әдістемелік нұсқаулықтар: әр студент аталған аймақтағы бір мемлекетті таңдап алып, сол елге семинар сабағында берілген сұрақтар бойынша сол елдің өкілі ретінде сипаттама береді.
өткізу формасы: дөңгелек үстел
бағалау критерийлері: студенттің белсенділігі, қойылған сұрақтарға нақты және толық жауап беруі, өз ойын толық, ашық және нақты жеткізе білуі, материалдарының тақырыпқа сай болуы ескеріледі.
әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10.
№19 практикалық сабақ
Тақырыбы: Шығыс Азиядағы қазіргі аймақтық қауіпсіздік мәселелері.
сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін жүйелеу, тереңдету және бекіту
негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Шығыс Азиядағы қауіпсіздіктің дәстүрлі қауіптері: қақтығыстың негізгі аумақтары және олардың қатысушылары.
Шығыс Азиядағы қауіпсіздіктің дәстүрлі емес (жаңа) қауіптері.
Шығыс Азиядағы қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды институттар және диалогтық алаңдар.
Шығыс Азиядағы интеграциялық бастамалардың дамуына аймақтық қауіпсіздік мәселесінің ықпалы.
әдістемелік нұсқаулықтар: аймақтың саяси, экономикалық, географиялық даму аспектілеріне топтық талдау жасайды. Жаңа сөздерге анықтама беруі тиіс.
өткізу формасы: топтық, глоссарий
бағалау критерийлері: студенттің топтағы белсенділігі, қойылған сұрақтарға нақты және толық жауап беруі, өз ойын толық, ашық және нақты жеткізе білуі, материалдарының тақырыпқа сай болуы, сөздердің анықтамасын толық бере алуы, ғылымилығы ескеріледі.
әдебиеттер: 3, 6, 10, 13.
№20 практикалық сабақ
Тақырыбы: Жаңа күш орталығы ретіндегі Үндістанның ролі
сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін жүйелеу, тереңдету және бекіту
негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Қазіргі кезеңдегі Үндістан сыртқы саясатының негізгі бағыттары: жалпы принциптері
Қазіргі кезеңдегі Үндістан сыртқы саясатының аймақтық басымдықтары.
Оңтүстік Азиядағы және жалпы еуразиялық құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Үндістанның орны.
Еуразиядағы маңызды сауда-экономикалық бастамаларға қатысты Үндістанның позициясы.