Презентация Microsoft PowerPoint негізінде жасалуы керек.
Презентациялар көлемі-10-нан 15 слайдқа дейін.
Ұсынылатын қаріп өлшемдері:
тақырыптар үшін - 24-тен 30-ға дейін;
негізгі мәтін үшін – 20-дан 22-ға дейін;
Суреттер болған жағдайда түсіндірме жазба суреттің (фотосуреттің, диаграмманың, сызбаның) астында орналасуы тиіс.
Презентацияны жазу тілі - қазақ/орыс.
Титулдық парақтың болуы міндетті (Үлгі - 1-қосымша)
Конкурсты өткізу мерзімдері:
Конкурсты жариялау - 14 қараша 2022 ж.;
Конкурсқа презентациялар мен тіркеу сауалнамаларын ұсыну - 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін;
1-ші іріктеу турын өткізу - 2022 жылғы 19-23 желтоқсан.
2-тур (конкурс) өткізу – 24 желтоқсан 2022 ж.
Конкурсты өткізу тәртібі:
Презентациялар конкурсы ZOOM интернет-платформасында онлайн өткізіледі. Сілтеме іріктеу турының нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады.
Конкурстық комиссия презентацияларды бағалау нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздарын іріктейді.
Байқаудың әр тақырыптық бағыты бойынша 3 үздік жұмыс таңдалады.
Байқау жеңімпаздары электронды пошта, ұялы телефон арқылы хабарландырылады;
Конкурстың әрбір қатысушысы мен ғылыми жетекші атаулы электрондық сертификат алады;
Байқау жеңімпаздары мен ғылыми жетекшілері дипломдар және сертификаттармен марапатталады;
Конкурс жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары және сертификаттары электрондық поштаға жіберілетін болады.
Конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі: 1. Презентацияны, тіркеу өтінімін (2-қосымша) келесі konkurs.prezentatsiy@mail.ru электрондық мекенжайға жіберу қажет "Тегі_Презентациялар конкурсы" деген міндетті белгімен;
2. Талаптарға сәйкес келмейтін және осы ақпараттық хатта көрсетілген белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен презентациялар конкурсқа жіберілмейді.
3. Байқауға презентацияларды жіберген кезде, қатысушыларды конкурс ұйымдастырушыларының Instagram парақшасына жазылуды сұраймыз (Kargu.sociology_politology), лайк қойып, үш досыңызды атап өтіп, байқаудың өз парақшасына репост жасау керек.