Эксклав — бұл елдің негізгі территориясынан бөлінген оның бөлігі.
Таза эксклав — елдің негізгі территориясынан алшақтатылған және бір немесе бірнеше мемлекетпен қоршалған (анклав болып табылмайтын) егеменді емес аймақ. Таза эксклав өзге мемлекеттерге қатысты анклав болып табылмайды, бірақ елдің негізгі территориясына қатысты эксклав болып табылады.
Экономикалық процестерді, олардың ерекшеліктерін түсіну үшін белгілі территорияда орналасқан тұйық әлеуметтік-экономикалық құрылымды қарастыру қажет, дәлірек айтсақ, территориялық (аймақтық) ұдайы өндіру процестері.
Ұдайы өндіру процесінің сипаты өнімнің бөлу немесе айырбас арқылы жүзеге асатын өндірушіден тұтынушыға берілу тәсілімен анықталады.
Территорияның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының тұтастығына, осы құрылымдардың келісілген қызмет етуін қамтамасыз етуге ұдайы өндіру процестерін басқару жүйесі мен аймақтық нарықтың әрекет етуі арқылы қол жеткізуге болады. Басқару мен нарықтық реттеу параллельді әрекет етеді, яғни ұдайы өндіріс процестерінің қалыпты жүзеге асуын қамтамасыз ету жағымсыз құбылыстардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ұдайы өндіріс – бұл материалды және рухани игіліктер мен қызметтерді өндірудің үздіксіз қалпына келу процесі. Ұдайы өндіріс 4 негізгі фазалардан құралады: өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну.
Қоғамдық ұдайы өндірістің алғашқы фазасы – өндіру. Экономикалық қатынастар өндірістегі жұмыскерлер мен құралдардың келісілген қозғалысын білдіретін өндірісте жүзеге асырылады. Өндірістің нәтижесі – саны және сапасымен сипатталатын белгілі өнім.
Аймақтық экономикалық жүйеде өндіру процесі өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтынумен аяқталады. Экономикалық теорияда тұтынудың 2 түрі қарастырылады: өндірістік тұтыну және жеке тұтыну. Тұтыну барысында нақты территория шеңберінде әрекет ететін экономикалық қатынастар көрініс табады.
Қоғамдық өндірісте өндіру мен тұтынудың байланысы бөлу және айырбастау сияқты қоғамдық процестермен сипатталады. Экономикалық категория ретінде бөлу – бұл соңғы тауарлар мен қызметтерді, өндіріс факторларын (ресурстарды) бөлу. Ол 2 жақты сипатқа ие: салалық және әлеуметтік бөлу.
Салалық бөлу өндірістік тағайындаудағы өнімдердің белгілі салаларда тұтынылу үшін өндіріліп, тұтынылған өндіріс құралдарының өтелуін қамтамасыз ететіндей бөлінуіне негізделген. Ал жеке тұтыну заттарын бөлу салалық құрылым мен территориялық бөліністен тәуелді болса да, өзіндік өндіріс шекарасынан шығады.
Әлеуметтік бөлу өзге мазмұнға ие. Ол меншік институтынан тәуелді, себебі өндіріс құралдары олардың меншік иелеріне тиесілі болады, ал нарықтық шаруашылық ету жүйесіндегі ресурстардың бөлінуі бағалық механизмнің ықпалымен жүзеге асады. Нәтижесінде өндіріс құралдары мен тұтыну тауарларының бөлінуі табыс деңгейіне байланысты қалыптасатын халықтың әлеуметтік топтары бойынша жүзеге асырылады.
Бөлу сияқты айырбастау да өндіріске негізделеді. Айырбастау ұдайы өндіріс процесінің күрделі фазасы болып табылады және келесілерден құралады: а) кәсіпорындар, салалар мен қоғамдық өндіріс салалары арасындағы еңбек іс-әрекетінің айырбасы; б) осы іс-әрекет нәтижелерін шаруашылық буындар арасында айырбастау (мысалы, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп); в) жеке тұтыну үшін тауарлар және қызметтердің айырбасы.