Информационное письмо



бет2/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Аймақтануга кіріспе - Рег-11

Курстың міндеттері: аталған курс студенттерде мемлекеттер мен аймақтардың экономикалық, әлеуметтік және саяси мінездемелерін салыстырмалы талдау; аймақтардың географиялық және геосаяси орналасуларын бағалау, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму белгілерін сыныптау дағдыларын қалыптастыру; шынайы материалдармен бағдар ала алатын, теориялық және қолданбалы зерттеу дағдылары бар, саяси жағдайларды болжай алатын және модельдей алатын мамандарды даярлау; курс барысында белсенді азаматтық ұстанымдарға қажет идеялық-адамгершілік сенімдерді қалыптастыруға бағытталған. Аймақтанудың ғылыми негіздерін білу білікті маманға экономика және аймақтық саясат саласындағы өзінің орынды, ғылыми негізделген стратегиясын қалыптастыру үшін қажет.
Оқытудан күтілетін нәтижелер:
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:

  • Дүниежүзінің қазіргі аймақтарының экономикалық және әлеуметтік-саяси даму ерекшеліктерін;

  • Жаһандану және аймақтану үрдістерінің ерекшеліктері мен динамикасын;

  • Аймақтанудың неғұрлым өзекті мәселелерін.

Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:

  • Саясаттану мен халықаралық қатынастар пәндерін оқу кезінде аймақтану саласындағы білімдерін қолдануға;

  • Дүниежүзінің әр түрлі аймақтарындағы шиеленісті жағдайларды талдауға;

  • Қолжетімді ақпаратты қолдану арқылы аймақтық дамудың алуан түрлі мәселелеріне түсініктеме беруге.

Игерілетін дағдылар:

  • Материалды талдау және сәйкестендіру;

  • Алған білімдері мен дағдыларын аймақтанушылық сипаттағы мәселелерді зерттеу кезінде қолдану.

Пререквизиттер: аталмыш курсты оқу барысында студенттер жалпы орта білім беретін мектеп курсының дүниежүзілік тарих, география пәндерінен алған білімдеріне сүйенеді.
Постреквизиттер: Курс барысында алынған білім Мамандану аймағы елінің тарихы, Қазақстан аймақтарының экономикалық және әлеуметтік дамуы, Қазіргі әлемдегі АТА, Елтану: Қытай және Жапония, Европа аймақтары және аймақтық саясат, Әлем аймақтарының экономикалық географиясы, Европа және Америка елдерінің тарихы, Аймақтық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан пәндерін оқытуға негіз болуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет