҚ 80/40 сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға астынан +3 см шығып тұр. Кіші дәрет жоқ. ЭКГ-да: III, aVF, V5-V6 тіркемелерде ST көтерілген. QRS комплексінің кезектен тыс өзгерістері байқалады.


Миокардтың қай бөлігі зақымдалған: В деңгей

  1. Оң қарынша

  2. Сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасы

  3. Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы

  4. +сол жақ қабырғаның артқы бүйір қабырғасынан

  5. Сол жақ қарыншаның алдыңғы жүлгесінен

20.Ауру, 58 жаста. Бел аймағында ұстама тәрізді ауырсыну, зәрі қан аралас. Анамнезі: кенеттен бүйректің шаншуы басталды. Кішкенеден соң макрогематурия көрінді. Объективті: жағдайы орташа. Өкпе мен жүректе патологиялық өзгеріс жоқ.


Қандай патология жайында ойлануға болады: В деңгей

  1. гидронефроз

  2. уретеролитиаз

  3. бүйрек ісігі

  4. +тостағаншада тас

  5. қуықта полиптер

21.Ер адам, 53 жаста. Тұншығуға, дем шығар кезінде ентігуге, қорқыныш сезімі және қатты әлсіздікке шағымданады. Анамнезде 15 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады, 3 жыл бойы гормонды терапия алған, сальбутамол ингаляторын күнделікті қолданады. Үйін жинап болғаннан кейін, танертең жағдайының нашарлауы басталған. ЖМЖ келгенше 30 минут аралықта сальбутамолдың 4 дозасын ішкен, жағдайы жақсармаған. Объективті: жағдайы ауыр. Төсектегі қалпы – ортопное. Есі анық. Ерінде, мұрын үшбұрышында қатты көгеру, акроцианоз, беттің гиперемиясы. Өкпеде қатаң тыныс, барлық аймақта алыстан естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар, экспираторлы ентігу, ТАЖ– 34 соғыс минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ және пульс – 100 соғыс минутына, АҚ 160/100 сын.бағ.


Ауруда қандай жағдай дамыды: В деңгей

  1. өкпе ісінуі

  2. миокард инфарктісі

  3. +деміпелік жағдай

  4. крупоздық пневмония

  5. респираторлық Дистресс-синдром

22. Ауру, 28 жаста. Құрсақ асты маңайында жедел «пышақ сұққандай» ауырсыну, профузды терлеу, жүрек айну, жалпы әлсіздік. Анамнезде: 5 жыл бойы асқазанның ойық жарасы ауруымен ауырады. Жоғарыда аталған шағымдар диетаның бұзылуымен және арақ ішкен кезінде байқалады. Объективті: аурудың жағдайы орташа, есі анық, тері қабаты ақшыл, ылғалды. Өкпеде және жүректе патология жоқ. Іші қатты, «тақта тәрізді», құрысқан, дем алу актісіне қатыспайды.


Осындай жағдайға қандай мәжбүрлі қалып тән: В деңгей

  1. + "бұйығу"қалпы (поза «калачика»)

  2. тізе-білектік

  3. жиі қалпын өзгерті

  4. денесін тіктеп отырған күйде

  5. аяғын созып оң жақ бүйірінде отырған қалыпта

23.Әйел, 30 жаста. Жүректің соғуына, жүрек жұмысының тоқтап қалу сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы орташа, есі анық. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде қалыпты тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ– минутына 18 рет. Жүрек тондары тұйық, аритмиялы. Пульсі әлсіз толыққан, ырғағы дұрыс емес, минутына 68-90 соққы. АҚ 90/60 сын.бағ ЭКГ-да: ырғағы дұрыс емес, құлақшаның фибрилляциясы, АВ –ның толық блокадасы бар.


Осы ЭКГ өзгерістері қай синдромға тән: В деңгей

  1. Бахман

  2. Венкебаха

  3. +Фредерик

  4. Синусты түйіннің әлсіздігі

  5. Вольфа-Паркинсона-Уайта

24. Ер адам, 46 жаста. Тез жаяу жүрсе, төс маңында қысып және қақсап ауырсынуға шағымданады. Анамнезде: 5 жыл бойы ЖИА-мен ауырады, 5-6 апта бұрын (жедел коронарлы синдром) ЖКС-мен ауырған. Объективті: жағдайы орташа, есі анық, тері қабаты қалыпты. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, дұрыс ырғақты. АҚ 130/90 сын.бағ. ЖЖЖ және пульс – 86 соғ. минутына. ЭКГ-да ырғағы дұрыс, синусты, дұрыс орналасқан ЖОС-і. I, aVL, V1-V2 тіркемелерінде патологиялық тісше Q және теріс T тісшесі.


Бұл ауруда инфарктың қандай сатысы: В деңгей

  1. жедел

  2. тыртықтық

  3. +жеделдеу

  4. өте жедел

  5. қайталамалы

25. Ер адам, 28 жаста. ЖМЖ-ді шақыру себебі жолдағы жол көлік апаты. Объективті: жағдайы орташа, есі анық. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде қалыпты тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ– 18 соғ. мин. Жүрек тондары қатты, дұрыс ырғақты. АҚ 90/50 сын.бағ., ЖЖЖ – 100 соғ. минутына, пульс – 100 соғ./мин. Жергілікті сол жақ санның деформациясы және қанаған жара көрінеді: В деңгей


Шоктық индекс қалай анықталады?

  1. САҚ-ның ДАҚ-ға қатынасы

  2. САҚ-ның пульс жиілігіне қатынасы

  3. ДАҚ-ның пульс жиілігіне қатынасы

  4. Пульс жиілігінің ДАҚ-ға қатынасы

  5. +пульс жиілігінің САҚ-на қатынасы

26.Ер адам, 32 жаста. Көзде бір зат тұрғандай, ауырсыну, қышыну жарыққа қарай алмау көзде күйдіріп ауырсыну, көзден жас ағуға шағымданады. Анамнезде 5-6 сағат бұрын қорғаныс көзілдіріксіз дәнекерлеушілік жұмыс жасаған. Жарты сағат көлемінде жоғарыда аталған шағымдар мазалайды. Объективті: екі көздің шырышты қабығы қызарған, блефароспазм. Қасаң қабық мөлдір, жылтыр.


Сіз қандай диагноз қоясыз: В деңгей

  1. +электроофтальмия

  2. екі көздің блефариті

  3. екі көздің конъюнктивиті

  4. екі көзде бөтен дене

  5. екі көзде термиялық күю

27.Ер адам, 26 жаста. Жүрек айнуға, құсұға, үдемелі бас ауырсынуына шағымданады. Анамнезде: абайсыздықтан бірнеше сағат бұрын жүк арту кезінде ағаштың басына құлауына байланысты жарақат алған. Есін жоғалтқан жоқ, көмекке шақырмады. Жағдайы 5 сағаттан кейін нашарлай бастады, яғни жоғарыда аталған шағымдармен, сондықтанда ЖМК шақырған. Объективті: жағдайы ауыр, мазасыз, басының қатты ауырсынуына байланысты өзін қоярға жер таппай ыңылдап аунайды. Қалтырап, тырысу байқалады. Дем алу қорылдап, үзіліспен. Жүрек тондары тұйықталған, брадикардия. АҚ 90/60 сын.бағ. Патологиялық рефлекстер байқалады.


Қандай диагноз коясыз: В деңгей

  1. БМЖЖ. Бас миының соғылуы

  2. БМЖЖ. Бас миының шайқалуы

  3. Жедел жарақаттан кейінгі бас ми қан айналым бұзылысы

  4. БМЖЖ . Бассүйек күмбезінің жабық сынуы. Бас миының жаншылуы.

  5. + БМЖЖ. Бассүйек ішілік қанкету. Бас миының жаншылуы.

28.Әйел, 45 жаста. Бас ауруына, айналуға, жүрек соғысына, тұла бойының дірілдеуіне мазасыздануға әлсіздікке шағымданады. Анамнезде: 6 жыл бойы артериальді гипертензиямен, АҚ 200/120 сын.бағ. дейін көтеріледі, арифон ішеді, капотен тұрақты емес. Жоғарыда аталған шағымдар 2-3 сағат көлемінде психоэмоциональды күйзелістен кейін басталды. Жалпы жағдайы орташа, есі анық. Тері қабаты қызарған, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 20 соғыс 1 минутта. Жүрек тондары тұйық, қолқада II тонның күшеюі, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ 110 1 мин, пульс қатты. АҚ 220/120 сын.бағ. Ошақты неврологиялық симптоматикасы жоқ. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, синусты. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.


Сіздің диагнозыныз: В деңгей

  1. Артериялық гипертензия I дәреже. Қауіп 1. Гипертониялық криз I тип

  2. Артериялық гипертензия II дәреже. Қауіп 2. Гипертониялық криз I тип

  3. Артериялық гипертензия II дәреже. Қауіп 3. Гипертониялық криз II тип

  4. + Артериялық гипертензия III дәреже. Қауіп 3. Гипертониялық криз II тип

  5. Артериялық гипертензия III дәреже. Қауіп 4. Гипертониялық криз I тип

29.Ер адам, 58 жаста. Ауа жетпейтін сезімге, ентігуге, ақшыл қызыл түсті көпірген қақырықты жөтелге, мазасыздыққа әлсіздікке шағымданады. Анамнезде: 10 жыл бойы артериялық гипертензиямен ауырады, гипотензиялық дәрілер ішпейді. Жағдайының нашарлауы 3 сағат көлемінде болған. Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, қозу үстінде. Беті қызарған. Өкпеде анық өкпелік дыбыс, аускультативті – барлық өкпе аймағында ылғалды ірі және ұсақ көпіршікті сырылдар. ТАЖ- минутына 30 рет. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ-100 1 мин. АҚ 210/100 сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр ұлғаймаған. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, синусты. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.


Сіздің диагнозыныз: В деңгей

  1. Бронх демікпесі, инфекциялық-аллергиялық түрі. Демікпелік статус

  2. Артериялық гипертензия III дәреже. Қауіп 3. Гипертониялық криз II типі. Өкпе ісінуі

  3. +Артериялық гипертензия III дәреже. Қауіп 3. Гипертониялық криз I типі. Өкпе ісінуі

  4. Артериалық гипертензия III дәреже. Қауіп 2. Гипертониялық криз I типі. Кардиогенді шок

  5. Артериялық гипертензия III дәреже. Қауіп 3. Гипертониялық криз I типі. Жедел миокард инфарктісі, демікпелі вариант ағымы

30.Әйел, 42 жаста. Тұншығуға, ентігуге, шыдатпайтын терінің қышуына, кенеттен қатты әлсіздікке, бас айналуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезде: поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жарты сағат бұрын жоғары ернін ара шаққан. Объективті жағдайы өте ауыр, есі шатасқан. Тері қабаты қызарған, жабысқақ терімен көмкерілген. Көз қабағының, еріннің ісінуі. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ 30 соғыс 1 мин. Жүрек тондары тұйық, дұрыс ырғақты. ЖЖЖ- 140 соғыс 1 мин. АҚ 40/0 мм сн. бағ. Науқастың іші өзгеріссіз.


Науқаста қандай жағдай дамыған: В деңгей

  1. Квинке ісінуі

  2. Лайелла синдромы

  3. Жедел есекжем

  4. Демікпелік(астматический) статус

  5. +анафилактикалық шок

31.Ер адам, 45 жаста. Шырышты-іріңді қақырығы бар жөтелге, ентігуге, ілсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 30 жыл бойы темекі шегеді. 12-15 жыл бойы таңертеңгілік құрғақ жөтел мазалайды. Тексерістен өтпеген, ем қабылдамаған. Жоғарыда айтылған шағымдары сол күні, ұзақ уақыт тоңып қалғаннан кейін байқалған. Қарау барысында: мұрын-ерін үшбұрышында көгеру. Дене температурасы 37,5°С. ТАЖ – 26 тыныс мин. Аускультацияда қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды үлкен көпіршікті сырылдар. Перкуссияда қорапты реңі бар өкпелік дыбыс


Сіздің болжамды диагнозыңыз: В деңгей

  1. жедел плеврит

  2. өкпе туберкулезі

  3. ауруханадан тыс пневмония

  4. бронхоэктатаздық ауру

  5. + созылмалы обструкциялық бронхиттің асқынуы

32.Әйел, 25 жаста. Құрғақ жөтелге және жөтелгендегі төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: жоғарыдағы симптомдар суық тигеннен кейін пайда болған, 3-күндей ауырған. Қарау барысында: жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде. Дене температурсы 37,5°С. Өкпеде ұзартылған тыныс шығарумен сипатталатын везикулярлы тыныс, құрғақ сырылдар. ТАЖ -18 рет мин.


Сіздің болжамды диагнозыңыз: В деңгей

  1. пневмония

  2. құрғақ плеврит

  3. +жедел бронхит

  4. Бронх демікпесі

  5. созылмалы бронхит

33.Ер адам, 69 жас. Кеудедегі қатты ауырсынуға, ентігуге, жедел әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: физикалық жүктеме кезінде кенеттен ентігу және кеудеде ауырсыну пайда болған. Анамнезінде оң жақ аяғының декомпенсациялық тромбофлебиті анықталған. Қарау барысында: жағдайы ауыр, есі анық, қозған, диффузды цианоз. Оң жақ өкпеде жауырын деңгейінде сырылдар естіледі. ТАЖ – минутына 26 рет. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ырғақты. ЖЖЖ- минутына 120 рет. АҚ 110/80 мм.сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, синусты, II, III, AVF-те P-Pulmonale, Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы.


Сіздің диагнозыңыз: В деңгей

  1. жедел миокард инфарктысы

  2. қатпарланған аневризма

  3. кенет пневмоторакс

  4. +өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  5. созылмалы обструктивті бронхиттың асқынуы

34.ЭКГ-да: I, AVL , V1-V6 тіркемелеріндегі ST сегментінің өршуі. Кезектен тыс өзгерген QRS кешені кездеседі.


Миокардтың зақымдануы қай бөлікте: В деңгей

  1. оң жақ қарынша

  2. сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасы

  3. сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасы

  4. сол жақ қарыншаның артқы-бүйір қабырғасы

  5. +сол жақ қарыншаның алдыңғы және бүйір қабырғаларында

35.Q – тісшесінің патологиялық өзгерісіне жатпайды: В деңгей



  1. Q тізшесінің үшкіріленген болуы

  2. +V3 және V4 тіркемелерінде Q тісшесінің пайда болуы

  3. аяқ-қол тіркемелеріндегі ұзақтығы 0,03 секундтан көп

  4. сол жақ кеуде тіркемесіндегі R тісшесі амплитудасынан Q тісшесінің 15% -дан көп тереңдеуі

  5. аралық тіркемеден сол жақ кеуде тіркемесіне қарай Q тісшесінің амплитудасының үлкеюі (QV3-4>QV5-6)

36.Куссмауль тынысы байқалмайтын комалық жағдай қалай аталады: В деңгей



  1. бауырлық

  2. гиперосмолярлы

  3. кетоацидозды

  4. гипогликемиялық

  5. гиперлактацидемиялық



  1. 1,2

  2. 1,4

  3. +2,4

  4. 3,5

  5. 4,5

37.Көл суында батқанда байқалатын патологиялық өзгерістер: В деңгей



  1. гемодилюция

  2. гиперволемия

  3. гемоконцентрация

  4. эритроциттер гемолизі

  5. эритроциттердің мүжілуі



  1. 1,2

  2. 1,4

  3. 2,4

  4. +3,5

  5. 4,5

38.Жатыр миомасына тән жиі белгілер: В деңгей



  1. +гиперполименорея

  2. бедеулік

  3. іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну

  4. ішектің қызметінің бұзылысы

  5. қуықтың қызметінің бұзылысы

39Жатыр миомасы диагнозын айқындауға міндетті емес әдіс В деңгей



  1. +пельвиография

  2. гистероскопия

  3. лапароскопия

  4. кіші жамбас қуысы мүшелерін ультра дыбысты тексеру жасау

  5. жатыр мен жатыр мойны шырышты қабатын диагностикалық қырнау

40.Жатырдан тыс жүктілікке күдік туған науқасты қынаптық зерттеуде анықталды: сыртқы аңқа ашық, цервикальды каналдан алқызыл қанды бөліністер, жатыр 8 айлық жүктіліктегідей үлкейген, қосымшалары анықталмайды, қынап кіреберісі бос. Диагноз: В деңгей



  1. Түтікшелік түсік

  2. Жұмыртқа кистасы

  3. Жұмыртқа апоплексиясы

  4. + бұзылған жатырлық жүктілік

  5. Жатыр қосалқыларының қабыну процесі

41.Аналық без апоплексиясы жиі қай уақытта дамиды: В деңгей



  1. + овуляция барысында

  2. Фолликулдардың атрезисы барысында

  3. Миоматозды түйін дамығанда

  4. Сары денешіктің васкуляризациясы кезінде

  5. Граафов фолликулының пісіп-жетілуі кезінде

42.Жатырдан тыс жүктілікпен салыстырмалы диагноз жүргізілмейді: В деңгей



  1. +жатыр мойнының эрозиясы

  2. аналық без апоплексиясы

  3. аналық без дисфункциясы

  4. жатыр түтікшелері мен жұмыртқалардағы қабыну процесі

  5. ерте мерзімдегі жатырлық жүктілікті тоқтату

43.Қандай миокард инфарктісінда бұрында басынан өткерген миокард инфарктісінің анамнездік және аспаптық белгілері болмайды: В деңгей



  1. +біріншілік

  2. екіншілік

  3. қайталамалы

  4. өткерген

  5. өршімелі

44.Миокард инфарктісі басталғаннан кейін жеделдеу кезең қанша уақытқа созылады: В деңгей



  1. 0 ден 2 күнге дейін

  2. 3 тен 10 күнге дейін

  3. 4 тен 8 аптаға дейін

  4. + 10 күннен 4-8 аптаның соңына дейін

  5. 14 күннен 4-6 аптаның соңына дейін

45.Миокард инфарктісі басталғаннан кейін жедел кезеңі қанша уақытқа созылады В деңгей



  1. 0 ден 2 күнге дейін

  2. + 0 ден 10 күнге дейін

  3. 4- тен 6 аптаның соңына дейін

  4. 7-ден 9 аптаның соңына дейін

  5. 10- нан 12 аптаның соңына дейін

46.Миокард инфарктісінде ангинозды ауырсыну сол қолдың қай саусағына таралу бергенді «ұнатады» В деңгей


1)1
2)2
3)3
4)4
5)5


  1. 1,5

  2. 2,3

  3. 3,4

  4. +4,5

  5. 1,2

47.Миокард инфарктісі кезінде ангинозды ауырсынудың сипаты В деңгей



  1. +күйдіріп ауырсыну

  2. сыздап ауырсыну

  3. шаншып ауырсыну

  4. шыдатпайтын ауырсыну

  5. толғақ тәрізді ауырсыну

48.Миокард инфарктісімен ауырған науқастың мәжбүрлі қалпы В деңгей



  1. арқамен отыру

  2. сол жақ бүйірінде

  3. тізе-білектік

  4. «Ванька-встанька» қалпында

  5. + дене қалпын жиі ауыстыру қалпында

49.Рефлекторлы құсу сол жақ қарынша қабырғасындағы зақымданған ошақтың қандай орналасуында дамиды: В деңгей



  1. алдында

  2. +артқы төменгі бөлігінде

  3. жүрек ұшы аймағында

  4. алдыңғы бүйір аймағында

  5. алдыңғы жүлгелік аймақта

50.Миокард инфарктісінің қай түрі минимальды шағымдармен жүреді: В деңгей



  1. аритмиялық

  2. астматикалық

  3. +симптомсыз

  4. абдоминальды

  5. гипертониялық

  6. цереброваскулярлы

51.Миокард инфарктісінің қандай орналасуына құрсақтық түрі тән: В деңгей



  1. алдыңғы

  2. +артқы төменгі

  3. жүрек ұшындағы

  4. алдыңғы бүйірлік

  5. жүлгелік

52.Сусыздану кезіндегі инфузионды терапияда қолданылатын негізгі препараттар тобы: В деңгей



  1. қан плазмасы

  2. + тұзды ерітінділер

  3. эритроцитарлы масса

  4. коллоидты ерітінді

  5. альбумин

53.Асқазаннан көлемді қан кетудің себептері: В деңгей



  1. гастростаз

  2. дуоденостаз

  3. Меллори-Вейс синдромы

  4. асқазан мен он екілі ішек ойық жарасы

  5. өңеш пен асқазан көк тамырының варикозды кеңеюі

  1. 1,2,3

  2. 1,4,5

  3. 2,4,5

  4. 2,3,4

  5. + 3,4,5

54.Әйел, 35 жаста. Өт-тас ауруынан зардап шегеді. Диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөлімінде белдеме ауырсыну, көп реттік құсу пайда болған. Қарағанда жағдайы ауыр. Пульс – мин. 120 соққы. АҚ – 90/60 мм с.б. Іші керілген, жоғарғы бөлімдерде айқын ауырсыну, алыс бөлімдерде перкуссия дыбысының тұйықталуы. Ішек перистальтикасы естілмейді. Сіздің болжамды диагнозыңыз: В деңгей



  1. + панкреонекроз

  2. ішек инфаркті

  3. деструкциялық холецистит

  4. жіті ашішектік түйілу

  5. асқазан ойық жараның тесілуі, перитонит

55.Науқас, 35 жаста. Іштің жоғарғы бөлімінде өткір белдемелі ауырсынуға, көп реттік құсуға шағымданады. Ауырсыну 6 сағат бұрын, спирттік ішімдік пен майлы тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Пульс – мин. 110 соққы АҚ – 100/60 мм с.б. Іштің жоғарғы бөлімдерінде айқын ауырсыну мен алдыңғы құрсақ бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Алыс бөлімдерде перкуссия дыбысының тұйықталуы байқалады. Перистальтика әлсіреген. Үлкен дәреті болмаған, газдар шығады. Сіздің болжамды диагнозыңыз: В деңгей



  1. + жіті панкреатит

  2. ішек инфаркті

  3. асқазан ойық жараның тесілуі

  4. жіті ішек түйілу

  5. асқазан-ішектен қан кету

56.Науқас әйел, 42 жаста. Митралды стеноз бен жыбыр аритмиясынан зардап шегеді. 6 сағат бұрын кенет ішінің қатты ауырсынуы пайда болған, 2 реттік құсу, іш өту болған. Қарағанда науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Тілі құрғақтау, іші барлық аймақтарда жұмсақ, мезогастрий аймағында айқын ауырсыну байқалады. Перитонит белгілері жоқ. Ішек перистальтикасы әлсіреген. Бұл клиникалық көрініс қандай ауруға тән: В деңгей



  1. Бадда-Киари ауруы

  2. геморрагиялық панкреонекроз

  3. қолқаның құрсақ аймағының кескінді аневризмасы

  4. жіті странгуляциялық ішек түйілу

  5. + мезентериалдық қан айналымның жіті бұзылысы

57.А.И. Горбашко бойынша асқазан-ішектік қан кетудің екінші дәрежесінде АҚК дефициті неше пайызды құрайды: В деңгей



  1. 0-20%

  2. 10-20%

  3. + 20-30%

  4. 30-40%

  5. 40-50%

58.Қарынша фибрилляциясы кезіндегі жансақтау әдістемесінің алгоритмі ненің емдік тактикасымен сәйкес келеді: В деңгей



  1. асистолияның

  2. + ұйқы артериясында пульстің болмауымен жүрген қарыншалық тахикардияның

  3. электрлік дефибриллятор мониторында синустық тахикардиямен жүрген электромеханикалық диссоциацияның

  4. электрлік дефибриллятор мониторында идиовентрикулалық ырғақпен жүрген электромеханикалық диссоциацияның

  5. электрлік дефибриллятор мониторында толық атриовентрикулалық блокадамен жүрген электромеханикалық диссоциацияның

59.Ауыз-жұтқыншақ, өңеш және асқазанның химиялық күйігі дене күйігінің неше пайызына сәйкес келеді В деңгей



  1. 10%

  2. 20%

  3. +30%

  4. 40%

  5. 50%

60. «Шеңбер тәріздес» бас ауырсыну, есті жоғалту, инспираторлық ентікпе, құсу, тері мен шырышты қабаттардың шие түстес боялуы немен ингаляциялық улануға тән: В деңгей



  1. хлормен

  2. аммиакпен

  3. дихлофоспен

  4. күкіртсутекпен

  5. + улы газбен





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет